Функция шеберін шақыру үшін:
1-тәсіл. Стандартты саймандар панелінің Функция шебері батырмасын қосу арқылы;
2-тәсіл. Енгізу - Функция... командасын орындау арқылы.
Функция шеберінің батырмасын басқан кезде экранға функциялар атаулары екі қадамнан тұратын сұхбат терезесі шығады. (10 және 11-суреттер).
10 -сурет
11 – сурет
Функция шеберінің 2-ші қадамында таңдалған функцияның аргументін енгізу
мүмкіндігін орындаймыз. Бұл терезе формулалар тақтасы деп аталады.
Сан 1 (Число 1) мәтіндік өріске сан, ұяшыққа сілтеме, формула немесе басқа функция енгізуге болады.
1. Жаңа файл ашыңыз.
2. К бағанасына үтірден кейІн 2 таңбасы жазылатын әртүрлі ондық бөлшек
сандарды енгізіңіз.
3. L бағанасына ғылыми форматтағы сандарды енгізіңіз.
4. М бағанасына проценттік форматтағы сандарды енгізіңіз.
5. Төменгі операцияларға функция шеберін пайдаланыңыз.
6.Кестені форматтаңыз.
1) К бағанасындағы сандардың қосындысын есептеңіз.
2) L бағанындағы сандардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңыз.
3) М бағанындағы сандардың арифметикалық ортасын есептеңіз.
Нәтижеде 12-суреттегідей кесте алынуы керек.
12 –сурет
4-тапсырма. Жұмыс кітабын "ЗЖ4" файлы түрінде днскіге сактаңыз
5-тапсырма. Жұмыс кітабын қағаз бетіне шығару
5.1. Файл - Алдын-ала көру... командасы арқылы немесе Стандарты саймандар панелінің арнайы батырмасы арқылы берілгендердің қағаз бетіндегі көрінісін көріңіз. Өзгерту қажет жағдайда, өзгерістер енгізіңіз.
5.2. Файл - Парақтың параметрлері командасын орындап, сұхбаттық
терезедегі Парақ (Страница) бетінің параметрлерін тағайындау.
5.3. Принтерді іске қосыңыз, қажет жағдайда оны сәйкес түрде дербес компьютерге тағайындаңыз.
5.4. Файл - Парақтың параметрлері командасын орындап, Колонтитулдар ... бетінің жоғарғы орта тұсына оныц нөмірін, төменгі оң бұрышына аты-жөніңізді жазыңыз.
5.5. Стандартты Сапмандар панелінің Баспага шыгару батырмасы арқылы немесе Файл - Баспаға шығару командасын орындап, жұмыс кітабын қағаз бетіне шығарыңыз.
Лабораториялықжұмыс №11.
Тақырыбы: Жолдар, бағандар, блоктармен операциялар
-
Жолды, бағанды, блоктарды, жұмыс кітабының бетін белгілеу;
-
Берілгендерді жылжыту, көшіру, өшіру;
-
Кесте ұяшықтарын автотолтыру.
Блок - тік төртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан ұяшықтар. Ол бірнеше ұяшықтан, толық жолдан, толық бағаннан тұра алады. Мысалы: А5:В10 блогы А5 үяшығынан басталып, В10 ұяшығымен шектелген ұяшыктар блогы.
Жолды белгілеу - жол нөмірі көрсетілген санга тышқан көрсеткішін апарып, тышқанның сол пернесін басу арқылы белгілейміз.
Бірнеше жолды белгілеу - қатар нөмірлеріне сәйкес әріпті (әріптер комбинациясын) тышқан пернесін басулы күйінде ұстап, курсорды жылжыту арқылы белгілейміз.
Блокты белгілеу - тышқан пернесін блоктың алғашқы ұяшығына апарып басамыз да, оны сол басулы күйінде ұстап, блоктың ең соңғы ұяшығына жеткізу арқылы белгілейміз.
Жұмыс аймағын белгілеу - тышқан курсорын баған атаулары мен жол нөмірлерінің қиылысына апарып, оны бір рет басу арқылы белгілейміз.
1 - Тапсырма. Бір-бірімен бөлек жатқан блоктарды белгілеу үшін:
- алғашқы ұяшықты немесе қатар орналасқан ұяшықтардан тұратын бір блокты белгілеп алу;
- CTRL пернесін басулы күйінде ұстап тұру;\Һ
- келесі бөлек орналасқан ұяшықты немесе блокты белгілеу;
- CTRL пернесін қоя беру.
2 - Тапсырма. Белгілеуді алып тастау үшін - тышқан курсорын блоктан тыс кез - келген ұяшыққа жеткізіп, оны бір рет басу.
1. А1:А10 блогын белгілеңіз.
2. С1:В10 блогьш белгілеңіз.
3. В1:В5 және Н1:Н10 блоктарын белгілеңіз.
4. Жұмыс аймағын тугел белгілеңіз.
5. Белгілеуді алып тастаңыз.
3- Тапсырма. Ұяшықпен, блоктармен операциялар.
Ұяшықпен және блоктармен операциялар бірнеше тәсілмен орындалады, тек ең алдымен өзгеріске ұшырайтын ұяшықты немесе блокты белгілеп алу керек.
1 - тәсіл. Стандартты саймандар панелінің батырмалары (қиып алу, көшіру, енгізу) арқылы;
2 - тәсіл. Түзету - Қиып алу
Түзету – Көшіру
Түзету - Орналастыру
Түзету - Өшіру
Түзету - Тазалау
Түзету - Толтыру
Командаларының қажеттілерін орындау арқылы;
3 - тәсіл. Тышқан курсоры арқылы;
4 – тәсіл. Контексті - тәуелді мәзірді шақыру арқылы.
Контексті – тәуелді мәзір тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
4-Тапсырма. Кесте ұяшықтарын автотолтыру.
Автотолтыру арқылы ұяшықтың көшірмесін, кейбір тізбектерді (арифметикалык және геометриялық професияны, күн, жыл тізбегін, апта, ай аттарын, т.б.) кестеге жылдам енгізуге болады. Бастапқы ұяшықтарды блокпен белгілеу керек. Тышқан керсеткіші блоктың оң жақ төменгі бұрышында топтыру маркеріне айналады. Толтыру маркерін керекті ұяшыққа дейін алып бару керек. Автотолтыру оңға қарай немесе төмен қарай орындалады.
Ескерту: Егер тышқан көрсеткіші толтыру маркеріне айналмаса, оны төмендегі эрекет арқылы орнатыңыз. Сервис - Параметрлер... терезесін ашып, оның Түзету кондырмасында Ұяшықтарды тасымалдау, Ұяшықтардың мәндерін автотолтыру командаларын жалаушалармен белсендіріңіз.
1. «ЛЖ1» жұмыс кітабының 2-ші бетін ашыңыз. Ол үшін тышқан көрсеткішін Лист 2 парақ атауына алып барып, тышқанның сол жақ
пернесіп басамыз.
2. А1 ұяшығына 1993 санын енгізіңіз.
3. А2 ұяшығына 1994 санын енгізіңіз.
4. А1:А2 блогын белгілеңіз. Толтыру маркерін АІО ұяшығана дейін алып барыңыз.
5. А1 ұяшығын белгілеп, толтыру маркерін Е1 ұяшығына дейін алып барыңыз.
6. В1: Е1 блогын тазалаңыз.
7. В1: В12 блогына ай атауларын енгізіңіз.
8. С1 :С7 блогына апта атауларын енгізіңіз.
9. Д1: Д7 блогьша агымдық күннен басталған күндер тізбегін енгізіңіз.
10. Е1:Е7 блогына төмендегі сандар тізбегін ешізіңіз: 11, 20, 30, 100, 130, 150,220.
11. Берілгендерді толық оңға қарай 2-орынға жылжытып, А1:А12 блогындағы ұяшықтарды номірлеңіз.
12. Н1:Н7 блогына С1:С7 блогындагы сандардың квадратын есептеу формуласын жазыңыз.
13. Парақтар беттеріне атаулар қойыңыз. Ол үшін тышқан көрсеткішін парақ атауына алып барып, контексті - тәуелді мәзірді шақырыңыз. Көрсетілген командалар тізімінен Атын өзгерту пунктін таңдаңыз және пернетақтадан «кесте» атауын теріп, енгізіңіз. Тышқан көрсеткішін парақтың бірінші бетіне алып барып, беттің атауын өзгертіңіз.
Лабораториялық жұмыс №12.
Тақырыбы: «Интернет технологияларымен жұмыс істеу»
-
Кең ауқымды және жергілікті желілер.
-
WEB жүйесімен қатынас құру тәсілі.
-
Интернет желісінің ұйымдастырылу принциптері
Мақсаты:
- ІР, URL - адрестермен жұмыс жасап үйрену;
- Internet Explorer - WWW-ке арналған броузер арқылы жұмыс жасауды
игеру;
- Хаттамалармен жұмыс жасауды игеру.
1. ІР-адрестер мен URL - адресттер
Желіге қосылған әрбір компьютердің нүктелермен бөлінген 4 ондық саннан тұратын - әрқайсысы 0-ден 255-ке дейінгі аралықта - жеке физикалық адресі (ІР- адрес) болады, Желідегі компьютерлер бір-бірін осы сандар көмегімен тауып алады. Мысалы, 194.84.93.29 немесе 128.29.15.124 желіге тұрақы қосылған компьютер осындай бекітілген адрес алады. Ал, желіге телефон арқылы уақытша ғана қосылатын компьютер сол сеансқа арналып уақытша ІР-адрес алады, ол динамикалық ІР-адрес деп аталады.
Осындай адрестеу тәсілі 2564=4,3 млрд. адрес алу мүмкіндігін береді. Егер нақтылап айтар болсақ, мұндай физикалық 32-разрядты екілік сан түрінде (4 байт) желіде айналыста болады.
Құжаттар үшін адрестің екінші түрі - URL -адрес (Uniform Resource Locator - Ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) қолданылады, мұндай адрес те желідегі әрбір құжатқа меншіктеледі.
Хаттамалар
Хаттамалар өміршең болуы үшін оның компьютерлер арасындагы мәлімет алмасу ісі қабылданған жалпы стандарттар негізінде жүргізілуі тиіс.
Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мэлімет алмасу қашан және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Туүрлі-түрлі компьютерлер мен операциялақ жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған программалардың өзара сәйкесті түрде дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар жүзеге асырады. Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі:
■ Базалық хаттамалар (ТСР мен ІР) Интернет компьютерлері арасында кез-келген типтегі электрондық хабарларды физикалық түрде тасымалдауға жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, оларды көбінесе бірге жазылатын ТСР/ІР (Transmission Control/Internet Protocol - тасымалдауды басқару хаттамасы/ желі аралық хаттама) терминімен белгілейді.
Интернет ТСРЛР хаттамасын пайдаланады. Бұл хаттама тасымалданатын мәліметтерді калай пакеттерге бөлу керектігін, олардың қалай құрылатынын, қажетті компьютерге сол пакеттердің жеткенін қалай бақылауға болатынын, мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де басқа шаралар қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. Негізінде, Интернет ТСР/ІР хаттамасы мен біртұтас ІР-адрестер кеңістігін пайдаланатын мыңцаған жеке желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрады. Мұндағы желілердің барлығы да теқ құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болып саналады;
■ Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деқгейде боп есептеледі, бұлар Интернеттің арнайы қызмет баптарының - НТТР (Нурег Техt Transfer Protocol –гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, ҒТР (File Transfer Protocol - файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SМТР жзне РОР 3-тәрізді хаттамаларының, т.б. жұмысын қамтамасыз етеді.
ҒТР компьютерлер арасында екілік және мәтіндік файлдарды тасымалдау мүмкіндігін береді. Ол «ежелгі» қолданбалы хаттамаға жатады, өйткені ДК тұтынушыларының ең алғашқы талаптарының бірі - осындай қызықты программалар мен құжаттар алмасу болатын.
Осы әрекеттерді ҒТР хаттамасы атқарады. Атаулар мен ресурстар көрсеткішерінің домендік жуйесі.
Желі компьютерлерінің физикалық адрестерін пайдалану ыңғайсыз (адамдардың ұзақ цифрлар тізбегін есте сақтауы қиын), сол себепті физикалық адрестерге сәйкес әріптерден тұратын мағынасы бар символдық (домендік) адрестер жасалған. Домендік адрестің жазылу ережесі мынадай: Хаттама://компьютер аты. Домен аты[/киталог/подкаталог/файл аты)
Бірінші болып қолданылатын хаттама көрсетіледі, мысалы, http. Келесі компьютер аты жазылады да, одан кейін домен аты тұрады, мысалы, Microsoft.com. Адрес соңында кейде сервердегі каталог (бума) аттары мен файл (Web-парақтар) жазылады, мысалы, /mpress/сpnew.htm ТІк жакша ішіндегі адрес бөлігі жазылмаса да болады. БІрнеше нақты адрестерден мысал келтірейік:
http://www.microsoft.com
http://www.elitehouse.nursat.kz
ftp://mathsoft.com
http://www.translate.ru/ras/cpnew.htm
DNS
Аймақтың домен аттары
kz
|
Қазақстан
|
kg
|
Қырғызстан
|
ru
|
Ресей
|
Домен аттары 2-4 сөздерден тұрады, ең оң жақтағы жоғарғы (шеткі) домен мемлекет атына сәйкес келеді немесе мекеме типін (АҚШ-тағы) көрсетеді.
Қызмет бабына карай қойылған домен аттары
Домен
|
Мекеме типі
|
com
|
Коммерциялық ұйымдар
|
edu
|
Білім мекемелері
|
gov
|
Мемлекеттік ұйымдар
|
mil
|
Әскери ұйымдар
|
org
|
Басқа мекемелер
|
net
|
Желіні басқару мекемелері
|
int
|
Халықаралық ұйымдар
|
1. Аттардың домендік жүйесі
Аттардың домендік жүйесі (Domain Name System, DNS) домендік аттарды санмен жазылатын ІР-адреске түрлендіреді. Осындай түрлендіру ісін атқаратын компьютерлер DNS-серверлер деп аталады.
DNS жүйесі жасалғанға дейін домендік аттарды ІР-адреске ауыстыруға қажетті акпарат hosts файлында сақталатын еді.
Ноst: (хост) - басты компьютер.
Internet Explorer - WWW-ке арналған броузер
Броузерлердің негізгі атқаратын қызметтері:
Құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату, жинақталған құжаттың
барлық бөліктерін жүктеу.
HTML тілдерінің тэгтерін команда ретінде орындау (интерпретациялау),
Web-парақтарды броузер жұмыс ІстеЙтіи компьютердің мүкіндіктеріне сәйкес бейнелеу және форматтау.
Web -парақтардың құрамына кіретін мультимедиалық және басқа объектілерді бейнелеуге арналған, сондай-ақ программаны объектілердің жаңа типтеріне лайықтауға мүмкіндік беретін кеңейту механизмі жабдықтарын көрсету.
Web-парақтарды іздеу жолын автоматтандыру қамтамасыз ету және бурында жұмыс істеген Web-парақтармен қатынас құруды жеңілдету.
Басқа Интернет қызметтерімен жұмыс істеуге арналған ішкі және жеке
(автономды) құралдармен қатынас құруды ұйымдастыру.
Internet Explorer программасы Web-парақтарды қарауға арналған. Ол бейнелейтін ақпараттың дыбыстық және бейне сүйемелдеулерімен қоса парақтарды құрастырушылар жинақталған барлық жаңа мүмкіндіктерді қамтиды. Internet Explorer программасымен танысу үшін компьютерде Интернетпен байланыс орнатылуы тиіс.
Тақырыптан кейінгі жолда меню орналасқан. Менюдің көмегімен Internet Explorer программасының кез-келген командасын таңдау мұмкіндігі бар.
Саймандар тақтасының төменгі жағында өзіңіз қарағыңыз келетін парақ адресін енгізуге арналған өріс орналасқан. Адрес енгізуге арналған өріс орнына Web -парақтарға бірқатар сілтеме бар тақтаны орналастыруға болады. Сілтеме (Ссылка) - бұл Интернет желісіндегі кандайда бір Web-парақтың адресі бекітілген белгіше. Сілтемелер тақтасын шығару үшін тышқан көрсеткішін Сілтемелер өрісіне орналастырып шерту қажет. Қайтадан адрес енгізу өрісін шығару үшін Адрес өрісінде тышқанды шертеміз.
Қалып-күй қатары (Строка состояния) дәл сол мезетте Internet Explorer программасы орындаған эрекеттерді көрсетуге (индикациялауға) арналған. Internet Explorer -де кәсіби жұмыс істеу үшін осы қатардағы жазуды міндетті түрде дұрыс талдай білу қажет. Интернетпен жұмыс кезінде калып-күй қатарына акпараттар көзінің адрестері, күту режимі жөнінде, тапсырыс берген құжаттың дайындығы және басқа да пайдалы мәліметтер үнемі шығып тұрады.
Internet Explorer программасымен жұмыс істеудің негізгі принциптері
Интернет желісіндегі акпараттық ресурстарды іздеу және қарауды жеңілдету үшін Іпіегпеі; Ехріогег броузерімен жұмыс істеудің бірқатар тәртібін меңгеру қажет. Интернет желісін қарауды үй парағын, яғни Internet Explorer іске қосылған кезде ашылатын алғашқы парақтан бастауға болады.
Басқа параққа ауысу үшін осы парақгағы кез - келген сілтемені тандау қажет. Парақтың белгілі бір элементі сілтеме екендігіне көз жеткізу үшін оған тышқан көрсеткішін орналастырамыз. Сілтеме көрсеткіш орналасқан мезетте таңбаға (қолдың суреті) айналады да, қалып-күй қатарында сол сілтеме көрсететін ресурстың адресі шығады. Сілтеме - сурет, көлемді бейне немесе ерекшеленген мәтін болуы мүмкін. Сол мезетте навигатор терезесіндегі Web-парақ екпінді (активті) деп аталады.
Интернет ресурстарын қарау. Интернет желісінен қандайда бір ресурсты (мәліметті) алу үшін, адрестік қатарға оның URL адресін енгізіп, мысалы http://www.bilim.kz немесе ftp://ftp.ifmo.ru одан кейін Ауысу (Переход) батырмасын немесе Enter пернесін басу қажет.
Қажетті адрестер анықтамалықтан алынады немесе тұтынушының адрестер құрылымын өз түсінігі бойынша анықтау арқылы, әйтпесе Интернетте ақпаратты іздеудің арнайы құралдары көмегімен жасалады. Тұтынушы URL-ді адрестік қатарға енгізе бастағанда, қажетті адресті таңдап алуға мүмкіндік беретін соған ұқсас адрестердің тізімі беріледі. Ресурс адресі дәл сондай болмаса да, Internet Explorer ұқсас адрестердің ішінен қажетгісін іздеуді орындайды (соңынан түзетіп алу керек). Web-парақка ауысқан соң, оның ішінен нақты мәтінді Тузету (Правка) менюінен Осы парақтан табу (Найти на этой страннце) бөлімін таңдау арқылы тауып алуға болады.
Соңғы қаралған Web-парақтарды ашу. Қаралған парақтардың ішіндегі
соңғысына оралу үшін саймандар тақтасындағы Артқа (Назад) батырмасын, ал бұл батырманы басқанға дейінгі парақты қайта көру ушін Алға (Вперед) батырмасын шерту керек. Бұрында қараған бірқатар парақтардың тізімін шығаруға да болады. Ол үшін Алға немесе Артқа батырмасының тұсындағы төмен бағытталған бағыттауышты басу керек.
Үйдегі Web-параққа ауысу. Internet Explorer программасын іске қосқан кезде ашылатын параққа ауысу үшін Үйге (Домой) батырмасын басу жеткілікті.
Таңдалған парақтар тізімін Web-параққа ауысу. Таңдалған парақтар тізіміндегі қажетті Web-параққа ауысу үшін Таңдағандар (Избранное) батырмасын басу қажет.
Бұрын қаралған Web-парақтардың тізімін шығару. Соңғы кезде ашылған парақтарға сілтемелер журналда сақталып тұрады. Бұрын қаралған парақтардың тізімдерін шығарып оған жылдам ауысу ушін - Журнал батырмасын басамыз. Журналда сонымен бірге сол компьютерде навигатор көмегімен ашылған файлдар мен бумалар тізімі беріледі. Навигатор терезесінде қажетті Web-парақты көрсету үшін соған сәйкес сілтемеде тышқанды шерту жеткілікті.
Web-парақ ашылмаған жағдайда орындалатын әрекет. Web-парақтың ашылуын өте көп уакыт күту қажет болған кезде Тоқтату (Остановить) батырмасын басу керек. Web-парақты ашуға мүмкіндік жоқтығы жөніндегі мәлімет алу немесе парақтың соңғы нұсқасы жүктелгендігіне көз жеткізу үшін Жаңарту (Обновить) батырмасын басамыз.
Жиі оқылатын парақпен қатынас құруды жеңілдету. Қажетті Web-парақты қараған соң, оларға жасалған сілтемелерді келешекте сол парақтарды ашуды жеңілдету мақсатында сақтап қоюға болады. Қажетті Web-параққа көшетін сілтемені сақтауға мүмкіндік беретін үш тәсіл бар.
Web-параққа көшетін сілтемені - сілтемелер тақтасына қосу. Сілтемелер тақтасы адрестік қатардың тұсында орналасқандықтан, жиі қолданылатын Web-парақтарта жасалған сілтемелерді оған орналастыру ыңғайлы. Парақты шақыру үшін оған жасалған сілтемені таңдау жеткілікті. Парақты сілтемелер тақтасына қосудың біркеше тәсілдері бар:
- Таңдалған парақтың белгішесін адрестік қатардан сілтемелер қатарына тасымалдау;
- Web-парақтағы сілтемені сілтемелер тақтасына тасымалдау;
- Сілтемені Таңдамалар (Избранное) тізімінен Сілтемелер бумасына тасымалдау;
- Егер сілтемелер тақтасы жоқ болса, Түр (Вид) менюінен Саймандар
тақтасы (Панель инструментов) командасын таңдап, Сілтемелер
қатарында тышқанды шертеміз.
Үй парағын ауыстыру. Үй парағы – бұл Internet Explorer программасын іске қосқан сайын бірінші оқылатын парақ. Бұл парақтың тұтынушы жиі ұолданатын парақ болғаны абзал. Үй парағы ретінде кез - келген ақпаратты жылдам іздеп тауып алуға болатын, мысалы http://www.bilim.kz (Білім беру сұрақтарына қатысты Сорос-Қазақстан Қорының сайтын) парағын алуға болады.
Үй парағы үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Internet Explorer программасын іске қосқан сайын ашылуға тиісті параққа ауысу;
- Сервис менюінен Шолушы қасиеті (Свойства обозревателя) бөлімін таңдау.
- Жаппы (Общие) ішкі бетіне өту;
Үй парағы (Домашняя страница) тобында Ағымдағымен (С текущей)
батырмасын RASP.HTM файлына төмендегідей өзгерістер енгізіңіздер:
<НТМL>
<НЕАD> <Н2 АLIGN=»СЕNTER»>Менің алғашқы парағым Н2>
<ТITLE> Алғашқы НТМL файлы ТITLЕ> НЕАD>
<ВODY BGCOLOR=»#ҒҒҒҒҒҒ»ТЕХТ=»#330066">
<Р ALIGN»CENTER»> Е=»7">
<В>Сәрсенбі күнгі В>