1.1. География ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен педагогтар
1951 жылы мектеп институтының негiзiнде құрылған педагогикалық зерттеу институтының құрамында география секторы 1955 жылдан бастап зерттеу жұмыстарын жүргiзе бастады. Алғашқы жылдары сектордың ғылыми әдiскерлерi тек қана Қазақстанның физикалық және экономикалық география- сын мектепте оқытудың мазмұны мен әдiстемелерiн жетiлдiру жұмыстарымен айналысты. Институтта география секторының құрылуына үлес қосқан ғалымдар және сол кезде шыққан Қазақ ССР-нiң физикалық география және экономикалық гео- графиялары оқулықтары мен әдiстемелерiнiң алғашқы автор- лары М. Өтемағамбетов, П.Д. Устименко, М.Ш. Ярмухаме- дов, Г. Қоңқашпаев, Ө. Қазақбаев, О.О. Рутковский, Т. Ролник, Ә. Бiрмағамбетов, т.б. болды. Сол жылдары М. Ш. Ярмухамедов- тың «КСРО-ның экономикалық географиясының кейбiр эле- менттерi», М. Өтемағамбетовтің «Қаз ССР-нiң физикалық гео- графиясы», Ө. Қазақбаев, Б. Кереевтiң «Мектептегi экономикалық география», О.О. Рутковский «Географияны политехникалық тұрғыдан оқыту», т.б. оқу-әдiстемелiк еңбектер жарық көрдi.
Зерттеу жұмыстары жүргiзiле бастаған алғашқы кезеңде
республика мектептерiнде географияны оқу әдiстемесiн жетiл- дiру мәселесiне көп көңiл бөлiндi. Институт қызметкерлерi- нiң басшылығымен қазақ тiлiнде оқулық жазу iсi қолға алын- ды. 1959 жылы М. Өтемағамбетов, П.Д. Устименко алғаш рет қазақ және орыс тiлдерiнде «Қазақ ССР-нiң физикалық гео- графиясы» (7-сынып), 1960 жылы М.Ш. Ярмухамедов пен Г.
Қоңқашпаев «Қазақ ССР-нiң экономикалық географиясы» оқулықтарын жазып, мектептерде оқытыла бастады. Алғашқы жылдары бұл пәндердi оқытуға 8-12 сағат берiлдi, бұның өзi оқушыларға республикамыздың физикалық және экономикалық географиялық жағдайы жайлы бiлiм беруде үлкен жетiстiк бол- ды. Ғалым-әдiскерлер географияны оқыту әдiстемесiн жетiлдiру мәселесiн қолға алып, республика мұғалiмдерi алдында дәрiстер оқып, қосымша оқу-әдiстемелiк құралдар жазып, шығара баста- ды.
1962 жылы мұғалiмдерге көмекшi құрал ретiнде ұстаз- ғалым, география ғылымдарының кандидаты Ә. Бiрмағамбетов
«Қазақстанның физикалық географиясы» бойынша алғаш рет
«Хрестоматия» жазып шығарды.
1972 жылы Алматыда одақтық Педагогика ғылымы академия- сының оқытудың мазмұны мен әдiстерi ғылыми-зерттеу инсти- тутының қазақ филиалы ашылды. Филиалдың алдына қойған мақсаты жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гума- нитарлық пәндер бойынша бiлiм мазмұнын жетiлдiруге бай- ланысты бағдарлама, оқу-әдiстемелiк кешендердi ұлттық мек- тепте оқытуға сәйкестендiру, аталған пәндердi оқытудың өзектi мәселелерiн анықтау болды.
1972-1987 жылдар аралығында қоғамтану мен географияны оқыту зертханасы жұмыс iстедi, оны педагогика ғылымдарының кандидаты Т. Тұрлығұлов басқарды. Зертхана қызметкерлерi «Қа- зақстанның ұлттық мектептерiнде тарих, қоғамтану, география пәндерiн оқытудың тиiмдiлiгiн арттыру» мәселелерiн зерттеумен айналысты.
1987-1990 жылдары «Ұлттық (қазақ) мектептерде оқытудың, тәрбиенiң мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiру» мәселесi бойын- ша ғылыми қызметкерлер К. Тiлеубергенова, К. Мамырова, Ш. Кәрiбаева, Б. Төлегенова зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Нәти- жесiнде бiрнеше ғылыми мақалалар мен мұғалiмдерге көмекшi құралдар жарық көрдi. Мысалы, «Географияны оқытудың әдiс- темелiк нұсқаулары» (К. Тiлеубергенова, К. Мамырова).
1991 жылы «Базалық мектеп» зертханасы ашылып, оны педа- гогика ғылымдарының кандидаты А. Мәженова басқарды. Зерт- хана қызметкерлерi «Қазiргi мектептердегi жаңа потенциалдық
жағдайлар негiзiнде оқу процесiн қамтамасыз етудi жетiлдiру» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысты. Географ-iзденушi ғалымдар (К. Мамырова, Ш. Кәрiбаева) «Қазақ мектептерiндегi географиялық бiлiм мазмұнының республикалық компонентiн анықтау» мәселесi бойынша зерттеу жұмысын жүргiздi.
1992 жылы ақпан айында қазақ филиалы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтымен қосы- лып, география тобының ғылыми қызметкерлерi қазiргi мектептi ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету мәселелерiмен ай- налысты. Нәтижесiнде «Қазақстан Республикасы мектептерiнде географиядан бiлiм беру тұжырымдамасы» (Е. Ахмедов, т.б.) және «Географияны оқытуға арналған әдiстемелiк нұсқаулар» (Е. Ахмедов, І. Ысмайылова, К. Мамырова, Ш. Кәрiбаева) дайын- далды.
1993-1998 жылдар аралығында химия, биология, география- ны оқыту зертханасы жұмыс жасады. Зертхананы педагогика ғылымдарының кандидаты К. Сарманова басқарды. Сол кездегi географияны оқыту әдiстемесiмен шұғылданған ғылыми қызмет- керлер К. Мамырова, Ш. Кәрiбаева, Р. Төлегенова, Г. Түсiпбекова, Г. Әлiбековалар География пәнiнiң мазмұны мен оқыту әдiс- терiн жаңартудың ғылыми-әдiстемелiк негiздерi тақырыбы төңi- регiнде зерттеу жұмыстарын жүргiзiп, географиялық бiлiм маз- мұнын, құрылымын және көлемiн айқындады. Нәтижесiнде 1998 жылы географиядан бiлiм беру стандарты жасалды (К. Мамырова, Ш. Кәрiбаева). Осы жылдар аралығында iзденушi ғалымдар К. Тiлеубергенова «Қазақстан географиясын оқыту үдерiсiнде өздiк жұмыстарды ұйымдастырудың әдiстемелiк жол- дары», Р. Төлегенова «Физикалық географияны оқыту үдерiсiн- де оқушылардың экологиялық бiлiмдерiн дамыту жолдары» тақырыптары бойынша кандидаттық диссертацияларын қорғап, географияны оқыту әдiстемесiнде өз үлестерiн қосты.
1998-1999 жылдар аралығында химия, биология, геогра-
фияны оқыту зертханасына педагогика ғылымдарының докто- ры, профессор И.Н. Нұғыманов басшылық жасады. Iзденушi әдiскер-ғалымдар К. Мамырова мен Ш. Кәрiбаевалар «Геогра- фияны оқытудың мазмұны мен әдiстерiн жаңартудың ғылыми-
әдiстемелiк негiздерi» және «Қазiргi мектептегi оқу үдерiсiн оқу- әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету» тақырыбы төңiрегiнде зерттеу жұмыстарын жалғастырды.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесiнде: а) географиядан бiлiм берудiң базалық мазмұнының ғылыми-әдiснамалық негiздемесi; ә) географиядан бiлiм беру стандарты; б) география пәнi бойын- ша 5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары; в) жаңа буын оқулықтарының авторлық тұжырымдамалары жарық көрдi.
Қоғамның бiлiм беру жүйесiнiң алдына қойып отырған әлеуметтiк тапсырысына сай, 1998 жылы қараша айында ҚР Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi «Жалпы бiлiм беретiн орта мектептердiң жаңа буын оқулықтары мен әдiстемелiк кешендерiн жасау конкурсын» жариялады. Осыған орай, Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың Бiлiм академиясының орта және кәсiптiк бiлiм беру институтына республикамыздың жоғары оқу орындарының, колледждердiң, мектептердiң ғалым- оқытушыларының мектеп географиясының жеке курстары бойынша жазған оқулық қолжазбалары ашық конкурсқа жiберiл- дi. Конкурс қорытындысы бойынша негiзгi мектепке арналған география пәнi бойынша төл оқулықтарды жазатын авторлар тобы белгiлендi. Олар: Ә. Бiрмағамбетов, К. Мамырова («Физика- лық география. Бастапқы курс») Ә. Бейсенова, С. Әбiлмәжiнова, К. Қаймулдинова («Материктер мен мұхиттар географиясы»), К. Карпеков, Ә. Бейсенова («Қазақстанның физикалық геогра- фиясы), Е. Ахмедов, Ш. Кәрiбаева, Н. Кәрменова, Б. Асубаев («Қазақстанның экономикалық және әлеуметтiк географиясы»).
2000 жылы география пәнiн оқытудың әдiстемесi бойын-
ша «Негiзгi орта мектепте географияны оқытудың мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiрудiң дидактикалық және әдiстемелiк негiздерi» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргiзiлдi. Зерттеу тақырыбына б.ғ.к., доцент К. Иманқұлова жетекшiлiк еттi. Зерттеудiң нәтижесiнде географияның жаратылыстану пәндерiнде алатын орны, соған сәйкес оны оқытудың мақсаты, мiндеттерi және мазмұны анықталды. Осы жылдан бастап жаңа буын оқулықтары («Физикалық география. Бастапқы курс»,
«Материктер мен мұхиттар географиясы», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтiк географиясы») «Атамұра» және
«Мектеп» баспаларынан жарық көрiп, республикамыздағы ар- найы мектептерден кезең бойынша байқаудан өткiзiле бастады.
2002 жылы мектептегi географиялық бiлiм мазмұнын берудiң жаңа тәсiлдерiн сараптаудың нәтижесiнде мазмұны, құрылымы жөнiнен ерекшеленетiн ҚР мемлекеттiк жалпыға мiндеттi геогра- фиядан бiлiм стандарты жарық көрдi (авторлар Ә. Бейсенова, Ш. Кәрiбаева, т.б. ) және төл оқулық «Физикалық география. Бас- тапқы курс» 6-сынып (авторлар Ә. Бiрмағамбетов, К. Мамырова), осы сыныпқа арналған әдiстемелiк нұсқаулар, дидактикалық материалдар, оқушыларға арналған жұмыс дәптерi мектепке енгiзiлдi.
Сонымен қатар мұғалiмдерге көмекшi құрал ретiнде ұстаз- ғалым, п.ғ.д., профессор Ұ.Ә. Есназарова «Қазақстанның физика- лық географиясы» пәнін оқыту әдістемесі, «Жаратылыстану» оқулығы мен жұмыс дәптерін және «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» пәні бойынша жұмыс дәптері мен тест сұрақтарын жазып шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |