Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп мектептегі шағын
орталығымен КММ технология пәнінің мұғалімі
Бақбергенова Камшат Ерсінқызы
Тақырыбы: Тігін машинасының шығу тарихы.
Мақсаттары:
Білімділік: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, оқушылардың білімін пысықтау, машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру
Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:Оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері
Тігін машинасы туралы жаңа мәліметтермен танысады.
Оқушылар тігін машинасының құрылысымен танысады
Шығу тарихымен танысады.
Тігін машинасымен жұмыс істеудің жолдарымен танысады
Шығу тарихымен танысады.
Тігін машинасымен жұмыс істеудің жолдарымен танысады
Көрнекілігі: Тігін машинасы, деңгейлік тапсырмалар,
құрал-жабдықтар: мата, қайшы, ине
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Ұй тапсырмасын сұрау
-
Мата туралы не білесің?
-
Мақта мен зығыр талшығының айырмашылығы?
-
Матаның негізгі және арқау жіптері
Сабақ барысы.
Қызығушылығын ояту. «Қайта жаңғырту» (Қауіпсіздік ережелері)
Пайдалы кеңестер:
-
ине сақтайтын қораптың түбіне магнит салып қойсаңыз, инелеріңіз ешқашан шашылмайды.
-
ине тот баспас үшын оны сабынға тығып қою керек.
-
егер үтіктің астына синтетикалық талшықтар жабысса оны ацетонмен сүрту керек.
-
киім тіккенде жіпті киім түсінен күреңдеу етіп таңдаңыз, себебі катушкада оралған жіп өз түсінен әлдеқайда күреңдеу болып көрінеді.
-
қалың матаны тігу оңайырақ болу үшін инеге сабын жағыңыз
3. Жаңа сабақ
1 топ: Тігін машинасының тарихы.
XV – ғасыр — Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
1755 жыл – Англия, Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін
машинасын ойлап тапты.
1834 жыл – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
1870- АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
1900 – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
1900 – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
Тігін машинасы қол жетегінде, аяқ жетегінде және электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді. Заманауи тұрмыстық машинасы негізінен электр тоғының күшімен жүргізіледі. Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Ал сен үйде қол және аяқ жетегіндегі немесе қазіргі заманғы бағдарламамен басқарылатын машинаны қолдана аласың ба ? Мұндай машиналар компьютер көмегімен көптеген тігін операцияларын ( кестелеу, ілмек жасау, түйме қадау және т. б.) орындай алады. Ең дұрысы, тіке тігісті орындайтын қарапайым машинамен тігуді үйрене бастау керек. Тігін бұйымдарын дайындау көбіне тігін машинасында жұмыс істеуді игеруге байланысты.
2 топ: ТІГІН МАШИНАСЫМЕН ТАНЫСУ
Биыл сендер заманауи тігін машинасының көмегімен тігіс операцияларын – түзу және ирек тігістертерді сапалы орындай аласыңдар. Тігін машинасы қол жетегіндегі, аяқ жетегіндегі және электр жетегіндегі машина болып бөлінеді. Жетек – бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы. Заманауи тұрмыстық электр жетегіндегі тігін машинасы өте шағын, оны жұмысқа тез дайындай аласың. Тігін машинасының құрылысы. Көңіл аударсақ бірінші бөлшегі – жең деп аталады. Оның ішінде машинаның құйып жасалған басты вал бөлшегі орналасқан.Жеңнің оң жағында өзара жалғасқан бірнеше бөлшектен тұратын аяқты беріліс орналасқан. Бұл – түйін деп аталады. Машинаның әрбір түйіні қандай да бір жұмысты атқарады. Аяқты беріліс – бұл машинаны қозғалысқа келтіретін түйін.
Аяқты берілістің педалін аяқпен тербелтеді. Бұл тербеліс шатунның және қисықшиптің көмегімен айналмалы қозғалысқа ауысады да жібергіш дөңгелекке беріледі. Жібергіш дөңгелетің науасына тұйық белдік кигізілген. Белдік жібергіш дөңгелекті.машинаның басты валына қондырылған маховик дөңгелекке жалғайды.Әрі қарай машинаны босжүріске қойып жаттығу орындалады.Тігін машинасын жұмыс орнында жарық сол жақтан түсіп тұратындай етіп орналастырады. Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ.
1-шөрнек құрылғысы; 2-басу табаны; 3-мата жылжытқыш; 4-жіптартқыш; 5- жіп бағыттағыш; 6- жеңқап; 7- жіп орағышқа арналған өзек ; 8-жіп орағыш; 9- айналма дөңгелек; 10-тігіс ұзындығын көрсеткіш; 11- кері жүргіш тетігі; 12-тегіс адымын реттегіш тұтқа;13-жеңқап тіреуі; 14-тұғыр; 15-жіп бағыттағыш; 16-ысырмалы пластина.
Тігін машинасының инесі
Ине – тігін машинасының ең маңызды жұмыс органы. Ине конструкциясын Америкада XIX ғасырдың 30 – жылдарында ойлап тапқан.
Тігін машинасының инесінің құрылысы:
1 – колба
2 – қысқа жәнге ұзын сызық ойық сызықшалары
3 – алмас
4 – көзі
5 – ұшы
4. Сабақты бекіту Сұрақтарға жауап беру
1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина,арнайы машина)
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи)
3. Мата неден тұрады? (Талшықтан)
4. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу)
5. Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже)
6. Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу,жөрмеу,көмкеру,тор тігісі,кесте тігістері)
7. Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Мата күйіп үтік табанына жабысып қалмау үшін)
8. Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (Кергі,ине,жіп,мата,қайшы)
9. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851 )
10. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)
11. Еңбек құралдарын атаңыз. (мата,ине,жіп,қайшы,желім,қағаз,тігін машинасы т.б.)
12. Қол инемен жұмыс кезіндегі ескеретін ережелер. (Жұмыс басында ине санын санау,қисық инемен жұмыс жасамау,сынған жағдайда мұғалімге тапсыру,жұмыс аяғында мұғалімге санап тапсыру.)
13. Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымның бөлшектерін тігу)
14. Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанған инешаншым)
15. Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны)
5. Ұйге тапсырма
. Тігін машинасының құрылысын оқып келу,
6. Бағалау оқушылар жұмысы бағаланады.
«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Тігін машинасының
шығу тарихы
5 сынып
Технология пәнінің иесі: Камшат
Бақбергенова Ерсінқызы
Кеген, 2013
Достарыңызбен бөлісу: |