О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


 Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет. «ЖАРЫССӨЗ:»



Pdf көрінісі
бет138/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

8. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет. «ЖАРЫССӨЗ:» деген 
сөз азат жолдан, үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Жарыссөз 
күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша болса, 1.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал 
екінші мәселе бойынша болса, 2.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал күн тәртібінде бір 
ғана мәселе болса, нөмірленбейді, ЖАРЫССӨЗ: деп қана беріледі. Бұл 
бөлімде сөз сөйлеушілердің айтқан нақты пікірлері мен тұжырымдары 
жазылады. Мысалы,
ЖАРЫССӨЗ:
Бұл жерде мәжіліске қатысушылардың айтқан ұсыныс, пікірлері жа-
зылады.
9. Дауысқа салу. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралып болған- 
нан кейін, сол мәселе бойынша жиналысқа қатысушылар қаулы қабыл- 
дау / шешім шығару үшін қаралған мәселені дауысқа салады. Мысалы,
«Иә» деп дауыс бергендер саны – 14
«Жоқ» деп дауыс бергендер саны – 0
«Қалыс қалғандар» саны – 0.
10. Қабылданған қаулы (шығарылған шешім) туралы мәлі- 
мет. Жиналыста (мәжілісте, отырыста) күн тәртібіндегі қарас- 
тырылған мәселелер бойынша шешім шығарылады немесе қаулы 
қабылданады. 
Қажет болған жағдайда: қаулы немесе шешім мәтінінде нақты
не істеу керектігі, яғни оған жауапты қызметкердің аты-жөні және
орындау мерзімі көрсетіледі. «ҚАУЛЫ» және «ШЕШІМ» деген
сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жолдың ортасына жазылады.
Мысалы,


223
Орынғазы Әбутәліп
ШЕШІМ:
Эдвайзерлік жұмысты қадағалау Нұрлан Әденұлы Әміреевке 
жүктелсін.
Хаттаманың шешімі «жүктелсін», «ұсынылсын», «қаралсын», 
«қанағаттандырылсын», «қабылдансын», «шығарылсын» деген бұйрық 
райда жазылады.
11. Төрағаның және хатшының қолы. Хаттамаға мәжілісті 
жүргізуші төраға мен мәжіліс барысын хаттамаға жазып, рәсімдеген хат-
шы қол қояды. Мысалы,
Төраға:
 _________________ Г. Нұрышева.
(қолы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет