АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ
ӘКІМДІГІ МӘСЛИХАТЫ
ҚАУЛЫСЫ ШЕШІМІ
27 желтоқсан 2010 №202 27 желтоқсан 2010 №40-229
Алматы облысы әділет департаментінде
2011 жылғы 18 қаңтарда 2065
номірімен тіркелген.
Облыс аумағындағы жекелеген
ауылдарды тарату туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің пікірлерін ескере келе, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл ауданы Үшарал қалалық округінің Талапкер ауылы таратылып, тұрғындары Алакөл ауданы Үшарал қалалық округінің Үшарал қаласының құрамына енгізілсін.
2. Қаратал ауданы Қаңбақты ауылдық округінің Ақиық ауылы таратылып, тұрғындары Қаратал ауданы Қаңбақты ауылдық округінің Алмалы ауылының құрамына енгізілсін.
3. Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округінің Архарлы асуы ауылы таратылып, тұрғындары Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округінің Жоламан ауылының құрамына енгізілсін.
4. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Үмбетов С.Зульярова
Облыстық мәслихаттың хатшысы
А.Сыдық
Достарыңызбен бөлісу: |