Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, облыстың кенттерi мен ауылдық елдi мекендерiнде жеке меншiкке берiлетiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары туралы



Дата25.02.2016
өлшемі31.13 Kb.
#25864
Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, облыстың кенттерi мен ауылдық елдi мекендерiнде жеке меншiкке берiлетiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 26 желтоқсандағы N 302 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы N 35/412-IV шешiмi. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы 26 қаңтарда N 2566 тiркелдi


"Дидар" 2012 жылғы 01 ақпандағы № 12; "Рудный Алтай" от 31 января 2012 года № 12


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 10-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Жер учаскелерiне төлемақының базалық ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегi № 890 қаулысының 3-1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТI және Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, облыстың кенттерi мен ауылдық елдi мекендерiнде жеке меншiкке берiлетiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары осы шешiмге және қаулыға қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 


Сессия төрағасы,            В. Ахаев
облыстық мәслихаттың
хатшысы

Облыс әкiмi     Б. Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2011 жылғы 27 желтоқсан
№ 35/412-IV шешiмiне
қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң


2011 жылғы 26 желтоқсан
№ 302 қаулысына
қосымша

Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда,
облыстың кенттерi мен ауылдық елдi мекендерiнде жеке меншiкке
берiлетiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары

Р/с №

Облыстың
елдi мекендерi

Облыс орталығының ставкасынан алынған пайыз

1 шаршы метр үшiн төлем-ақының ставкасы (теңге)

1

2

3

4

1

Облыс орталығы

100

1304

2

Облыстық маңызы бар қалалар

85

1108,4

3

Аудандық маңызы бар қалалар

75

978

4

Мына аймақтарда орналасқан кенттер және ауылдық елдi мекендер:

кенттер

ауылдық елдi мекендер

кенттер

ауылдық елдi мекендер

далалық орманды, далалық және құрғақ далалық

25

15

326

195,6

шөлейт және жартылай шөлейт

18

10

234,72

130,4

тау бөктерiндегi-шөлейт -далалық, субтропикалық шөлейт және тау бөктерiндегi–шөлейт

30

18

391,2

234,72

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет