«Облыстағы айдалатын жерлерді оңтайлы пайдалану туралы» ақпарат
Құрметті Бердібек Машбекұлы!
Құрметті облыс әкімдігінің мүшелері!
Өсімдік өнімдерінің өндірісін өсіру үшін маңызды қордың бірі, айдалатын жерлерді өңтайлы және толық пайдалану болып табылады, олардың үлес салмағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің құрылымында маңызды орын алады.
2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста 18 001 ауыл шаруашылық құрылымдар ұйымдастырылған, оларға 9753,5 мың га жер пайдалануға берілген, оның ішінде1206,7 мың га егістік, 263,6 мың га тыңайған жерлер, 451,8 мың га шабындықтар, 7672,8 мың га жайыламдар.
2009-2010 жылдары қалалар мен аудандар жер қатынастары бөлімдерімен ауыл шаруашылығы өндірісіне берілген жерлерді мақсатты және ұтымды пайдалануын бақылау мақсатында түгендеу жүргізілді, нәтижесінде пайдаланылмайтын жерлер анықталып, жер заңнамасына сәйкес олар иесіз мүлік ретінде есепке алынды. Бұдан басқа, құзретті органдармен үнемі мониторинг жасалып, иесіз жер учаскелерін есепке алу және одан ары оларды тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Себебі, облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 қарашасына иесіз мүлік ретінде есепке 88,4 мың га егістік алынды.
Ең көп пайдаланылмайтын айдалатын жерлердің алаңы:
-Үржар ауданында-18,4 мың га, ол берілген айдалатын жерлердің 9 пайызын құрайды;
- Бородулиха ауданында- 16,8 мың га, ол берілген айдалатын жерлер ауданының 5 пайызын құрайды;
- Күршім ауданында- 12,8 мың га, ол берілген айдалатын жерлер ауданының 45 пайызын құрайды есепке алынды.
Айдалатын жерлердің пайдалануның талдау нәтижесі жерлердің толық пайдаланмауын көрсетеді (егістік+тыңайған жер).
Себебі, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде тыңайған жерлердің ауданы 26,1 мың га ұлғайды. Сонда ең көп ұлғаю Үржар ауданында 16,0 мың га болды, Көкпекті ауданында 11,5 мың га, Ұлан ауданында 5,4 мың га.
Жалпы ауданнан агроқұрылымдарға берілген жыртылған жерлердің көп пайызы:
- Семей қаласында 85 %;
- Тарбағатай ауданында 66 %;
- Аягөз ауданында 63 %;
- Зайсан ауданында 62 %;
- Күршім ауданында 56 %;
Тыңайған жерлердің ұлғаюының негізгі себептерінің бірі ауданда және жеке әрбір ауыл шаруашылық құрылымдарда жерді тиімсіз пайдалану болып табылады.
Жерлерді уақытында пайдаланбағанын анықтаған кезінде иесіз мүлік ретінде есепке қойылады.
Осылайша, барлық тыңайған алқаптардың (263,6 мың гектар) 33,5 %-і ғана анықталды және есепке қойылды. Мысалы:
- Семей қаласы бойынша 1,7 %.
- Тарбағатай ауданы бойынша 3,7 %.
- Жарма ауданы бойынша 4,5 %.
Демек, аталған аудандарда көрсетілген бағытта жұмысты қарқындату қажет.
ҚР жер кодексінің 82-бабына сәйкес иесіз мүлік ретінде есепке алынған уақыт аралығында (1 жыл) жерлер басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беріледі. Осыған байланысты. Облыс бойынша есепте тұрған жыртылған жерлердің 11,4 мың гектары 1 жыл мерзімде жалға берілді, ол есепке алынған тыңайған жерлердің 12,9 % құрайды.
Ауыл шаруашылық өндіріс жүргізу үшін ауыл шаруашылық агроқұрылымдарға ары қарай бөлу үшін мемлекеттік меншікке 28,4 мың га қайтарылды.
2010 жылғы 1 қараша жағдайына иесіз мүлік ретінде есепте 36,8 мың гектар тұр (есепте тұру мерзімі – 1 жыл, мерзімі өткен жоқ).
Бұрын иесіз мүлік ретінде есепте тұрған мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлерден ағымдағы жылда 18,4 мың гектар егістік ауыл шаруашылық агроқұрылымдарға берілген.
Егістік – барлық ауыл шаруашылық алқаптардан ең бағалы жердің тобы. Ол ауыл шаруашылықтың бас құралы және аумақтардың азық-түлік қауіпсіздіктің негізі болып табылады.
Алайда, 2009 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылда облыс бойынша егістік 22,1 мың гектарға азайды (10 слайд).
2010 жылда келесі аудандарда егістік ең көп азайды:
- Үржар ауданында – 16,0 мың гектарға (66,9 % -қа егістік жерлер пайдалынды);
- Көкпекті ауданында – 8,9 мың гектарға (88,3 % -қа егістік жерлер пайдалынды);
- Көкпекті ауданында – 5,4 мың гектарға (78,6 % -қа егістік жерлер пайдалынды).
Сонымен қатар, Шемонаиха ауданы - 100 % , Глубокое ауданы - 99,5 % егістік жерлерді пайдалану бойынша жақсы нәтижелерге жетті.
Айтылғанына байланысты:
- Аягөз, Зайсан, Көкпекті, Күшім, Тарбағатай, Үржар аудандарында және Семей қаласында пайдалынбайтың алқаптарды айқындау мақсатында барлық берілген егістік жерлерде түгендеу жүргізу және оларды ауыспалы егіске тарту үшін шаралар қолдану;
- ары қарай жұмыс жүргізу үшін түгендеу мәліметтерін план-картографиялық материалдарға түсіру қажет.
Оған қоса қалалар мен аудандардың әкімдеріне:
- Жыртылған жерлерді ұтымды пайдалану бойынша бағдарламаны дайындауға қаржы бөлу тыңайған жерлерді ауыспалы егістікке ауыстыруға қана қоймай, топырақтың құнарлығын арттыруға арналған іс-шаралар көрсетілу керек;
- Жерді пайдалану фактілері бойынша жасалған жалға беру келісім шарттарын сақтауға уақытылы мониторинг жүргізу. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жалға беру келісімдерінің шарттары сақталмаған кезде, оларды бір жақты тәртіппен бұзу;
- Болашақта оларды қызығушылық білдірген агроқұрылымдарға қайта бөлу мақсатымен, иесіз мүлік ретінде есепке қою үшін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жыртылған жерлерді табылғаны жөнінде жұмысты жанжандыру;
- Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді қайта бөлу. Осыған байланысты, бұқаралық ақпарат құралдары (БҰҚ) арқылы ары қарай пайдалану үшін беруге мүмкін болатын бос жер алқаптары туралы мәліметтерді ақпараттық стендтерде, арнайы сайттарда орналастыру қажет.
Сөзімді қорытындылай келе, жер қандай жағдайда болғаны, жыртылатын алқаптарын тиімді пайдалануы соншалықты біздің қалалар мен аудандардың көпшілік деңгейінде экономикалық жағдайын қазіргі және болашағы екенін атап айтқым келеді.
Назарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |