Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме – библиография бөлімі



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата14.11.2023
өлшемі0.6 Mb.
#483209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Әлихан Нұрмұхамедұлы 
Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы 
солдан оңға қарай: Ахмет Байтұрсынұлы, 
Әлихан Нұрмұхамедұлы 
Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы 
 
 
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық – демократиялық 
қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені, 
Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс 
жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні 
жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет 
нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, 
оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының 
өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия 
болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті 
Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші 
позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт 
өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов кейінірек «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 23 
желтоқсандағы 256-санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге 
шықтым?» деген ашық хатында (хат «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 25 
қаңтарындағы №29 санында басылды) жан-жақты негіздеді.
Басқа сөзбен айтқанда, Ә.Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін 
қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық, ұлттық-
мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп 
түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да 
күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық сьезд шақыруды дұрыс 
деп тапқанын ашық мәлімдейді. Осының нәтижесінде Ә.Бөкейхановтың кадет 
партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық 
болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен 
саясаткерге тән батыл қадам болды. 
Бірінші бүкілқазақтық сеъзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында 
өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен 
Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген 
аудандарының өкілдері қатынасты. Сеьзге қатынасушылар саны аса көп 
болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі 
Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей 
қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым 


11 
көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ 
сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары 
болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар мыналар: 
1. Мемлекеттік басқару формасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет