Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін



бет1/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#135851
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы «19» ақпандағы

№ 82 қаулысымен

бекітілген

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары

бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану

қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)
«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің мынадай:

1) 100 «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер стандарттарын енгізу»;

2) 101 «Үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» кіші бағдарламаларын қоспағанда, 043 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.

3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірде қиын жағдайға тап болған адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және олардың қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;

2) ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар;

3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – шартты ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасайтын адамдар;

4) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

5) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

6) жүгінген күні – барлық қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш берілген ай;

7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;

8) облыстың уәкілетті органы – «Өрлеу» жобасын іске асыруды үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

9) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;

10) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

11) отбасының жиынтық табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;

12) «Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;

13) өтініш беруші – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдірген адам;

14) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыруды және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыратын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы орталық уәкілетті орган;

15) уәкілетті орган – шартты ақшалай көмек тағайындауды, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын әзірлеуді, жасасуды және сүйемелдеуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;

16) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

17) үміткер – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан жүгінген адам;

18) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша пайдаланылады:

1) 103 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» (бұдан


әрі – 103 кіші бағдарлама);

2) 104 «Өрлеу жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» (бұдан әрі – 104 кіші бағдарлама);

3) 105 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету» (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама).

6. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгіленген тәртіппен бекітілген 043 бюджеттік бағдарлама мен 103, 104 және 105 кіші бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.



2. 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен

берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының облыстық (бұдан әрі ШАК) бюджеттерінің «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге пайдалану тәртібі
7. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының бюджеттеріне «Өрлеу» жобасы бойынша ШАК-ті енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

1) ШАК төлеуге;

2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттердің қызметтеріне ақы төлеуге;

3) баспасөз өнімдерін, оның ішінде ақпараттық-түсіндірмелік сипаттағы өнімдер дайындауға пайдаланылады.

8. Облыстың уәкілетті органы келіп түсетін нысаналы трансферттерді 047 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырады және оған сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне аударуды жүргізеді.

9. Уәкілетті орган келіп түсетін нысаналы трансферттерді 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырады. Аталған бағдарлама бойынша осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шығыстар жүргізіледі.

ШАК төлеу осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мөлшерде 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» жергілікті бюджеттік бағдарламасының тиісті кіші бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

10. ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.

11. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:


  1. отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма – жергілікті бюджет қаражаты есебінен (025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» бюджеттік бағдарламасының 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша);

  2. облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен (025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» бюджеттік бағдарламасының 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша) қаржыландырады.

ШАК алушылардың шоттарына төлемдер 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» жергілікті бюджеттік бағдарламасының екі кіші бағдарламасы бойынша бір мезгілде жүзеге асырылады.

Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.

Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.

ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.

ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.

12. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, оқыту және ерікті қоныс аудару, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де шаралар арқылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді көздейді.

13. Отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді.

14. Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.

15. Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткерге «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.

Әңгімелесу жүргізу кезінде:



  1. үміткердің ШАК алуға құқығы;

  2. отбасы мүшелеріне олардың жеке мұқтаждықтары ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;

  3. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді.

16. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш пен осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат;

4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

17. Егер өтініш беруші жүгінген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылса, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

18. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттар:

1) ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде – салыстырып тексеру үшін төлнұсқасы және көшірмелерді ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;

2) уәкілетті органға жүгінген кезде – төлнұсқасы ұсынылады, олар сканерленеді және өтініш берушіге қайтарылады, ал электрондық құжаттар уәкілетті орган қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 5) тармақшаларында көрсетілген өтініш беруші толтыратын құжаттардың төлнұсқасы ұсынылады.

Уәкілетті орган құжаттардың электрондық көшірмелері мен мәліметтердің сапасын және олардың өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқасына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

19. Өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін оның қатысуымен уәкілетті органның қызметкері өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салуды қалыптастырады.

Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган өтінішті осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талон беріледі.

20. Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және «Өрлеу» жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.

21. Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру актісін жасайды, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оны уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.

22. Ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.

23. Уәкілетті орган:

1) құжаттарды ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне арналған ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды;

2) ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.

Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) жасасады және әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін уәкілетті органға жібереді;

3) әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін жеке жоспарды және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады;

4) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған күні осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ШАК тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және ШАК тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы (себептерін көрсете отырып) хабарлама жібереді.

24. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тараптардың «Өрлеу» жобасына қатысу міндеттемелерін, сондай-ақ скринингтік тексеруден өтуге, әлеуметтік мәні бар аурулардан (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) емделуге бейімділігі, жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу бойынша міндеттемелерді қамтиды.

25. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бір жылға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.

26. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сақталады.

27. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:

стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.

28. Уәкілетті орган ШАК тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімдердің негізінде алушыға ШАК төлеуге қоюды жүзеге асырады.

29. ШАК тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама өтініш беруші уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне өзі келген кезде беріледі.

30. ШАК төлеуді уәкілетті орган алушылардың банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырады.

31. Уәкілетті орган республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында:

1) қайтыс болғандар мен қайтыс болды деп жарияланғандардың тiзiмдерiн ай сайын салыстырып тексеруді, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдары, ауылдық округтер әкiмдері ұсынатын «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында қайтыс болды деп тіркелгендерді және әділет органдары ұсынатын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрақты тұруға кеткендердің тiзiмдерiн ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей электрондық салыстырып тексеруді;

2) банктік шоттарында үш және одан да көп ай бойы қозғалыс жоқ ШАК алушылардың тiзiмдерiн соңғы операцияның күнiн көрсете отырып, тоқсан сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.

32. Уәкiлеттi орган ШАК төлемдерін осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімнің негізінде тоқтатады.

ШАК төлемдерін тоқтату мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) «Өрлеу» жобасына қатысушының отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;

2) жалған мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшартының бұзылуы;

3) алушының банктiк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыстардың болмауы;

4) ШАК алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтердің, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықталуы;

5) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтердің, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан келіп түсуі;

6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтіп кетуі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздеуде жүрген адамдар фактісінің, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықталуы;

8) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтердің түсуі.

Бұл ретте, ШАК-ты заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда адамға (отбасына) ШАК төлеу оның тағайындалу кезеңіне тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

33. Уәкілетті орган ШАК алушылар бойынша қолда бар деректердiң негiзiнде ШАК төлеуге бюджеттік қаражат қажеттiлiгiн қалыптастырады.

34. Жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасында әлеуметтік келісімшарттардың орындалуына ай сайын және тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

35. Ассистенттер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасының белсенділігін арттыруды әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеу туралы есепті уәкілетті органға ұсынады.

36. Уәкілетті орган «Әлеуметтік көмек: АӘК, МБЖ, ШАК» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінен, Жұмыспен қамту орталығынан алынған ақпараттардың, сондай-ақ ассистенттерден алынған есептердің негізінде жасалған отбасының белсенділігін арттырудың келісімшарттары мен әлеуметтік келісімшарттарға, сондай-ақ азаматтардың ШАК-пен қамтылуына ай сайын мониторинг жүргізеді және облыстың уәкілетті органына ақпаратты осы Қағидаларға 15, 16, 17-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады.

37. Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанындағы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі базасында «Өрлеу» жобасының іске асырылуына ай сайын мониторинг жүргізеді.

38. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдері жартыжылдық қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей және жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті республикалық бағдарлама әкімшісіне ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет