Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының
бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына
байланысты мерекелік іс-шараларды өткізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына байланысты мерекелік іс-шараларды өткізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерінің 049 «Облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына байланысты мерекелік іс-шараларды өткізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 049 бюджеттік бағдарламасы) бойынша көзделген, республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.
3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, 049 бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың белгіленген тәртіппен бекітілген жеке жоспарының негізінде жүргізеді.
5.Ағымдағы нысаналы трансферттер мыналарға:
1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына - осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген адамдарға біржолғы материалдық көмек (бұдан әрі – біржолғы материалдық көмек) көрсетуге;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ, Мәскеу мен Алматы қалаларындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған мерекелік шеруге қатысу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының делегациялары құрамында жіберілетін медициналық қызметкерлерді қоса, оларға ілесіп жүретін адамдарға жол жүру, қонақүйлерде тұру және тамақтану шығыстарын төлеуге;
3) банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардың, «Қазпошта» акционерлік қоғамының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына біржолғы материалдық көмекті төлеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге пайдаланылады.
6. Ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдаланылады:
Облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне біржолғы материалдық көмек төлеуге және Мәскеу мен Алматы қалаларындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған мерекелік шеруге қатысуға арналған 051 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына байланысты іс-шараларды өткізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізеді;
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізу» 052 бюджеттік бағдарламасы сәйкес 5 тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шығыстар жүргізіледі.
7. Республикалық маңызы бар қаланың, елорданың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органы келіп түсетін ағымдағы трансферттерді 052 бюджеттік бағдарламасы бойынша көздейді. Көрсетілген бюджеттік бағдарлама бойынша осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шығыстар жүргізіледі.
8. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органы келіп түсетін ағымдағы трансферттерді 052 бюджеттік бағдарламасы бойынша көздейді.
Көрсетілген бағдарлама бойынша осы Қағидалардың 5-тармағы 1) және 3) тармақшаларында көзделген шығыстар жүргізіледі.
2. Біржолғы материалдық көмек көрсетуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
9. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін берілетін біржолғы материалдық көмек мынадай мөлшерлерде жүзеге асырылады:
бірінші дүниежүзілік, азаматтық, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майдандағы армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне – 100 000 теңге;
бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен аэродромдардың құрылыстарында жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 100 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті шарттар мен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына қосып есептелген қалаларда қызмет өткерген, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 70 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына, не тиісті кезеңдерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына қосып есептелген қалаларда болған адамдарға – 70 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнга ретінде болған адамдарға – 70 000 теңге;
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар мен басқа да антифашистік құрамалар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 70 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолдары бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еркінен айрылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне – 70 000 теңге;
қоршаудағы кезеңде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға – 30 000 теңге;
екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 30 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілерге – 70 000 теңге;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 70 000 теңге;
1944 жылғы 1 қаңтардан бастап 1951 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде Украин ССР-і, Белорусь ССР-і, Литва ССР-і, Латвия ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондардың, халықты қорғау взводтары мен жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға – 30 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған (хабарсыз кеткен) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, партизандары мен астыртын күрес жүргізушілерінің әке-шешелеріне, қайтадан некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 30 000 теңге;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің қайтадан некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе майданда «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты немесе басқа да себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың қайтадан некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан, майданда болуына байланысты ауруға шалдыққан немесе басқа некеге отырмаған әскери қызметшілердің әйелдеріне (күйеуеріне) – 25000 теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау барысында жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан, майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан Ішкі істер органының және бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлерінің басшысы немесе қатардағы құрамы адамдарының әйелдері (күйеулеріне) – 25 000 теңге.
Украин ССР-і, Белорусь ССР-і, Литва ССР-і, Латвия ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондардың, халықты қорғау взводтары мен жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан мүгедек болып қалған жауынгерлер адамдардың әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға, және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 25 000 теңге.
Бір мезгілде бірнеше негіздеме бойынша біржолғы материалдық көмек алуға құқығы бар адамдарға біржолғы материалдық көмек олардың таңдауына қарай бір негіздеме бойынша беріледі.
10. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – Орталықтың филиалдары) облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне біржолғы материалдық көмек алушылардың тізімдерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, электрондық және қағаз жеткізгіштерде мынадай мерзімде жібереді:
2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Орталықтың филиалдарынан әлеуметтік төлем алушылардың осы Қағидалардың 9-тармағында санамаланған алушылардың тізімдерін 2015 жылдың 8 сәуіріне дейін;
осы Қағидалардың 9-тармағында санамаланған, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша бұдан бұрын біржолғы материалдық көмек алмаған, жаңадан келген алушылардың тізімдерін - 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін.
11. Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне біржолғы материалдық көмек алушылардың тізімдерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, электрондық және қағаз жеткізгіштерде мынадай мерзімде жібереді:
2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, көрсетілген органдарда есепте тұрған, осы Қағидалардың 9-тармағында санамаланған адамдардың тізімдерін 2015 жылдың 8 сәуіріне дейін;
осы Қағидалардың 9-тармағында санамаланған, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша бұдан бұрын біржолғы материалдық көмек алмаған, жаңадан келген алушылардың тізімдерін - 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін.
12. Облыстық Астана және Алматы қалаларының әкімдері, осы Қағиданың 10,11-тармақтарына сәйкес ұсынылған тізімдерді ескере отырып, біржолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады.
13. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органы қалыптастырылған тізімдердің негізінде, әрбір алушының банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда не «Қазпочта» акционерлік қоғамында зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу үшін ашылған жеке шоттарына аудару жолымен, оларға біржолғы материалдық көмек төлемін:
оларға тізім берілген, осы Қағиданың 9-тармағында санамаланған адамдарға 2015 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде;
жаңадан келген, осы Қағидалардың 3-тармағында санамаланған, бұрынғы тұрғылықты жерінде біржолғы материалдық көмекті алмаған адамдарға – 2015 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде жүзеге асырады.
14. Банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардың, «Қазпочта» акционерлік қоғамының біржолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу, көрсетілген ұйымдар мен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері органдарының арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
15. Республикалық маңызы бар қаланың (елорданың) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары Министрлікті біржолғы материалдық көмекті төлеу туралы 2015 жылғы 4 мамырға дейін, бұрынғы тұрған жерінде оны алмаған, жаңадан келгендерге біржолғы материалдық көмек төлеу туралы 2015 жылғы 3 тамызға дейін хабардар етеді.
3. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің жолын, тұруын және тамақтануын қамтамасыз етуге және Астана, Мәскеу қалаларындағы мерекелік шерулерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері делегациясының қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларға ілесіп жүретін адамдарға, медициналық жұмыскерлерді қоса алғанда берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
16. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ, Мәскеу мен Алматы қалаларындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған мерекелік шеруге қатысу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының делегациялары құрамында жіберілетін медициналық қызметкерлерді қоса, оларға ілесіп жүретін адамдарға (бұдан әрі – делегация қатысушылары) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік шеруге Мәскеу мен Астана қалаларына теміржол және (немесе) әуе көлігімен жол жүру үшін жол жүру құжаттары беріледі, сондай-ақ, мерекелік шерулердің өту кезеңінде тұру және тамақтану шығыстары төленеді.
17. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерімен келісім бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеуге арналған Мәскеу мен Астана қалаларындағы мерекелік шеруге баратын делегация қатысушыларының тізімін (бұдан әрі - делегациялар) 2015 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде қалыптастырады және бекітеді, әр делегацияға ілесіп жүретін адамдардың қатарынан жауапты адамды айқындайды және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары (бұдан әрі - жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары) арқылы аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына (бұдан әрі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары) жібереді.
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегация қатысушыларының алғаннан кейін, үш жұмыс күні ішінде делегацияның әрбір мүшесіне мынадай құжаттарды жинауды жүзеге асырады:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
зейнетақы мен жәрдемақы алу жөніндегі уәкілетті ұйымдардағы жеке шотының нөмірі туралы ;
соғысқа қатысушының немесе соғыс мүгедегінің куәлігінің көшірмесін (ҰОС қатысушылары үшін);
медициналық ұйымның жол жүруге қарсы айғақтамалардың жоқ екені туралы анықтамасын (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін).
19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары алынған өтініштер мен құжаттардың негізінде екі жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға арналған өтінімді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда дайындайды және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына береді.
20. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 – жылдығына арналған шеруге Мәскеу қаласына жол жүру құжаттарды (билеттерді):
1) Актөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан және Маңғыстау облыстарының делегация мүшелері облыс орталығынан Астана қаласына дейін кері қарай, сондай-ақ Астана қаласынан Мәскеу қаласына дейін және кері қарай – әуе жолы көлігімен;
2) Акмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік және Алматы қаласының делегация мүшелеріне:
облыс орталығынан (Алматы қаласының) Астана қаласына дейін және кері қарай – темір жол көлігімен;
Астана қаласынан Мәскеу қаласына дейін және кері қарай – әуе жол көлігімен;
3) Астана қаласының делегация мүшелеріне Астана қаласынан Мәскеу қаласына және кері қарай – әуе жол көлігімен баруға жол жүру құжаттары (билеттері) беріледі.
21. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегацияның сапарға шығу күніне дейін он бес жұмыс күннен кешіктірмей жол жүру құжаттарын (билеттерді) алуға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жасайды және жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру жөніндегі ұйымға береді.
22. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру жөніндегі ұйымдар бес жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген сапардың толық бағытына жол жүру құжаттарын (билеттерді) дайындайды және оларды жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалатын жол жүру құжаттарын (билеттерді) қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес береді.
23. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары 5 жұмыс күн ішінде алынған жол жүру құжаттарын (билеттерін) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің м.а 2011 жылғы 2 тамыздағы № 339 № М - 2а нысандағы сенімхатына (бұдан әрі - № М-2а нысандағы сенімхат) сәйкес жолдайды.
24. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары екі жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) делегация мүшелеріне қолын қойғызып береді.
25. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған кейін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары мен жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдардың арасында жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымға делегация қатысушыларына берілген жол жүру құжаттарына (билеттерге) ақы төлеу үшін негіздеме болып табылатын салыстырып тексеру актісі жасалады
Салыстырып тексеру актісі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады.
26. Жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын төлеуді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда осы Қағидалардың 20–тармағында көрсетілген қол қойылған салыстырып тексеру актісінің негізінде қолма қол ақшасыз нысанда Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
27. Делегацияларға қатысушыларға тамақтану мен тұру шығындары бір мезгілде мынадай мөлшерде төленеді:
1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеуге арналған Астана қаласындағы шеруге (Астана қаласы делегациясы мүшелерін қоспағанда) бір адамға бес тәулік есебімен – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына сәйкес тәуліктік шығыстар мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар нормалары бойынша;
2) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеуге арналған Мәскеу қаласындағы шеруге бір адамға бес тәулік есебімен, оның ішінде:
екі тәулік (Астана қаласы делегациясы мүшелерін қоспағанда) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне арналған тәуліктік шығыстар мен тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар нормалары бойынша;
үш тәулік - Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметшілердің республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен шетелге қызметтік іссапар шығыстарын өтеу туралы ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 6 қаңтардағы № 108 қаулысына сәйкес шетелде қысқа мерзімді іссапарда жүрген қызметкерлерге арналған тәуліктік шығыстарын өтеу нормалары мен қонақүй нөмірлерін жалдау шығыстарын өтеудің шекті нормалары бойынша төленеді.
28. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалап органдары делегацияның сапарға шығу күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, делегацияның әрбір қатысушысына тамақтану және тұру шығыстарын, оның екінші деңгейлі банктегі жеке шотына қаражат аудару жолымен төлейді.
29. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалап органдары жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына ай сайын 2015 жылғы сәуірден бастап мамыр айына дейінгі кезеңде делегацияға қатысушылар қайтарған пайдаланылған (пайдаланылмаған) жол жүру құжаттарының (билеттердің) не жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымның жол жүру құжаттарының (билеттердің) қайтарылғаны туралы жазбаша растамаларының негізінде жасалған пайдаланылған жол жүру құжаттары (билеттер) туралы есепті ұсынады.
30. Сапарға шығу мүмкін болмаған немесе сапардан бас тартқан жағдайда, делегация мүшесі өзі алған жол жүру құжаттарын (билеттерін), сондай-ақ, оның жеке шотына аударылған тамақтануға және тұруға арналған қаражатты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арқылы 2015 жылғы 31 мамырдан кешіктірмейтін мерзімде қайтарады. Бұл орайда, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегация мүшелеріне жол жүру құжаттары (билеттері) мен тамақтануға және тұруға арналған қаражаттың қайтарылғаны туралы жазбаша растама береді.
Делегация мүшесі көрсетілген мерзімде алған жол жүру құжаттары (билеттерді) мен тамақтануға және тұруға арналған оның есебіне түскен қаражатты қайтармаған жағдайда көрсетілген қаражаттар сот тәртібінде қайтарады және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары алушыны жазбаша хабардар етеді.
31. Делегация мүшесінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан алынған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруы жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда жүзеге асырылған жағдайда, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар көрсетілген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құнын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына қайтаруды қолма-қол ақшалай емес нысанда үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Бұл орайда, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар делегация мүшелеріне жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қайтарылғаны туралы жазбаша растама береді.
32. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттері) мен қайтарылған қаражатты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына № М-2а нысанындағы сенімхат бойынша қайтарады.
33. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға мынадай тәртіппен қайтарады:
егер жол жүру құны өтелген болса, орындарды қайтару үшін, жол жүру құжаттары (билеттері) поезд сапарға шыққаннан кейін үш сағаттан кешіктірілмеген немесе ұшақтың ұшуына дейін үш сағаттан аспайтын мерзімде, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға ұсынылады. Бұл орайда, салыстырып тексеру актісінде көрсетілген, төлемге ұсынылатын сома, жол жүру құжатының (билетінің) құнынан ұстап қалуларды шегере отырып, қайтарылған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құнына тең сомаға азайтылады;
егер жол жүру құны өтелмеген болса, орындарды қайтару үшін, жол жүру құжаттары (билеттері) поезд сапарға шыққаннан кейін үш сағаттан кешіктірілмеген немесе ұшақтың ұшуына дейін үш сағаттан аспайтын мерзімде, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға ұсынылады. Бұл орайда, салыстырып тексеру актісінде көрсетілген, төлемге ұсынылатын жалпы сомаға, қайтарылған жол жүру құжатының (билетінің) құнынан ұстап қалулар сомасы қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |