«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе)



Дата04.07.2016
өлшемі85.31 Kb.
#176269
Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

міндетін атқарушының

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 18-03/390 бұйрығына

9 қосымша



«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары (облыстық маңызы бар қалалар) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – облыс әкімдігінің жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулысы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) көрсетілетін қызметті алушыны аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың жеңімпазы деп тану туралы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының көшірмесі.

Жеке меншікте немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері толығымен орналасқан кезде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мерзімі өткен кезде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) Министрлік Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшесінің ұсынымы.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша беріледі.



Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қызметті берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымда:

1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

Қосымша

Нысан


_____________________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

_____________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның толық

атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

Өтініш
______________________

20 _____ жылғы «__»_______________ (елді мекен)
Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулыны беруіңізді сұраймын.

1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

2. Меншік нысаны: ______________________________________________

3. Құрылған жылы: ______________________________________________

4. Өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама:

____________________________________________________________________

(№, кім және қашан берді)

5. Заңды мекенжайы: _____________________________________________

(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, тел/факс)

6. Қоса берілген құжаттар: _______________________________________

7. ___________________облысы әкімдігінің 20 _____ жылғы «__»______________ № _____ қаулысына және _________________ аумақтық бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге жасалған 20 _____ жылғы «__»______________ № _____шартқа сәйкес бұрын бекітіп берілген аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі: __________

____________________________________________________________________

8. Мәлімделген аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі: ____________________________________________________

Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Өтініш берген күні «___»________________20____жыл.

Жеке/заңды тұлға ___________________

(қолы)


____________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),



мөрдің орны

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет