ОӘК 616-006.19 ОҚО бойынша 2003-2011 жылдардағы сүт безі қатерлі ісігінің динамикасы және скрининг тәсілінің келешегі Дәрігер интерн А.Б.Мирзахмедова Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., профессор Н.К.Түзелбаев, м.ғ.к., доцент М.Е.Жантеев, О.Ж.Ташимбетова
Заман ағымына орай соматикалық аурулармен қатар адамзат ағзасын онкологиялық аурулардың да зардаптап келгеніне куә боламыз.
Жалпы онкологиялық қызметтің дамуына сай қатерлі ісіктердің де алуан түрлілігі, оның әсерінің де организм үшін қаншалықты ауыр екендігі мәлім бола бастады.
Уақыт өткен сайын жер-жерлерде қатерлі ісік (рак) ауруларына шалдыққандар саны артып жатыр. Израильдік қатерлі ісікке қарсы күрес Ассоциациясының 2011 жылғы ақпараты бойынша дүниеде жыл сайын 12 миллионнан астам адамға алғаш рет қатерлі ісік диагнозы қойылса, 7,6 миллионға жуық адам сол ауру салдарынан қайтыс болып жатады екен.
Жалпы онкологиялық аурулардың ішінде жиілігі жөнінен және сол ауру салдарынан өлім деңгейі көрсеткіші бойынша дүние жүзінде сүт безі рагы алдыңғы қатарда. Еуропа елдерінде жыл сайын сүт безі қатерлі ісігінің 350 мың жаңа оқиғасы тіркеліп, 130 мың əйел осы аурудан қайтыс болады. Әсіресе өрекениеті неғұрлым дамыған мемлекеттерде сүт безі рагы соғұрлым жиі кездесіп отыр. Бірақ ондай елдерде мысалы: Еуропа мен Америка елдері, сүт безі рагының жиілігі артқанымен, одан келетін өлім деңгейі керісінше біршама кеміген. Бұндай мүмкіншілік ауруды ерте анықтап, бастапқы кезінде ем тағайындалғандығына байланысты.
2010 ж. мәлімет бойынша АҚШ-та әр 8 әйелдің бірі сүт безі рагына шалдығады, Канадада 10-нан бірі. Осы сияқты экономикасы дамыған еуропалық елдер Испанияда сүт безі рагы жиілігі 25,7% құраса, Францияда 34,5% көрсетіп, қатерлі ісіктер жиілігі жөнінен бірінші орынға шыққан. ТМД елдерінде де сүт безі рагының жиілегендігі байқалады. Мысалы, сүт безі қатерлі ісігінің жиілігі басқа ағзалар қатерлі ісіктермен салыстырғанда Ресейде 20% шамасында болса, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстанда 15-18%, ал Армения, Тәжікстанда және Азербайжанда 22-27% құрайды. Қазақстан бойынша сүт безі рагымен ауырғандар арасында 5 жылдық өмір сүру деңгейі 53% құрайды (кесте №1). Бұл сүт безімен ауырған әйелдердің әр екіншісі өледі деген сөз. Сүт безі ісігінің жиілігі Қазақстандағымен пара–пар Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 80% болса, ал АҚШ та 90% дан астам. Оны төмендегі кестеден оңай аңғаруға болады[1].
Кесте № 1
Алыс шет елдер, ТМД елдері мен Қазақстан Республикасындағы
сүт безі аурушаңдығы мен 5 жылдық өмір сүру деңгейі
№
|
Мемлекеттер
|
Аурушаңдық деңгейі
|
5 жылдық өмір сүру деңгейі
|
1
|
АҚШ
|
27,2
|
90
|
2
|
Еуропа елдері
|
30 (25-34)
|
80
|
3
|
ТМД
|
20 (15-27)
|
48 (42-56)
|
4
|
Қазақстан
|
17
|
53
|
Қатерлі ісік неғұрлым ерте анықталып, қажетті ем ерте тағайындалса, аурудың айығып кету мүмкіншілігі соғұрлым жоғары екендігі медицинада бұрыннан белгілі. Сүт безі рагы бойынша оның бірінші сатысында бастаған ем 90-96% толық емделіп кетуге мүмкіншілік берсе, ісіктің даму сатысы жоғарылаған сайын оның емінің нәтижесі төмендей берері сөзсіз. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда әйелдерге сүт безі рагы диагнозы 75-79% жағдайда ісіктің өтіп кеткен ІІІ-ІҮ сатыларында қойылады. Соған байланысты тағайындалған емнің нәтижесі төмен де өлім саны жоғары болады. Ол кестеде де көрнекі орын алған.
Сондықтан негізгі күшті жалпы онкологиялық ауруларды (оның ішінде сүт безі ісіктері де бар) ерте диагностикалауға, нәтижесінде қажетті емді ерте бастауға жұмылдыру керек [2].
Мамандардың пікірлері бойынша оған негізгі себеп аталған ауру бойынша, себеп салдарлары, қалай басталатындығы, оның ерте және негізгі белгілері туралы, оған тағайындалатын тиісті ем нәтижесінің ісіктің даму сатысына тікелей байланыстылығын, әсер ету деңгейі мен нәтижелерін айқындайтын жалпы ақпараттың аз болуы. Сонымен қатар, осы аз ақпараттың өзі қатардағы әйелдерге жеткіліксіз деңгейде. Әсіресе ауылдық жерлерде көптеп шоғырланған әйелдер арасында сүт безі ауруларының алдын алу және скрининг тәсілдер туралы мәліметтің өте аздығы. Скринингке шет аймақтардағы туым жасындағы әйелдердің аз тартылуы. Осы мәселе әлі күнге шешімін таппаған проблемалардың бірі болып отыр[6].
Қазақстанда соңғы 10 жылдықта сүт безі рагының бірінші орынға шығып, оның салдарынан өлімнің жиілеуіне байланысты мемлекетімізде жақсы үрдістер жолға қойыла бастады. 2004 жылы Елбасымыз «Денсаулық сақтау ісін дамыту, реформалау» бағытындағы «Қаулыға» қол қойды. Осы қаулыға сәйкес өндіріске 2005-2010 жылға арналған ұлттық бағдарлама енгізілді. Ал 2008 жылдан бастап 50-60 жас аралығындағы әйелдерді толық тексеруден өткізетін «маммографиялық скрининг» деп аталатын ұлттық бағдарлама дүниеге келді [3].
Бағдарламаның негізгі мақсаты — сүт безі қатерлі ісігінің клиникалық белгілері әлі білінбеген, ерте уақытында анықтау, науқастардың өлімін азайту, өмір сүру көрсеткішін көтеру. Проблема өте өзекті, себебі ісік бастапқы сатысында (деңгейінде) ешқандай белгі бермеуіне байланысты науқастар дәрігерге кешігіп қаралады да, құрал-жабдықсыз анықталуы қиын мұндай кеселдердің орта деңгейден асқанда ғана анықталып жататыны. Қалай болғанда да, ауырып ем іздегеннен ауырмайтын жол іздеген дұрыс.
Саламатты өмір салтын қалыптастыру — отбасы шаттығы мен денсаулығыңыздың кепілі екендігін халыққа ұғындыру.
Осы мақсатпен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі медициналық мекемелерге 135 маммографиялық қондырғылар орнатылып, 50-60 жас аралығындағы барлық әйел азаматтары өздеріне қарасты аймақтық ауруханалардан тегін тексеруден өткізу мүмкіндігіне жол ашылды [5].
Аталған бағдарлама негізінде ОҚО-да Шымкент қаласы мен 6 аудандарды (Арыс, Қазығұрт, Отырар, Сайрам, Түлкібас, Шардара) қамтитын 7 маммограф қондырғысы 2006 жылы іске қосылды. Ал 2008 жылғы 50-60 жас аралығындағы әйелдерді толық тексеруден өткізетін «маммографиялық скрининг» бағдарламасы бойынша қосымша маммографтар алынып, жалпы саны 21-ге жетті. 2009 жылдан бастап, ОҚО мен аудандары толығымен маммографиялық тексерулер жүргізуге мүмкіншіліктері толық бар.
Енді ОҚО онкологиялық ауруларға қарсы диспансерінің сүт безі қатерлі ісігі туралы соңғы мәліметтеріне назар аударып көрелік. Кестеде 2003 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі сүт безі ісіктері бойынша сапалық көрсеткіш берілген (кесте №2).
Кесте № 2
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сүт безі рагы динамикасының
2003-2011 жылдардағы сапалы көрсеткіші
№
|
Жылдар
|
Аурушаң
дық
|
Сатылары
|
Өлім көрсеткі
ші
|
5 жылдық өмір сүру көрсеткі
ші
|
абс.с
|
100 м. т.ш
|
I-ІI
|
ІIІ
|
IV
|
абс. с
|
100 м. т.ш
|
абс. с
|
В %
|
абс
|
%
|
абс
|
%
|
абс
|
%
|
1
|
2003
|
148
|
7,0
|
98
|
66,2
|
36
|
24,3
|
14
|
9,4
|
75
|
3,6
|
374
|
44
|
2
|
2004
|
226
|
10,6
|
143
|
63,2
|
47
|
20,7
|
36
|
15,9
|
86
|
4,0
|
345
|
37
|
3
|
2005
|
240
|
11,0
|
168
|
70,0
|
51
|
21,2
|
2
|
9,9
|
72
|
3,3
|
385
|
36
|
4
|
2006
|
227
|
10,2
|
153
|
65,9
|
54
|
23,7
|
20
|
8,6
|
80
|
3,6
|
442
|
37
|
5
|
2007
|
222
|
9,8
|
152
|
68,4
|
52
|
23,4
|
18
|
8,1
|
117
|
5,1
|
518
|
40
|
6
|
2008
|
225
|
9,5
|
164
|
74,5
|
36
|
16,3
|
20
|
9,0
|
122
|
5,2
|
567
|
41
|
7
|
2009
|
258
|
10,9
|
206
|
79,8
|
35
|
13,5
|
15
|
5,8
|
128
|
5,4
|
635
|
43
|
8
|
2010
|
281
|
11,3
|
231
|
82,2
|
35
|
12,4
|
15
|
5,3
|
103
|
4,2
|
736
|
45
|
9
|
2011
|
287
|
11,6
|
235
|
81,8
|
34
|
11,8
|
17
|
5,9
|
110
|
4,3
|
827
|
45
| Кестеде көрсетілгендей алғаш анықталған сүт безі қатерлі ісігінің жиілігі облысымызда біршама болса да жиілегені көрінеді. 2003 жылғы аурушаңдық 148-ден (100 мың адамға шаққанда 7,0) ден 2011 жылы ол көрсеткіш екі есеге дейін артып 287-ге жеткен (100 мыңға шаққанда 11,3). Ал жылдар бойынша динамикасына келер болсақ алғаш анықталу жиілігі 2004 жылы күрт жиілеп, 226 адамға бірден артқан. Содан кейінгі жылдары да біршама жоғарылап, 2007-2008 жылдар аралығында біршама төмендеген 222 және 225 (жүз мың адамға шаққанда 9,8-9,7). Ал 2010 жылы алғаш анықталған ауру саны 281-ге жетіп, 2011 жылы 287-ге көтерілген. Кестедегі берілім кескіндеме (графика) түрінде де жақсы көрініс береді. Мұнда жыл өтуіне қарай сүт безі қатерлі ісігінің алғаш анықталу жиілігінің де біртіндеп артқаны көрнекі көрініс тапқан.
Келесі кескіндемеге назар аударалық:
Бұл кескіндемеде ООД тексерілген, қатерлі ісік бойынша диагнозы толық анықталып, ем қабылдаған аурулар саны мен 2003-2011 жылғы динамикасы берілген.
Кесте мен кескіндемелер облыста скрининг бағдарламасы бойынша сүт безі рагын ерте анықтауда біршама ілгерілеушілік болғанымен, сол аурудан өлім деңгейі әлі күнге көңіл көншітетіндей деңгейге жетпеген. Оны келесі кескіндемеден айқын көруге болады. Мәселеге обьективті қарар болсақ, ерте даму сатыларында анықталған сүт безі рагын емдегенде радикальды бағдарлама басым болып, науқастардың емнен кейінгі өмір сүру ұзақтығы артуы тиіс. Бірақ біздегі көрініс айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған, яғни 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы бұрынғы деңгейден аса өзгермеген. Бұл ойландыратын мәселе. Кескіндеме нәтижесі бойынша сүт безі қатерлі ісігі салдарынан өлім деңгейі сол жоғары қалпында қалып отыр. Динамикалық бақылау бойынша өлім көрсеткіші деңгейі 100 мың адамға шаққанда 2003 жылдағымен салыстырғанда 3,6 дан біршама артып, 2011 жылы 4,3 ке жеткен. Көрсеткіш жасалынып жатқан бағдарламаны әлі де жандандыру керектігін білдіреді. Келесі кескіндеме осы аурулардың 5 жылдық өмір сүру ұзақтығына негізделген. Ол бойынша да динамикалық көрсеткіштің біршама жақсарғанын бірақ, әлі де жоғарғы көрсеткіштерге жетуге талпыну керектігін білдіреді. Кескіндеме Аурулардың 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы
Берілім бойынша 5 жылдық өмір сүру деңгейі 2003 ж. 44,2% ауруларда болса, 2004 жылы 37,2 % төмендеген де, 2011 жылғы берілім бойынша 45,9% -ға біртіндеп көтерілген. Яғни 9 жылдық көрсеткіш бойынша 44,2%- дан 45,9% ғана артқан.
Жыл өткен сайын мемлекетімізді сүт безі рагы деген диагноз қойылған әйелдердің саны артып келеді. Сонымен қатар дәрігерлердің мәліметі бойынша сүт безі рагының жасарып келе жатқандығы да мәлім. Осыдан 15-20 жыл бұрын сүт безі рагымен ауыратын әйелдер жасы орташа 50-60 жас болса қазіргі кезде ол 30-40 жас аралығына шықты. Ол қазіргі таңда сүт безі рагымен ауыратындардың дені еңбек жасындағы әйелдер деген сөз [4].
Қорытынды:
-
сүт безі рагының дүние жүзі бойынша санының артып отырғандығын және дамыған өркениеті елдерде бұл аурудың жиілігі дамушы елдерден кем еместігі анықталды.
-
бірақ 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы деңгейінде айырмашылықтар бар, дамыған елдерде сүт безі қатерлі ісігінің жиілігі артқанымен олардың негізі ісіктің алғашқы сатыларында анықталуына байланысты толық емделуге мүмкіншілігі мол.
-
біздің мемлекетімізде осы бағытта әлі де белсенді жұмыс жасау керек, қосымша диагностикалық және емдеудің жаңа технологияларын өндіріске ендіру қажет [7].
Қолданылған әдебиеттер:
-
Аксель Е.М., Давыдов М.И. "Статистика заболеваемости и смертности от злокачественных новообразований в 2000 году" сборнике "Злокачественные новообразования в России и странах СНГ в 2000" г. Москва, РОНЦ им. Н.Н. Блохина РАМН. 2002, с.85-106
-
ҚР Үкіметінің 29.03.12ж. №366 Қаулысымен енгізілген «ҚР тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетуді дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған салалық Бағдарламасы»
-
Республика көлемінде емшек безі рагының көбеюіне байланысты 2007 жылы қазан айында ҚР Денсаулық Сақтау Министрінің № 607 бұйрығы.
-
BNews.kz «www.bnews.kz».
-
http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/onkologi-yujnogo-kazahstana-osvoili-unikalnuyu-ultrazvukovuyu-ustanovku-92593/
-
Материалы пресс-конференции, посвященная запуску Проекта по бесплатной диагностике рака молочной железы "Вместе против рака груди" в Казахстане. 22 мая 2012 г.
-
Программы MOST (Management of social transformations) ЮНЕСКО - www.unesco.org/most
Достарыңызбен бөлісу: |