Конституция (constitio латын тілінен - белгілеу, орналастыру)- мемлекеттің Негізгі Заңы, материалдық мағынада ең алдымен елдегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жариялайтын, оларға кепілдік беретін, сол сияқты елдегі әлеуметтіл қүрылыстың негіздерін басқару мен мемлекеттік қүрылымның нысанын, орталық және жергілікті билік органдарының негіздерін, олардың күзыреті мен өзара қарым-қатнастарын мемлекеттік рәміздерді және астананы айқындайтын өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы
Конституция ма-териалдық мағынада – ең бірінші, елдегі адам- ның, азаматтың жеке құ- қықтары мен бостанды-ғын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылым-ның нысандарын, жергі- лікті, орталық билік ор-гандарының негіздерін, құзіреті мен өзара қа-рым-қатынастарын, мем- лекеттің рәміздерін, ас-танасын айқындайды, осылардың бәрі жөнін- дегі өкімдік акт, актілер- дің немесе конституция-лық рәсімдердің жиын-тығы болып саналады. Яғни, Конституция – елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жү- зінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол – консти-туциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік билік-тің қатынастарын мем-лекеттік – құқықтық рет- теу негіздері ресми түр- де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекет-тіліктің маңызды белгісі.
Қоғамдық қатынастардың конституциялық құқытық реттілігінің дамуын мінездейтін әлемдегі мынандай үш ерекшелікті атап көрсетуге болады.
1. Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықты тұрақты социализацияландыру көрініс табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы конституциялар, әдетте, саяси сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық) және саяси құқықтар мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін (мәні жағынан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда) мәлімдеген.
ХХ ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға бүкіл қоғамдық құрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, әлеуметтік-мәдениет жүйелерін қосқанда) енгізу қажеттігі талап етілді. Осындай дәстүрді іс жүзінде енгізіп, нығайтуға «социалистік» деп аталатын елдердің (КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізді.
Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазан революциясынан кейін пайда болды.
2. Конституциялық құқықты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төтелігінен туындайды. Өйткені, біз, Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің, Сенатының және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы негізінде ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың бірі - әкімшілік пен конституциялық әділеттілік, адам құқығы жөніндегі мемлекеттік ұйымдар, т.б.
3. Конституциялық құқықты интернационализациялау. Бұл тенденцияның басты өзегі әрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттық конституциялық құқығының халықаралық құқықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мәселесіндегі айтарлықтай жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге пактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұнын өзі әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық институттарды кіргізуге өз әсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» және «барлық заңдар, Республика қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады», делінген тұжырымдар осының куәсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмән жоқ..
Достарыңызбен бөлісу: |