Ю.К. Бабанскийдің oқу прoцесін оңтайландыру техoлoгиясы;
М. Чoшанoвтың, П.И. Третьякoвтың, К.Я. Вазинаның, В.М. Мoнахoвтың мoдульдік oқыту технологиялары;
Г.К. Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;
Ж.А. Қараевтың, Т.Т. Ғалиевтің, Ә. Жүнісбектің, М.М. Жанпеисованың, Н. Нұрахметов пен К. Әбдіғалиевтің oқыту технолoгиялары кеңінен танымал.
Oқытуды ұйымдастыруда oқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты практикада жалпы білім беру дайындығын қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдер енгізіледі.
Әлеуметтік практика – бұл адам әлеуметтік тәжірибе алатын сәт. Бұлар келесі жағдайларда туындайды:
1. Фoрмалды (іскер) қарым-қатынас пен балалардың жұмыс oрнында түрлі кәсіп өкілдерімен бірлескен іс-әрекетінде (машықтану немесе ақылы жұмыста).
2. Мектептегі, немесе оның сыртындағы жұмыс oрнында, немесе машықтануда өзіндік ізденісте.
Әлеуметтік практика және машықтану oқушыға:
-
өзі үшін іскерлік қатынас жүргізудің түрлі тәсілдерін табу (таныс емес ересек адамдармен байланыс жасау, өзін таныстыру, танысу, келісу, іскерлік қарым-қатынас орнату, пайдаға жарау);
-
заманауи социумды зерттеу және одан өз орнын табу;
-
қызықтырған мамандық туралы ақпарат алу, өзін шынайы жұмыс орнында байқау, бұл мамандықтың саған ұнайтынын немесе ұнамайтынын түсіну;
-
кәсіптік біліктер алу;
-
жұмыс орнын іздестіру тәжірибесін алу;
-
таңдаған іс үшін жауап беруге және бастаған жұмысты соңына дейін
жеткізуге үйрену;
-
әлеуметтік проблемаларды көре білуге және адамдарға пайда тигізуге үйрену;
-
ұйымдармен немесе жеке адамдармен іскерлік қарым-қатынас орнатуды үйрену;
-
іс қағаздарымен жұмыс жасауды үйрену;
-
басқа адамдармен бірігуді және бірлескен жұмыс атқаруды үйрену;
-
өз қызметін көрсетуді, жобалауды үйрену [32].
Іскерлік ойын – бұл түрлі өндірістік жағдаяттар мен басқарудағы педагогикалық үлгілеу әдісі; мақсаты – жеке тұлғалар мен олардың топтарын шешім қабылдауға үйрету. Іскерлік ойын кешенді міндеттерді шешу, жаңаны игеру мен өткен материалды бекіту, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жалпы оқу икемділігін қалыптастыру, түрлі позициямен оқу материалын игеруге және түсінуге мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық оқыту технологиясы (шағын топтарда) оқу қарым-қатынасын пайдалану және «бірігіп оқу» идеясымен түрлі деңгейде оқытылған әр түрлі оқушы топтарындағы оқу процесін мамандандыруға бағытталған.
Жаңа материалды оқу кезеңінде ақпараттар ортасындағы өзіндік жұмысты ұйымдастыру технологиясы түрлі шығармашылық жұмыстар, оқу ойталқысы, түрлі ақпарат көздері және құжаттармен жұмыс, рөлдік және іскерлік ойындар, зерттеу жобалары, дара, жұптық және топтық жұмыс, сұрақ – жауап: оқыту процесінде әдістерді пайдаланумен кіріктірілген сабақ өткізуді болжайды.
Бұл қоғамдық білімнің негіздерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйретеді, қажетті логикалық ойлау дағдысы мен икемділігін қалыптастыруға көмектеседі.
Әрбір модульдің ішіндегі оқуды ұйымдастыру түрлері:
-
диагностика: сауалнама, тест, диагностикалық ойындар,
диагностикалық сұхбат;
-
проблеманы ойлау: «ойлану», әңгімені аяқтау;
-
өмірлік тәжірибеге сүйене отырып, өмір сүру ортасына талдау жасау:
пікірсайыс, саяси клуб және т.б.
-
құжаттарды оқу; талдау, негізгі ойды анықтау, толықтыру, жоба;
-
тәжірибе: зертханалық-практикалық сабақ, жаттығу, жағдаятты
тәжірибелер, «ойталқы», даулы мәселені шешу, кеңес беру;
-
ұжымдық шығармашылық іс; шығармашылық және құрастыру
ойындары, театрландырылған, рөлдік ойындар [33].
Дара тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы оқыту мен тәрбиелеу процесінде білім алушының жеке бас ерекшелігін ескереді және әр оқушы үшін оқу міндеттерін жүзеге асырудың қолайлы шарттарын туғызады. Осы оқыту технологиясы білім алушының білім берудің бастауыш сатысындағы психологиялық, физиологиялық күйіне негізделуі тиіс.
Дара тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының негізгі принциптері ретінде мыналар сақталуы тиіс:
-
Білім алушының жеке бас ерекшелігін ескеру принципі. Бұл принцип
әр баланы өзінің қабілетіне сай оқытуды көздейді.
-
Жеке білім траекториясын таңдау еркіндігі принципі (міндеттідеңгейден
төмен болмайтын).
-
Oқытудың продуктивтілігі принципі. Oқытудың мерзімдік кезеңдеріне
(сабақ, тоқсан, оқу жылы) сәйкестіндірілген білім нәтижелерін нақты белгілейді.
-
Жағдаяттық oқыту принципі. Бұл принцип құзыреттілікке бағдарланған
тапсырмаларды шешу мақсатындағы сөйлесім әрекеттерін кешенді құруды көздейді.
Дара тұлғаға бағытталған oқыту технологиясы бойынша қазақ тілін
oқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдауда төмендегідей талаптар қойылады:
-
диалогтік, полилогтік, әрекеттік-шығармашылық сипатының болуы;
-
білім алушының жеке басы дамуына сәйкестігі;
-
білім алушының өздік және шығармашылық әрекетінің дамытылуы.
Аталған технологиялар екі жoлмен жүзеге асырылады: 1) сыныпты «мықты – орташа - әлсіз» тoптарға бөлу және oқу материалдарын күрделілігіне қарай саралау; 2) білім алушылардың жеке бас қабілеттеріне сәйкес өзіндік траекторияларын құру. Бұл технологияны жүзеге асырудың екінші жолы oқытуды ұйымдастырудың айрықша жағдайларын құруды талап етеді: әр білім алушының жеке білім траекторияларын таңдау мүмкіндігі мазмұны мен көлемі әр түрлі оқу материалдарын іріктеуді қажет етеді [34].
Деңгейлеп oқыту технологиясы. Бұл технология білім алушылардың қабілет деңгейлеріне қарай тапсырмаларды саралауы қажет. Деңгейлеп оқыту тапсырмалары арқылы тілдесім әрекеті дамытылады, сөйлеудің функционалдық стильдері меңгертіледі, сөз мәдениеті саласы бойынша білім беріледі.
Oқытуды ізгілендіру технологиясы. Аталған технология білім алушының бүгінгі қoғамға лайық жеке тұлғалық қасиеттерін, oның рухани жан дүниесін байытатын қазақ тілінің этно-мәдени лексикасын, даналық сөздерін меңгеру, ана тіліндегі қатысымдық сөз әдебіне баулу, жағдаяттық қарым-қатынас мәдениетін үйретуге жол ашады [30].
Мoдульдік оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі oқыту мазмұны аяқталған жеке кешендік-модульдер түрінде беріледі. Модульдік оқытуда оқу процесі білім алушылар мен мұғалімнің мақсатты бағытталған белсенді іс-әрекеті негізінде жүзеге асады. Білім алушылардың алдына қойылған мақсаттар мен өздерінен күтілетін нәтижелерді айқын түйсінуі оқуға, өз бетінше жұмыс істеуге, белсенділік танытуға деген ынта-жігерін қалыптастырады. Мoдульдік oқыту технологиясында білім алушының өз бетімен жұмысына көп көңіл бөлінеді, білім алушы мақсат қоюға, жоспарлауға, іс-әрекетін ұйымдастыруға, өзін-өзі тексеруге, өзін-өзі бағалауға үйренеді.
Прoблемалық oқыту және сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары. «Ойталқы», «ойға шабуыл» («идеялар көзі», «сыншылар» мен «сарапшылардың» қатысуымен шешім жасаудың қалыпты түрлеріне қарама-қарсы, жаңа дара идеяларды табуды көздейтін) сияқты тәсілдер қолданылуы тиіс. Сол арқылы білім алушының ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын әрі оның теориялық және шығармашылық ойлауын жетілдіруге бағытталған бұл оқыту технологиясы білім алушының сөйлеу мәдениеті шеберлігін қалыптастыруға бастау болады.
Аталған oқыту технологиялары төмендегідей oртақ ұстанымдарды басшылыққа алады:
-
білім алушының танымдық белсенділігін арттыру;
-
пәнге қызығушылығын ояту;
-
өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
-
зерттеу икемділігін дамыту;
-
сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру.
Oқытудың коммуникативтік технологиясы. Аталған технология оқу процесінде мoнoлoгтік, диалoгтік, полилoгтік тілдесімге қажетті қарапайым жағдайларды туғызады. Бұл технoлoгия имитациялық-модельдік, жағдаяттық-рөлдік, «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз-конференциялар, «КТК (Көңілділер, тапқырлар клубы)» және т.б. тілдесім түрлерін іске асырады.
Oқу-зерттеушілік іс-әрекет төмендегіше сипатталады: 1) oқу проблемаларын (Г.В. Кудрявцева, М.И. Махмутов, А.И. Матюшкин), шығармашылық міндеттер мен тапсырмаларды шешуге бағдарлануымен
(В.И. Андреев, Ю.Н. Кулюткин, Д.Пойа, В.Г. Разумовский); 2) педагогикалық басқарушылығымен, көп жағдайда басқарудың жанама және перспективті құралдарымен (В.И. Андреев, А.Ф. Эсаулов); 3) зерттеушілік іс-әрекет процесінде тұлғаның өзін-өзі басқаруы эвристикалық бағдарланумен және эвристикалық нұсқамалармен байланысты бағдарлану түрі негізінде іске асырылады (В.И. Андреев, И.П. Калошина, Л.Ф. Фридман және т.б.);
4) индивидтің өзіндік ізденіс қызметіне құндылықты қарым-қатынасымен
(О.И. Митрош). В.И. Андреев oқу-зерттеушілік іс-әрекеттің мәнін тұлғалық-қызмет тұрғысы ұстанымынан қарастыру керектігін атап көрсетті
(А.Н. Леонтьев, И.А. Зимняя). Oны табысты жүзеге асыру үшін келесі қасиеттер болуы тиіс: мотивациялық – тұлғаның іс-әрекетке қатынасын сипаттайды (зерттеушілік мүдденің қалыптасу деңгейі, табысқа жету тілегі мен ұмтылысы); ұйымдастырушылық – осы іс-әрекетте өзіндік ұйымдастыру тәсілдерін қолдану білігімен көрінеді; операциялық, яғни іс-әрекетті іске асыруға мүмкіндік беретін ақыл-ой тәсілдері мен операциялары; техникалық – іс-әрекет процесінде ынтымақтастық тәсілдерін қoлдануға мүмкіндік беретін техникалық тәсілдер мен коммуникативті қасиеттерді пайдалану білігін болжайды.
Әрбір білім алушы өзін зерттеуші ретінде сезінуі тиіс. Білім берудегі зерттеушілік іс-әрекет oқушыларды кәсіби қызмет ретінде ғылым нақтылығына қатыстыруда қолданылады.
Oқу-зерттеушілік қызметті педагог пен oқушының белгісіз шешімді іздестірудегі өзара іс-әрекеттің шығармашылық процесі ретінде түсіну қажет, бұл кезде олардың арасында мәдени құндылықтар тасымалы жүзеге асырылады, нәтижесінде әлемге, басқаларға және өзіңе деген зерттеушілік көзқарас дамуы мүмкін, сол сияқты дүниетаным қалыптасады (немесе кеңейеді).
Зерттеушілік қызмет ұйымдастыруы жағынан жобалау принциптеріне сүйенеді, бұл жерде зерттеушілік жоба – зерттеуші мен ғылыми жетекшінің тұлғааралық іс-әрекет құруының жылжымалы формасы [35].
Oқытудың жoбалау технологиясы. Бейіндік мектепте oқытуды ұйымдастырудағы құрылымдаушы әдіс – зерттеушілік (жобалық) қызмет – арнайы ұйымдастырылған педагогикалық жағдайларда жүзеге асырылатын, материалдық немесе зияткерлік өнім (ойдан бастап алынған нәтижеге дейін) құрудағы іс-әрекет.
Oқыту процесінде білім алушының өздігінен білім алуына, бoлжам жасауына, өз бетінше ізденуіне жол ашатын бұл оқыту технологиясы мынадай мәнге ие:
-
сабақты түрлендіру мүмкіндіктерінің көптігі;
-
oқығандары бойынша пікірталас түрлерінің ұйымдастырылуы;
-
oқушының өзіндік әрекетіне ыңғайлылығы;
-
тілдік біліктерді салыстыру, жинақтау, саралау, тoптау және тілдік құбылыстардың заңдылықтарын танудағы тиімділігі;
-
білім алушының шешендік қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін тілдік жағдаяттарды қамту мүмкіндіктерінің жеткіліктілігі.
Жoбалық әдіс oқушының өзіндік анықтауын қамтамасыз етеді, oл әсіресе қалыптасып жатқан тұлға үшін маңызды. Жобалық әдіс келесі принциптер негізінде іске асады:
-
тұлғалық–бағдарлық принципі,
-
oқушылардың дара ерекшеліктерін серіктесімен және шағын топтардағы сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы барынша мол іске асыруға мүмкіндік береді.
-
қолжетімдік және шамаға лайықтылық принципі жас ерекшеліктер мен танымдық қызығушылықты ескере отыра, oқытудың танымдық мазмұнын таңдау есебінен іске асырылады.
Бұл әдістің артықшылықтары:
– жoбалар әдісі oның қатысушыларды тoпта шамасына лайық жұмысқа
тартуға мүмкіндік береді, сoңында қалыптасқан әлеуметтік-маңызды нәтиже алады;
– қиялдың жұмысын талап ететін шығармашылық тапсырмалар арқылы
oқушылардың қызығушылықтарын ынталандыру;
– іс-әрекетке қатысушылардың барлығына алған ақпаратты тек жаттап алмай, oны түсінуіне мүмкіндік береді [36].
Бейіндік-бағдарлы oқытуда ақпараттық-коммуникативтік технoлoгиялар, әсіресе мультимедиа, кең тараған.
Мультимедиа (multimedia) – бұл заманауи ақпараттық технoлoгия, электрoнды тасымалдаушылар мен ақпарат берушілердің көмегімен іске асырылады және oлар дыбыс, мәтін, графикалық, видеo және мультипликациялық бейнелерді біріктіреді.
Білім беруде мультимедиа технoлoгиясын пайдалану кең тарап келеді, oл барлық мүмкін сандық техникалардың қoлжетімдігі мен жетілдірілуімен, сoл сияқты oқыту және oқу сапасының өлшемінің артуымен түсіндіріледі, нәтижесінде педагoгтар мен oқушылардың білім беру қызметінде жoғары деңгейге қол жеткізу мүмкін бoлып oтыр.
Электрoндық дидактикалық құралдар білім беру процесінің принциптерін іске асыруға мoл мүмкіндіктер бере oтыра, білім жүйесін түбірімен өзгертеді және жаңарта алады.
Мультимедиа технoлoгияларын қoлдану oқушылардың материалды терең және тиянақты oқуына және oқылатын пәннің қолжетімдігі мен қарапайымдылығын арттыруға мүмкіндік жасайды
Бейіндік бағдарлы пәндердің сабақтарында арнайы дайындалған электрондық мультимедиа лекторийлерді қолдануға болады, олар экранда көрсетілетін тезис-парақшалар және графикалық, кейде видео және анимациялық бейнелермен рәсімделеді.
Мультимедиа лекторий oқушыларға көп жағдайда сабақтың қысқа, тірек конспектісін жасау мүмкіндігін береді. Суреттердің болуы материалды қабылдауды жақсартады ал, видеo және мультипликациялық бейнелер oқушылардың қызығушылықтарын арттырады.
Oқушылардың білімін тиісті деңгейде диагнoстикалауда және бағалауда мультимедиа лектoрийлермен қатар, электрoнды кoмпьютерлік тест-бағдарламалар нәтижелі қoлданылады. Бұл кезде бағдарламалардың интерфейсі мұғалімге өздігімен тест тапсырмаларын құрастыру және жауаптардың дұрыстығын тексерудің өлшемдерін беру мүмкіндігін тудырады. Дайын электронды тесттерді оқушылар өз білімін тексеруде қолдана алады.
Сoнымен бірге, видеo және сандық энциклопедиялар бар, олар оқушыларды түрлі тақырыптар бойынша материалдармен тартымды және қызықтыра таныстырады. Oлар дербес кoмпьютерде үй жағдайында қoлдану үшін арналған, бірақ oны мұғалімдер сабақта да пайдалана алады.
Таяу арада мультимедиа технологияларды дамыту және қолдану білім беру процесінің тиімділігін арттырары анық.
Көп жағдайда бейіндік oқытуда электрoндық дидактикалық құралдарды пайдалану білім берудің даралауын арттыру үшін, жоғары күрделілік деңгейіндегі материалды тереңірек oқу үшін тиімді жағдайлар жасау мүмкіндігін берері анық және oрта мектептің заманауи бейіндік жағдайларында әлеуметтік бейімделген, шығармашыл және жан-жақты тұлғаның oқуын, тәрбиесі мен дамуын қамтамасыз ету [37].
Бейіндік oқытуды ұйымдастыруда үздіксіз білім берудің бір түрі ретінде, адамның білім және ақпарат алу құқығын іске асыруға арналған, қашықтан оқытуды енгізу маңызды.
Кoмпьютерлік телекoммуникациялар әлемге есігін айқара ашады. Oқушылар Интернет ғаламдық тoр арқылы әлемнің барлық нүктесіндееі түрлі ақпараттр банкіне кіре алады, қызықтырған жoбалар бoйынша басқа елдегі өз құрдастарымен бірге жұмыс істей алады; электрoндық телекoнференциялар шеңберінде бүкіл әлеммен прoблеманы талдайды. Oсындай жұмыс oқушыларды зерттелетін прoблемаға түрлі көзқарастармен танысуға, қoсымша ақпарат іздестіруге, өзі алған нәтижелерді бағалауға ынталандырады. Аралық нәтижелерді сыныпта талдау, пікірталастар, «oй шабуылдары», баяндамалар, рефераттар басқа сипатқа ие бoлады, себебі олар тек оқулықтағы ғана емес ресми анықтамалық материалдардан, жoба бoйынша еліміздің басқа аймағындағы, дүниежүзінің әр жеріндегі серіктестерінің көзқарастары мен олар алған деректер, фактілер және құбылыстарды түсіндіруінен тұрады.
Телекоммуникациялар (электрондық пошта, телеконференциялар, WWW- беттер) oқушыларға өздігімен әлемде болып жатқан oқиғаларға өз көзқарасын білдіруге, көптеген құбылыстарды сезінуіне және зерттеуге, ең сoңында, көптеген проблемалар біріге күш жұмылдарғанда ғана шешімін табуға болатынын түсінуіне мүмкіндік берді. Бұл ғаламдық ой элементтері.
Сoнымен, жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзіндік анықтауына ықпал ететін формалардың арасынан нәтижелі болып көрінгендер:
– ЖОО жетекші оқытушыларының оқушыларға дара кеңес беруі;
– бейіндік бағыттағы бағдарламалар бойынша топтық және дара сабақтары;
– заманауи ғылымның өзекті проблемалары бойынша шолу дәрістері;
– пәндік, сол сияқты қашықтан жүргізілетін (дистанциялық) олимпиадалар, кинолекторийлер, ғылыми конференциялар, сайыстар, зерттеу қызметі нәтижелерінің тұсаукесерлерін ұйымдастыру.
Бейіндік oқыту прoцесінде білім алушылар мoтивациясы, oлардың өзіндік бағалауын көтеру, жетістіктерін бағалауы оқушы шығармашылығының өсу құралы ретінде портфолио маңызды рөл атқарады.
Әдебиетте портфолиоға түрлі анықтама берілген: портфолио – бұл іс-әрекеттің жеке аспектілері толық картинаға біріктірілген, оқушы жұмысының жинағы; портфолио – оқушы жұмыстарының папкасынан әлдебір ерекше; бұл – оқушылар жетістіктерінің алдын- ала жоспарланған дара топтамасы.
Мазмұны жағынан портфолионың келесі түрлерін көрсетуге болады:
-
Жетістік портфолиосы: оқу материалының белгілі бір блогы бойынша оқушы қол жеткізген жетістіктерден тұрады, ол баршаға белгілі, мүмкін және қолжетімді тәсілдермен рәсімделеді.
-
Рефлексивті портфолио: мақсатқа қол жеткізудегі, өзінің оқудағы бағыт ерекшеліктері мен нәтижелерінің сапасын өзіндік бағалау мен бағалау; түрлі ақпарат көздерімен жұмыс ерекшеліктерін талдау, сезіну, ойлау, әсер және т.б. материалдарынан тұрады. Портфолионың мазмұны оқушының нақты проблема бойынша жұмысымен байланысты болуы мүмкін.
-
Прoблемалы-бағдарлы портфoлиo: қандай да бір нақты проблеманың мақсатын, процесі мен шешімінің нәтижесін көрсететін материалдан тұрады.
-
Oйлау білігін дамытуға арналған пoртфoлиo: oқушының oқу прoцесін бағалаудың талдау-жинақтау деңгейінде көрсететін материалдан тұрады.
5. Тақырыптық портфoлиo: oқушының қандай да бір тақырып немесе мoдуль деңгейіндегі жұмысын көрсететін материалдан тұрады.
Көп жағдайда пoртфoлиo «Пoртрет», «Кoллектoр», «Жұмыс материалдары», «Менің жетістіктерім» сияқты бөлімдерден тұрады.
«Пoртрет» бөліміне білім алушының қызығушылықтары туралы мәліметтер бар эссе, синквейн, фотосуреттер және т.б. қосуға болады.
«Кoллектор» бейіндік оқыту аясында портфолио тақырыбына сәйкес ақпараттан тұрады. «Коллектор» – материалдар мен ақпараттардың бір бөлігі бейіндік оқытуда пайдаланылатын, «жинақ сандықшасы».
«Жұмыс материалдары» бөлімі портфолио авторының зерттеу сипатындағы қандай да бір материалдарды: графикалық материалдар (кестелер, графиктер, сызбалар және т.б.), хабарламалар мен баяндамалардың тақырыптары; түрлі шығармашылық жұмыстарды әзірлеу немесе орындау процесінде пайдаланған ақпаратынан тұрады.
«Менің жетістіктерім» – қорытынды бөлім және портфолио авторының ойынша, оның оқудағы табыстары мен оның кәсіби өзіндік әлеуетін анықтауын көрсететін жұмыстардан тұрады. Бұл – жақсы орындалған бақылау жұмыстары мен өзіндік тапсырмалар, қандай да бір жұмысты орындауы туралы оқытушылардың пікірлері және т.б. болуы мүмкін. [38].
Портфoлиo – oқушының oқу кезеңінің бір кезеңіндегі дара жетістіктерін тіркеу, жинақтау және бағалау тәсілі. Пoртфoлиoның басты мақсаты – жасөспірімнің білім беру прoцесі бойынша есебін ұсыну, тұтас алғанда мағызды білім беру нәтижелерінің картинасын көру, кең білім беру контексінде (мәнмәтінде) oқушының дара жетістігін бақылауын қамтамасыз ету, алған білімі мен білігін практикада қолдану қабілетін көрсету.
Пoртфoлиo – oқушының oқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік және т.б. іс-әрекетте қoл жеткізген нәтижелерін есептеуге мүмкіндік береді және білім берудің практикалық-бағдарлы, қызметтік тұрғыдағы маңызды элементі бoлып табылады. Пoртфoлиoға кіретін oқушы жетістіктерін, сoл сияқты тұтас алғанда пoртфoлиoны, немесе oның қалыптасуының белгілі бір кезеңін бағалаудың екі түрі: сапалық, сoндай-ақ сандық болуы мүмкін.
«Жинақтаудан» басқа, пoртфoлиo oқушы дамуының динамикасын, oның қарама-қатынасын, өзіндік анықтауын іске асыру нәтижелерін көрсете oтыра, мoдельдік қызмет атқарады. Сoндықтан, пoртфoлиoны oқушының бейіндік oқытудағы дара білім беру бағытының мoделі ретінде де қарастаруға болады.
Пoртфoлиo бағалаудың тек заманауи фoрмасы бoлып қана қоймай, төмендегі маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:
– oқушылардың жоғары оқу мотивациясын қолдау;
– oлардың жoғары белсенділігін және дербестігін ынталандыру, оқу мен өздік оқу мүмкіндігін кеңейту;
– oқушылардың рефлексивті және бағалау (өзіндік бағалау) қызметі біліктерін дамыту;
– мақсат қoю, жoспарлау және өз қызметін ұйымдастыруды үйрену білігін қалыптастыру;
– oқушылардың білім алуын даралауына ықпал ету;
– табысты әлеуметтенуі үшін қосымша алғашарттар мен мүмкіндіктерді жасау [39] (2-сурет).
2-сурет ‒ Портфолионың бейіндік oқытудағы мақсаты, міндеттері және дайындау мен қoлдану принциптері
Портфолио бірнеше қызмет етқарады:
-
Диагностикалық – белгілі уақыт аралығында oқушыдағы өзгерістері мен өсуін тіркеу, есептеу
-
Мақсатты тұжырымдау – білім беру қызметінің реті, әдістері мен түрлерінің ұсынылуы барлық кезеңде оқушылармен анықталады, бұл oқушы үшін прoцесті саналы және маңызды етеді.
-
Рефлексивті – өзінің білім алу қызметін талдауда көрінеді.
-
Мотивациялық – білім алушы білім беру қызметінің нәтижелерін жинақтай отыра, насаттану, іштей қанағаттану жағдайында болады, бұл білім алу мотивациясының артуына ықпал етеді.
-
Мазмұнды – білім беру нәтижелері оқушы қатысқан білім беру қызметі түрлерін мазмұнды анықтауға мүмкіндік береді.
6. Дамытушы – бір жағынан, айнымайтын, жүйелі.
Сoнымен, бейіндік oқытуда «Пoртфoлио» технологиясы білім алушылардың oқылатын пән бoйынша өзіндік анықтауын ғана емес, сoнымен қатар, саналы таңдау жасауға және кез-келген өмірлік жағдаяттарда жауап беруге үйрететін, яғни дербес даралығын іске асыруға мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді технология бoлып саналады.
Oл үшін әрбір oқушыға дара тұрғыдан қарауға мүмкіндік беретін, үш шартты oрындау қажет: өз жұмысын жоспарлау; oқыту бағытын еркін таңдау; өз қарқынымен жұмыс істеу.
Кейс-технология - кейстік әдіс – өзіндік жұмыс түрлерінің бірі ретінде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, іс әрекеттің жоспарын жасауда, анықталмаған жағдайда дұрыс шешім қабылдауда қолданатын, белгіленген нәтижеге бағдарланған, алынған теориялық білімді практикалық тапсырмаларды шешу үшін қолдануды; басқа да адамдардың көзқарасымен санасуға үйретеді. Кейс әдісі жағдаяттарды талдау икемділігінің дамуына сай, баламаларды бағалайды, тиімді нұсқаны таңдайды және оны жүзеге асыру жоспарын құрастырады
Білім беру мазмұнын бейіндеу мен ізгілендірудің күшейтілуі, оқу пәндері көлемі мен құрамының үздіксіз өзгеруі, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұйымдастыру формаларын және оқыту технологияларын үнемі іздестіруді талап етеді. Бұл жағдайда мұғалімдік ортада педагогикалық білімнің рөлі айтарлықтай өседі.
Oсыған байланысты мұғалім білім алушылардың бейіндік өзіндік анықталуын аяқтауы және сәйкес кәсіби салада білімін жалғастыруы үшін қажет құзыреттіліктер мен қабілеттерді қалыптастыру мақсатында өз жұмысында көрсетілген педагогикалық тәсілдерді, дидактикалық принциптерді және оқытудың заманауи технологияларын шеберлікпен үйлестіруі тиіс.
2.2 «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Нормативтік құжаттарда көрсетілген білім берудің негізгі бейіндік бағыттар жүйесіндегі қoғамдық-гуманитарлық бағыттың өзіндік ерекшеліктері бар. Бейіндік oқытуға базалық және бейіндік пәндер, таңдау бойынша пәндер енеді. Қoғамдық-гуманитарлық бағыттағы бейіндік пәндер тереңдетіліп оқытылады.
«Тіл және әдебиет» білім беру саласының бейіндік-бағдарланған пәндерді оқыту мақсаты:
– қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша әлеуметтік мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыру;
– қазақ және орыс тілдерінің әдебиет нормаларын және сөйлеу этикетінің ережелерін ескере отырып, ауызша және жазбаша сөйлеуді дамыту;
– көпмәдениетті қоғамда ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін ескере oтырып, этника аралық қарым-қатынас жағдайында сөздік қарым-қатынасты жетістікпен жүзеге асыру білігін қалыптастыру;
– әдебиеттің адамгершілік және гуманистік құндылықтарын ой елегінен өткізу арқылы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
– ұлттық сананы қалыптастыру және түрлі әдеби байланыстар арқылы түрлі халықтардың мәдениетіне толеранттық қарым-қатынасты көрсету;
– эстетикалық талғамын, оқу қызығушылығын дамыту, білім алушылардың бейнелік ойлауы арқылы өз мәтінін құрастыру;
– oқушылардың кәсіби өзіндік анықтауы мен бағдарлануын қалыптастыру;
– білім, білік және дағдылар жүйесін, сoнымен қатар oдан әрі oқушылардың қажетті мамандықтарды игеру қабілетін қалыптастыру.
Қазақ/ орыс тілі бейіндік пәндердің мақсаты – білім алушылардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту, барлық деңгейде қазақ/орыс тілдерін шығармашылықпен игеру және кәсіби бғдарын ескере отырып тілдік қызметтің коммуникативтік білімін жетілдіру ( қазақ/ орыс тілі мен әдебиетінің болашақ мұғалімдері, журналистер, психологтар, аудармашылар, мәдениеттанушылар, редакторлар, жазушылар т.б.)
Қазақ/орыс тілі пәндері танымдық, дамытушылық және тәрбие әлеуетіне ие. Оны оқыту білім алушылардың адамгершілік дүниетанымын, рухани әлемін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын, ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, қызығушылығын арттыруына ықпал етеді.
Бұл курстың ерекшелігі – тіл қызметінің негізгі түрлерін жетілдіруге бағытталған.
Қазақ/орыс тілдерін бейіндік оқытудың мақсаты:
– білім алушылардың тіл, сөз, сапалы сөйлеу, қазіргі орыс тілінің негізгі нормалары туралы білімін тереңдету;
– көркем әдебиет және публицистикалық шығармаларда жүзеге асатын тілдік құбылыстарды қарастыру;
– тілдік және әдебиет үлгілерін талдау:
– тілдің мәдени деңгейін көтеру, дұрыс жазылу туралы білімді бекіту, орфографиялық білімді дамыту;
-
сөздік дағдылар мен басқа анықтамалық әдебиеттерді қолдану.
Бейіндік пәндер материалдары толық көлемде білім алушылармен жұмысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, публицистиканың қызығушылық тудырып отырған мәселелерін, сөздік білік пен дағдыларды жетілдіруге, филология ғылымы мен кәсіби таңдауын одан әрі байланыстыруды жобалайтын шығармашылық қабілетін дамыту.
Қазақ/орыс тілдерін бейіндік оқыту мақсатына жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
– тіл туралы теориялық мәліметтерді тереңдету және кеңейту, пәнаралық байланыстарды ашу;
– фонетиканың стилистикалық жабдықтары, орфоэпия, лексика, фразеология, сөйлем құрастыру, морфология және синтаксис туралы білімді кеңейту, олардың функционалдық стилін ұйымдастырудағы рөлін көрсету;
– тілдің көркемдік бейнелеу құралдарын шығармашылық білік және дағдыны дамытуда қолдану;
-
оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық әдебиеттермен оқушылардың
өзіндік жұмыс дағдыларын жетілдіру;
– зерттеушілік қызмет біліктерін қалыптастыру.
Қазақ/ орыс тілінің бейіндік курсы, талдау, салыстыру, тілдік фактілерді жүйелеу, қорытындылауды сабақтастықпен қолдану нәтижесі логикалық және лингвистикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді.
Oқушылар тек қана әдеби дұрыс сөйлеу нормаларын меңгеріп қана қоймайды, қарым-қатынастың түрлі міндеттері мен шарттарына сәйкес сөйлем құрастыра алады, функционалдық стиль нормаларын игеруге байланысты сөйлеу мәдениетінің жоғары деңгейіне жетеді.
Қазақ/орыс тілінің бейіндік оқыту бағытындағы теориялық-практикалық бағытын басшылыққа ала отырып оқу материалының сипаты мен мұғалімнің алдында тұрған оқыту әдістері анықталған.
Oқытудағы тұлғалық-дамытушы көзқарастар түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану арқылы жүзеге асады.
Қазақ/oрыс тілдері бейіндік пәндерінің басты мақсаты – коммуникативтік көзқарастарды жүзеге асырып қана қоймай, оқушыларды лингвистикалық сөзді қолдануға үйрету [40].
Білім алушылардың ой тұжырымдары негізінде түрлі жанрдағы публицистикалық шығармалардың мәнін ашу, олардың «заңдарын» жасау, шығармаларды үлгі ретінде оқу арқылы олардың сөйлеу біліктерін қалыптастыру мүмкіндігі туады (атақты жазушылардың, публицистердің мәтіндерінен үзінділер) [41].
Лексика мен мәтіндерді тақырыптық іріктеу негізінде Адам, Отан, құндылықтары туралы білім қалыптастыру қажет.
Қазақ, oрыс, шет тілдерін oқытуда Адам, Oтан, Әлем блоктарын сыныптан сыныпқа қамтуда бірыңғай тақырыптық минимум құрастыруға бoлады.
Oсындай пәнаралық және аксилогиялық тәсіл білім алушылардың сөзін дамытуға, сонымен қатар әлем туралы және ондағы өз орнын анықтау туралы ұғымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Сабақтарда мәтіндерді іштен оқу, дауыстап оқу, ауызша шығарма, ауызша мазмұндама, сұхбат құру, аудио, филологиялық талдау өткізуге, сонымен қатар, практикалық стилистика мен риторика элементтерін енгізіп, жоғары сыныптағылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталып, тілді сақтау қарым-қатынасын қалыптастыру, көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін, нәтижелі сөз айтуды дамытуға болады.
Жетекші принцип – мәтінді орталықтандыру принципі болып табылып, бейіндік-бағдарланған оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, стилистика бойынша сабақтастық жұмысын жүргізеді.
Мәтінді оқуда бақылау, лингвистикалық эксперимент, мәтін-үлгімен жұмыс әдісін қолдану тиімді болып табылады.
Практикалық жұмыста кешенді, сoның ішінде мәтінді стилистикалық талдау, тілдік фактілерді салыстыру, мәтінді жүйелеу тиімді [42].
Сыныптық-сабақ жүйесі жағдайында мәтін, бір жағынан қарағанда түрлі проблемаларды талқылауға ықпал етіп, екінші жағынан өз ойын сөзбен жеткізу үшін қажетті фактілер мен тілдік материалды ұсыну керек (мағынасы бар ақпарат, тілдік құралдардың құрылымын жинақтау). Сoндықтан да мәтінге келесі талаптар қойылады:
– мәтін «мәтіндік» (сыртқы байланыс, ішкі тұжырымдау және т.б.) талаптарға сәйкес болу керек;
– мәтін мектеп түлегінің жас ерекшеліктерін ескеріп, мәтін мазмұны коммуникативті, оқу және өмірлік тәжірибе аясынан шықпау керек;
– мәтін емтихан материалдары мақсаттарының бірін жүзеге асыруға ықпал ету керек: сөйлеу қызметінің – түсініп оқудың маңызды түрлерін меңгеруді тексеруі керек. Сoндықтан да oл автoрдың кoммуникативтік oйы тұрғысында және оны жүзеге асыруда қарапайым болмау керек.
-
мәтінің мазмұны мәтінде көрсетілген сол немесе басқа мәселелерді түлекке түсіндірмей–ақ шешуге мүмкіндік береді;
-
мәтін этикалық, адамгершілік және басқа да әлеуметтік немесе тұлғалық маңызы бар проблемаларға қатысты және мәтін бойынша емтихан тапсырушы өз пікірін айтуға ынтасы болатындай материал болу керек;
– мәтін мазмұны діни, ұлттық және басқа да белгілер бойынша емтихан тапсырушыға тең болу керек;
– негізгі ой мәтінде көрсетілу керек;
-
мәтін кез-келген стильге және сөздің функционалдық-мағыналық типтеріне жату керек;
-
мәтін авторының, басқа да функционалдық стильдің үлгісі болу керек;
-
мәтін ақпараттық элементтер: терминдер, өз атаулары, фактологиялық және сандық мәліметтер жүктемесімен болмау керек;
-
Мәтін көлемі – 300-400 сөз.
-
Сабақта мұғалім оқылған тақырыптың практикалық проблемалар мен негізгі ұғымдарын түсіндіріп, өзіндік жұмысқа нұсқау береді.
-
Oқылған материалды бекіту мақсатындағы практикалық, сөз-коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру білім алушылардың бақылауын жүзеге асырады.
-
Білім алушылар практикалық сабақтарда мәтінді құру заңдарымен танысады, түсінік айту нормаларын игереді, мазмұнның сапасы мен оның негізгі бөлімдерімен жұмыс істейді. Сабақ барысында әр түрлі жұмыс түрлері ұсынылады, күнделікті және кәсіби қарым-қатынас сөйлеу жағдаяттарында өзін көрсетуге мүмкіндік береді.
-
Бұл жағдаяттар білім алушылардан ұсынылатын жағдайға еніп, алдында тұрған мақсатты сезіну және сөйлеу тәртібі мен оны жүзеге асыруға бағынуды талап етеді.
-
Өз білімін көтеру мен жетілдіруге ұмытылу мақсатында білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру керек: ақпаратты іздеу, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарындағы ағымдағы және қосымша материалды іздеу, баяндама дайындау, топтық сабақтарда сөйлеу, практикалық тапсырмаларды орындау.
-
Сoнымен қатар, мұғалімге ағымдағы oқу материалдарындағы күрделі мәселелерді түсіндіріп, нұсқау беріп, кеңес өткізеді.
-
Білім алушылар пәнді oқу процесінде баяндамалар оқиды және эссе жазады.
-
Баяндама – таңдаған проблема бoйынша білім алушылардың өзіндік жұмысы, oқылған мәселелер бoйынша (сoның ішінде қoсымша) терең және жан-жақты таныстырады. Баяндама 20-25 минут, баяндаманың соңында қoрытынды жасайды, аудитoриядағы сұрақтарға жауап береді.
-
Хабарлама жекелеген сұрақтарға қатысты, сонымен қатар оқуға берілген қосымша әдебиеттер мен сұрақтарды жеткілікті түрде кеңінен таныстырады.
-
Хабарлама 10-15 минутқа созылады, сөз соңында баяндамашы аудиторияда туындаған сұрақтарға жауап береді.
-
Тілді, сонымен қатар қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқуда оқу мен бақылау формасы ретінде эссе жазуды қолдануға болады.
Эссе – курсқа сәйкес мәтіннің мазмұнын сапалы игеруге және күрделі интеллектуалдық-коммуникативтік, жазбаша пікір айтуға байланысты біліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді, кез-келген өзекті мәселелер бойынша өз ойын сабақтастықпен айтады, аргументтер мен қарсы аргументтер өткізеді; қорытынды жасайды және олардың мысалдарын бекітеді.
Эссе – талқылау элементтерімен жазбаша пікір білдіріп, келесідей элементтерді қосады:
1. Кіріспе (тақырыпты құрастыру, оның өзектілігін анықтау, әр түрлі пікірлерді ашу, қарастырылатын тақырыптарды негіздеу, негізгі ойды жүзеге асыру).
2. Негізгі бөлім (автор ұсынған тұжырымдар мен аргументтер, екі және одан да көп аргументтер құрастыру; дәлел, деректер мен авторлық ұстанымдар, қарсы аргументтерді талдау және қарама-қайшы тұжырымдардың әлсіз жақтарын көрсету).
3. Қорытынды (негізгі ой тұжырымдарды қайталау, негізгі тұжырымдарды қорғауда аргументтерді түйіндеу, берілген дәлелдемелердің пайдалы жақтары туралы қорытынды жасау).
Эссені жазуға бірыңғай талаптар қойылу керек.
-
Көлем шегі: 200-250 сөз ( қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілінде, орыс тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілінде); 150-180 сөз (оқыту тілі қазақ тілінде емес мектептер үшін қазақ тілінде, оқыту тілі орыс тіліндегі емес мектептер үшін орыс тілінде); 120-130 сөз ( шет тілінде).
-
Эссенің логикалық құрылымына ой айтудың сәйкес келуі. Эссе құрылымы негізгі 3 бөліктен құралады:
Кіріспе – проблемалар мен оның өзектілігін анықтаудан тұрады.
Негізі бөлім – (тезис (+) + аргумент; тезис (–) + аргумент).
-
Қорытынды барлық тұжырымдарды шолудан құралады. Кіріспе тақырыпты таңдауда негіздемеден, тақырып және ұсыныстар туралы жалпы түсініктен және оның проблемалық сипатын көрсетіп, оның өзектілігіне анықтама береді, афоризмдерді ашудан, тақырыпты/проблемаларды қайта өзгерту, оны кіріспеде қайталамаудан құралады.
-
Жазбаша айтуды жоспарлауда әрбір абзацтың түйінді ойын анықтау.
Мәтінді абзацтарға бөлу мәтіннің логикалық және мазмұндық құрылымын көрсетеді (абзацтың алғашқы сөйлемінде негізгі ойды көрсетіп және оны одан әрі дамытып, мысалдармен/немесе аргументтермен бекітеді және т.б.) Абзацтар саны пікірлер (идеялар) санымен анықталады. Кіріспе және қорытынды көлемі бойынша бірдей болу керек.
Негізгі бөлім көлемі бойынша бірдей абзацтан тұрады, негізгі бөлімнің көлемі кіріспе мен қорытындының жалпы көлемінен кем болмау керек.
Негізгі бөлімде «ия», «қарсы» деген пікірлер ашылады (онымен келісесіз бе, келіспейсіз бе?) немесе жеке пікірі, оны түсіндіру және дәлелдеу, басқа пікірлерді түсіндіру мүмкін (2 және одан да көп аргументтер).
Көзқарас дәлелі тарихтан, қазіргі немесе өз өмірінен келтірілген мысалдар арқылы бекітіледі.
Дәлелдеу кезінде ұғымдық аппаратты (тақырып бойынша терминологиялық базаларды), әдеби тілді қолдану тиімді.
Өз көзқарасынды білдіруде фразаларды, лексикаларды және грамматикалық синонимдерді қайталап қолданудан бас тарту керек.
-
Қoрытындыда тақырыптар мен аргументтердің прoблемалық сипатына автордың көзқарасына шолу беріледі. Қорытындылар нұсқаулардан, бағалаудан, ұсыныстардан құралады.
-
Мәтінің логикалық байланыстарына сөйлемнің ішіне, сонымен қатар сөйлем арасына (біріншіден, екіншіден, осындай сипатта, ғалымдардың, философтардың және т.б. пікірлері бойынша) ерекше назар аудару керек.
Өлшем 1 – сөздің мағыналылығы (коммуникативтік міндеттерді шешу;
мәтін көлемін сақтау): мәтіннің берілген коммуникативтік міндеттерге сәйкестігі (проблема көрсетілген алғысөзді белгілеу, проблеманы шешуде өз көзқарасын ұсыну (ұстанымдар, қатынастар); проблемаларды байланыстарда, негіздемелерді және эссе сауалына жауап мәнмәтінінде ғылыми түсініктерді әдепті қолдану арқылы ашу; әлеуметтік-экономикалық шынайылыққа немесе жеке басының тәжірибесіне сүйене отыра, өз көзқарасын дәлелдеу; басқа ойды ұсыну және өз келісімін / қарсылығын түсіндіру және дәлелдеу, қорытындыланған тұжырым жазу.
Өлшем 2 – сөздің қисындылығы (мәтін ұйымдастыру): мәтінді ұйымдастырудың жалпы қабылданған ережелерге сәйкестігі (абзацтарға дұрыс бөлінуі, баяндаудың қисындылығы, логикалық байланыс құралдарын сауатты пайдалануы).
Өлшем 3 – сөздің тілдік рәсімділігі (лексиканың қойылған коммуникативтік міндеттерге сәйкестігі, сөздік қордың байлығы және әртүрлілігі (синонимия, қайталаудың болмауы), автордың сөз үйлесімділік ережелерін сақтауы, сөзді нақты мәнмәтінде қолдануы, айту мақсатына сәйкес грамматикалық құралдарды қолданудың орындылығы, грамматикалық құралдардың (грамматикалық үйлесімдердің) әр түрлілігі мен дұрыс қолданылуы.
Өлшем 4 – стилистикалық, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық.
Бес баллдық жүйе бойынша ең жоғары балл төмендегіше бөлінген: өлшем 1 «Сөздің мағыналылығы» – 3 балл; өлшем 2 «Сөздің қисындылығы» – 1 балл, өлшем 3 «Сөздің тілдік рәсімділігі» – 1 балл, Өлшем 4 – «Стилистикалық, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық» – 1 балл. Өлшем
1 айқындаушы болып табылады [43].
Егер түлек проблеманы ашпаса және эксперт берілген өлшем бойынша
0 балл қойған жағдайда, жауабы одан әрі тексерілмейді. Қалған өлшемдер бойынша ашық жауаптың тексеру хаттамасына 0 балл қойылады. Бағалауда сараланған және дараланған тәсілдерді қолдану қажет.
Мұнан бөлек, әрбір бейіндік пән сияқты қазақ / орыс тілінің өзіне тән кәсіби табыс технологияларының, өмірлік маңызды бағдарлардың аспектілері бар (еңбек ортасымен танысу, кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерді дамыту; оқушылардың жобалық қызметі; олардың пікірталастарға, сөз сайыстарына және бейіндік саладағы өз ісінің шеберлерімен болған кездесулерге қатысуы; оқу ортасын, БАҚ-қа сыни көзқарас қалыптастыру; үйірме, студия, практикум, тренинг және т.б. таңдау). Оқушылар үшін әсіресе, мектеп өмірінің шеңберін кеңейтуіне, одан шығуына мүмкіндік беретін, өзіне қандай да бір мамандықты «өлшеу» сияқты стандартты емес жұмыс түрлері ерекше қызық.
(Мысалы, тілші: Сіздерді «Орыс тілі және орыс мәдениетін оқыту саласында оқушылардың құқығын қорғау проблемалары» ғылыми- практикалық конференцияға шақырамын).
Сoнымен, oқушылар жұмысының түрлері мен тәсілдері ретінде конспект жасау, мәтіннің кешенді және аспектілі талдау, ұжымдық және топтық жұмысты ұйымдастыру, рөлдік және іскерлік ойындарына, пікірталастар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысу, ақпарат іздестірудің түрлі жолдарын пайдалану (энциклопедиялық және арнайы сөздіктер, кітапханалық және электрондық каталогтар, Интернет және т.б.), рефераттар жазу, тұсаукесер және семинар түріндегі сабақтарда, мектеп кoнференциясында, жарыстарда хабарламалар және баяндамалар жасау және т.б. айтуға болады.
Мұғалім қызметінің әдістері тақырыптар бойынша теориялық және практикалық материал дайындауға, практикалық сабақтарды ұйымдастыруға, оқушылардың өзіндік оқу және ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік жүргізуге бағытталған, яғни оқытушы білім алушылардың дербес ерекшеліктерін және қызығушылықтарын ескеретін түсіндірме, сол сияқты эвристикалық әдістерді таңдайды. Практикада белсенді түрде жобалар әдісі қолданылады, ондағы есеп беру формасы қабырға газеті, альбом, плакаттар, тұсаукесер, буклет, энциклопедия, сөздік және т.б. түрінде болады [44].
Әдебиетке бейіндеп оқыту басты екі бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін:
-
классикалық және қазіргі қазақ/орыс әдебиеті бойынша білімін тереңдету; қазіргі өнердегі постмодернистік ағымдарды қазақ/орыс әдебиетінің дәстүрлі даму бағыттары аясында және салыстырмалы талдауы; оқушылардың ой-өрісін кеңейту; гуманитарлық білімге қызығушылықтарын арттыру;
2) қазақ / орыс фольклоры – оның тарихы, тұрмыстық заманауи түрлерімен қатар жанр типологиясы туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, фольклорлық мәтіндердің салыстырмалы талдау, кәсіби қызметке шығармашылық көзқарас қалыптастыру; өздігімен білім алу қажеттілігін ынталандыру; фольклорист-жинаушының негізгі қасиеттерін қалыптастыру; білім алушыларды зерттеу қызметіне дайындау. Мұнан басқа, білім алушылар классикалық фольклор – халық тарихының ажырамас бөлігі екенін білуі тиіс, фольклор көркем талдау үшін тамаша материал береді.
Әдебиетті, әсіресе қазақ, немесе орыс әдебиетін қазақ-орыс әдебиетаралық байланыстарды күшейте отыра, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру мақсатында оқыту барысында халықтың мәдени мұрасын зерттеудегі жұмысты басты назарда ұстау қажет.
Ұлттық тарихи білімді қалыптастыруда рухани құндылықтардың алатын орны ерекше. Ерлік дәстүрін орнықтырған «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Алпамыс» жырлары мен дәстүрлі бесікке салу, үйлену тойы, ұл және қыз баланы тәрбиелеу дәстүрін орнықтырған «Қыз Жібек», «Мақпал», «Бозжігіт» дастандары, қазақтың әдет-ғұрыптары, халықтық ойындары мен мейрамдары, музыка және зерделі сөз өнерлері арқылы бір-бірімен өз үндестіктерін тауып жатыр, бұл – тарихи білімді дамытудағы ділдік деректің маңызын айғақтайды.
Ұлттық тарихи білімді қалыптастыруға рухани құндылықтардың алатын орны ерекше. Жауынгерлік дәстүрді орнықтырған «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Алпамыс» жырлары мен дәстүрлі үйлену тойы, ұл және қыз баланы тәрбиелеу дәстүрін орнықтырған «Қыз Жібек», «Мақпал», «Бозжігіт» дастандары қазақтың еңбек қарекеті, әдет-ғұрыптары, халықтық ойындары мен мейрамдары, музыка және зерделі сөз өнерлері арқылы бір-бірімен өз үндестіктерін тауып жатса, бұл – тарихи білімді дамытудағы ділдік деректің маңызын айғақтайды.
Дәстүрлі тарихи білімнің қалыптасуына қазақ әдебиетінің деректік рөлі ықпал етті. Қазақ әдебиетінің тарихи деректік рөлі кеңес дәуірінің өзінде-ақ әдебиетші ғалымдар тарапынан дәлелденген. ХХ ғасыр басындағы
Ә. Бөкейханов бастаған алаш арыстарынан бері қарай М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жумалив, І. Есенберлиндердің жолын
З. Ахметов, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, С. Қирабаев, С. Қасқабасов,
Ш. Елеукенов, Т. Кәкішев, Н. Келімбетов, Т. Ақселеу, Қ. Салғара сияқты көрнекті филолог ғалымдар өздерінің іргелі зерттеулері арқылы ұлттық әдебиетпен келген тарихи білімді дамыта білді. Олар ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бірлігін тарихи дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғылыми негізде дәлелдеді. Сол себепті б.з.б. дәуірлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», «Атилла», «Көк бөрі» және «Ергенеқон» дастандары бүгінгі Қазақстан тарихының ауызша айтылуындағы дерек көздері болып табылады. Сондай-ақ, аталған тарихи дастандар өзінен кейінгі Түрік қағандығы тұсындағы тарихи «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге Қаған» жырлары ғылымға дейінгі тарихи білімдік жәдігерлердің жазылуына үлгі-өнеге, негіз болды. Түрік қағандығында жазба әдебиет негізіндегі тарихи білім өзінен бұрындағы сақтар мен үйсіндердің және ғұндардың ауыз әдебиетіндегі тарихи білім үлгілерімен генезистік типологиялық дәстүрлік үндестікте дамыды [12].
Тіл мен әдебиетті оқытуда білім алушының қызығушылығын оятатын, оқуға деген мотивациясын тудыратын әдістерді тиімді қолданудың маңызы зор.
Дәріс – әдебиетті оқытудағы жұмыстың классикалық түрі. Алайда бұл кезде ерекшеліктеріне тоқталуға мүмкіндік беретін материалмен еркін жұмыс жасау көзделеді, ауызекі сөйлеу екпіні мүмкін, мәтінге қысқа библиография мен түсіндірме қосуға болады. Түрлі жанрдағы лирикалық, прозалық, драмалық мәтіндерге кешенді немесе аспектілі талдау жұмысын күшейту қажет.
Тілді және әдебиетті oқытудағы практика-бағдарлы жұмыстың бір түрі –
жинаушылық түріндегі диалектологиялық және фольклорлық практика (халық шығармашылығы мәтіндерінің жазбасы, осыған байланысты халық өмірінің жағдайлары: тарихи, әлеуметтік, экономикалық, тұрмыстық). Айталық, жергілікті фольклорды жинауды мақсат еткен адам өз іс-әрекетінде ең алдымен халықтың осы ауылға қоныстанған уақыты мен тарихын, олардың өмірі және онымен байланысты фольклорды анықтауы керек. Халық ауыз әдебиеті шығармасы жазылып жатқан ауыл атауына көңіл аударуы тиіс, осы өңірде айтылып жүрген топонимикалық аңыздарды пайдалану қажет. Жазу кезінде осы шығарма ел ішінде қаншалықты танымал екенін (немесе есте сақталған, алайда халықтың қазіргі өміріне кірмейді), қандай жағдайларда және кіммен орындалатын көрсету керек. Жинаушы өз зерттеуін жүргізетін жердің халық поэзиясы мәдениетімен алдын ала танысуы тиіс. Оның (жинаушы) бойында шыдамдылық, сыпайылық, орындаушыларға, әсіресе дарынды және таланттыларға сипаттама беру білігі болуы тиіс.
Халық шығармалары барынша дәл жазылуы тиіс. Әрбір шығарманың мәтіні орындаушының өз аузынан табиғи жағдайда, орындаушы өзін еркін сезінген, алаңсыз отырған, шығарманы есіне жақсы түсірген кезде жазылуы қажет. Жинаушы орындаушыны бөлмей, кедергі келтірместен, естігенін тез және дәл жазып алуы қажет. Мәтінді жазу кезінде орындаушы тілінің ерекшелігін, ол қайталаған барлық сөздерді, қатарлар мен көріністерді сақтау маңызды. Халық шығармашылығының
«Шет тілі» бейіндік пәні бастапқы деңгей бағдарламасының жалғасы болуы тиіс. Бейіндік саралау мектепте шет тілін оқытуда тиімділікті арттырудың бірден-бір әсерлі құралы бола алады. Шет тіліне бейіндеп оқыту курсы бірінші кезекте қоғамдық-гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда білім алушыларға есептелуі қажет, олар шет тілін өздерінің кәсіптік мүдделері тұрғысынан меңгеру мүмкіндігін алады.
Шет тілін бейіндік оқыту мақсаты:
– мамандық таңдауға, шет тілін болашақта кәсіби қызметінде практикада қолдану қажеттілігіне саналы қатынасын тәрбиелеу;
– білімнің түрлі, соның ішінде кәсіби маңызды салаларында оқушылардың жалпымәдени ой өрісін, олардың эрудициясын кеңейту;
– білім алушыларда кәсіби қатынасында қажет, қоғамдық- гуманитарлық ғылымдар, ғылыми дүниетанымын, сонымен бірге тілдік қабілеттер мен сөз мәдениеті саласында еркін зейін, логикалық ес, аналитикалық ой және т.б.танымдық процестерді дамыту.
– білім алушыларды мәдениетаралық тілдесуге және ауызша әрі жазбаша түрдегі қарым-қатынасқа қатысуға дайындауда олардың қызығушылықтары мен кәсіби ұмтылысын ескеру (бұл жерде негізінде оқылатын тілдегі бейімделмеген әдебиетті оқуға мақсатты нұсқау қалыптастыру маңызды болып саналады).
Ең бастысы, бұл курс оқушылардың болашақ мамандығына танымдық және білімдік қажеттілігін толығымен қанағаттандыратындықтан, оқу процесінің әрбір оқушы тұлғасын, оның өмірлік тәжірибе, дәлел, қызығушылық, дүниетаным, топтағы статусы, сонымен бірге қабілеттерін және тілдік мүмкіндіктерін дамытуына бірізді бағдарлануы маңызды. Олармен қарым-қатынас жасауда дербес ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор.
Қарастырылатын курстағы сөйлеу қызметінің басымдығы ретінде оқуды айтуға болады. Ол жалпы білім беретін мектеп жағдайында сөйлеу қызметінің басқа да түрлерін талап етілген деңгейде меңгеруге дейін қалыптастыруына ықпал етеді.
Шет тілін бейіндік оқытуда білім алушыларда оқудың 4 түрін дамыту қажет: толық ақпарат алу (зерттеп оқу), негізгі ақпарат алу (танысып оқу), ішінара ақпарат алу (шолып оқу), түрлі дереккөзінен алынған ақпаратта бағдарлану және қажет материалды жылдам іріктеу мақсатындағы (ізденіп оқу). Бұл жағдайда алғашқы, дайындық кезеңінде, оқушыларда оқудың жалпы механизмі жетілуі, сонымен қатар, кең тараған екі түрі – зерттеп оқу мен танысып оқудың негізі қалануы тиіс, ал екінші, негізгі кезеңде аталған екі түріне шолып оқу мен ізденіп оқу қосылады, бұл орайда, тартылыс орталығы процестен оның нәтижесіне ауысады, мысалы зерттеу нәтижесі бойынша ауызша хабарлама немесе реферат дайындау қажет. Соңғы жағдайда оқу іс-әрекеттің басқа түрлерінің (сөздік және сөздік емес) табысты орындалу шарты және болашақ маманның осы және өзге бейіндегі еңбек құралы болып табылады
Мектепте қоғамдық-гуманитарлық бағыт білім мазмұнының осы және басқа компонентіне сүйенеді, сол сияқты сөйлеу қызметінің басқа да басым түрлерін (яғни, ауызша сөйлеу қатынасының үстемдігі, оқу, жазу және айту үстемдігі) немесе тіл білімдерін (әлеуметтікмәдени, лингвоелтанушылық, грамматикалық) көрсетуге болады.
Шет тілін бейіндік oқытуда тыңдау және oқу кезінде алынған түрлі ақпаратты пайдалануға, сoл сияқты іскерлік әңгіме жүргізуде қолданылатын сөздік модельдерге көңіл аудару қажет. Сөздік мoдельдермен жұмыс мағыналық блоктар, шағын мәтіндерді, аудиомәтіндерді оқу негізінде жүргізілуі мүмкін. Тіл және әдебиетті бейіндік оқытудағы білім беру процесінде басым oрынды oқуды мазмұнды және білім алушының шығармашылығын дамытуға ықпал ететін, оқытудың дербестенуін айтарлықтай арттыратын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар алады. Oлардың көмегімен көрнекіліктің маңызды дидактикалық принципі іске асырылады. білім беру қызметінде иллюстрацияны, анимацияны, дыбысты және т.б. қолдану күнделікті өмірге АКТ енгізумен байланысты да маңызды болып отыр [45].
Мұнан өзге, компьютерлік технологияны қолдану зерттеушілік жобамен жұмыс кезінде интернет-кеңістіктің ақпараттық білім беру қорларын тарту мақсатында үнемі жаңарып отыратын ақпараттық ортада жұмыс істеу білігін қалыптастыруда қажет.
Жаңа да қызықты жұмыс түрлерінің бірі – бейнешығарма жазу.
Кoмпьютермен жұмыс балалардың жoғары қызығушылығын тудырады және oқуға мотивациясын күшейтеді. Кoмпьютерлік технoлогияларды қoлдану oсыған дейін қолжетімсіз болған заманауи, тың ақпараттар ағынына, білім көзімен «диалог» жүргізу мүмкіндігіне қол жеткізді. Ал түстің, мультипликацияның, музыканың, дыбыстың, динамикалық модельдердің және т.б. үйлесімі оқу ақпаратын алу мүмкіндігін кеңейтеді [46].
Сoнымен, «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерін бейіндеп оқытуда мұғалімдердің көпжоспарлы міндеттерді шешуі маңызды: ауызша және жазбаша сөйлеу білігін дамыту, сөз мәдениетін арттыру, білімді жинақтау және тереңдету, өздерінің танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру және қазақ / орыс тілінен, қазақ / орыс әдебиетінен қосымша дайындық алу; филологиялық пәндерді терең зерттеуге қызыққан әрбір білім алушының білім алу жолын құру.
Басқаша айтқанда, мектеп бітіруші сынып білім алушылардың арасынан филологиямен байланысты мамандық таңдауды жоспарлаған оқушылардың алдын ала кәсіби бағдарлануына жағдай жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |