Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала. Оны көпшілік ғылым деп атап көрсетіп жатса, өнер деп есептейтіндер де кездесіп жатады. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Саясат түсінігі ежелгі грек философы Аристотельдің ұғыммен аттас еңбегі арқылы ғылымға кеңінен тарала бастады. Ғұлама ғалым саясатты отбасылар мен тайпалардың бақытты, ізгілікті өмір сүру түрлерінің ізденісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, адам саяси жануар және ол саяси қатынастарға түрлі деңгейде қатысады: мемлекет азаматы, әлеуметтік топ мүшесі, саяси қайраткер. Демокрит және өз заманының ойшылдары саясатты өнерден де жоғары түсінік ретінде айқындайды. Ойшылдардың пайымдауынша, саясат аса дарынды, данышпан, әділетті және шыншылдардың ісі. Парасатты саясат – мемлекеттің гүлдену, қоғам мен тұлғалар дәулеттілігінің кепілі. Неміс саясаттанушысы М. Вебер саясатты билік жүрзізуге ұмтылыс немесе оның үйлестіру қызметіне ықпал жасау ретінде қарастырады.

Саяси өмір – бұл мемлекеттік билік, оның қызметтері, институттары және билікті жүзеге асыру тәсілдерімен тығыз байланысты әлеуметтік өмірдің ерекше түрі. Саяси өмір түрлі әлеуметтік таптар мен топтар, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қызметіндегі мүдделерді біріктіреді. Бұл өте күрделі, жан-жақты, қарқынды және өзгермелі құбылыс ретінде әлеуметтік кеңістікте дамиды және саясат әлеміндегі саяси қатынастар, институттар, үдерістер мен адам санасын қамтиды. Әлеуметтік кеңістікте түрлі саяси күштер, топтар, ұйымдар, уақытша және тұрақты одақтар қызмет атқарады. Әлеуметтік мәселелерді шешудегі осы барлық күштердің өзара байланысы саяси өмірдің мазмұны мен түрлерін анықтайды. Адам баласы саяси өмірді күнделікті өмірдегі түсінікпен қатар, теориялық және ғылыми деңгейде ұғынуы керек.

Ал У. Ростоу және т.б. "экономикалық есу сатысы" деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады:
1) Дəстүрлі қоғам- алғашқы қауымдық, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігі;
2) Өтпелі қоғам- өндірістік революцияны;
3) Алға басу(жылжу) қоғамы- 70-80 жылдардағы капитализмді;
4) Индустриялдық- 2000 жылға дейінгі капитализмді жатқызады.
5) Индустрияланғаннан кейінгі(постиндустриялдық)
Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнің басшылыққа алатын өндірістік қатынастарымен олар санаспайды.
Назарлаңызға Рақмет!