Оңғарбай Жанғозы



Дата09.06.2016
өлшемі48 Kb.
#123193
Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

№2 Ленинград орта мектебі

Физика және информатика пәнінің мұғалімі



Оңғарбай Жанғозы.

www.zhangozy.wordpress.com
Құрметті редакция, мен сіздердің журналдарыңызды біраз жылдардан бері үзбей тұрақты жаздырамын. Журналдағы материалдар мектепте физика және математика пәнін оқытуда таптырмас көмекші құрал екені даусыз. Біздің пән физика және астрономия болғандықтан мектеп курсында астрономия элементеріне де көбірек көңіл бөлу талап етіледі. Осы орайда ұстаздарға көмек болсын деген оймен «Ғарышкерлер» күніне орай өткізілген сыныптан тыс сайыстың үлгісін ұсынып отырмын.
Ғарышқа саяхат
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!

Қатардан артта қылып қоймайық,

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен текке жоймайық!

Ойнайық, ойлайық та ойнайық!

Білімділік көрсетейік сынайық,

Жеңсе де, жеңбесе де ренішсіз болайық,

Қаймықпай көңілді боп тарайық!



Жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірлі көрермендер, оқушылар мен ұстаздар! Баршаңыз да «Ғарышқа саяхат» ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер! Қай сабақ немесе кеш адамның қатысуынсыз өтпейді. Сондықтан бүгінгі кешімізге 7-11 сынып оқушылары қатысып отыр.

Бүгінгі «Ғарышқа саяхат» сайысымыз адамзаттың ғарышты игеруіне 49 жыл толуына орай ғарыш саласына қатысты болмақ.

Алғаш 1961 жылы 12 сәуірде Гагарин ғарышқа самғағаннан бастап міне дәл бүгінгі күні 49 жыл толып отыр. 49 жылда адамзаттың ғарышты игеруі қарыштап алға дамыды, қаншама рет ғарыштық сапарлар жасалды. Адамзат күн санап, сағат санап ғарыштан жаңалықтар біліп жатыр. Сол сияқты біз де бүгін ғарышқа саяхат жасап, белгісіз галактикалар мен ғаламшарларды, кометалар мен астероидтарды, жұлдыздар мен тұмандықтарды ашу үшін ғарышқа сапар шегеміз.

Ал қазір ойын шартымен таныстырып өтейін.

Бүгін бізге ғарышқа саяхат жасау үшін 5 ғарыш кемесі ғана бар. Сол ғарыш кемелеріне отырып ұшатын ғарышкерлерімізді біз қазір осы көрермендердің арасынан таңдап аламыз. Мен сіздерге қазір сұрақтар қоямын. Кім бірінші болып қол көтерсе сол ғарыш кемесіне отырады. 5 сұрақ қойылады.


  1. Қазақстандағы ғарыш айлағы? (Байқоңыр)

  2. Біздің галактиканың аты? (Құс жолы)

  3. Алғашқы Жердің жасанды серігі қай жылы ұшырылды? (1957 жылы 4 қазан)

  4. Күнге ең жақын ғаламшар. (Меркурий)

  5. Жыл мезгілдері неге ауысады? (Жер Күнді айнала қозғалады)

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар ғарыш кемелеріне келіп жайғасады.

  1. «Восток»

  2. «Восход»

  3. «Пионер»

  4. «Маринер»

  5. «Союз» ғарыш кемелері

Ойынның шарты мынадай:

Ойыншылар Жерден ғарышқа самғап ұшқанда бірнеше аялдамаларға тоқтайды. Сол аялдамадағы сұраққа дұрыс жауап беру арқылы келесі ғарыштық сапарға аттанады. Сұраққа дұрыс жауап бере алмаса келесі сапарға аттана алмай үйіне қайтады.

Бір аялдамада тек бір ойыншы азайып отырады. Егер барлық ойыншылар сұраққа дұрыс жауап берсе онда асық иіру арқылы кімнің келесі аялдамаға жететінін анықтаймыз. Сол сияқты барлық ойыншылар сұраққа дұрыс жауап бере алмаса да, асық иіру арқылы кімнің келесі аялдамаға жететінін анықтаймыз. Кім жерден неғұрлым алысқа сапар шексе бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы сол болады. Сәт сапар ғарышкерлер!

1 – Табалдырық аялдамасы «Жер»

2 - Әудемжер аялдамасы «Юпитер»

3 - Қозыкөш аялдамасы «Сатурн»

4 - Беласар аялдамасы «Уран»

5 - Шарықтау аялдамасы «Плутон»

Ойыншылар кезектесіп сұрақты таңдайды. Ойыншылардың ретін асық иіру арқылы анықтаймыз.

Ойыншылар алғашқы сұрақтарға жауап беру арқылы



1 – Табалдырық аялдамасы «Жер»-ден аттанып
2 - Әудемжер аялдамасы «Юпитер» -ге келдік.

Сұрақты таңдайық.

2.1 Жердің Күнге ең жақындайтын нүктесі?

(дұрыс жауабы:перигелий)

2.2 Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін ұсынған астроном?

(дұрыс жауабы: поляк астрономы Николай Коперник)

2.3 Әлемнің геоцентрлік жүйесін ұсынған астроном?

(дұрыс жауабы: Александрия астрономы Клавдий Птоломей)

2.4 Жердің Күннен ең алыстайтын нүктесі?

(дұрыс жауабы:афелий)

2.5 Астрономияның негізгі құралын атаңыз?

(дұрыс жауабы: телескоп)


3 – Қозыкөш аялдамасы «Сатурн»

Сұрақты таңдайық.

3.1 Шоқжұлдыздар деген не? Қандай шоқжұлдыздарды білесің?

(дұрыс жауабы: аспандағы жұлдыздарды қамтитын белгіленген бөлік. 12 шоқжұлдыз)

3.2 Зенит деген не?

(дұрыс жауабы: Аспан сферасының ең жоғарғы нүктесі.)

3.3 Надир деген не?

(дұрыс жауабы: Аспан сферасының ең төменгі нүктесі.)

3.4 Эклиптика деген не?

(дұрыс жауабы: Күннің жыл бойы аспан экваторындағы жүріп өткен жолы)

3.5 Ең жақын жұлдызды атаңыз.

(дұрыс жауабы: Күн )


4 - Беласар аялдамасы «Уран»

Сұрақты таңдайық.

4.1 Марс ғаламшарының серіктері нешеу? Олар қалай аталады?

(2-еу. Олар: Фобос, Деймос)

4.2 1781 жылы ағылшын астрономы Уильям Гершель телескоп арқылы ашқан ғаламшар қалай аталады?

(дұрыс жауабы: Уран )

4.3 Күн мен Жердің ара қашықтығы 1а.б. неге тең?

(дұрыс жауабы: 149 600 000 км )

4.4 Күндегі дақтар қалай пайда болады және оның құрылысы қандай?

(дұрыс жауабы: Күндегі магнит өрісінің өзгерісінен пайда болатын магнит аралдары)

4.5 Күн атмосферасының құрылысы қандай?

(дұрыс жауабы: Күн атмосферасы негізгі 3 бөліктен тұрады. Фотосфера, хромосфера және тәж.)


5 - Шарықтау аялдамасы «Плутон»

Сұрақты таңдайық.



    1. 5.1 Ғарышта орналастырылған америкалық ғарыштық телескоп қандай ғалымның атымен аталады?

(дұрыс жауабы: Хаббл, 1990 жыл 25 сәуір)

    1. 5.2 Ең ұзақ ғарыштық сапарда болған ғарышкерлер кімдер? Қанша уақыт ғарышта болды?

(дұрыс жауабы: В.Г.Титов пен М.Х.Манаров. 1987 жыл 21 желтоқсан-1988 жыл 21 желтоқсан)

    1. 5.3 3 рет ғарыштық сапарда болған қазақ ғарышкері кім? Қай жылдар ұшқан?

(дұрыс жауабы: 1999, 1998, 2001 жылдары)

    1. 5.4 Айға алғаш табан тіреген адамдар?

(дұрыс жауабы: Американ ғарышкерлері Н.Армстронг, Э.Олдрин, М.Коллинз. «Аполлон-11», 16-24 шілде 1969 жыл)

    1. 5.5 Шолпан бетіне алғаш рет ғарыш кемесі қашан қонды?

(дұрыс жауабы: «Венера-7», 15 желтоқсан, 1970 жыл.)
Соңынан жеңімпаз анықталып ойынның қорытындысы шығарылады.
Қосымша сұрақтар.


  1. Күндегі энергия көзі қайдан пайда болады? (гелий, сутегі )

  2. Телескопты ойлап тапқан ғалым.(Ньютон)

  3. Қандай ғаламшарларда сақиналары бар? (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)

  4. Күн қандай жұлдыздар тобына (спектрлік класқа) жатады? (G-3)

  5. Алып ғаламшарлардың ерекшеліктері неде?

  6. Галактиканың қандай түрлерін білесіңдер? (эллипс, спираль, бұрыс)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет