Сабақ: 2А: Жану реакциялары Мектеп: КҮНІ: Мұғалім



бет1/4
Дата28.01.2024
өлшемі192 Kb.
#490092
түріСабақ
  1   2   3   4
Ауа. Ауаның құрамы тақырыбында сабақ жоспары (7 сынып)


Сабақ жоспары

САБАҚ: 7.2А: Жану реакциялары

Мектеп:




КҮНІ:

Мұғалім:




СЫНЫП: 7

Қатыспағандар


Қатысқандар





Сабақ тақырыбы

Ауа. Ауаның құрамы




Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

7.3.1.1-ауа құрамын білу;
7.3.1.2 -заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу
7.3.1.3 -атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну




Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: aуаның құрамын сәйкестендіре алады; ауаның газдар қоспасы екенін түсінеді; жану кезінде ауаның кейбір бөлігі ғана пайдаланылатынын түсінеді; атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсінеді;
Көптеген оқушылар: жану өнімдерін анықтай алады; жану процесіне оттек газы қатысатынын түсінеді;
Кейбір оқушылар: жану өнімдерінің зияны, ауаға әсері туралы түсіндіріп айта алады




Бағалау критерийлері

Оқушылар:
- aуаның сапалық және сандық құрамын сәйкестендіре алады;
- ауаның құрамын газдар қоспасы ретінде пайызбен көрсетіп бере алады;
-жану кезінде ауаның барлығы емес, кейбір бөлігі ғана пайдаланылатынын түсіндіріп бере алады;
- жасалған тәжірибе бойынша жану процесіне оттек газы қатысатынын түсіндіріп бере алады;
-балауыз шамның жану үдерісіне ғылыми қорытынды жаза алады;
-атмосфералық ауаны ластанудан қорғау жолдарын айта алады






Жоспар




Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы
0-3
3-18
(жалпы 18 минут)

18-22



Оқушыларды түгелдеу.
Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаттары айтылады және тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестері беріледі.
(I) (P) Миға шабуыл
Оқушылaрға жұмыс пaрaғы тaрaтылaды. Жұмыс мaқсaты, жұмыс бaрысымен тaнысaды. Сіріңкемен жұмыс жасау кезінде ҚТЕ туралы нұсқаулық жасау тапсырылады, оны жұбымен талдайды.
(f) Топта талдайды. Өзара бағалау
Жұмыс бaрысы бойыншa жұптa зертхaнaлық жұмыс орындалады.
(E) (P) Ауa құрaмын зерттеу зертхaнaлық жұмысы орындaлaды
Олaрға стаканмен май шамды жапқан кезде, май шам жалыны баяу өшетінін түсінулеріне мұмкіндік беріледі. Судың көтерілу деңгейіне назар аудару керектігі айтылады. Оқушылар судың деңгейі 1/5 бөлікке көтерілгендігін түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет