Оқырман саны: 362 Кітап берілімі: 6794 дана. Кітап қоры: 7237 дана



Дата04.07.2016
өлшемі55.86 Kb.
#178606
Жаңаөңір ауылдық кітапхана шежіресі

j0237831


Оқырман саны: 362

Кітап берілімі: 6794 дана.

Кітап қоры: 7237 дана.

Кітапхана – мәдени – ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау. Насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен библиографиялық ақпарат жинау, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхананың ақпаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді:



  1. Көпшілік

  2. Ғылыми және арнаулы

Көпшілік кітапхана оқырманға қоғамдық – саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдар ұсынады.

Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары т.б.) қызмет етеді.

Ғылыми кітапханаларға:мемлекеттік академиялық, университеттік және салалық кітапханалар жатады.

Арнаулы кітапханаларға: техникалық, өндірістер жанындағы, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының кітапханалары енеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.

1980 жылы Қызыл ту колхозынан бөлініп, жаңадан Қызыл Ақтап колхозы құрылды. Сол жылы құрылған жаңа колхоз төрағасы болып Жәдігер Шайхиев сайланды.

Жаңаөңір ауылы

5 жеке шаруа қожалығы ашылып, 1 мектеп, МТМ, Ауылдық клуб, кітапхана, фельдшерлік пункт бар.

Жаңадан құрылған колхоз 1980 жылдың 31 шілдесінен жұмысқа кірісті. «Қызыл-Ақрап» колхозының жаңа орталығы Аңқаты өзеніне жақын жерде қоныс тепті. Мәдениет орындары, кеңсе, тұрғын үйлер салынды.жаңа жерде бірнеше ондаған жанұялар қоныс тойларын өткізді.

Колхоз кезінде Хасанов Қапан, Мұханбетжанов Иосиф та басқарды. Халық депутаттары аудандық кеңесінің 1987 жылғы 14 шілдесіндегі №15-258 қарары мен «Қызыл Ақрап колхозы жабылып, «Қызыл ту» колхозына қосылды. №3 бөлімше «Жаңаөңір» ауылы болып аталды.

Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты № 37 филиалы Жаңаөңір ауылдық кітапханасы 1983 жылдың тамыз айында 2500 дана кітап қорымен ашылды. Ол кезде кітапхана меңгерушісі Тілекқаблова Айгүл Уахитқызы үгіт бригадаларға шығып, газет шығарып, көшпелі кітапхана ұйымдастырған, көпшілікке арналған іс-шараларды өткізгендігін төмендегі фотосуреттерден байқауға болады.

1984 жылы кітапханашы ауысып, Галиева Ақмарал Маулетқызы қызмет жасаған уақыттарда кітап қоры 3500 данаға дейін жеткен. Сулы көл, Орлы көл, Қыстаубай, Қызылағаш елді мекендеріне көшпелі кітапхана жалғасын тауып, қызмет атқарды. Осы елді мекендерге кітаптар, баспасөз басылымдары, мәдениет қызметкерлерімен концерт апарылды.

1987 жылдың тамыз айынан бастап, Орал мәдениет ағарту училищесін бітіріп келген жас маман Нарышева Айнагүл Айдынғалиқызы қызметке алынды. Қазіргі уақытта кітапханада жұмыс жасайды.

1987 жылы КПСС ХХVІІ – съезді мен Қазақстан компартиясының ХVІ – съезінің шешімдерін кеңінен насихаттау, еңбектегі және саяси белсенділігін шаруашылық мәдени құрылыстың нақты міндеттерін шешуге бағыттау. Еңбекші ауылы қарарларын еңбекшілер арасында съезд материалдарын жинақтап көрмелер шығарып, жаңа келген кітаптармен таныстырып, еңбек, соғыс ардагерлерімен кездесулер өткізіп, мектеп оқушылары мен балабақша мен ертеңгіліктер өткізіліп қызметтер атқарылды.

Малшы – шопандарға, егістік далаларға барып, баспасөз басылымдарын, жаңа кітаптар апарып, қабырға газеттерін шығарып, клуб қызметкерлері өнерпаздарымен концерттерін қойып қайтатын. Шөп бригадасы «Сулы көл» деген жерде болды. Егістік бригадасы «Тарауда болды» малшы шопандар Қастаубай, Орлы көл, сулы көл, Қызыл – ағаш деген елді мекенде қой бағып отырды. Көктемде сақыманшылар отырды.

22 сәуір В.И.Лениннің туған күні құрметіне мектеп, клуб, дәрігерлік амбулатория, МТМ, гараж, т.б. мекемелер сенбілік жасайды. Оқушылар тал егеді, гүл егеді.

1989 – 99 жылы Кітапхананың кітап қоры өсіп, кеңейе түсті. Ауыл шаруашылық жаппай арендалыққа көшті. Біздің ауылымыз, Алғабасқа қосылып, біздегі дәрігерлік пункт, балабақша, интернат бәрі жабылып, Жаңаөңір ауылы, №3 бөлімше болып қалдық. Ауылда клуб пен кітапхана жұмыс жасады, даталы күндерге байланысты кітап көрмелер ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарымен көпшілік шаралар өткізілді.

1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес мемлекеттік Егемен туралы Декларация қабылданды. Осы күні Республика күні болып жарияланды.

1991 жылы 2 қазанда Қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ұшты.

Кітапханада «Қыран ғарышкер» атты көрме ұйымдастырылып, Т.Әубәкіров туралы альбом жинақталды.

1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Республика президентіне жалпы халықтық сайлау өтті. 10 желтоқсанда Н.Назарбаев президенттік қызметіне кірісті.

1991 жылы 10 желтоқсанда қазақ ССР – ын, Қазақстан Республикасы деп атау туралы заңға қол қойылды.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Бұл күн тәуелсіздік күні болып белгіленді.

1992 жылы 3 наурызда Қазақстан БҰҰ – ның мүшелігіне кірді. Нью – Йоркте әлем мемлекеттері тулары қатарында Қазақстан туы желбіреді.

1992 жылы 8 мамырда Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы шықты.

1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер туралы заң қабылданды.

Жаңаөңір ауылдық кітапханасында «Қазақстан тәуелсіздігі, тарихы, тағылымдары», - атты кітап көрме шығарылып, оқырманға кеңінен таныстырылды. «Ел рәміздері – ел рухы», - атты ширма шығарылды.

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енді.

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Кітапханада «Ата заңым – айбыным» атты 5-8 сынып оқушылары арасында пікір алысу кеші ұйымдастырылды. Осы тақырыпта әртүрлі сұрақ жауап кештері өтті.

1998 жылы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы қабылданды.

«Мемлекеттік тіл - елдіктің айнасы» - атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1998 жылы 10 мамырда Ақмола қаласы Астана болып өзгерді.

1999 жылы Сабақтастық жылы болып жарияланды. Сол бағытта кітапханада көптеген іш – шаралар, кітап көрмелері ұйымдастырылды.

2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды. Тәуелсіздік жылына бір жылғы іс – шараларға, көрмелерге картотекалар ұйымдастыруға жұмыс жоспарланды. Сол жоспар бойынша тоқсан сайын көпшілік шаралар өткізіліп тұрды. Соның бірі «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие», - атты тақырыптық кеш.

2002 жылы денсаулық жылында халықтың әл – ауқатын жақсарту мақсатында «Денсаулық болса бәрі болады» - деген шешіммен, денсаулықты нығайту бағытында көпшілік оқырман тобына арнап «Денсаулық зор байлық» атты кең көлемде кітап көрмесі, әр түрлі бағытта денсаулыққа байланысты «Ауырғанша ауырмайтын жол ізде» атты дауыстап оқу, «Спорт – денсаулық кепілі» атты әңгіме сағаты, «Дәрігер кеңес береді» атты бұрыш ұйымдастырылды.

2003 – 2005 жылдары Ауыл жылына «Ауылым – ата мекенім» атты кітап көрме шығарылды. Жыл бойына ауыл тұрғындарымен бірлесіп осы бағытта көпшілік шаралар ұйымдастырылды.

Жасөспірімдермен, балалармен «Ырымдар мен тыйымдарды білесің бе?» атты сұрақ жауап кеші, «Мақал - сөздің мәйегі», «Көшеде жүру ережелерімен таныс болайық», «Ертегілер еліне саяхат»атты ертеңгілік, «Әдептілік - әдемілік», «Құс қанатты досымыз», «Кітап біздің ақылшымыз» т.б шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Кітапханада «Ақын жазушылардың мерей тойлары» атты кітап көрмесі шығарылды. Жерлес ақынымыз Қ.Мырза Әлидің 70 жасқа толуына орай кітапханада «Сырлы да, сында ақын», атты әдеби кеш 9 – 11 сынып оқушылары, тіл мамандары өтті.

2006 жылы М.Мақатаевтың 75 жасқа толуына орай «Айтып өткен ақында арман бар ма?» - атты поэзия кеші Жаңаөңір орта мектебінде 9 – 11 сынып оқушыларының, сынып жетекшілерінің қатысуымен өтті. «Мұқағали - мәңгі ғұмыр» атты кітап көрме ұйымдастырылды.

Тәуелсіздіктің 15 жылдығына «Он бес жылда он бес асу», - атты танымдық кеш өткізілді.



Желтоқсан оқиғасына 20 жыл толуына орай кітапханада ауыл жастарымен «Желтоқсан жұлдыздары» - атты тарихи кеш оздырылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет