Оқырмандарға жекелей қызмет көрсету



Дата13.10.2022
өлшемі15.84 Kb.
#462593
түріОқулық
Оқырмандарға жекелей қызмет көрсету


Оқырмандарға жекелей қызмет көрсету
Оқу залы - кітапхананың негізгі бөлімдерінің бірі. Негізгі міндеттері: барлық оқырмандарға бірдей сапалы қызмет көрсету және сұраныстарды толық қанағаттандыру. Өз мақсатын айқындаған бөлім жұмысын оқу еркіндігі, ақпарат көздеріне еркін қол жеткізу жағдайында пайдаланушылардың нақты қажеттіліктерін есепке ала отырып құрады. Бөлімде білімнің әр саласы бойынша кітаптар мен оқулықтар, анықтамалар жинақталған.
Бөлім қызметін пайдаланушылар: жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, ғылыми қызметкерлер, журналистер, әр түрлі білім салаларының мамандары. Кітапхана қызметкерлері пайдаланушыларға кітап оқуға, кітаппен өздігінен жұмыс жасауға әртүрлі дерек көздерден керекті ақпарат алуға, жеке сұраныс бойынша әдебиеттер тізімін құрастыруға көмектеседі.
Бөлімде оқырмандардың қатысуымен мәдени – көпшілік шаралар өткізіледі. Пайдаланушыларды жаңа кітаптардың тұсау кесу рәсімдері, сайыстар мен әдеби кештер, түрлі тақырып төңірегіндегі ашық алаңдар, белгілі адамдармен кездесулер өте қызықтырады, оларды дайындау кезінде кітапханашылар қазіргі уақыттағы заманауи техникаларды, жаңа бағыттарды енгізіп келеді. Жұмыстың дәстүрлі түрлері де ұмытылмайды.

Пайдаланушыларға кітапханадан әдебиеттерді үйге алуға мүмкіндік беретін бірден-бір бөлім – Абонемент бөлімі. Бөлімнің қоры қазақ және орыс тілдерінде әмбебап оқулықтармен ғылыми-көпшілік әдебиеттерден көркем әдебиеттерге дейінгі ғылымның әр саласын қамтиды.


Абонемент – кітапхананың ең байырғы бөлімі. Алғашқы күннен бастап-ақ оқырмандарға танымал және оларға қызмет көрсетуге ең ыңғайлы бөлім. Бөлімнің кітап қоры әр саланы қамтитын әмбебап, қазір 80 мың данаға жуық әдебиеттерден тұрады. Бөлім қорының белгілі бөлігінен оқырмандардың еркін пайдалануы үшін ашық қор жағдайы жасалған. Оқушылар мен студенттер мұнда оқу бағдарламасы бойынша және басқа да керекті әдебиеттерді еркін таңдай алады. Ересек оқырмандар өз жұмысына байланысты әдебиеттермен қоса көркем әдебиеттерді таңдап алады. Мұнда білімнің барлық саласы бойынша әдебиеттер мен көркем шығармалар жинақталған. Кітап көрмелері, тақырыптық іріктеу, бөлгіштер – абонемент оқырмандары үшін кітап әлеміне деген басты бағдар. "Қазақ әдебиетінің әлемі", "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде", "Абонементтің ашық қоры" т.б. кітап көрмелері тұрақты түрде жұмыс жасайды және ондағы әдебиеттер үнемі жаңартылып тұрады. Абонементте осыдан 75 жыл бұрынғыдай кішіпейілділік көрсетіп әрбір оқырманның өзіне керекті кітабын тауып алуына жағдай жасалған. Бұл бөлімнің оқырман.дары қашанда әр түрлі мамандықтың иелері: дәрігерлер мен мұғалімдер, зейнеткерлер, шахтерлер, инженерлер мен архитекторлар, экономистер және заңгерлер. Абонемент оқырмандарының ең үлкен тобы студенттер мен оқушылар.
Оқырмандарға қызмет көрсету жұмысы әрқашанда уақыт талабына сай жүргізіледі. 70-ші жылдары техникалық және гуманитарлық профильдегі мамандарына жеке бөліп қызмет көрсету енгізілді. Екі кафедра ұйымдастырылды: жаратылыстану және дәлдік ғылым, гуманитарлық ғылым.
Кейіннен мамандандырылған бөлімдердің ашылуына байланысты кафедралар жабылып, өлкетану және шет тілдері әдебиеттерімен қызмет көрсету топтары ұйымдастырылды. Қазіргі кезеңде мамандар, оқушылар, жастар және зейнеткерлер мен жұмыс істемейтіндер топтары іріктелді.
70-ші жылдары абонемент бөлімі кітапхана жүйесінде заңгерлер мен медицина қызметкерлеріне ақпараттық қызмет көрсету жұмысына белсене араласты. Облыстық сот және Жоғарғы милиция мектебінің (қазір ҚР ШШМ Заң институты) мамандарына кеңестік заң шығармашылығы туралы әрбір тоқсан сайын ақпарат жіберіп тұрды. Жыл сайын 10-шы қарашада кітапханада заңгерлер Күнін өткізу әдетке айналды. Құқықтық білім университетінің жалпыазаматтық құқық факультетімен тұрақты түрде байланыс жасалып оның оқытушылары мен тыңдаушылары үшін үнемі ақпараттық іс-шаралар өткізіліп тұрды. Кейінгі жылдары ақпаратпен пайдаланатын абоненттер қатары медицина қызметкерлері мен өсті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет