Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет1/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап



ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН 
ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚҚЫЗЫ 
№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицейінің 
мұғалімі 
Қызылорда қаласы 
Аннотация 
Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа 
әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, тренингтер 
мен ойсергектер, ойындар жинақталған. Оқу үдерісіне шығармашылықпен 
қолдануға ұсынылатын бұл көмекші құралдағы материалдар алғаш рет 
алфавиттік жүйемен беріліп отыр.
 
Әдістемелік оқу құралы мұғалімдер, тренерлер және 
тәрбиешілерге ұсынылады. 
АЛҒЫ СӨЗ 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр 
қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға 
тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, 
алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. Бұл жинақта осыны басты назарда 
ұстап, соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдіс-
тәсілдердің біршамасының басын қосып беруді мақсат тұттық. Әрі 
пайдалануға жеңілдік тудыру үшін әдіс-тәсілдердің атауын алфавиттік 
ретпен орналастырып шығуды жөн санап отырмыз.
Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, 
тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы 
үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны 
дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
Сөз басын талантты педагог, филология ғылымдарының докторы, 
профессор Алма Қыраубаева апайымыздың айтып кеткен ұстаздық жауһар 
жазбаларынан үзінді келтіре отырып бастауды жөн санап отырмыз. Тағылым 
берер, ұстаздық жолдың ұлағатын сездірер алтын көмбе – ой орамдары кез 
келген ұстазды бей-жай қалдырмасы анық. Әрі осы жинақтағы әдіс-
тәсілдерді мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар, әр сабағына 
шығармашылықпен пайдаланып, түрлендіріп жүргізуіне түрткі боларына 
үміт арттық. Сонымен: 



«
Ең жақсы өткен сабақтың қай жерден, қалай аяқталатынын күні 
бұрын білмейсің. Бұл сабақты шәкірт пен ұстаздың бірлескен ізденісі деуге 
болады. Сабақтың барлық жағдайын алдын ала жоспарлап қою шәкірттің 
еркіндігіне шідер салумен бірдей. 
Шәкіртке «екі» қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. «Екілік» - 
өзіңе қойған бағаң. Өзіне талап қоюға ерінген мұғалім балаға талап қойғыш 
болады. 
Бала әділетсіз жазалаудан, үздіксіз ескерту жасай беруден не 
істерін білмей, өзіне-өзі сенімсіз болып, жүйке ауруына ұшырайды. 
Мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілік әр адамның 
туғаннан жаратылысы бөлек, адамның туғаннан өзіне ғана тән табиғаты бар 
екенін мойындамаудан шығады. Баланың мінезін өзгертемін деуге болмайды, 
мінезінің жақсы жақтарын байқап, дамытуға ғана болады. 
Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! Бірақ 
тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді – 
тәртіпті қылу деп ойлаймыз. 
Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан, қажетті 
жерде шулата білген сабақ қызық. 
Кісімен қарым-қатынас мәдениетін отбасынан сіңіре алмаған 
балаға мектепте де, өсіп, кісі болғанда да мақсатына жету қиын. Ол баланы 
мұғалімі өте сезімталдықпен жетектеуі қажет болады. Сүйкімсіз баладан, 
ертең айналасына қадірсіз адам шығуы мүмкін. 
Тіл алмайтын ызақор бала кемшілігін бетіне баса беруден шығады. 
Шәкірттің сеніміне кіру қиын. Ол үшін шәкіртке әуелі өзің сенуің 
керек болады. 
Ежелгі гректер даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады деп 
есептеген. 
Баланың қайғысы мұғалімнің жақсы оқитын және жаман оқитын 
бала деп бөлуінен басталады. Осыдан кейін баланың рухани дүниесі тек 
бағамен өлшенеді. 
Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды. 
Өзі білетін адам ғана басқаны білдіре алады. 
Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің. 
Педагогикалық өрістетпейтін нәрсе: «Анау керек емес, мынау 
керек емес» дейтін шектеу. Керегі: ізденіс, ізденіс.» 
Ал 30 жылдан аса педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз ретінде менің 
әріптестеріме айтарым: "Дәрігер адам тәнін емдесе, мұғалім адам жанын 
емдейді. 



Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең 
болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек. 
Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім – бақытты.
Әр сабақтың қайталанбас тағдыры бар. 
Жеке басыңның проблемасы үйіңнің босағасында қалсын. 
Сабақтағы әдісті «менікі» деме, «біздікі» де. 
Балаларға сабақ үйретудің жаңа әдісін тапсаң, әріптестеріңмен бөлісуге 
асық. Себебі бәріңнің «илеп жүргендерің бір терінің пұшпағы». Сенің бөлігің 
жұмсақ болғаннан дұрыс дүние құрастырылмайды.»
Ендеше, ізденіске жетелейтін, ізденгенге көмекші құрал болар әдіс-
тәсілдер қоржынынан шыққан дүниелер кәдеңізге жарасын!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет