Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет98/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

 
«Телетайп» 
Қатысушылар бір-бірінің қолынан ұстап шеңберде тұрады. Бір 
қатысушы адресін айтып телеграмма жібереді. Телеграмма айтылған 
адамның адресіне байқатпай қол қысу арқылы жіберіледі. Ортада тұрған 
жүргізушінің міндеті - белгі арқылы кетіп бара жатқан телеграмма кімнің 
қолында екенін табу. Ұсталып қалған ойыншы ортаға тұрады. 
«Терминдер конверті» 
Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің 
қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді 
сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы 
айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек. Бұл емтиханға 
дайындыққа жақсы көмектеседі. 
«
ТИІМДІ СҰРАҚ-ЖАУАП ЖҮРГІЗУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ» 
Мүмкіндігінше көп оқушыларды қамтыңыз 
 Әр түрлі мақсатқа бағытталған сұрақтарды пайдаланыңыз; 
 Барынша көп оқушы жауап бере алуы үшін ашық сұрақ қойыңыз; 
 Жеке тақта, сан жазылған карточкалар және т.б. сияқты ресурстарды 
пайдаланыңыз; 
 Қарым-қатынас орнатуды қиынсынатын оқушылар үшін ым-ишара, 
белгілерді 
пайдаланыңыз; 
 Ойлануға уақыт беру үшін жауап алар алдында үзіліс жасаңыз; 
 Тек «дұрыс» жауапты естігенге дейін ғана емес, бірнеше оқушының 
жауабын 
тыңдаңыз. 
Әртүрлі ашық және жабық сұрақтар қойылуын қамтамасыз етіңіз 
 Түйінді сұрақтарды алдын ала жоспарлаңыз; 
 Келесілер бойынша сұрақ қойыңыз: 
нақты деректі есте сақтау, 
нақты деректі қолдану, мысалы, «Белгілі бір сезім-күйді білдіру үшін қандай 
114 


етістіктерді қолдана аламын?» 
болжам жасау, мысалы, «Кейіпкердің сөйлеген сөзіне қарап ол туралы не 
айта аласың?» амалдарды жоспарлау және салыстыру, мысалы, «Өз 
шығармаңда көңіл-күй одағайларын қалай қолдандың?» нәтижеге түсініктеме 
беру, мысалы, «Диалогқа қарап, одан қандай ақпарат ала аламыз?» логиканы 
қолдану. 
 Бірнеше жауабы бар сұрақ қойыңыз, мысалы, «Шығарма кейіпкерінің 
мінез-құлқы туралы не айта аласың? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет