Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»


Мақсатын анықтауға арналған оқылым



Pdf көрінісі
бет67/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

Мақсатын анықтауға арналған оқылым 
 Оқушыларға шағын топта әрбір мәтіннің мақсатын және мақсатты 
аудиториясын талқылау үшін үш мәтін беріледі: проспект (анықтамалық), 
саяси баяндама (біреудің көзін жеткізу) және қайырымдылық хат (үндеу).
 Оқушылар сынып/топ ресурсын жасау үшін «Қармақ тілін» пайдаланады. 
78 


Мысалы, оқушылардан, олардың ойынша, әртүрлі мақсатта/әртүрлі 
аудиторияға арнап жазылған кем дегенде үш мәтін табуды сұрайды. Кейін 
мәтіндерді ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырады, 
айырмашылықтарын, мысалы, Венн диаграммасының көмегімен жазып 
алады. 
Бұл мәтіндерді курс барысында басқа жаттығу аясында ақпарат көзі ретінде 
пайдалану үшін сақтап қоюға болады. 
 Оқушылар жұптасып оқырман мәтіннің қалай қатыстырылатынын, тілдік 
қолданыстардың қандай эмоция тудыратынын анықтайды. 
Стильді анықтауға арналған оқылым 
 Оқушылар жұптасып екі мәтінді зерделейді, олардың жанры мен мазмұны 
ұқсайды, бірақ стилистикалық деңгейлері әртүрлі, мысалы, жасөспірім 
достар арасындағы диалог және жасөспірім бала мен мұғалім/ата-ана 
арасындағы диалог. Оқушылар жазба жазып, сөйлемдердің лексикасы
грамматикасы және құрылымдарындағы айырмашылықтарға қатысты кері 
байланыс ұсынады. 
 Оқушыларға ұқсас ақпарат ұсынылады - мысалы, көркем әдебиет, 
нұсқаулықтан үзінді, мерекелік брошюра және туысқанға жазылған хат 
сияқты әртүрлі жанрда жазылған (әйгілі) жердің сипаттамасы. Оқушылар 
мұғалім атаған мәнмәтіндердің біріне әрбір жазбаның сәйкестігін анықтап
нәтижелерін жазады («Қай мәтін нұсқаулықтан алынған? Оны қалай 
дәлелдей аласыз?») 
 Оқушылар стильдердің бірін талдау үшін топтасып жұмыс істейді, сосын 
мәтіндердің бірі туралы өз пікірлерін мысал келтіре отырып, сыныптағы 
қалған оқушыларға таныстырады. 
 Оқушылар белгілі бір мәтінді дауыстап оқиды және сынып болып оның 
сарыны стильмен қалай байланысатынын, яғни тілдік қолданыс пен 
сөйлемдердің құрылымы арқылы эмоция қалай берілгенін талқылайды. 
 Оқушылар әдетте қандай жанрларда образдардың қолданылатынын, ал 
қайсыларында қолданылмайтынын және бұның себептерін талқылай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет