Оқытудың практикалық әдістері



бет1/3
Дата18.05.2022
өлшемі46.5 Kb.
#456982
  1   2   3
46-52 Гулнур 2-ші тапсырмасы


4.3. Практикалық әдістер
Оқытудың практикалық әдістері оқушылардың практикалық қызметіне негізделген. Практикалық білік пен дағдыны осы әдістер қалыптастырады. Практикалық әдістері(бақылау әдісі, зерттеу әдісі, жаттығу әдісі, практикалық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, дидактикалық ойындар).
Бақылау – табиғатты өздігінен танып білудің бірден – бір негізгі әдісі. Бастауыш кластарға арналған дүниетану бағдарламаларында балалардың қоршаған табиғатта бақылауына аса зор көңіл аударылады. Табиғатты тікелей бақылау негізінде балада көптеген нақтылы түсініктер қалыптасады. Табиғаттанудан сабақ беруде әдістемелік жүйенің негізін қалаушылардың бірі – А.Я.Герд”адамзат бүкіл шынайы білімді оқу арқылы емес, бақылаулар, салыстырулар, тәжірибелер арқылы игереді”,-деп атап көрсеткен. Табиғатты танып білу, зерделеудің бірден-бір негізгі әдісі – бақылау.
Бақылау біріншіден, қоршаған болмыстан нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар калыптастыруға соның негізінде төменгі класс оқушыларының логикалық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді. Екіншіден материалистік дүниетанымның қалыптасуына себепкер болып, табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына, табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына, дүниенің материалдығына және табиғаттың біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді.
Оқу тұрғысындағы бақылаудың мақсаты қандай да бір фактілерді жинақтау, бақылау объектісін зерттеу немесе заңдылықтарды ашу болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алдын-ала бақылауға дайындалу жұмысын жүргізу қажет. Ол негізінен төмендегідей:

  1. Оқушыларды бақылау объектісімен және оның мақсаттарымен таныстыру.

  2. Жұмыс дәптеріне бақылау жоспарын жазу.

  3. Бақылау барысымен және оның ұсынылған тәсілімен, фактілерді белгілеу ережелерімен таныстыру.

  4. Сипаттау мен қорытындыларды беру.

Бақылау тек табиғи объектілер мен құбылыстарға ғана емес олардың суреттері мен бейнелерін, яғни фотосуреттер, моделі, слайдтар мен кинофильм арқылы да бақылау түрі болып келеді. Мысалы, мұғалім”Гүлді өсімдіктердің құрылысы” тақырыбында кестені көрсете отырып, мынадай бақылау жасауды тапсырады:

  1. Бейнеленген объектіде қандай мүшелері берілгенін анықта.

  2. Тиісті мүшелердің суретін салып, атын көрсет.

  3. Гүлді өсімдіктің құрылысын анықта.

Бастауыш кластарда көбіне басым жағдайда ауа-райын бақылау, өсімдіктерді маусымдық өзгерістерін бақылау, тұқымның өнімін бақылау, жыл мезгілі өзгерістерін бақылау, адам еңбегін бақылау, жан-жануарлардың мінез-құлықтарын бақылау т.б.
Бақылау ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып келеді.
Бақылау барысында оқушылар түрлі құрал - аспаптармен жұмыс істеуге машықтанады. Бастауыш мектепте, яғни балалар әлі приборлармен жұмыс істеу тәілдерін біле бермейтін кезде мұны меңгеруді кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет. Мұнда алты кезеңді бөліп көрсетуге болады.
1.Алдымен приборлардың модельдерімен жаттығу жасау.
2.Приборлардың өздерімен жаттығу жасау.
3.Шартты меотеорогиялық белгілерді тану жаттығуларын жасау.
4.Ауа-райын бақылау ережелерімен танысу.
5.Өз бетінше орындау және бақыланған құбылыстарды күнтізбеге жазу.
6.Бақылау нәтижелерін қорытындылау.
Міне, осы сияқты жоспар құру арқылы бақылау түрлерін жүйелі түрде ұйымдастыру тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет