Оқытудың түрлері



бет1/3
Дата04.12.2023
өлшемі86.01 Kb.
#485429
түріСабақ
  1   2   3
5апта педагогика Балтабай Елжас (1)

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері.

Орындаған: Балтабай Елжас

информатика

Оқытудың негізгі түрлері

  • Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.

Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан


түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі)
проблемалы
бағдарламалы (компьютерлік).

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту

  • Оның дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:

  • Уақытты үнемдейді;
  • Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;
  • Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
  • Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
  • Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:
  • Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,
  • Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;
  • Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі

Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту

  • Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.
  • Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.
  • Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет