Оқытушы: Усербаев М. У


Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі



бет9/10
Дата07.07.2016
өлшемі0.65 Mb.
#182805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі
Заң тергелген қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын тағайындау жайында қабылданған қаулының заңдылығы мен негізділігінің барлық жауапкершілігін судьяға, және тек қана оған жүктейді.

ҚІЖК 299 – бабында көзделген шешімдер қабылданғанға дейін судья прокурордың және тараптардың міндетті қатысуларымен істі алдын ала тыңдай алады. Судья ҚІЖК нормаларының елеулі түрде бұзылуын анықтаса, істі қсымша тергеуге қайтару, айыпты өзгерту, істі қысқарту, сараптама тағайындау туралы өтініштер, сондай – ақ дәлелдемелерге жол бермеу туралы өтініштер бар болған жағдайда алдын ала тыңдауды міндетті түрде өткізеді.

Қылмыстық істі қарауға қандай да бір кедергілер жоқ деген қорытындыға келген судья, сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады, Сонымен қатар, судья айыптау қорытындысының жеке тармақтарын алып тастауға немесе ауырырақ қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға құқылы, бірақ жаңадан тағылған айып, өзінің нақта мән – жайы бойынша айыптау қорытындысындағы айыптан ерекшеленбеуге тиіс.

Сот тәжірибесін қорытындылау 2000 жылы республика бойынша қосымша тергеуге 3742 адамға қатысты 2421 қылмыстық іс қайтарылғандығын, оның ішінде прокурордың заңсыз қайтару туралы наразылықтары бойынша кассациялық саты 1190 адамға қатыстысын бұзғандығын көрсетеді. Тергеу органдарымен жіберілетін заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің анықталуына байланысты, соттар істерді көбіне қосымша тергеуге дұрыс қайтарады.

Сондай – ақ, прокурорлардың наразылықтары бойынша бұзылатын, яғни жеткіліксіз негіздер бойынша шығарылған сот қаулылары да аз емес. Кейде соттар істердің мәнін тыңдап, олар бойынша заңды, негізді және әділ үкім шығаруға болатын істерді қосымша тергеуге жолдайды. Ал кейбір кезде соттар айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің жауаптарындағы маңыздары аз қарама – қайшылықтарды жою үшін қылмыстық істерді қайтарады. Мұндау жағдайларда, прокурордың наразылығы мен судьяның қаулысы сот қатесін түзетудің жалғыз іс жүргізу құралы болып табылады, себебі негізсіз қаулы тек прокурордың наразылығы бойынша ғана бұзылады. Прокурордың сотқа қатысуы соттың заңды және негізді үкім қабылдануының кепілі ғана болып қоймайды, сондай – ақ қылмысты алдын – алу және құқықты насихаттау жөніндегі жұмыс нысандарының бірі болып табылады. Қылмыстық істер бойынша сотта мемлекеттік айыпты қолдау, мемлекетте заңдардың дәл және біркелкі орындалуын қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі прокурорлық қызметтің басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Алдын ала тергеу кезеңінде қадағалауды жүзеге асыру, айыптау қорытындысын бекіту және айыпталушыны сотқа беру, прокурорға мемлекеттік айыпты қолдауға және оны объективті, әрі әділ жасауға кедергі келтермеуге тиіс. Қылмыстық іс жүргізу заңы прокурордан істің барлық мән – жайлары бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығын жан – жақты, толық және объективті қарауға және өзінің ішкі нанымы бойынша бағалауын талап етеді.

Сот тергеуі кезеңінде дәлелдемелер жеке дара зерттеледі, сондықтан сот үшін де, прокурор үшін де оларда алдын ала анықталған күш жоқ. Егер сот талқылауы нәтижесінде прокурор сот тергеуінің мәліметтері тағылған айыпты дәлелдемеді деген қорытындыға келсе, ол айыптаудан бас тартуға немесе бас тартуының себептерін көрсетуге міндетті. Бқл оның жеке қарауы емес, мемлекеттік айыптаушы өкілінің заң бұзушылықтарды жою жөніндегі міндеті. Бұл ереже заңда бектілген және ол прокурорға сотта тәуелсіз және объективты болуын қамтамасыз етед.

Заңда анықталған апелляциялық тәртіпте қылмыстық істерді тексеру тәртібі соттардың қателіктерін олар заңды күшіне енгенге дейін түзетілетін жағдайды қамтамасыз етеді.

Сот трибунасы – бұл трибунаның ерекше түрі,оған прокурорлық қызметкерлердің әрбіреуі қол жеткізе бермейді. Прокурор сотта мемлекеттік айыпты қолдауға теориялық қана емес, кәсіби дайындығы да болуы керек.

Қазіргі кезде прокурор жұмысының тәжірибесі, оның кәсіби дайындығы қылмыстық іс құжаттарын білуі аса маңызды болуда. Жартылай айыптау туралы істерден басқа қылмыстық істердің барлығына прокурордың міндетті қатысуы туралы ҚР ҚІЖК 4- бабының талаптарын қолданысқа енгізуге байланысты, прокуратура органдарына 2000 жылы көптеген жас мамандар қабылданған.

Олардың біліктіктерін жоғарлату үшін кәсіби дағдыларға, қызметтік этикаға үйрету жөнінджегі жұмыстар жүргізуде. Прокуратура органдары жаңа қылмыстардың алдын алу, сондай – ақ өз жұмысын насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болады.

Еңбекшіқазақ аудандық сотының 15.03.2000 жылғы үкімі бойынша азаматша Б. ҚР ҚК 176 – бабының 2- бөлімінің «б,в» тармақшаларымен, яғни қызмет жағдайын пайдаланып, жалпы сомасы 102 мың 670 теңге тұратын сеніп тапсырылған мүлікті ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған, осы бап бойынша 3 жылға дейін материалдық жауапты лауазымды атқару құқығынан айырумен 2 жыл бас бостандығынан айыруға, жазасын ТК жалпы режимінде өтеу белгіленген.

Бұл үкімге сотталушының қорғаушысы үкімнің қатандығына кассациялық шағым берген.

Істі кассациялық сатыда қарау кезінде іске қатысушы прокурор оның лауазымды адам болмауына байланысты, сотталушының әрекетін ҚР ҚК 176 баб. 2 бөл. «б,в» тармақтарынан ҚР ҚК 176 баб. 1 бөліміне ауыстыруды сұраған және оған ҚР ҚК 63 бабы бойынша шартты жаза қолдануды сұраған.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен Еңбекшіқазақ аудандық сотының үкімі өзгертілген, оның әрекеті ҚР ҚК 176 баб. 1 бөліміне ауыстырылған және оған ҚР ҚК 63 – бабы қолданылуымен сол мерзімге шартты жаза тағайындалған.

Дауларды шешу кезінде соттардың алдында тұрған міндеттердің ауырлығы азаматтық іс жүргізу саласында прокурорлық қадағалауды күшейтуді, мемлекттің, кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарын қамтамасыз етуді қажет етеді. Азаматтық іс жүргізуде заңдардың дәл және біркелкі орындалуын пркурорлық қадағалау соттардың барлық сатыларында заңды және негізді шешімдердің, ұйғарымдар мен қаулылардың қабылдануларының маңызды кепілі болып табылады.

Прокурорлық қадағалаудың міндеттері және азаматтық іс жүргізудегі прокурорлық қызметтің басты бағыттары ҚР Конституциясында, АІЖК, Прокуратура туралы заңда, ҚР Бас пркурорының бұйрықтары мен нұсқауларында және өзге нормативтік құқықтық актілерде мазмұндалған.

Прокурор азаматтық іс жүргізудің барлық кезеңдерінде кез келген заң бұзушылықтарды жоюға заңмен көзделген шараларды уақытылы қолдануға міндетті. Көрсетілген нормативтік актілерден шығатын талаптарға сәйкес, ҚР Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар азавматтық істерді соттарда қарау кезінде мына талаптарды орындау үшін заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады:



  • барлық сот сатыларында істерді жан - жақты, толық, объективті және уақытылы талқылау туралы заң талаптарын орындау;

  • әр іс бойынша заңды және негізді шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар шығару;

  • шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыларды заң талаптарына сәйкес уақытылы орындау.

Прокурорлар сот төрелігінің мақсаттарын және сот алдында тұрған міндеттерді орындауды судьялар тәуелсіздігі қағидаттарын сақтаумен және тек заңға бағынумен жүзеге асыруға мүмкіндіктер тудырыды.

Азаматтық іс жүргізуде заңдардың орындалуын қадағалауды ҚР Бас Прокуроры, облыс, қала, аудан прокурорлары жүзеге асырады. Прокуратура органдары қызметінде қадағалаудың осы саласын шұғыл басқару мақсатында, ҚР Бас прокуратурасында азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот қаулылары мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау Департаменті, облыс және оларға теңестірілген прокуратураларда азаматтық істердің соттарда қаралуын қадағалау бөлімдері құрфылған. Аудандарда және қалаларда бұл міндеттерді аудан және қала прокурорларының орынбасарлары немесе көмекшілері орындайды. Бұл жұмысты осы прокуратуралардың басшылары басқарады.

Прокурорлардың алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындау мақсатында прокурорға заң бойынша оған қажетті өкілеттіктер берілген. Олар топталған түрде прокуратура туралы Заңның 30 – бабында, ҚІЖК және «азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын прокурорлық қадағаклау туралы» Бас прокурордың 2000 ж. 28 тамыздағы бұйрығында, «Атқару өндірісі туралы заңдардың қолданылуын пркурорлық қадағалау туралы» 2000 ж. 10 сәуірдегі бұйрығында, «Әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын прокурорлық қадағалау туралы» 2000 ж. 30 мамырдағы бұйрықтарында баяндалған.

Азаматтық істерді сотта қарау кезінде заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыра отырып прокурор өз құзыреті шегінде:



  1. кассациялық және қадағалау тәртібінде бірінші сатыдағы соттың істерді талқылауына қатысады; істі қарау кезінде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар береді, сотқа талап арыздар жолдайды, жалпы азаматтық істер бойынша істің мәніне қарай қорытындылар береді; заңда қарастырылған басқа да іс жүргізу әректтерін жасайды;

  2. заңсыз және негізсіз шешімдерге, ұйғарымдарға және сот қаулылварына, судьялардың қаулыларына наразылық келтіреді;

  3. шешімдерді, ұйғарымдарды және сот қаулыларын орындатудың заңдылығын тексереді, сот орындаушысының заңсыз әректтеріне наразылық келтіреді;

  4. азаматтық істер бойынша қабылданған сот шешімдерін, ұйғарымдарын және сот қаулыларын қайта қарау заңмен қарастырылған жағдайда, оған шаралар қолданады.

Заңмен берілген өкілеттіктерді жүзеге асыра отырып, прокурор азаматтық іс жүргізудегі қадағалауды азаматтық істерді сотта жан – жақты, толық, объективті және уақытылы талқылау туралы заңдылықты өмірде өткізуге мүмкіндік тудыратындай және әр іс бойынша заңды және негізді шешімдер қабылдайтындай етіп ұйымдастыруы керек.

Қадағалаудың мәні тек соттың шешімдері, ұйғарымдары және қаулылары ғана емес, сондай – ақ тазаматтық талапты сотқа дейін қарауда да, сот қарауында да орындалатын іс жүргізу әрекеттер. Прокурор өзінің ешбір жеке мүддесі үшін емсе, тек жалпы мемлекеттік мүдделер үшін сот төрелігіне жолдауға үлес қосатын сот құрамының, сондай – ақ іске қатьысушы тұлғалардың - тараптардың, үшінші жақтардың, куәлардың, сарапшылардың мемлекеттік басқарма органдары өкілдерінің азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарының талаптарын сақталуын бақылайды.


Соттарда азаматтық істеғрдің қаралуына прокурорлық қадағалау

Бірінші сатылы сотта азаматтық істер бойынша прокурордың қадағалауы сотта талап қою және оны қолдау, сондай – ақ сотта азаматтық істерді қарауға өатысу және қорытынды беру нысанында жузеге асырылады.

Көрсетілген нысандағы заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурор жұмысының ерекшеліктерін қарайық.

Прокцурордың талап қоюы. Прокурор заңның бұзылғанына кінәлі адамдарға мәжбүрлеу шараларын қолдану құқығы жоқ. Бірақ, заң бұзушылықтарды жою, бұзылған құқықтарды және мемлекеттің, кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру қажеттіліктері туындағанда, оның араласпай қалуы мүмкін емес. Осы мақсаттарда оған сот ықпалының нәтижесінде бұзылған заңды қалпына келтіру үшін талап арызбен сотқа шағымдану құқығы берілген. Прокурордың сотқа талап қоюы, оның анықталған заң бұзушылықтарға қолданған шараларының бірі болып табылады.

Істі қозғаған прокурордың іс жүргізу жай - күйі басқа талап берген адамдардан ерекшелейтін бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Прокурор берілген талап бойынша сот шығындарын төлемейді. Оның талап арызды қабылдаудан бас тартуы мүмкін емес. Тек бір жағдайда ғана егер талап қойып жатқан адамда слтқа өтініш беру құқығы болмаса, прокурор талап арызды қабылдаудан бас тартуы мүмкін. Прокурорға қарсы талап қоюға болмайды. Жауапкер прокурордың талап қойған адамына ғана қарсы талап қоя алады. Талап бойынша қабылданған соттың шешімі прокурорға емес, мүддесін қорғау үшін талап қойған адамға таратылады. Прокурор тараптарға тән іс жүргізу әрекеттерін: бітісгершілік келісімін жасауға қүұқылы емес.

Прокурорлар талап қою бойынша өз өкілеттіктерін азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекет мүдделерін қорғау қажет болған жағдайда пайдаланады.

Азаматтық іс жүргізуде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау амалдарының бірі, прокурордың сотта қаралып жатқан дауға араласуы болып табыладыү

Прокурорлар қандай себептер бойынша талап қойса да, талап қою материалдарын жан – жақты және мұқият әзірлеу керек, ал қажет болған жағдайда, прокурордың талаптары тиісті құжаттармен бекітілуге тиіс.

Талап арыздың нысаны мен мазмұны ҚР АІЖК 150 – бабанда баяндалған талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Арызда:


  1. арыз берілетін соттың атауы;

  2. талап қоюшының атауы, тұрған джері (мекен жайы)

  3. жауапкердің атауы, тұрғылықты жері, егер жауапкер зағды тұлға болса, оның тұрған жері;

  4. талапр қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

  5. прокурор өзінің талаптарын негіздейтін мән – жайлар, және прокурормен баяндалған мән – жайлады растайтын дәлелдемелер;

  6. егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;

  7. бұл заңмен белгіленсе, немесе тараптардың шартында көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер;

  8. арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. Арызға прокурор қол қояды. Талап арыз сотқа жауапкерлердің саны бойынша көшірмелерімен ұсынылады. Талаптың сипаты мен ауырлығына қарай сот прокурорға талап арызға тіркелген құжаттардың көшірмесін әкелуге міндеттеуі мүмкін.

Прокурордың одан арғы жұмысы сотта істі қарауда қатысу және өзінің талаптарын қолдау. Прокурор қойған талап сотта қолданылуы тиіс. Бірақ, прокурор талап арызда баяндалған көзқарастармен және мүддесін қорғау үшін талап қойылған адамның көзқарасымен байланыста болмайды. Прокурор заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыратынорганның өкілі ретінде мұндай жағдайларда талапкердің мүдделері емес, заң талаптарының негізінде шығады. Сондықтан, егер прокурор іс құжаттары негізінде талапкер талаптарының негізсіздігі туралы қорытындыға келсе, ол қойылған талаптан толық немесе жартылай бас тартуға құқылы емес, әрі міндетті болады. Бірақ, прокурордың талаптан бас тартуы мүдделі адамның істі қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

Қойылған талапты сотта қарау кезінде прокурор тәуелсіз болады. Тәртіп бойынша, прокурорлар қойылған талапты қолдайды, ал егер істің мән – жайлары бойынша талаптан бас тарту немесе негіздемелерді өзгерту, сондай – ақ залалдың мөлшерін төмендету қажет болса, онда прокурор оны істеуге құқылы. Мұндай жағдайларда, прокурор өз көзқарасын наразылық келтерген адаммен, егер ол сотқа қатысатын прокурормен салыстырғанды басшы қызметінде болса да келістіру талап етілмейді. Прокурор сотқа жазбаша құжаттарды ұсынуға құқылы. Қорытынды беру кезінде талап қойған прокурор бірінші болып шығады.

Азаматтық істерді соттарда қарау кезінде прокурордың қатысуы шындыққа негізделген мән – жайларды жан – жақты, толық және объективті зерттелуінің, сондай – ақ сотта заңды және негізді шешім шығарудың маңызды кепілдерінің бірі болып табылады.

Азаматты хабар – ошарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қатыс болған деп жариялау туралы істерді сет тек прокурордың қатысуымен ғана қарайды.

«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 68 – бабына сәйкес, прокурор ата – аналық құқықтан айыру туралы азаматтық істерге қатысуға міндетті. Барлық көрсетілген жағдайларда, соттар істің сотта қаралуына прокурордың қатысуы туралы арнайы ұйғарым шығаруға міндетті емес. Заң талаптары прокурор үшін міндетті.

Басқа санаттағы істер бойынша прокурор істің маңыздылығына, ауырлығына, қоғамдық және әлеуметтік маңызына, аудандағы немесе қаладағы заңдылықтың қаклпына қарай қатысады.

Істің сотта қаралуына қатысумен прокурор құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған адамға көмек көрсетеді, олардың қалпына келтірілуіне мүмкіндік тудырады. Прокурордың сот мәжілісіне қатысуы кезінде ол іс құжаттарымен алдын ала танысады. Сондай – ақ, талап арыздың себептерінде прокурор үшін алдын ала анықталған күш болмайды. Дәлелдемелерді зерттеу кезінде олар жоққа шығуы немесе өзгертілуі мүмкін.

Сот мәжілісінде прокурор тараптардың теңдігі мен жарыссөз қағидаттарын сақтауға міндетті. Ол талапкерге, жауапкерге, үшіншү жақтарға, сарапшыларға, өкілдерге сұрақтар қояды.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ҚР Конституциясы. «Жеті Жарғы» Алматы, 2003 ж.

  2. «ҚР Прокуратурасы туралы» ҚР Заңы. Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жиынтығы. Алматы: Юрист, 2003. – 220 б.

  3. Қр Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы, Юрист, 2003ж.

  4. Қр Қылмыстық кодексі. Алматы, 1997ж.

  5. Ақпарова Р.Н Қазақстан РЕспубликасының прокуратура органдары. Алматы, «Дәнекер», 2000 ж.

  6. Алиев М.М. Прокурорский надзор РК. Оқу - әдістемелік материалдары. «Жеті Жарғы», Алматы, 2002 ж.

  7. Винокуров Ю.Е Прокурорский надзор. 3 – і бас. М., 2001 ж.

  8. Келдібаев М.Х,, Огородников А.А. Прокурорский надзор. Оқулық. – Санкт – Петербург, 2002ж.

  9. Прокурорлық қадағалау (Жауаптар мен сүрақтар). – М.: Жаңа заңгер, 1999 ж.

  10. Прокурорлық қадағалау/ Ю.Е. Винокуровтың редакциялығымен. – М.: Экзамен, 2000 ж.

  11. Басков В.И. Курс прокурорского надзора./ Прокурорлық қадағалау курсы/, -М.: Зерцало, 1999.

  12. Прокурорлық қадағалау (Оқу бағдарламасы), Алматы: Қазақ мемлекеттік заң университетінің кітапханасы, 1998

  13. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор РК. – Алматы 2002

  14. Нәрікбаев М.С. Дорога к правосудию/ Әділ сотқа жол/, - Алматы: «Елимай контакт». 1997.

  15. Өтебаев Ғ.Қ. Сотта мүдделерді білдіру. ҚР әділет органдары, мемлекеттік және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты. – Астана, 2004 ж.

  16. Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы. – Алматы, 2001 ж.

  17. Өтебаев Ғ.Қ. Мемлекеттік айыптаушының соттағы сөзі. Оқулық. Алматы, 2004 ж.

  18. Прокурорлық қадағалау мәселелері жөніндегі Бас прокуратураның негізгі нормативтік актілер жинағы. Астана, 2003 ж.

  19. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Оқу - әдістемелік құрал. – Алматы: «Дәнекер», 2000 ж.

  20. Нәрікбаев М.С., Юрченко Р.Н., Алиев М.М. ҚР- ның қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдылығын қолданудың маңызды мәселелері. Астана, 1999 ж.

Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау

Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары

Заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалауда кез келген басқа да мемлекеттік қоғами пайдалы, жасампаз қызмет ретінде өзінің мәні мен міндеттері бар.

әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалаудың негізгі мазмұны мен мәні «Қазақстан Республикасының пркуратурасы туралы» Заңның «Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау» атты 3 тараудың Қадағалаудың мазмұны мен мәні деген 40 – бабында белгіленген және онда әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды прокуратура:


  1. әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде, сондай – ақ істерді қарау мен әкімшілік – құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалау шараларын белгілеген кезде заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуын қаматамасыз ету;

  2. Әкімшілік – құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде адамның және азаматтың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру;

  3. азаматтардың әкімшілік – құқық бұзушылық жөнінде жүргізілген істерге байланысты кез келген актіге шағым қолдану құқығын қамтамасыз ету;

  4. әкімшілік – құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде заңдарды бұзуға кінәлі адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады делінген.

Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау басқа саладағылар сияқты заң үстемдігін, бірлікті және заңдылықты нығайту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай – ақ мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсаттарында жүзеге асырылатындығын атап өту қажет.

Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау мемлекеттік басқару, бақылау органдарымен, басқа да органдармен шығарылатын құқықтық актілердің заңдарға сәйкес келуіне, әрі бұл заңдар бағыныштылыққа қарамастан барлық органдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен дәл және біркелкі орындалуына бағытталған.

Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың маңыздылығы мемлекеттік басқару органдарының, құқық қорғау органдарының заңдарды дәл орындаулары мемлекет алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындаудың аса маңызды негізі болып табылады.

Бірінші кезекте бұл органдардың міндеттері халық өмірінің деңгейін көтеру, әлеуметтік сала мен экономиканы дамытуға, мемлекеттікті нығайтуға, құқықтық мемлекетті қалыптастыруға, яғни әлеуметтік – экономикалық және басқа да реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады.

әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, прокурорлар есепке аса көңіл аударады, себебі жақсы реттелген есеп жасалған жұмыс жайын қарауға көмектеседі, атқарылған жұмыстың көлемі мен белгілі бір шамада сапасын, жіберілген кемшіліктерді көрсетеді, шұғыл және статистикалық есепті жүзеге асыруды жеңілдетеді.
Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қаматамасыз ету заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурордың өкілеттігі.

Прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларының заң бұзушылықтарға уақытылы шара қолдануларына, заң бұзушылықтарға мүмкіндік тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қолдануға, азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге, сондай – ақ кінәлі адамдарды заңмен анықталған жауапкершіліктерге тартуға прокуратура органдарына өкілеттіктер жиынтығы берілген.

Прокурордың әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі «Қазақстан Республикасының прокуратура туралы » Заңының 41 – бабында бекітілген. Аталған бапқа сәйкес әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:


  1. уәкілетті лауазымды адамдар мен органдардан әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтерді, құжаттар мен істерді талап етуге;

  2. құзыретіне әкімшілік – құқық бұзушылық туралы істерді қарау мен жаза қолдану кіретін лауазымды адамдар мен органдардың іс - әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды қарауға;

  3. азаматтарды әкімшілік ұстау мен қамаудың заңдылығын, сондай – ақ әкімшілік – құқық бұзушылыққа ықпал етудің өзге де шараларының негізділігін тексеруге;

  4. әкімшілік – құқық бұзушылық істерді қарауға қатысуға, өтініштер жасауға, істі қарау кезінде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге;

  5. әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге;

  6. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолдануға;

  7. әкімшілік – құқық бұзушылық туралы істер жөнінде іс жүргізуді қозғауға;

  8. заңда көзделген басқа да іс - әрекеттерді жасауға құқылы.

Заңдардың орындалуын, басқару органдарымен шығарылатын құқықтық актілердің заңдылығын, адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын, мемлекет пен ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін тексеруді прокуратура келіп түсетін хабарламалар, арыздар, шағымдар, заң бұзушылық фактілері туралы мәліметтер негізінд, сондай – ақ прокуратура органдарының жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

Прокуратура органдары сауда экономикасы, жеке және мемлекеттік меншікті қорғау негізінде экономикалық механизмге бағытталған құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ауыр міндеттерді орындауға, мемлекеттік, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауға үнделген. Прокуратура органдары министрліктер мен ведомстволардың, басқа да басқарма органдарының басшылары, лауазымды адамдарды өз міндеттерін заңдарды сақтаумен қалай орындайтындарын, осы жұмыста қандай қажетті көмектер көрсететіндерін пәрменді қадағалауды жүзеге асыруға аса көңіл бөледі, сондай – ақ олар заң бұзушылықтарды және басқа да нормативтік актілердің бұзылуын уақытылы анықтауға және жол бермеуге тиіс.

Кейінгі кезде прокурорлардың сыбайластық , бюджетке төлем төлемеу, салық және кедендік құқывқ бұзушылықтар туралы заңдардың сақталуын қадағалаулары маңыздырақ болуда.

Өз өкілеттіктерін жүзеге асыра отырып прокуратура органдары бақылауға алынған обьектлердің шұғыл-шаруашылық қызметтеріне араласуға, өзін басқа да мемлекеттік, сондай-ақ бақылаушы органдармен алмастыруға құқылы емес. Прокурордың өз өкілетінен шығатын талаптарын мекен-жайлардың заңмен немесе прокурормен анықталған мерзімдерде орындаулары үшін міндетті. Оларды орындамау заңда көзделген жауапкершіліктерге әкеп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет