3-қағида . « Бес W, бір H» әдісі
Берілген мәтінді оқи отырып, сұрақтар құрастырып, оларға жауап береді. Сұрақты 3 тілде құрастыруға кеңес беріледі.
Сұрақтар:
Who? Кім? Кто?
|
|
What? Не? Что?
|
|
When? Қашан? Когда?
|
|
Where? Қайда? Где?
|
|
Why? Неге? Зачем?
|
|
How? Қалай? Как?
|
|
Ұлы дала жүрегі
"Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, "бәй" - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда.
«Хан Шатыр» -Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Нұр-Сұлтанның жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған.Хан Шатыр - әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр СОСО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.Лорд Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы фторполимермен қапталған ұсақ тордан тұратын алып шатырдан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |