Ой дамыту тіл дамытудың негізі. Оқушылардың ойы мен тілін дамытуда қойылатын психологиялық талаптар



Дата14.11.2022
өлшемі18.76 Kb.
#464793
Лекция-1664156438981


11-тақырып. Ой дамыту – тіл дамытудың негізі.Оқушылардың ойы мен тілін дамытуда қойылатын психологиялық талаптар.
Ойлау мен сөйлеудің әрекетінің бір- бірімен тығыз байланстылығы ойлау- сөйлеу әрекетін тудырады.Сөйлеу әрекеті негізінде тіл білімінде емес, ойлаудың үрдісіне сүенгенмен бала тілін дамытушылық басты шарттарының бірі- ана тілінде ойлауын қалыптастыру.
Логикалық ойлану қабілетіне баулу сөйлеудің нәтижелі болуына әкеледі.Өйткені логикалық ойлаудың баланың ақыл-ой деңгейінің жоғарғы сатысы болғадықтан, дамытудыңұзақ жолымен өтеді.Бала сөздің ұғымын меңгере отырып, пайымдауынша, пікір айтуға қортындылар жасауға үйретеді.Сондықтан баланың ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін ең алдыменсөздік ұғым игертіледі.
Баланың ойы логикалық құрлымға ғана емес, сөздің ұғымдармен, олардың бір- бірімен байланысын есте сақтауға негіздейді.Сөйлеу тілін дамыту үшін есте сақтаған сөздерінің байланысы білім мен таным нәтижесінде өзінің өмір тәжірбиесінде, сөйлегенде қолдана білу дағдылары мен икемділігін қалыптастастырады.Оқытуда сол арқылы сөйлеу икемділігі арттырылады.
Тілдің дамуы бұл өте күрделі процесс болып табылады. Эмоциялық түрде мұны жеткізу мүмкін емес.Ең бастысы бұл сөйлеу тілінің дамуында икемділік,анықтылық, түсінушілік қажет.
Сөйлеу тілінің дамуы бір ізділікпен жүйелекпен дамиды.Адам бүкіл өмірін сөйлеу тілін меңгерумен, оны байытумен өткізеді. Алғашқы балалық шақта қарапайым сөйлеу тілін меңгереді. Өз ойын жеткізу мүмкіндігі жас ұлғайған сайын дамып, сөздік қоры молая түседі. Бала даму үстінде күрделі сөз түрлерін пайдалана бастайды, сөйлеу тілінің ережлерін сақтай бастайды, көптүрлі синтаксистік сөздердіқұрай бастайды.
Басқа сөзбен айтқанда бала өз ана тілін тілдік қызмет арқасында меңгере бастайды.Міне сондықтанда оқушылардың тілін дамытуда күнделікті мақсатты түрде жұмыс жасау қажет.
Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу біліктілігін дамытуда тіректерді коллаж ретінде пайдалану тиімді болып отыр, себебі ол обьектіге және оның компоненттеріне жанжақты қарауға, бірден зейін аударуға мүмкіндік береді.
Тілдік тіректерді негізге алып, монолог түрінде оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығының деңгейін анықтау, оқушылардың тыңдаған, оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс қабылдауын қадағалай отырып, оларды монолог түрінде сөйлеуге үйрету, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылықтарын дамытуда әдістің тиімділігін дәлелдеу .
Ауызекі сөйлеуді қалыптастыру үшін оқушы әр сабақта жаңа білім алып қоюмен ғана шектелмей, өз бетінше ізденіп, талдап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму біліктілігін жетілдіріп отыруы қажет. Сонда ғана, оқушы ауызекі сөйлеу мақсатына жете алады.
Қазіргі кезеңде бұрынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысына да, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап оқушының қазақ тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру болып отыр. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі-ақпаратты, инновациялық коммуникативті оқыту технологиясы. Осы технологияны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, екеуара қарым – қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ете алады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде білім беру-оқушыны ауызша (тыңдау, түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу, жазу) тарту яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынас қалыптастыру деген сөз. Коммуникативті оқыту технлогиясы қазақ тілін оқытудағы оқу-тәрбие үдерісінің барлық мақсат міндеттерін қамтиды. Коммуникативті оқыту технологиясы оқыту процесінде маңызды рөлге ие. Әртүрлі әдіс тәслдерді оқушыларға тың мәлімет, қызықты тапсырмалар беріп отыру мұғалімнің ұйымдастыру қабілетіне тиесілі. Қазіргі заман талабы қазақ тілін білу болса оқушыларға қалайда жақсы меңгертем деген ұстаз оқытудың түрлі тәсілдерін қолданады. Қандайда бір әдіс болмасын, оның өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде ақпаратты инновация технологияларды қолдану барысында көптеген артықшылықтарға көз жеткізілді

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет