Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ
Спорт және Өнер факультеті
Дене мәдениеті кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Жүзу спорт түрлері
Орындаған: Сейлхан Б
Тобы: МДШ-112
Түркістан 2023
Суда жүзу – спорттың ерекше әрі пайдасы мол түрі. Жүзу кезінде ағзадағы барлық бұлшық ет қимылға түсіп, шымырлана түседі. Омыртқаның түзу болуына бірден-бір септігін тигізеді. Сондай-ақ, ол арқылы дене сымбаттылығын сақтап тұруға да болады. Айта берсек, спорттың бұл түрінің пайдасы аса көп.
Жүзудің 4 түрі бар. Олар: арқадағы кроль, кеудедегі кроль, брасс, батерфляй. Кеңесшінің айтуынша, бүгінде оның брасс және арқамен жүзу түрі кең қолданысқа енген және оны үйрену оңай екен. Жүзуді білмесеңіз, біздің кеңестерді есіңізде сақтап алғайсыз. Есіңізде болсын, жүзуді кез келген жаста үйренуге болады. Ендеше, сәттілік!
Қажеттіліктер:
Таза әрі кең су кешеніне абонемент алыңыз немесе ағысы жоқ өзенге түссеңіз де болады;
Қажеттіліктер ішінде қолға тағатын балон, тақтайша, резеңке бас киім және тағы басқалары да болуы қажет;
Судан қорғайтын көзілдірікті таңдағанда ыңғайлылығына мән беріңіз.
Жүзуді үйренуге кіріспес бұрын:
Суға түспес бұрын алдымен өзіңізді психологиялық тұрғыда дайындап алыңыз. Егер бала күніңізде суға тұншығып немесе өзге де төтенше жағдайға тап болсаңыз, өткенді бір сәтке естен шығаруға тырысыңыз;
Себезгі (душ) қабылдап, бұлшық етті суға үйретіп алыңыз;
Бірнеше рет отырып тұрып, аяқ-қолға жеңіл жаттығу жасаңыз. 3 минуттай бір орныңызда жүгіргендей қимыл жасаңыз.
1. Аяқ пен қолды жаттықтыруды су ішінде жалғастырыңыз. Кеудемен және арқамен қолды созған қалыпта аяқты суға шалпылдатыңыз. Терең дем алып, демді су ішінде шығарыңыз.
2. Аяқты дене деңгейіндегі қалыпта ұстаңыз. Бүгуге болмайды. Ыңғайыңызға қарай суды есу қимылдарын қолыңызбен жасаңыз. Бұл кезде аяқты бос ұстап, суды шалпылдатыңыз немесе судың ішінде жеңіл қимылдатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |