Ойлау ұжыммен! Шешу –шапшаң! Жауап беру – дәлелді! Бізде бәрі – тамаша болады!



Дата23.09.2024
өлшемі499.69 Kb.
#503891
16 -mtindi-esepterdi-proporcijany-kmegimen-shyaru -nsa-1


Тақырыбы:
Мәтінді есептерді пропорцияның
көмегімен шығару
Оқу мақсаттары:
6.1.2.7
шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
- пропорция ұғымын біледі;
- пайыз ұғымын біледі;
- cанның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;
- пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шеше алады.
Миға шабуыл:
1. Екі санның қатынасы 3-ке тең. Оның соңғы мүшесі 7-ге тең. Қатынастың алдыңғы мүшесін табыңдар.
2. Екі санның қатынасы 2-ге тең. Оның алдыңғы мүшесі 8-ге тең. Соңғы мүшесін табыңдар.
3. Шамалардың қатынастарын табыңдар:
а) 70 см-дің 150 см-ге ә) 3 км-дің 150 м-ге б) 2,5 кг-ның 0,5 кг-ға
4. Екі санның қатынасы дегеніміз не?
5. Берілген қатынаста бөлу алгоритмі қалай айтылады?
Жаңа сабақ.
  • Санды берілген сандарға кері пропорционал бөліктерге бөлу үшін, оны осы берілген сандарға кері сандарға тура пропорционал бөліктерге бөлу керек.
  • Мысалы, 136 санын 3 және 5 сандарына кері пропорционал екі бөлікке бөлейік.

Шешуі:
136 санын 3 және 5 сандарының әрқайсысына кері санға ( және ) тура пропорционал бөліктерге бөлеміз.
  • 136: ( + ) = 136 : 255.

  • х1 – бірінші бөлікке сәйкес сан, х2 - екінші бөлікке сәйкес сан.
  • х1 = 255 х2 = 255 немесе
  • х1 х2 = .

Жауабы: 85 және 51 сандары.
Жалпы сыныппен жұмыс
1-есеп. 1) 91 санын 5 және 8 сандарына;
2) 143 санын 4 және 7 сандарына;
3) 104 санын 2;3 және 4 сандарына кері пропорционал бөліктерге бөліңдер.
2-есеп. Екі бекеттің арақашықтығы 240 км. Осы екі бекеттің арасын жолаушылар пойызы 3 сағ жүрсе, жүк пойызы 5 сағ жүреді. Бір уақытта бірінші бекеттен жолаушылар пойызы, екінші бекеттен жүк пойызы шығып, бір-біріне қарсы жүріп кездесті. Кездескенге дейін жолаушылар пойызы неше км қашықтықты жүрді, жүк пойызы неше км қашықтықты жүрді?
3-есеп. Ұзындығы 21 км- жолды жұмысшылардың бірінші бригадасы 8 күнде жөндейді, ал екінші бригадасы 6 күнде жөндейді. Егер екі бригада бірігіп жөдесе, жолдың неше км-ін бірінші бригада, неше км-ін екінші бригада жөндейді? ( Әр бригаданың күнделікті орындайтын жұмыс мөлшері бірдей.)
4-есеп. 50 оқушы екі топқа бөлініп, аудандары бірдей екі егісті жерді арам шөптерден тазартуға көмектесті. Бірінші егістік жерді бірінші топ оқушылары 4 күнде арам шөптерден тазартады. Екінші егістік жерді екінші топ оқушылары 6 күнде арам шөптерден тазартты. Бірінші және екінші топта неше оқушы болған?
Сергіту сәті.
1 дегенде тұрайық, 2, 3, 4 – алақанды соғайық, Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық.
Жұптық жұмыс
№1. Бірінші шеберхана 600 кітапты 12 күнде, екіншісі 6 күнде түптейді. Егер бірлесіп жұмыс атқарса, олар бұл кітаптарды неше күнде түптеп шығады? 
№2. Екі бригада 6 күнде 600 жеміс ағаштарын отырғыза алады. Бір бригада бір күнде 60 ағаш отырғыза алады. Қай бригаданың жұмыс өнімділігі артық және қаншаға артық? 
№3. Бір орамда 25 м, ал екіншісінде 49 м бірдей мата бар. Екінші орамның құны біріншіден 1440 теңге артық. Әр орамға қанша теңге ақша төленген? 
Үйге тапсырма:
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Шамаларды берілген қатынаста бөлу. №37; №41.
1. Сабақтың мақсаты қандай болды?
2. Мен мақсатқа жеттім бе?
3. Мен не білдім?
4. Мен нені үйрендім?
5. Мен нені түсінбедім?
6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет