Өкпе абсцессі Өкпедегі қуыс синдромының клиникасы. - Кезеңдері:
- 1-і кезең, іріңдік ашылғанша (қабыну инфильтрациясы кезінде)
- 2-і кезеңі, іріңдік бронхқа ашылғаннан кейін (іріңнен босағаннан кейін ауалы қуыс қалады)
- Клиникасы: жоғары қызба, қалтырап тоңу, тершеңдік, науқастың жалпы жағдайы ауыр.
- Қарау: кеуденің ауратын жағы тыныс қимылдарынан қалыңқы.
- Пальпацияда:
- - қабынудан өкпенің тығыздалған тұсында
- дауыс дірілінің күшеюі.
- - сұйықтық-ірің пайда болғанда дауыс дірілінің
- әлсіреуі.
- Перкуссияда: дыбыстың тұйықталуы.
- Аускультацияда: бронхиальды реңді везикулярлы тыныс; везикулярлы тыныстың әлсіреуі.
- Іріңдік терең орналасса – деректер әлсіздеу.
Іріңдіктің бірінші кезеңі - Рентгенде: айналадағы тіннен айқын шектелген дөңгелек пішімді гомогенді қараю.
- Қанда: лейкоцитоз, лейкоциттер формуласының солға ығысуы, ЭТЖ тездеуі.
Іріңдіктің (абсцесстің) екінші кезеңі - Клиникасы: көлемді (1,5 литрге дейін) іріңді қақырықты жөтел
- Төсектегі қалпы: жөтелді, қақырық бөлуді азайту үшін мәжбүрлі қалып
- Төсекте жату: жоғарғы бөлік іріңдігінде;
- Төсекте отыру: төменгі бөлік іріңдігінде;
- Төсекте қырынан жату: іріңдік оң не сол өкпеде.
- Пальпацияда: дауыс дірілінің күшеюі.
- Перкуссияда:
- Тимпанды реңді өкпелік дыбыс;
- Ірі қуыстар тұсында метал дыбысты типанит;
- «жарылған құмыра шуы» - егер ірі қуыс тар саңылаулы бронхпен қосылған болса.
Іріңдіктің (абсцесстің) екінші кезеңі - Аускультацияда: бронхиальды тыныс, ірі көпіршікті ылғалды сырылдар;
- ірі қуыстар тұсында – амфоралы тыныс.
- Бронхофония: күшейген.
- Рентгендік тексеруде: (дене қалпына байланысты өзгеретін) деңгейі горизонтальды сұйығы бар қуыс
- Қақырық: іріңді, көбіне 2 ( детриттер болса 3) қабатты қақырық, лейкоцитттер, эластикалық талшықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |