Қолданбалы экология


Плазмон – цитоплазмалық органеллалардың генетикалық детерминан- ттары (жануарлар митохондриясында). Полиплоидия



Pdf көрінісі
бет45/47
Дата22.09.2022
өлшемі0.65 Mb.
#461124
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Плазмон – цитоплазмалық органеллалардың генетикалық детерминан-
ттары (жануарлар митохондриясында).
Полиплоидия – үш есе немесе одан да көп хромосома жиынтығы бар ор-
ганизм.
Популяция – ұзақ уақыт бойы бір ғана территорияны мекендейтін, өзара
еркін шағылысатын бір түрге жататын особьтар жиынтығы.
Процессинг – жетілген мРНҚ түзілу процесі.
Рекомбинация – кроссинговер нəтижесінде мейоз кезінде болатын ата-
ана гендерінің қайта топтасуы.
Репарация – зақымдалған ДНҚ молекуласының бастапқы құрылымының
қалпына келу процесі, яғни макромолекуладағы зақымданулардың клеткамен
емделу факті.
Репликон – өздігінен репликацияланатын генетикалық элемент. Репли-
кондары хромосома, плазмида, вирустар болып табылады.
РНҚ – ДНҚ-дан ақуызға тұқым қуалау ақпаратын тасымалдауға қажет
молекула.
Робертсон транслокациясы - хромосомалардың қосылуы жəне олардың
бөлінуі (ажырауы).


97
Сперматозоид – эукариот аталықтарының жыныс клеткасы.
Сплайсинг – мРНҚ-ның жетілген молекуласына экзондардың бірігу жəне
интрондардың жойылу процесі.
Транзиция – бір пуриннің екінші пуринге немесе бір пиримидиннің
басқа пиримидинге ауысуы.
Трансверсия – пуриннің пиримидинге немесе пиримидиннің пуринге
ауысуы.
Трансдукция – біркелкі фагтардың көмегімен гендердің бір бактериялық
клеткадан екіншісіне тасымалдануы.
Транскрипция (гяРНК жəне мРНК синтезі) – РНҚ-полимераза
ферментінің көмегімен ақпараттың ДНҚ-дан РНҚ-ға тасымалдануы.
Транслокация – қос гомологты емес хромосомалар арасындағы
учаскелермен өзара алмасуы.
Трансляция (ақуыз түзілуі) – ақпараттың РНҚ-дан ақуызға генетикалық
код арқылы берілуі.
Транспозиция – қандай да бір хромосома учаскесінің сол хромосомада
жағдайын өзгертуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет