«Қолданбалы геодезия 1» пәнінің



Дата08.07.2016
өлшемі122.56 Kb.
#185767

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




СМК 3 деңгейдегі құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-14.1. 17 / 02-2013





ПОӘК

«Қолданбалы геодезия-1» пәнінің оқу - әдістемелік кешені студент үшін




02.09.2013ж

№ 1 басылым





« Қолданбалы геодезия - 1» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




5В071100 Геодезия және картография мамандығы үшін




СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ




Семей

2014

Алғы сөз

1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырған –Аубакирова С.М. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Геодезия және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы «_____» ______201__ ж. № ___
2. ТАЛҚЫЛАНҒАН

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Геодезия және құрылыс» кафедрасының отырысында


Хаттама «_____» _______ 201____ жылғы, № ______
Каф. меңгерушісі ____________ Күдеринова Н.А.

2.2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында


Хаттама «_____» _______ 201____ жылғы, № ______
Төрайым ____________ Бекбаева Р.С.

3. БЕКІТІЛГЕН

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында келісіліп, баспаға ұсынылды
Хаттама «_____» _______ 201____ жылғы, № ______

ОӘК төрайымы________________Искакова Г.К.



Мазмұны


  1. Жалпы ережелер

  2. Пәннің мазмұны және сағаттарға бөлінуі

  3. Студент үшін әдістемелік нұсқаулар

  4. Курстың форматы

  5. Курстың саясаты

  6. Бағалау саясаты

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Жалпы ережелер


    1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер




  • Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты – Аубакирова Сымбат Муратоана, аға окытушы

  • Кафедра – Геодезия және құрылыс;

  • Байланыс ақпараты – тел: 35-84-38, № 1 корпус, кабинет №1003;

  • Дәрісті өткізетін орын – № 1004,1005 аудиториялар;

  • Пәннің атауы – «Қолданбалы геодезия-1»;

  • Кредит саны – 4;

1.2. Оқу жоспарынан үзінді




Курс

Семе

стр


Кредит-

тер


Дәріс

сағат


саны

Зерт-

хана


-лық

жұм.


сағат

саны


Сараман-дық жұмыстар

сағат


саны

СО

ӨЖ


СӨЖ

Бар-лығы


Бақылау нысаны

3

5

4

30

15

15

60

60

180

емтихан

1.3. Курстың сипаттамасы:

« Қолданбалы геодезия» курсында – мынадай жалпы теориялық аспектiлердi үйретедi:

- құрылыс өндiрiсiн топографиялық-геодезиялық әдiстермен қамтамасыз ету;

- топография –геодезиялық iзденiс әдiстерiн;

- ғимараттың есептелген геометриялық параметрлерiн қатаң сақтау және геодезиялық қамту әдiстерi.

1.4. Пәннiң мақсаты және тапсырмалары: болашақ маманға геодезия ғылымының теориялық негiзiн және геодезиялық жұмыс өндiрiсiнде қажеттi тәжiрибе алуды үйретедi:

- пландық-биiктiктi инженерлiк-геодезиялық тор құру бойынша;

- құрылысты аймақтарды түсiру әдiстерi бойынша;

- трассалау жұмыстары бойынша;

- бөлу жұмыстарының технологиясы және теориялық негiздерi бойынша;

- құрылыс процессiнде және оның соңында жасалатын түсiру түрлерi бойынша;

- ғимараттың шөгуiн және қисаюын геодезиялық әдiстермен анықтау бойынша;

1.5. Курсты бiткен соң студент бiлуi қажет:

- iрi масштабты түсiру үшiн пландық-биiктiктi геодезиялық тор жобалауды;

- инженерлiк құрылымды монтаждауда,құрылыста және iзденiсте геодезиялық жұмыстарды орындауды;

- далалық материялдарды алдын-ала және соңғы дәлдiгiн бағалауымен өзiнше математикалық өңдеудi;

- ғарыштық және компьютерлiк технологияны қолдануды;

Iс жүзiнде бiлу қажет:

- заманға сай приборларды

- ЭЕМ қолданып,геодезиялық өлшеулурдi математикалық өңдеу теориясын

- құрылысты және құрылысы аз,ашық аймақты түсiру әдiстерiн;

Жұмыс жасап бiлуi қажет:

- құрылымның деформациясын бақылауда,мантаждауда және құрылысында қолданатын геодезиялық приборлардың барлық түрлерiн бiлу қажет;

- GPS серiктiк жүйесiн қолданып жасалатын геодезиялық жұмыстар өндiрiсiнiң жаңаша әдiстерi;

- геодезиялық торлардың барлық түрлерiнiң,далалық және теңестiрiлген мәндерiн алдын-ала және соңғы бағасымен теңестiру әдiстерi;



- деформация бойынша құрылымның және табанының бекемдiлiк деңгейiнiң бағасын және деформацияны бақылаудың периодикалық графигiн құру әдiстерiн;

    1. Пререквезиттер:

  • геодезия

1.7. Постреквезиттер:

  • Геодезиялық өлшеулердің автоматтандырылуы


2 Пәннің мазмұны мен сабақ сағаты
1 – кесте. Пәннің мазмұны. Дәрістің түріне қарай сағат санын бөлу.



Тақырыптары

Көрнекі құралдар, плакаттар

Өздік жұмысқа тапсырмалар

Бақылау түрі



Лекциялық дәрістер

Тәжірибелік (семинар) сабақтары


Зертханалық сабақтар

1

2

3

4

5

6

Қолданбалы геодезия пәнi және тапсырмалары. Инженерлiк-геодезиялық жұмыстардың ерекшелiгi. Қолданбалы гедезия курсының мамандықтын басқа пәндерімен байланысы. Қолданбалы геодезияның қазіргі заманғы құрылыстағы даму сатысы.

Геодезиялық торлардың түрі мен мәні. Геодезиялық торларды құру әдістері.

Мемлекеттік құрылыс торын жобалау

Реферат

Жобаны болмысқа шығару үшін, геодезиялық берілгендерді дайындау әдісі

Ауызша сұрақ-жауап

Жобалық инженерлiк-гедезиялық тор (ИГТ). Тор түрлерi және оның дәлдiгi, қолданылуы. Тор дәлдігін есептеу әдістері және саты санының дамуы. Инженерлiк-геодезиялық жұмыс кезiнде салыстырмалық беттi және координат жүйесiн таңдау.







Реферат




Ауызша сұрақ-жауап

Триангуляцияны жобалау дәлдігін есептеу. Инженерлік-геодезиялық торлардың ұзындықтиары мен бұрыштарын өлшеу ерекшеліктері. Полигонометриялық торлар мен жүрістерді жобалау. Инженерлік полигонометриядағы бұрыштық және сызықтық өлшемдердің ерекшеліктері.

Құрылыс торы жобасын құру

Геодезиялық бөлу элементтерін тік бұрыштар координатасы әдісімен дайындап, дәлдігін бағалау

Реферат

Автокөлік жолдарының категориялары және техникалық сипаттамасы

Ауызша сұрақ-жауап

Сызықтық-бұрыштық құрылымдарды қолдану. Дәл микротрилатерация. Геодезиялық құрылыс торы. Құрылыс алаңдарында және қалаларда геодезиялық торды бекiту.

Тура геодезиялық кертпе

Геодезиялық бөлу элементтерін полярлы координаталар әдісімен дайындап, дәлдігін бағалау

Реферат




Ауызша сұрақ-жауап

Биіктіктік инженерлік-геодезиялық тор. Биіктіктік негіз дәлдігіне берілетін талаптар мен тағайындаулар. Биіктік жүйесі.




Геодезиялық бөлу элементтерін бұрыштық керітпе әдісімен дайындап, дәлдігін бағалау

Реферат

Ғимаратты бөлудiң теориялық негiзi.


Ауызша сұрақ-жауап

Биіктік торларының жобалау дәлдігін есептеу. Биіктіктік инженерлік-геодезиялық торларды тұрғызу кезіндегі нивелирлеудің ерекшеліктері.

Кері геодезиялық кертпе




Реферат




Ауызша сұрақ-жауап

Ірімасштабты инженерлік-топографиялық түсіріс. Ірімасштабты пландардың жалпы сипаты. Пландағы өлшеу дәлдігі. Ірімасштабты түсірісті негіздеу.

Геодезиялық торлардың элементтерінің дәлдігін бағалау

Геодезиялық бөлу элементтерін сызықтық керітпе әдісімен дайындап, дәлдігін бағалау

Реферат

Шеңберлі қисық элементтері және темір жол трассасын бөлу жұмыстары

Ауызша сұрақ-жауап

Фототопографиялық түсіріс әдістері. Құрылысы бар территорияны түсіру. Құрылысы жоқ территорияны түсіру. Жерасты коммуникациясын түсіру әдістері.







Реферат




Ауызша сұрақ-жауап

Жерасты коммуникациясын іздеудің индуктивті әдісі. Жерасты коммуникациясын түсірудің жұмыс технологиясы.

Өндіріс алаңын вертикальды жобалау

Трассаның өткінші қисық және шеңберлі қисық элементтерін бөлу жұмыстары. Қисықтың негізгі нүктелерін анықтау.

Реферат

Биiктiктiк инженерлiк-геодезиялық торларды құру кезiнде нивелирлеудiң ерекшелiгi.

Ауызша сұрақ-жауап

Сызықты құрылыстарды трассалау. Трасса және трассалау туралы жалпы түсінік. Магистральді трассаны іздестірудің жалпы технологиясы. Аэрорадионивелирлеу.







Реферат




Ауызша сұрақ-жауап

Камералдық трассалау. Трассалау және жобалау жүйесінің автоматтандырылуы. Далалық трассалау.




Көлік жолының көлденең қимасын тұрғызу.

Реферат

Торлардың дәлдігін бағалау және есептеу әдістері.

Ауызша сұрақ-жауап

Аралық қисықтар. Қисықтарды бөлшектеп бөлу. Нивелирлеу және түсіру жұмыстары.

Қисықты бөлу




Реферат

Ғимараттарды жобалағанда, құрғанда және эксплуатациялаған-дағы геодезиялық қызметті ұйымдастыру

Ауызша сұрақ-жауап

Геодезиялық бөлу жұмыстары. Ғимаратты бөлу негізінің теориясы. Бөлу жұмысының принципі. Бөлу жұмысының дәлдік нормасы. Бөлу жұмыстарының элементтері.




Ғимараттың биіктігін анықтау

Реферат




Ауызша сұрақ-жауап

Негізгі өстерді бөлу тәсілдері. Бөлшектеп бөлу тәсілдері.

Бөлу жұмыстарының міндеті және ұйымдастыру

Ғимараттың шөгуін бақылауда геометриялық нивелирлеу әдісін қолдану

Реферат

Ғимараттың деформациясы туралы жалпы түсiнiк. Шөгудi өлшеудiң әдiстерiн өңдеу. Реперлердiң тұрақтылығын зерттеу.

Ауызша сұрақ-жауап

Бөлу жұмыстарының технологиясы. Жобаны геодезиялық дайындау. Негізгі бөлу жұмыстары. Котловандар мен фундаментті бөлшектеп бөлу. Коммуникацияны бөлу.







Реферат




Ауызша сұрақ-жауап



3 Пәнді оқуға арналған әдістемелік құралдар
Пәнді оқыту бойынша жасалатын әдістемелік нұсқаулықтар студент осыны оқу арқылы, пәнді игеру үрдісін өзі жетілдіре алуы керек. Нұсқаулықты әзірлеу барысында берілетін материалдардың жартысын студент өзі игеріп, әзірленуі керектігі ескерілуі қажет. Әдістемелік нұсқаулықта мынадай мәліметтер болуы керек:

  • пәнді оқуға кететін уақытты ұйымдастыру мен жоспарлауға кеңес беру;

  • пәнді оқу сценариін жазу немесес студенттің осы пәнді игеру барысындағы іс-әрекеті;

  • ОӘК материалдарын пайдалануға нұсқау;

  • әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау;

- емтиханға әзірлік жасауға кеңес беру.

Пәнді оқыту үш түрлі формада жүргізіледі – лекция, оқытушы көмегімен студенттің аудиториядағы өздік жұмысы және студенттің өздік жұмысы. Ең маңыздысы лекция болып табылады, себебі мұнда: пәннің күрделі тақырыптары ашылып, зертханалық тәжірибені анықтайды, белгілі бір эксперименттердің жүргізілу барысы көрсетіледі, қорытынды шығарылады. Ал студенттер өз күшімен түсініп, оқи алатын тақырыптар ОСӨЖ және СӨЖ түрінде беріледі.


4 Курстың форматы мен саясаты
Курстың саясаты:

  • лекция және зертханалық сабақтарға кешікпей келу, сабақ кезінде ұялы телефонды өшіріп қою;

  • себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама қағазын әкелу;

  • босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру керек, тапсырмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

  • оқу процесіне белсенді қатысу, оқу материалдарына қызығушылық таныту;

  • ОСӨЖ және СӨЖ жұмыстарын уақытында және өз-өзімен орындау;

  • тәртіпті, ұқыпты және жауапкершілігі бар болуы;

  • спорттық киіммен сабаққа кірмеу.

5 Баға қою саясаты
Студенттердің үлгерімін бақылау ағымдық, аралық және қорытынды бағалаумен есептеледі. Бағалау қолданыстағы «Студенттердің білімін рентингілік бағалау туралы қаулы» бойынша іске асады.

Қорытынды бақылауда емтихан алынады, ол тест немесе бақылау сұрақтары ретінде ауызша алынады. Қорытынды балл әрбір сабаққа қатысу, рефераттарды қорғау, сондай-ақ емтихан тапсыру нәтижесінде қойылады. Баға курс бойынша қойылып, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау қорытындысынан шығарылады.


6 ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Игильманов А.А. Прикладная геодезия. Алматы- 2006

  2. Федотов Г.А. Инженерная гедезия.-М.:Высш. школа,2007

  3. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978

  4. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под редак. Большакова В.Д. и Левчук Г.П. – М.: Недра, 1980

  5. Михелев Д.Ш., Рунов И.В., Голубцов А.И. Геодезические измерения при изучении деформации крупных инженерных сооружений.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет