Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі.
Қолданбалы курс
Компьютерлік графика және дизайн.
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Суимбекова Зибагүл Әбікенқызы.
ӘОЖ 373.5.016
КБЖ 74.263.2
И 69
Басылымның шығуы Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ оқу - әдістемелік кеңесі шешімімен.
Құрастырған: Информатика пәнінің мұғалімі Суимбекова З.Ә.
Информатикадан қолданбалы курс [текст]: қолданбалы курс / құраст: Зибагүл Әбікенқызы Суимбекова – Қостанай ауданы, 2016. –11 бет.
ISBN 978-601-7868-16-1
Курс бағдарламасы оқушылардың зерттеу және шығармашылық талап-тарын оятуға мүмкіндік беретін іс - әрекет түрлерін меңгеруге қажетті жағдайлар құруға негізделген. Бүгінгі таңда Photoshop, CorelDraw про-граммалары компьютерлік дизайн курсын жүзеге асырудағы қуатты про-граммалардың бірі болып саналады.. Бұл курс мазмұны, оқушылардың қызығушылығын арттыру және келешектегі кәсіптік мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ету үшін құрастырылған. Бағдарлама осы аталған программаларды меңгеруге қажетті материалдар мазмұнынан тұрады.
ӘОЖ 373.5.016
КБЖ 74.263.2
ISBN 978-601-7868-16-1
© Суимбекова З.Ә.,2016
© Қостанай ауданы. 2016
Информатика пәні бойынша «Компьютрлік графика және дизайн»
қолданбалы курс бағдарламасы
Бағдарламаның түсінік хаты.
Информатика пәніндегі компьютердің көмегімен кескіндерді өңдеу жә-не редакторлеу әдістері компьютерлік графика деп аталады. Әр түрлі ма-мандықтардағы адамдар компьютерлік графиканы өз салаларында сәйке-сінше қолданылады.
Олар – әр түрлі қолданбалы және әр түрлі ғылыми аймақтардағы іздену-шілер, суретшілер, құрастырушылар, компьютерлік беттеуші (верстка) ма-мандары, дизайнерлер, мультимедиа-презентация-ларының авторлары, ме-дицина мамандары, мата өнімдері модельерлері, фотографтар, сәулетші-лер, теле және бейнемонтаж мамандары және т.б. Компьютер экранын-дағы кескіндер графикалық программалар арқылы құрылады және растр-лық, векторлық редакторлар арқылы өңделеді. «Компьютерлік графика және дизайн» курсында иллюстрациялар құру және кескіндерді өңдеуге яғни векторлық және растрлық бағдарламаларға басты назар аударылады.
Оқушылардың шығармашылық мәселесі жеке тұлға психологиясында-ғы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылар шығармашылы-ғының байқалуы ұсынылған ойлау тапсырмаларын орындау сипаты арқы-лы анықталады. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің төмендегідей компонентерін ерекшелеуге болады:
- ішкі мотивациясының басымдылық рөлі;
- мәселені қою мен оны шешуде байқалатын зерттеу және шығармашы
лық белсенділік
- шешімді болжай білу мүмкіндігі;
Ұсынылып отырған курста оқушылардың компьютерлік графика және графикалық кескіндер туралы шығармашылығын дамыту, олардың та-нымдық іс-әрекетін ерекше жолмен ұйымдастыру және жүзеге асыру. Курс бағдарламасы оқушылардың зерттеу және олардың шығармашылық деңгейлерін практикалық жолмен оятуға мүмкіндік беретін іс-әрекет түрлерін меңгеруге қажетті жағдайлар құруға негізделген. Бүгінгі таңда Photoshop, CorelDraw программалары компьютерлік дизайн курсын жүзеге асырудағы қуатты программалардың бірі болып табылуда. Бұл курс мазмұны, оқушылардың қызығушылығын арттыру және келешектегі кәсіптік мақсаттарын жүзеге асыруға әсер ету үшін құрастырылған. Бағдарлама осы аталған программаларды меңгеруге қажетті мәліметтер мазмұнынан тұрады.
Курс аптасына 11- сыныпта 2 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген.
Достарыңызбен бөлісу: |