«Бекітемін» Келісемін: ӘБ отырысында қаралды
Мектеп директоры: Оқу ісі жөніндегі ӘБ жетекшісі:
Х.Әлтай орынбасары: С.Молшаева Н.Адилова
__________________ ______________________ _______________________
«___»________2021ж «___»____________2021ж «___»_____________2021ж
Қолданбалы курсының бағдарламасы
Тақырыбы: «Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері»
Сыныбы: 10 «Б»
Бағдарлама авторы: химия пәнінің мұғалімі Мырзағазиев Бағдат
2021-2022 оқу жылы
Түсінік хат
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстанның келешегі халықтың білісінде, біліктілігінде...» деп көрсетілген. Өйткені өркениетті елдерде адам факторы шешуші өндіргіш күшке айналады. Сондықтан Қазақстанның интеллектуалдық рухани әлеуметті арттыру еді, алға жылжытудың маңызды факторы болмақ. Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқытуды жаппай енгізуге жоспарлануда. Осыған байланысты оқушыларға мектеп қабырғаларында болашақ мамандық бағытын таңдау қажеттілігі туады, ал мұғалімдер бұл жағдайда жақсы бағдарлы біліммен қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған рөлі былайша көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарына көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашыл қабілеттерінің көрініп дамуы үшін жағдай жасауға міндетті».
Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағытта 10 сыныптар үшін жасалынған. Бағдарлама аптасына 1 сағат жалпы 34 сағатқа негізделген. Бейімдік оқытудың мақсаты – химия пәні мазмұны ғылым жетістігіне сай болып, оны түсініп қолдануға және әрі қарай дамытуға жағдай жасайтындай болуға және басқа ғылымдарды жай ғана меңгерту емес, жеке тұлғаны интеллектуалдық қорын ұлғайту.
Химияның негізгі түсініктерін көбейту және тереңдету;
Жаңа білім қалыптастыру;
Оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда химиялық ұғымдарды көзқарасты тірек ретінде пайдалану;
Тиімді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
Пәнаралық байланысты кеңінен пайдалану;
Заттарды дұрыс пайдалану жөніндегі білік пен дағдыны қалыптастыру;
Алынған білімдері бойынша реферат, бюаяндама, ғылыми жұмыстар жасайды;
Оқушыларды олимпиадаға дайындау;
Курс материалдары химия ғылымының әдісі пен пәнінің бірлігіне қарай отырып, мектеп бағдарламасын күрделендіру мақсатында құрылған. Мектеп бағдарламасындағы кейбір тақырыптар кеңейіп, қажетті мағлұматтар толығымен берілген. Есептер шығару – оқушылардың химиялық ой-өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы. Оқу үрдісінде есептер шығару химияны оқытудың ажырамас бөлігі деп қарау керек. Есеп оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып,қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |