«Қолжетімді тұрғын үй 2020» 2012 жылы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020»



Дата03.03.2016
өлшемі28.5 Kb.
#34783
«Қолжетімді тұрғын үй 2020»
2012 жылы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты халықтың тұрғын үйге қол қолжетімділігін әрі қарай жетілдіруді қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы мәселесін кешенді шешу болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде республика бойынша 2014 жылы тұрғын үй деңгейін 1 млн. шаршы метрге жеткізу жоспарланса, 2020 жылдан бастап 10 млн. шаршы метрге дейін тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда.

Бағдарламаға сәйкес 2012 жылы Қызылорда облысы бойынша қаржыландырудың барлық көздерінен жалпы ауданы 230.9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылған.

Статистикалық мәлімет бойынша 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына тұрғын үй құрылысына қаржыландырудың барлық көздерінен 13.970 млрд. тенге инвестиция салынған, ол 2011 жылмен салыстырғанда 137,6 пайызды құрайды. Жалпы ауданы 293,338 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, ол 2011 жылмен салыстырғанда 109,9 пайызды құрайды.

«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында үш бағыт бойынша (кезекте тұрғандар мен жас отбасыларына жалға берілетін тұрғын үй құрылысы, несиелік түрғын үй, инженерлік инфраструктура құрылысы) республикалық бюджеттен 3385,042 млн. теңге бөлінді. Игерілгені 3344,440 млн. теңге.

Жалпы Бағдарлама шеңберінде Қызылорда қаласындағы барлығы 740 пәтерлі 22 көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы салынуда. Жыл соңына 90 пәтерлі, жалпы ауданы 5,42 мың шаршы метр 4 арендалық тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Жалпы пәтер аудандары 8,835 мың шаршы метр, 123 пәтерді құрайтын Қызылорда қаласында 60 пәтерлі бір тұрғын үй, Арал ауданында 3 бөлмелі бір қабатты
15 тұрғын үй, Қазалы ауданында 3 бөлмелі бір қабатты
8 тұрғын үй, Қармақшы ауданында 1 қабатты 2 пәтерлі 2 бөлмелі 15 үй және Жалағаш ауданында 3 бөлмелі бір қабатты 10 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, облыстық бюджет есебінен барлығы 8,098 шаршы метрді құрайтын 3 үй пайдалауға берілді. Олар:



  • Бұдан басқа облыстық бюджет есебінен барлығы - 8,098 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде:

  • Медицина қызметкерлері үшін 3,106 мың ш.м 50 пәтерлі тұрғын үй;

  • Мемлекеттік қызметкерлер үшін 1,787 мың ш.м. 30 пәтерлі қызметтік үй;

  • Жасөспірімдер үшін жалпы ауданы 3,188 мың ш.м. 65 пәтерлі үй.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет