7тақырып. Семей қаласы мәдениетінің тарихы
1. Семей-руханият қаласы
2.Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры
1.Семей Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр. Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрылығының Географиялық орталығы анықталған.
Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан. Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған.Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -450 – қа, жазда +450 –қа дейін жетеді. Қала халқы 300 мың адамнан астам.Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.
Тарихи анықтама Семей қаласының ресми негізі қаланған жылы 1718 жыл, ол І Петрдің шығыс аймақтағы жерлерді қорғау туралы әйгілі жарлығына және Ертіс өңірі бекіністерінің салына бастауына байланысты, бұлардың құрылысы 1714 жылдан 1720 жылдарға дейін созылды. Бірақ та бірқатар ғалымдардың тұжырымы бойынша Семей тарихы ғасырлар қойнауларына тереңдеп, 1000 жылдан астам уақытты қамтиды.1718 жылдың күзінде Семипалат бекінісі подполковник П. Ступиннің қадағалауымен «нығайтылды және толық қаруландырылды». Шекара және әскери-тірек базасы ретінде пайда болған Семей бекінісі дами келе Ресей мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сондай-ақ Ресей, Орта Азия және Батыс Қытай арасындағы маңызды сауда пунктіне айналды. Семей қаласының негізі қаланғаннан бастап мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұқарлықтар, қоқандтықтар, ташкенттіктер келетін. 1854 жылғы 1 қазанда Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Семей штаттан сырт қаладан бірден облыстық қалаға айналды. Жаңадан құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең үлкен облыс болды.Қалалық Дума мен Қалалық сот құрылды.1873 ж. Семейде телеграф, 1910 жылдан бастап телефон және Қазақстандағы алғашқы су құбыры жұмыс істеді.1906 жылы Жоғарғы Ертісте кеме қозғалысы ресми түрде ашылды.XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырларда Семей облысында өнеркәсіп ең алдымен, сыртқа шығарылатын шикізатты бастапқы өңдеу үшін құрылды. XX ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен әскери ведомствоның шұға фабрикалары осында жүн, былғары дайындады.1863 жылы қалада екі оқу орны, соның ішінде бір уездік училище және оның жанында қыздар мектебі, 2 шіркеу-приходтық училище, 14 казак және 9 жекеменшік татар мектебі болды.XIX ғ. аяғында XX ғ. басында ер балалар мен қыздардың классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді.Мұғалімдер семинариясында әлемдік мәдениеттің болашақ алыптары Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаев білім алды.Ұлы орыс жазушысы Федор Михайлович Достоевский бес жылдан астам уақыт (1854-1859 ж.ж.) Семей қаласында тұрып, осында өзінің «Өлі үйден хаттар», «Ағайдың түсі», «Степанчиково селосы және оның мекендеушілері» атты өшпес туындыларын жазды. Осында Ф.Достоевский П.П. Семенов-Тянь-Шанскиймен, Шоқан Уәлиханов, Г. Потаниндермен кездесіп, сұхбаттасқан. Петербург университетінің студенті Е. П. Михаэлис, халықшылдар Н. Долгополов, С. Гросс, П. Лобановский, А. Леонтьев, Н. Коншин және басқалар айдау жазасын өтеген. Олар Семей қаласында зор ғылыми және мәдени-ағарту жұмысын жүргізді.Қазақтың ұлы ақын-ағартушысы Абай Құнанбаев есімі Семей қаласымен тығыз байланысты. 1917 жылы қазақ зиялыларының көшбасылары бостандық туын көтеріп, «Алашорда» үкіметін құрды.1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Сарыарқа» апталығы шығып тұрды, ол бағыты жағынан «Айқап» журналына жақын болды.
«Сарыарқа» газетінің редакторлары Р. Мәрсеков пен Х. Ғаббасов болды. Оның беттерінде Алаш арыстары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, М. Молдабаев, Ж. Ақбаев және басқалардың мақалалары жарияланып тұрды.1928 жылға дейін Семей қаласы губерниялық, одан кейін округтік қала болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлініп, Семей қаласы әуелде Шығыс Қазақстан облысының, ал 1939 жылдан бастап Семей облысының орталығы болды.Соғыстың алдындағы жылдары қалада ірі кәсіпорындар салынды. Елдің аса маңызды құрылысы Түріксіб болды, осы жолдың солтүстік бөлігі Семей қаласынын басталды. Алғашқы бесжылдықтың ірі құрылысы Семей ет-консерві комбинаты- елдің тамақ өнеркәсібінің қуатты кәсіпорындарының бірі болды. Қала бай шикізат базасы бар ірі мал шаруашылығы өңірінің орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезетте ірі диірмен комбинаты,жаңа техникамен жарақталған жаңа былғары зауыты салынды, ал 1938 жылы арнаулы зертханасы бар қой терісі зауыты іске қосылды. Сол кездегі ең жаңа техникамен жарақталған кеме жөндеу зауытының корпустары бой көтерді.
1941 жылы облыс аумағында 238 және 8-атқыштар дивизиясын құру өрістетілді. Жаппай көрсеткен ерлігі үшін 238-атқыштар дивизиясы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен Жауынгерлік Қызыт Ту орденімен наградталып, 24 мамырда Қорғаныс Халық Комиссарының бұйрығымен 30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. 1944 жылғы 3 қарашада 30-гвардиялық дивизияға «Ригалық» құрметті атағы берілді. 1946 жылғы 6 мамырда дивизия таратылды. Дивизияның 13 мыңнан астам жауынгерлеріне ерлігі мен батырлығы үшін үкімет наградалары берілді.8-атқыштар дивизиясы да осындай даңқты жолдан өтті. Ол Семей және Аягөз қалаларында 1941 жылғы желтоқсан-1942 жылғы наурызда құрылды. Жауынгерлік жолын Воронеж түбінде бастап, одан кейін Курск доғасындағы шайқасқа қатысты. 1944 жылғы 5 наурызда дивизияға «Ямпольская» құрметті атағы берілді.56 семейлік Кеңес Одағының Батыры жоғары атағын алды (М. Әбеуілов, В. В. Буторин, З. Белібаев, В. А. Засядко, М. К. Меркулов, Н. Н. Силин және басқалар) 13 адам Даңқ орденінің үш дәрежесінің иегері болды (Ф. Әділбаев, П. П. Борков, Н. Ф. Кружелев, Ф. Е. Маслин, В. Н. Кондратьев, В. А. Осипов, С. Рубаев, Б. Хайдаров және басқалар).
2. Семей – республикамыздың мәдени, тарихи орталықтарының бірі. Мұнда Абайдың және Ф. М. Достоевскийдің мұражайлары, Қазақстанның байырғы өлкетану мұражайы, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалардың тұтас желісі халыққа қызмет етеді. Екі театр-Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театры және Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театры жұмыс істейді. Семей құрамында жас Мұхтар Әуезов ойнаған Қазақстан футболының, әлемге әйгілі қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсеткен ұлттық цирктің отаны. Семей спортшылары, Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ Ғұсман Қосанов, Лнонид Никитенко, Василий Ярков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыхановтар Қазақстан даңқын аспандатты. Семейліктер өздерінің ұлы жерлестері Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Әсет Найманбаев, Әміре Қашаубаев, Көкбай Жанатаев, Ахат Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Виктор Селевин, Сапарғали Бегалин, Қайым Мұхамедханов, Мұқан Төлебаев, Әйткеш Толғанбаев, Бекен Жамақаев, Тұрсынхан Әбдірахманова, Төлеу Көбдіков, Күләш Сәкиева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Шәкер Әбенов, Сәду Машақов, Кәмен Оразалин, Жәнібек Кәрменов, Роллан Сейсенбаев, Медеу Сәрсеке, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыхановты заңды түрде мақтан етеді.
8 тақырып. Семейдегі рухани қазына тарихы
1.Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана
2.Семей қаласындағы оқу орындарының қалыптасу тарихы
1. Кітапхана -1883 жылдың 3 қазанында (ескіше 20 қыркүйек) Семей өңірінде облыстық санақ комитеті үйінде ашылған тұңғыш кітапхана. Алғашқы ашылған жылы қоғамдық кітапхананың 130 оқырманы, 274 дана кітап қоры болған.
Қоғамдық кітапхананың ашылуына себепкер болған саяси жер аударушылар, қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевтың сырлас досы, сыйлас ұстазы Евгений Петрович Мехаэлис бастаған, А.А.Леонтьев, П.Д.Лобановский, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов сияқты орыс интелигенттері еді.Олар жер ауып келсе де кітапхана, музей ашып сәулелі істердің ұйтқысы болған.
Сол кездегі тұңғыш кітапхананың құрылуына белсенді ат салысқан бірінші кітапханашылар А.Степанов пен А.Зверов болды. Кітапхана үшін жазылып алынған кітаптардың бірінші қоры 1883 жылдың соңында Петербург қаласынан алынды.
Ол туралы А.Л.Блок былай деп жазды: «В областном статистическом комитете было со времени его возникновения собрана библиотека частью популярных, частью же специальных научных сочинений по графии, этнографии, археологии, статистике, естественным наукам (175 назывании в 260 томах), а также до двухсот номеров ежемесячных журналов и значительного количества сырого материала в виде отчетов и протоколов различных ученых обществ, комиссий и.т.д. В сентябре с этого года статический комитет решил сделать это книгохранилище общедоступным для публики. Так основалось общественная библиотека».
Білім-ілім іздеген адамдар мұнда жиі келіп, білім бесігінде бас қосатын, ғылым, білім жайлы пікірлер алысатын. 1885 жылы Сібірді зерттеу, жер аударушылар тұрған даланы көру мақсатымен Семейге келген белгілі американ журналисі Дж.Кеннан «Сібір және айдау» («Сибирь и ссылка») деген кітабында былай деп жазды: «Мен Спенсердің, Бокльдың, Гекслидің, Миллдің, Дарвиннің шығармаларын..., В.Спойттың, С.Диккенстің, Ж.Эмоштың, Ж.Мак-Дональдтың және басқаларының романдары мен повестерін таңқаларлық сезіммен көрдім. Әсіресе,ғылыми шығармалар және саяси экономия бойынша әдебиеттер көп болды. Кітапты бұлайша іріктеу оны жинаушылар мен пайдаланушылардың мәдениеттілігімен талғамын танытады».
Міне, осы бір шағын үзіндіден – ақ сол кездегі ғылымға құштар адамдардың кітапханаға қаншалықты ықыласпен, қамқор сезіммен қарағанын аңғаруға болады.
Сол кездегі өлкетанушылардың, қоғам қайраткерлерінің естеліктеріне қарағанда, бұл кітапхана ең прогресшіл бағыттағы адамдармен тығыз қарым – қатынаста болған. Қалың жұртшылық арасына білім нәрін таратуда елеулі роль атқарған.
Кітапхананың жұртшылық арасында қаншалық беделі жоғары болса да, патша өкіметі тарапынан қаржы бөлінбеді. Ол негізінде қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдардың көмегімен жарна есебінен өмір сүрді.
1902 жылы желтоқсан айында Семей қаласында тегін пайдаланатын оқу залы ашылып, оған қайтыс болғанына 50 жыл толуына байланысты орыстың ұлы жазушысы Н.В.Гогольдің есімі берілді. 1906 жылы ақысыз оқу үйі мен кітапхана біріктіріліп, Н.В.Гоголь атындағы қоғамдық кітапхана болып аталынды.
1902-1911 жылға дейін кітапхана жұмысын басқарған, өлке мәдениетінің дамуына үлес қосқан, кітапхананың дамуына үлкен үлес қосқан алғашқы кітапханашылардың бірі, Батыс Сібір Географиялық қоғамының мүшесі Н.Я.Коншин Семей қаласының тарихын, археологиясын, этнографиясын, табиғат байлықтарын зерттеуде елеулі еңбек сіңірген. Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхананың өмірге келуі, алғашқы қалыптасу жылдары қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев есімімен тығыз байланысты. Ол кітапхана ісіне белсене араласып, өзі де кітаптар алып тұрақты оқырман болғанын деректер дәлелдейді.
Орыс зиялыларымен рухани қатынаста болған Абай өзі де бас болып, кітапхананың тұрақты оқырманы болып жүріп, қатар ашылған өлкетану музейіне Долгополов екеуі 50-ден астам экспонат тапсырғаны тарихтан мәлім және бұл ақынның әлем әдебиетінен білімін тереңдеткен мектепке айналып еді.
Ұлы ақынның кітапханаға жиі келіп, орыстың атақты ақын жазушыларының кітаптарын алып тұрғандығы және Е.П.Михаэлиспен алғашқы танысқандығы туралы жазушы М.Әуезов өзінің «Абай Жолы» эпопеясында суреттеген .
Осындай күтпеген кездесуден туған таныстық тамырын тереңге тартып, мақсат, мүддесі ортақ, армандары бір екі адамдарды іштей табыстырып, құшақтары жазылмастай берік достыққа, жанымен сырласатын сыйласымды жағдайға алып келді.
Кітапхананың белсенді өмірі Ұлы Октябрь социалистік эволюциясынан кейін басталды. Мемелекет қарамағына алынған кітапхана, еліміздегі ең байырғы мәдени ошақтармен тізе қосып, облысымыздың ғасырлар боцы қараңғылық түнегінде қамалып келген қалың еңбекші қауымның сауатын ашуға, ғылым негіздерін үйренуге өзіндік үлес қосты.
1991 жылы Кеңестер Одағы ыдырап, еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты ҚР министрлер комитетінің 1992 жылының 8 желтоқсанындағы №1035 шешіміне орай, бұрынғы М.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхана Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана атына ие болды.
Көп жылдар өтсе де кітапхана өзінің сирек кітаптар қорын ерекше күтіммен сақтап келешек ұрпаққа жеткізуде. Қазіргі Семейдегі Абай атындағы әмбебап - ғылыми кітапханасының қорында дүние жүзі әдебиеттерінің сире кездесетін алтын жауһарлары сақталған. Бұл кітаптар ХІХ ғасырдың ІІ жартысы өмір сүрген, әлемдік мәдениеттен шалғайдағы қазақы ауылдың төл перзенті Абай Құнанбаевтың білімге құмарлық шөлін басқан рухани бұлақ бола алады.
Кітапханада өлкеміздің шежіресін шертетін: « Обзор Семипалатинской области» (1928), «Советская спепь» (1929), «Екпінді» (1935-1951жж), «Еңбекші қазақ» (1931), « Прииртышский комунар» (1936), «Социолистік майдан» (1931ж), «Прииртышская правда» (1929-1962жж) т.б аймақтық басылымдар шыққан кезден бастап қорда сақтаулы.
1996 жылы «Сорос-Қазақстан» қорының байқауына қатысып, жеңіске жеткен ұжым бүкіләлемдік интернет жүйесінің желісіне қосылды.
2000 жылдың қазан айынан бастап оқырмандарға дәстүрлі каталог жүйесімен қатар электронды каталог арқылы қызмет көрсетіле бастады.
2002 жылдың қыркүйегінен бастап кітапхана жанынан интернет орталығы ашылды. Дәлірек айтқанда, интернет желісі көмегімен электрондық почтамен хабар алып, хабар беру, басқа компьютерлердегі ақпарттармен танысу шалғайдағы телеконференцияларға қатынасу мүмкіндіктері қамтамасыз етілді.
Кітапхана әлемдік үлгідегі осындай озық технология жүйесіне қосылғалы кітапхана оқырмандары үшін құнды деректер жинақталып қалды.
2. 1854 жылы 1 қазанда Семей облыс болып жарияланды. Қазіргі таңда Семей- Қазақстан Республикасының мәдени және рухани орталығы болып табылады. 2781 га жерді алып жатыр, халқының саны бұл күні - 300 мың адам астам. Меншікті түр нысанындағы 20 жоғарғы оқу орыны бар, олардың ішінде Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті елге әйгілі; 14 колледж, 5 кәсіптік-техникалық мектеп және 82 жалпы білім беретін мектеп бар. Қазақ және орыс театрлары жұмыс істейді. Қала аумағында 4 мұражай:тарих-өлкетану мұражайы, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы, Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы қызмет етеді. Кинотеатрлар,кітапханалар,мәдениет үйлері,Жастар сарайы мен филормония есігі көрермендерге әрқашан ашық.
9 тақырып. Экономиканы дамыту арқылы дәулетті қоғамға жетудің жолдары
1.Шығыс Қазақстан - тәуелсіз Қазақстан өнеркәсібінің көшбасшысы
2.Реформалар жемісі
1.Семей қаласындағы өз қызметін түрлі бағыттар бойынша жүзеге асыратын 105 қоғамдық бірлестік тіркелген, соның ішінде соғыс, еңбек және Қарулы күштер ардагерлері проблемаларымен айналысатыны – 7, бейбітшілік қорғау қызметімен – 14, халықты сауықтыру мәселелерімен – 14, білім бағдарламаларына қатысушы – 20, әйелдер, балалар, жастар проблемаларын шешетін – 21, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық және басқа мәселелерді – қаладағы 39 үкіметтік емес ұйымдар шешеді
2006 жылдың бірінші жартыжылдығында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін қала әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер үшін өткізілетін жалпыға бірдей құқықтық оқуға шақыру оң пікір тудырды. Мемлекеттік тапсырысты жергілікті деңгейде іске асыру перспективалары «Ирис» өңірлік қоғамдық бірлестігі ішкі саясат бөлімімен бірлесіп 2006 жылғы 26 мамырда өткізген «Мемлекет әлеуметтік тапсырыс беруші ретінде: проблемалар мен перспективалар» атты өңірлік конференцияда қаралды. Конференция жұмысына әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, мәслихат депуттары, үкіметтік емес ұйымдар басшылары қатысып, онда бюджеттік қаржыларды бөлудің құқықтық және институттық тетіктерін құру мәселесіне ерекше назар аударылды, ол стратегияларды анықтаудан бастап қаржыны бөлу және олардың пайдаланылуын бақылауға дейінгі бүкіл рәсімдердің ашықтығына, әділдігіне және тиімділігіне кепілдік беретін болды. Конференцияға қатысушылардың ұсыныстары облыстық ішкі саясат департаментіне жіберілді.
2. «Ирис» ресурстық орталығы, «Бейбітшілік және келісім кеңесі» қоғамдық бірлестігі, отбасылық дәрігерлер, мейірбикелер, іскер әйелдер қауымдастықтары, мүгедектердің ерікті бірлестік қоғамы орнықты да тұрақты жұмыс істеуде. Мәселен, «Полигон жаңғырығы» әйелдер федерациясы (Н. Исанова) әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтер тиімділігін арттыру, әлеуметтік қызметті дамыту және нығайту арқылы өз жұмысында өзгерістерге қол жеткізді. «Исток» қоғамдық бірлестігі, оның волонтерлік орталығы экологиялық, табиғат қорғаушы, қайырымдылық ұйым ретінде танымал. 2005 жылы «Исток» ҚБ активистері Пригородный орман питомнигінде жай қарағайдың 120000 екпесін сеуіп, өсірді. 2005 жылдың сәуір айында Саябақтар маршы күндері еріктілер: оқушылар мен тұрғындар ормандағы бұрын жанған алқаптарда 27 га алаңда екпелерді отырғызды. 9, 19, 27, 29, 38 мектептерде орманшылық жұмысы қайта басталды (мектеп жағдайында екпелер өсіру, жаңғақ жинау және тұқым дайындау). «Исток» экологиялық ағарту және экологиялық білімді насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізеді.
«Әйелдер мен полигон балалары» қоғамдық бірлестік (С.Қ. Сағандықова) Диагностикалық орталықпен бірлесіп «Денсаулық» акциясын жалғастырып, 45 жасқа дейінгі әйелдерді кезең – кезеңмен, тегін тексеруді жүргізуде. «Ирис» өңірлік қоғамдық бірлестігі – Дүниежүзілік ядролық қаруға қарсы қозғалыстың тұрақты мүшесі. Жапонияның ядролық қаруға қарсы күштерімен: «Генсунке», «Хиданко» және Демократиялық дәрігерлер одағымен ынтымақтасып қызмет етеді. Германияның «FRIEDENSDORF INTERNATIONAL» ұйымының ұзақ мерзімді әріптесі, Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдар, экологиялық форумының, «АРГО» азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының мүшесі.
10 тақырып. Шығыс Қазақстан облысы: басты басымдылықтар
1.Шығыс Қазақстан халқын әлеуметтік қолдау
2.Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы
1. Тарихи өлшеммен қарағанда 20 жыл деген тым ұзақ мерзім емес, бірақ еліміз осы уақыт ішінде көптеген онжылдықтарға лайық ауыр еңбек жолынан өтті. Бұрын соңды болмаған жаңа мемлекет жаңа қоғам орнады, жаһандаған әлемнің жаңаша жағдайларында ойлайтын, өмір сүре, еңбек ете алатын жасампаз жаңа ұрпақ өсіп шықты.
Оған ел халқының өмір сүру деңгейін айшықтар мынадай деректер куә: бюджеттік салалар қызметкерлерінің еңбекақысы 6 есе, зейнатақыда өсті. Бұл жылдардың барлығын түрі жағынан батыл, қоғамның тіршілік әрекетінің барлық түрлеріне дерлік әсерін тигізген реформалар мазмұны жағынан бірегей дәуір деп атауға болады.
2.Бүгінгі заманның аса маңызды міндеттерінің бірі-облыста нарықтық қатынастарды дамыту халықты жұмыспен көбірек қамту міндетін алға қойды. Соңғы 2 жылда жұмыспен қамту мен азаматтардың әлеуметтік игілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер айтарлықтай өзгерді. Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 1,1 пайыздан 0,7 пайызға төмендеп, 5,7, пайызды құрады. Облыста жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясына сүйнен отырып, тек бір ғана 2010 жыл ішінде 16 мыңнан астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етті.
«Жол картасы» бағдарламасын бұрын-соңды болып көрмеген көлемде жүзеге асырды, бағдарлама бойынша жалпы сомасы 30,2 млрд, теңгенің 1695 түрлі жобасы жүзеге асты.
«Жол картасы» бағдарламасының өлке тарихынан өз орнын табары сөзсіз, осы бағдарламаның арқасында жүзге тарта ауылдық елді мекен жаңаша түрге енді. Қаржыландыру арқылы 2010 жылдың соңына қарай негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 3 есеге, тасылған жүк көлемі мен бөлшек тауар айналымы 5 есеге жуық өсті. Бұл жұмыс ары қарай өз жалғасын табуда. Осы бағдарламаға сәйкес 5 жыл ішінде 2814 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру ойластырылған.
11 тақырып. Жеті сарайлы көне шаһар тарихы
1.Жер-тарихы-ел тарихы, тарихи-өлкетану музейі
2.Семей қаласындағы тарихи ескерткіштер туралы
1. Тарихи -өлкетану музейі – Қазақстан және Батыс Сібір музейлерінің ішіндегі ең ірі ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. Оның негізі 1883 жылы 11 қыркүйекте ( ескіше ) қаланған.
Оның алғашқы ұйымдастырушылары болып белгілі зерттеуші ғалым Михаэлис, Маковецкий, Долгополов, Леонтьев, Лобановский т.б жер ауып келген зиялы музей ісін дамытуда жарқын істердің ұйтқысы болған.Комитет мүшелері өлкеде географиялық, этнографиялық және экономикалық зерттеу жұмыстарын жүргізе отрырып, көптеген мәліметтер жинастырды.
Батыс – Сібір Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі шығарып тұрған құнды басылым «Записки...» бүгінгі күнде таптырмайтын асыл қазынаның деректеріне сүйене отыра қала тарихында елеулі орны бар түп нұсқалармен танысуға болады.
Сонымен бірге, ұлы ақын Абай Құнанбаев та осы алғаш құрылған тарихи -өлкетану мұражайын ұйымдастырушылардың бірі болған. Сол мұражайға ақын атамыз 60-қа таяу экспонаттар өткізгенін деректер растайды. Оның көбі этнографиялық бұйымдар. Үлкен ас салатын ыдыстар, қымыз құятын құтылар, қобыз, асатаяқ, шоқпар, айбалта,кебеже т.б мұның бәрі Абайдың өзі тұтынған, қолымен ұстаған заттар.
Американдық саяхатшы, журналист Дж.Кеннан осы өлкетану мұражайына эскиз берген. Көп жылдар бойы музейде Географиялық қоғамның мүшелері Керасимов, Баландин, Власов, Корнилов, жергілікті өлкетанушылар ағайынды Болослюдовтар еңбек еткен.
Музей қаланың ортасында бұрынғы губернатордың үйінде орналасқан.Бұл ХІХ ғасырдың аяғындағы архитектуралық ескерткіш өзінің тарихи әсемдігімен көз тартады.
Музей экспозициялары алғашқы 5 жылдықтар кезіндегі өңіріміздің халық шаруашылығы салаларының құрылып қалыптасуын және даму барысынан сыр шертеді. Стахановтық қозғалыстың алғашқы қолдаушылары Турксиб теміржолы, сүт –консерві комбинаты, кеме жөндеу заводы сияқты алып құрылыстардың салыну тарихымен, еңбек ерлерімен таныстырады.
Мұнда соғыс жылдарының қасиетті ескерткіштері де көп кездеседі.Жерлес батырларымыздың жеке заттары, киім- кешектері , қару – жарақтары, сирек кездесетін фотосуреттері мен басқандай документтер кімді болсын толғандырмай қоймайды.
Музей эксползицияларында соғыстар кейінгі 5 жылдықдтар кезеңін,алға қойған міндеттерді орындау жөніндегі облыс еңбекшілерінің еңбек жетістіктерін баяндайтын мәліметтер мол.
Өңіріміздің ғылымы мен мәдениетінің кешегісі мен бүгіні жайында құжаттардан деректер береді.
Музей тақырыптық экспозицияны жетілдіру, музей қорын толықтыру кештер, кездесулер өткізу, түрлі тақырыптарда лекциялар оқу тәрізді шаралар жүргізеді.
1902 жылы желтоқсан айында Семей қаласында тегін пайдаланатын оқу залы ашылып, оған қайтыс болғанына 50 жыл толуына байланысты орыстың ұлы жазушысы Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1906 жылы ақысыз оқу үйі мен кітапхана біріктіріліп, Н.В.Гоголь атындағы қоғамдық кітапхана болып аталынды.
1902-1911 жылға дейін кітапхана жұмысын басқарған, өлке мәдениетінің дамуына үлес қосқан, кітапхананың дамуына үлкен үлес қосқан алғашқы кітапханашылардың бірі, Батыс Сібір Географиялық қоғамының мүшесі Н.Я.Коншин Семей қаласының тарихын, археологиясын, этнографиясын, табиғат байлықтарын зерттеуде елеулі еңбек сіңірген.
Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхананың өмірге келуі, алғашқы қалыптасу жылдары қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев есімімен тығыз байланысты. Ол кітапхана ісіне белсене араласып, өзі де кітаптар алып тұрақты оқырман болғанын деректер дәлелдейді.
Орыс зиялыларымен рухани қатынаста болған Абай өзі де бас болып, кітапхананың тұрақты оқырманы болып жүріп, қатар ашылған өлкетану музейіне Долгополов екеуі 50-ден астам экспонат тапсырғаны тарихтан мәлім және бұл ақынның әлем әдебиетінен білімін тереңдеткен мектепке айналып еді.
Ұлы ақынның кітапханаға жиі келіп, орыстың атақты ақын жазушыларының кітаптарын алып тұрғандығы және Е.П.Михаэлиспен алғашқы танысқандығы туралы жазушы М.Әуезов өзінің «Абай Жолы» эпопеясында суреттеген .
Осындай күтпеген кездесуден туған таныстық тамырын тереңге тартып, мақсат,мүддесі ортақ, армандары бір екі адамдарды іштей табыстырып, құшақтары жазылмастай берік достыққа, жанымен сырласатын сыйласымды жағдайға алып келді.
Кітапхананың белсенді өмірі Ұлы Октябрь социолистік эволюциясынан кейін басталды.Мемелекет қарамағына алынған кітапхана, еліміздегі ең байырғы мәдени ошақтармен тізе қосып, облысымыздың ғасырлар боцы қараңғылық түнегінде қамалып келген қалың еңбекші қауымның сауатын ашуға, ғылым негіздерін үйренуге өзіндік үлес қосты.
1991 жылы Кеңестер Одағы ыдырап, еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты ҚР министрлер комитетінің 1992 жылының 8 желтоқсанындағы №1035 шеіміне орай, бұрынғы М.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхана Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана атына ие болды.
Көп жылдар өтсе де кітапхана өзінің сирек кітаптар қорын ерекше күтіммен сақтап келешек ұрпаққа жеткізуде.
Қазіргі Семейде Абай атындағы әмбебап- ғылыми кітапханасының сирек басылымдарының дүниежүзі әдебиеттерінің алтын жауһарларын құрап отырған: А.С. Пушкин (1887) Л.Н. Толстой (1889) Платон (1863) Байрон (1884) Кантемир (1868) В.И. Даль (1883) т.б шығармалары, К.Беккер « Всемирная история» (1846) Н.М.Карамзин «История государства россиского» (1845) Илиада гомер (1829)т.б соның айқын айғағы.
Бұл кітаптар ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХғасырдың басында өмір сүрген, әлемдік мәдениеттен шалғайдағы қазақы ауылдың төл перзенті Абай Құнанбаевтың білімге құмарлық щөлін басқан рухани бұлақ бола алады.
Кітапхана қоры Кеңестік дәуірге дейін орыс тілінде шыққан сөздіктердің ең бай қорымен: «Брокгауз бен Эфронның энциклопедиялық сөздіктері» (1890 және 1894 жж), «Толық орыс- француз- неміс сөздігі» (1826ж), «Орыс- қырғыз азбукасы» (1914), «Грек –орыс сөздігі» (1948) т.б анықтамаларымен де бағалы.
Кітапханада өлкеміздің шежіресін шертетін: « Обзор Семипалатинской области» (1998), «Советская спепь» (1929), «Екпінді» (1935-1951жж), «Еңбекші қазақ» (1931), « Прииртышский комунар» (1936), «Социолистік майдан» (1931ж), «Прииртышская правда» (1929-1962жж) т.б аймақтық басылымдар шыққан кезден бастап қорда сақтаулы.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің шешімі бойынша кітапхана атын Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана деп өзгерту туралы шешім қабылдады. Себебі, Семей тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерінен маңызды орын алатын кітапхана тарихы ұлы ақынның есімімен тығыз байланысты еді.
Е Михаэлистің ұсынысымен 1878 жылы Семей қаласында Облыстық санақ комитеті ұйымдастырылады. Бұл комитет қазақ өлкесіндегі экономика, тарих, шаруашылық және табиғат мәселесін зерттейтін ғылыми мекеме болды. Евгений Петрович сол комитеттің тұңғыш секретары болып қызмет атқарады.
1883 жылы ресми түрде қазан айында Облыстық санақ комитетінің жанынан Е. Михаэлис бастаған саяси жер аударылғандардың ұйымдастыруымен кітапхананың негізі қаланды.
Кітапхананың иең алғашқы кітапханашысы саяси жер аударылған тарихшы, этнограф Н. Коншин болды.
Кітапхана туралы деректерге көз жүгіртсек, алғаш ашылған уақытында небәрі 274 дана кітап болып, оны 130 оқырман пайдаланған көрінеді.
130 оқырманның 111- і орыс, 9- ы поляк, 1- і неміс, 5- уі еврей, 4-уі қазақ ұлтынан болған екен.
Кітапхананы пайдаланушылардың бірі –қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев болды. 1959 жылы «Қазақ мемлекет баспасынан» жарық көрген Ә. Жиреншиннің « Абай және орыстың революцияшыл демократтары» атты кітапта мынадай мағлұматтар берілген: «Михаэлис пен Абай тұңғыш рет осы кітапханада кездесіп танысады. Алғашқы рет Михаэлис пен Абай өте бір қызық есте қаларлық жағдайда кездеседі. Абай Семейдегі кітапханаға келіп, Л. Толстойдың бір шығармасын сұрайды. Ол кітап Михаэлистің қолында еді, Абайдың сұрағанын көріп, Михаэлис Абайға келіп кітапты оған беріп, тұңғыш рет екеуі танысып, тіл қатады. Олардың алғашқы танысулары кітапхана ішінен басталады. Ол кезде кітапхана Семей жұртшылығының үлкен мәдениет ошағына айналып еді. Абай орыстың, батыстың классикалық әдебиетімен осы кітапханада танысады.
Бүгінде кітапхананың кітап қоры 350 мыңнан асып отыр. Кітап сөрелеріндегі әр кітаптың тарихы өз алдына ерекше. Әр кітап әр уақыттағы тарихтан сыр шертіп, әр түрлі болмысты суреттеп, оқырман жанына рухани азық берері сөзсіз. Осы 350 мыңнан асатын кітаптың 4500 –ге жуығын сирек қордағы кітаптар құрайды. Міне осы уақытқа дейін сақталып келген кітапхананың бай қоры мерейтой қарсаңында 13 бөлімнен тұратын кітап көрмесі қазан айының 8 -10 күндері қала жұртшылығына таныстырылды. Білім мен парасаттылықтың ордасы кітапхана өз оқырмандарын асыға күтеді.
2.Семей облыстық музыкалы драма театры. 1920 жылы құрылды. Труппаны ұйымдастырушы М.О.Әуезов, Қ.И.Сатпаев және режисері Ғ.Төребаев бастаған қала интеллигенциясы мен студент –жастар болды. Олар 1934 жылы 10 мамырда Семей музыкалы драма –театры өз шымылдығын И. Жансүгіровтың «Кек» драмасымен ашты.Театрдың құрылуы мен қалыптасуы жолында өнер шеберлері Ж.Т.Шанин, О. Беков, Қ. Жандарбеков, компазитор Л.А. Хамиди ерекше еңбек сіңіріп , творчествалық көмек көрсетті.
Семей облыстық орыс драма театры. Ол Ф.М. Достоевскийдің атындағы театр жергілікті партия комсомол органдарының 1934 жылдың 16 қазанындағы шешімі бойынша ұйымдасқан жұмысшы жастар театры негізінде құрылып, 1935 жылы 25 ақпанда сахна шымылдығын ашты. 1975 жылы театрға жазушы Ф.М. Достоевскийдің есімі берілді.1977 жылы облыстық драма- театры болып қайта құрылды.1960 және 1975 жылы театр Алматыда өнер көрсетті.
12тақырып. Семейдегі ірі өнеркәсіпорындарының тарихы
1.Ет комбинатының құрылу тарихы
2.Ірі өнеркәсіптер: силикат, цемент, кірпіш заводтары туралы
1. Тәуелсіз туымыз желбіреп, егеменді ел болғаннан бері жаңа көзқарасты қажет еткен тарих ғылымдарындағы шектен шет қалмайтын маңызды мәселелердің бірі қалалар тарихы. Бүкіл өзгерістер мен жаңалықтардың басталар жері мен үкімет саясатының алғаш жүзеге асар орыны болып табылатын қалалар тарихы- қоғам тарихының бөлінбес бөлшегі болып табылады. Жергілікті жердің даму тәжірибесін терең зерттеу барысында қоғамның әлеуметтік –экономикалық және саяси процесстерде болып жатқан мәселелердің себептері мен мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Қалалар халықтың экономикалық, саяси және рухани өмірдің орталығын көрсетіп, дамудың басты қозғаушысы болып табылады. Өйткені, қалалар - бұл көп салалы әлеуметтік организм, күрделі экономикалы жағырафиялы комплекс.
Қала - өндіріс ошақтарының, адамдардың қоныстану, мәдени және рухани орталығы ретінде үнемі зерттеушілердің: тарихшылар, қаржыгерлер, социологтар, демографтар және т.б . маман иелерінң басты объектісі болып табылады. Қала өмірінің келелі мәселелері мен фактілерін нақты сараптау, жүйелеу болмаса онда ірі елді мекендердің дамуы ерекшелігінің заңдылығын ашу қиынға соғар еді. Сондықтан да жылдан - жылға ғаламдар мен ізденушілердің қаланың аса танымал емес беттерін ашуға деген қызығушылықтарының артуы да заңды құбылыс. Осы тақырыпқа өзек боларлық қалалар ежелден – ақ сауда, қолөнер, мәдениет, қоғамдық және саяси қызметімен отырықшы жер өңдеу, мал шаруашылық-көшпелі өркениеттің синкретизм звеносы ретінде танымал болған. Осындай екі өркениеттің тоғысар тұсы – қалаларда мемлекет билігінің шоғырлануы, яғни үкіметтің басқару жүйесінің жергілікті мекемелері мен ұйымдары, қоғамдардың қызмет етуімен қатар ғылыми және ағарту мекемелерінің орналасуы, әлеуметтік топтардың топтасуымен ерекшеленеді. Сондықтан да ел өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың алғаш бастау алуы мен қорытындыланатандықтан қала қоғамдық тарихтың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Жергілікті жердің дамуының бай тәжірибесі мен аймақтық ерекшеліктерін ғалымдарымыздың зерттеуі қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің себептерін тереңірек түсінуге көмектеседі. Өйткені, жекелеген қалалар тарихы туралы материалдарда өлкенің көп қырлы сипатын, өндіріс күші,ің, мәдениетінің, қоғамдық ой мен сананың өсуіне жан-жақты талдау берумен құнды. Қалалар тарихы - әртүрлі аймақтар арасындағы байланыстар тарихын зерттеу нәтижесінде тарихи, экономикалық, жағрапиялық және мәдени жағынан ашып көрсетеді.
2. Қазақстанда өткен заман мен қазіргі кезеңдегі дамуы сан түрлі оқиғаларға, буырқанған экономикалық және саяси құбылыстарға толы мекендер көп. Солардың қатарына халық ыстық мейіріммен аса қастерлеп, қадір тұтатын өткен тарихы сырға, қойнауы қазақтың маңдайына бітіп, бағы үшін жаралып, халықтың қамын жеген мәдениеттің асқар шыңына жеткізер ғұлама ойшылдар, қайраткерлер мен өнерпаздардың абзал есімдеріне толы қасиетті қара шаңырақ. Семейдің шоқтығы қашанда бөлек тұрады. Семей XVIII – XIX ғасырларда Ресей үкіметінің Қазақстан даласында басып алған жерлерді ұстап тұру үшін салынған бекіністердің бірі ретінде іргесі қаланып, өзінің жағрапиялық жағынан қолайлы орналасуынан Орал мен Қытайды, Сібір мен Жетісудың арасында экономикалық байланысты орнықтырып, Далалық өлкенің сауда, қоғамдық және мәдениет орталықтарының біріне айналды. Семейдің қасиетті топырағы әлемге Шығыстың рухани ғұламалары Абай Шәкәрім, Мұхтарды әкелсе, Ф.Достаевский мен Ш.Уәлихановтардың ұлағатты достығын нығайтты. Алаштың ту көтерген жері де - Семей. Мұнда оны айғақтайтын тарихи орындар жеткілікті. Халқымыздың мақтан тұтар талантты ақын жазушы, ғалымдар мен батырларына өмір беріп, тәрбиелеп шығарды. XX ғасырдың басында Семей қаласы мәдениет орталығы, Қытай мен Монғолияның батыс аймақтарымен сауда және экономикалық байланыстар орнатуға ыңғайлы орталық есебінде қызмет етті. Кеңестік дәуірде республикадағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айнала отырып, бүкіл елдегідей орталықтандыру, жалпы халықтың меншік, әкімшіл басқару жүйесінің алғашқы тауқыметін басынан кешіре отырып, жаңа кеңестік білім беру ордасына айналды.
Қаланың рөлі әрқашанда экономиканың деңгейі мен қоғамның саяси дамуына байланысты өзгерске ұшырап отырады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін қаланың әкімшілік қызметінде де сапалық өзгерістер болды. Семей губерния. Округ, облыс орталығы ретінде осы өңірдің ірі әкімшілік орталығына айналуы, қаланың өлкедегі әлеуметтік-экономикалық қайта құруда маңызы зор болды. Дегенмен де, кеңес үкіметінің алғашқы 20 - жылдығында Семей қаласының дамуы күрделі және қарама-қайшы үрдісте жүріп, нәтижесінде бүкіл қоғамдағыдай қаланың әлеуметтік - экономикалық және мәдени даму барысы түпкілікті өзгеріске ұшырады. Сонымен қатар, қарқынды индустрияландыру жергілікті маман жұмысшылар мүмкіншілігі ескерілмегендіктен және 20 -жылдығындағы Ресейдегі ашаршылық, 30-жылдардағы қазақ аулындағы ашаршылық кесірінен Семей Шығыс Қазақстан қалаларының ішінде сырттан көшіп келушілер ең көп шоғырланған қаласы ретінде әлеуметтік және ұлттық-демографиялық мәселелердің қордаланған мекеніне айналды. Семей еліміздің басқа қалалар сияқты Кеңестік кезеңнің бастапқы жылдарында күрестер мен жеңістерге толы үлкен табыстар мен қатар, адам құндылығы мен мүддесінің аяққа тапталуы, дәстүрлі шаруашылық пен ұлттық мәдениеттің негізі жойылған өзек өртер өкінішке толы күрделі кезеңдерді басынан өткерді. Ұлы Отан соғысы жылдары қала экономикасының жағдайына әсер еткен факторлар – өндіріс орындары болды. Соғыстың алғашқа күнінен-ақ еріктілерден құралған әскери дивизиялар құрамында семейліктер де ерліктің үлгісін көрсете білді. Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтасымен жасампаз бейбіт еңбекке кіріскен семейліктер де жоғары қарқынмен қала экономикасын өркендетуге барынша күштерін салып, өнеркәсіп базалары нығайтыла бастады.
1970 – 1980 жылдары өнеркәсіп орындары мол өнім беріп, жоспарларды асыра орындағанымен халықтың, республиканың байлығы артпады. Шығарылған өнімге жұмсалынған еңбекпен ол үшін төленілетін еңбек ақының мөлшері сәйкес болмай, Қазақстанның көптеген қалалары тәрізді Одақтың тегін шикізат көзіне айналды. Соқыр сенімді басшылыққа алған үкіметтің мұндай солақай саясаты бүкіл ел экономикасын ойсыратып жіберді. Соңғы 80 жылдарда өндірісті техникалық тұрғыдан қайта жарақтау және қайта құру ісі кең көлемде жүргізілді. Нарықтық қатынасқа көшу кезіндегі экономикадағы оралымсыздық, қырсыздық көптеген кәсіпорындардың тығырыққа тіреді. Еліміз егеменді ел болғаннан кейін Семей қаласы қоғамындағы көптеген өзгерістер, қоғамдық өмірдің бұрын айтылмай келген беттері, айтылса да нақты, толық бағаланбай келген келелі мәселелеріне қайта оралуға мүмкіндік туды. Семей қаласының әлеуметтік – экономикалық және мәдени жағдайында келелі өзгерістер байқалды.
13 тақырып. Семей қаласындағы білім ордалары және оның тарихы
1.Жалпы білім беретін орта мектептер тарихы
2.Н.Назарбаев зияткерлік мектебі
1.Тарих сабағында өлкетану материалдарын пайдаланған кездегі оқушы - жастарға берілетін тәрбие мәселелерінің алатын орны ерекше.
ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың даму заманы . Сондықтан уақыт талабына сай юілімді де парасатты жан дүниесі кемел намысшыл ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың басты мақсатымыз.
Өлке тарихмызды тану оны өскелең ұрпаққа өнеге етіп қалдыру- атадан балаға жалғасқан дәстүр. Еліміздің еңес көтеріп етек- жеңін жинағалы бері көне тарихымыздың көзі ашылып, елімізбен жеріміздің ой-шұқырын тануға сол арқылы жас ұрпақтың бойына өз өлкесі отаны туралы білімдерін сіңіруге мүмкіндік береді.
Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Қазір Республикамызда әртүрлі ұлт өкілдері мекендейді. Қазақстан сол ұлттарға ортақ отан. Мектеп оқушылар арасында жүргізілген жұмыстарда, сабақтарда әсіресе тарих сабағында отаншылдыққа тәрбиелеуге ерекше мән берілуі керек.
Тарих сабағында пайдаланылатын өлкетану материалдарының тәрбиелік мәні өте мол.Өйткені, ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірбиесін баяндайды.Өлкетану материалдары тарихи фактілерді, оқиғаларды, өкеміздің тарихын, өлкеміздің жеке тарихи қайраткерлерінің халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрі оқушылардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді. Адамгершілік жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.
2. Қазақстанға жан – жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін тарихын әдет ғұрпын сыйлайтын осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Бұл міндеттерді шешуге тарих пәнінің тәрбиедегі орны тағы да ерекше.
Кеңес елінің тұсында тарих пәнін оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм – ленинизм идеясына берілгендік, дүние жүзінде капитализімнің құрып, коммунистік қоғамның салтанат құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін жек көру, дінді жек көру рухында тәрбиелеу болды. Тәрбиенің мұндай бағыттарының мүлде теріс екендігін өмір тәжірбиесі көрсетті. Сондықтан да біз қазір Қазақстан мектептеріндегі тәрбиенің міндеттерін анықтағанда мұндай теріс бағыттардан бас тартамыз.
Оқушылардың дүниеге ғылыми қалыптастыру адамгершілікке имандылыққа ізгілікке тәрбиеленеді отаншылдыққа өз өлкесін сүюге еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиелеу өлкеміздің тарихи байлықтарын бағалау құрметтеу адамзат жасаған бағалы құндылықтарды сақтай білуге тәрбиеленеді эстетикалық экологиялық экономикалық т.б. тәрбие алады.
Өлкетану материалдары адамзат жинаған бай тәрбиемен әсіресе өркениеттілік мәдениеттанушылық дәстүрмен таныстырады. Өлкедегі тарихи оқиғалардың фактілердің адамгершілік тәрбиенің қаншалықты маңызы бар екенін атақты қайраткерлер мен ғалымдар атап көрсетуде.
Жергілікті материалдарды тарих сабағына пайдаланып оқу барысында оқушылар отаншылдыққа өз халқына басқа да халықтарға деген сүйіспеншілдікке жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны үшін кез-келген қиындыққа әзір тұруға, халық арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, ел үшін қызмет етуге дайын болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке өз мүддесінен халық, Отан мүддесін жоғары қою сияқты басқа да тамаша қасиеттерге тәрбиеленеді. Осы қасиеттердің бәрі қосылып оқушыда туған өлкеге деген жоғары көзқарасты қалыптастырады.
Осының бәрі тарихты оқыту барысында халық бұқарасының қоғам дамуындағы ролін жауынгерлік, еңбек дәстүрін, өлкеміздің жеке қайраткерлерінің тамаша қасиеттерін алып о көрсету арқылы жүзеге асады.
Қайраткердің қызметін таныстырғанда олардың мынадай қасиеттерін ашып көрсетуге болады: сас қайраткерлердің мінез-құлқұның,өмірлік мұратының қалыптасуына не әсер етті (мәселен Ә Бөкейхановтың,Ахмет Байтұрсыновтың, Т. Рысқұловтың т.б). Оның жеке басықасиеттерінің алдына қойған мақсатына сай келуі (мысалға Құнанбай және басқа да тарихи тұлғалардың) олардың күнделікті іс-әрекеттерін өмірлік мұраттарының көрініс табуы Г. Мұратбайев т.б тарихи қайраткерлердің алға қойған іс-әрекеттері жүзеге асырған іс шаралары әсіресе сын сағатта, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауы (қазақ билерінің қызметі) жайлы келтіруге болады.
Туған өлкеміздегі ізгілікті істерді құрметтей білу де адамгершілікке қатысты. Өлкемізде ертеде салынған тамаша қалалар, тарихи ескерткіштер, зәулім ғимараттар, өлкемізге саяси жер аударылып келген орыс ұлтының өкілдерінің атқарған ізгілікті істері, белгілі ойшылдары мен ғалымдары ашқан жаңалықтарға оқушылар қызметпен қарауға, оларды оқушылар мен жасаушылардың еңбегін бағалауға, оларды сақтауға, дәріптей білуге тәрбиеленуі тиіс.
Тарихты оқыту яғни сабақты өлке тануға байланысты жергілікті материалдарды тиімді пайдаланудың оқушылардың өлкетануға қызығушылығына көп көмегі тиеді, өйткені оқу материалы оқушыларға жақын әрі таныс болғандықтан оларды қызықтырады, өлкенің жай – жапсарын білуге жетелейді. Өлке тарихын білу Отанға деген сүйіспеншілік, бар күш- жігері мен білімін, игілігі мен мүддесі үшін, туып өскен жеріне, ана тіліне, өз халқымның, елімнің әдет- ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік адам зат баласына ерте замандардан ақ қалыптасқан.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін халыққа білім беру саласында көптген озгерістер болды.Оқушылар өзі туған өлкесініңде, басқа елдердің де халықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеуде. Оқушыларды өлкетану- отан тануға, халықтар достыған тәрбиелудің мынандай жолдарын ұсынуға болады: Халықтар тағдырының орталығына әдет- ғұрыптарының салт- дәстүрлерінің ортақтылығына назар аудару: Халықтар арасында пайда болған, қалыптасқан достықты, оған себеп болған, әсер еткен тарихи жағдайларды ашып көрсету. Көрнекті қайраткерлердің де тарихтан халық алдындағы қызметін, еңбегін көрсету. Туған өлке материалдарын тиімді пайдалану. Отаншылдықты халықтар достығын дамыту сияқты тамаша қасиеттерді өркендетуге байланыты мемлекет пен үкімет тарапынан қабылданған құжаттардың мәнін жүзеге асыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Мектеп оқушылары арасында оларды өз өлкесін, отанын сүюге тәрбиелеуге ерекше мән берілуі керек. Қазақстандық отаншылдықтың тарихи негізі бар: бірқатар түркі тілдес халықтар қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр т.б ежелден Орта Азиямен Қазақстанда мекендейді .
Оқушылардың өлкетануға деген көзқарасын қадыптастыру мен тәрбие мәселесіне тікелей қатысты тақырыптарды мұғалім алдын-ала іріктеп жұмыс жасауды нәтижелі ұйымдастыра қойылған міндеттердің шешілуі әбден мүмкін.Мысалы арихтағы ;көтерілістер: тақырыбын оқытуда бүкіл халықтың,елдің әскери күшке бірігіп,ынтымақтастырып,ұйымшылықпен қарсы тұрғының көрсететін материриалдар,халықтардың өзәрә достығы мен өмір мақсаттарының түп-тамыры бір екендігін айқындайды.Оған 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы жерлестеріміздің ерліктері мысал бола алады. Сондықтанда тарихтың еш бұрмаланусыз жазылынуы ұрпақ тәрбиесіне оның біліміне әсер ететін бірден бір сриктор деп айтуға толық негіз бар.
14 тақырып. Спорт кешендерінің тарихы
1.Қазақ футболына 100 жыл
2.Спорт кешендері
1. 1913-14 жылдары Семей қаласында ССК, "Олимп", "Ласточка", "Орлята" және "Ярыш" атты алғашқы қазақстандық командалар пайда болды. Көптеген деректерде аяқ доп ойынын Орталық Азия мен Сібір бойынша ірі сауда орталыктарының бірі саналған Семей қаласына ағылшын саудагерлері алып келгендігі айтылады. Осылайша Семей тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азияда да ең алғашқы футбол ойналған қала.
Семейде кезінде «Ярыш» футбол клубының сапында әдебиет алыбы Мұхтар Әуезов өнер көрсеткен. Жас Мұхтармен бірге жасыл алаңға шыккан отандык футболдың карлығаштары Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нигматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин секілді жеткіншектер біздің елде бұл спорт түрінің кең таралуына жол ашты.
Семейлік футбол жылнамашысы Евгений Один тапқан деректерге сүйенер болсақ «Ярыш» халықаралық бәсекеге қатысқан алғашқы команда болып есептеледі. Мынадай кызык дерек бар. «Ярыш» Семей каласыңда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарынан жасақталған командаға карсы кездесу өткізген екен. Әскери тұтқындар арасында біздің командаға қарсы 1912 жылғы әлемдік Олимпиада ойыңдарының екі катысушысы өнер көрсеткен. Қазакстандык футболдың қарлығаштары алғашкы ойындарын Қазан төңкерісіне дейін күз сайын болатын атақты Семей жәрмеңкесі өтетін алаңқайда өткізіп келген.
Ал 1915-16 жылдары Танымалдығы күн санап арткан аяқ доп ойыны Павлодарға да жетті. Ертіс жағасындағы қалада "Ястреб" және "Звездочка" командалары пайда болды. Семей мен Павлодарлық командалар Ресей империясының көршілес орналасқан губернияларының комаңдаларымен жиі кездесе отырып футболдың Орта Азия мен Сібірде кең танылуына жол ашты. Ал ХХ ғасырдың 20 жылдарында, яғни 1921 жылы Жамбыл қаласында Қазакстандағы алғашкы футбол алаңы пайдалануға берілді.
1928 жылы Петропавл қаласында Қазақ АКСР (Автономиялы Кенестік Социалистік Республикасы) губернияларының командалары арасында ресми жарыс өткізілді. Аталмыш турнирге катыскан ойыншылардан Қазақстан тарихындағы тұңғыш құрама команда жасакталып, бұл ұжым РКФСР (Ресей Кеңестік Федеративті Соңиалистік Республикасы) облыстары мен автономиялары халыктарының I- Бүкілодақтық жұмысшылар Спартакиадасы іріктеу бәсекесіне қатысты. Қазан қаласында өткен жарыста қазақстандық команда бес кездесу өткізіп, турнир қорытындысы бойынша екінші орынға ие болды.
1936 жыл Қазақстандық команда алғаш рет Бүкілодақтық ресми бәсекеге қатысты. КСРО Кубогінің 1/32 финалдық кездесуіне қатысудан бас тартқаннан куйбышевтік клубтастарын алмастырган Ақтобе қаласының «Динамо» командасы мәскеулік ЦДКА-мен кездесу өткізді. Матч корытындысы мәскеуліктердің пайдасында 4:0 болып аяқталды.
1937 жылы Қазакстандық команда алғаш рет кәсіпқой клубтар арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Кеңес Одағының III Чемпионатындағы «Шығыс қалалары» тобында өнер көрсеткен алматылық «Динамо» жеті қатысушының арасыңда үшінші орынға ие болды.
Осылайша Семей қаласында алғаш «Ярыш» атты футбол командасының құрылуы қазіргі семейдің спортын дамытумен салауатты жастардың өсуіне де өзіндік үлестер қосуда.
15 тақырып. Қазіргі Семей қаласының тарихынан
1.Семей қаласы-рухани-мәдениеттің орталығы
2.Туған қалам Семейім
1.Семей қаласының мәдениет саласының жалпы бейнесі осы заманғы талаптарға сәйкес және халықтың мәдени – рухани сұранымдарын қанағаттандырады. Қалада 36 мәдениет мекемесі, соның ішінде 4 театр, филармония, 4 мұражай, 13 кітапхана, 3 мәдениет үйі, 2 кинотеатр, 5 клуб мекемесі, 2 саябақ жұмыс істейді.
Осы мекемелердің барлығы да өз қызметінде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Өткен жылмен салыстырғанда қала театрларында қойылған спектакльдер саны өсті және тиісінше қызмет көрсетілген халық саны да өсті. Мәселен, 2006 жылдың І жартыжылдығында 77 спктакль қойылды. 2005 жылдың І жартыжылдығында 16413 көрерменге қызмет көрсетілсе, 2006 жылы – 21117 болды, бұл 129% құрайды. Бұл оқу орындарында, мектептерде, колледждерде Театр күнін өткізудің практикаға енгізілуіне байланысты, бұл қала халқының басым бөлігін қамтуға мүмкіндік береді.
Кітапханаларға оқырмандардың баруы, кітап оқу және кітап беру мониторингі негізгі көрсеткіштердің ұлғайғандығын көрсетті: оқырмандар саны 49800 адамнан 55000 адамға дейін, кітап беру саны 1041045 кітаптан 1097696 кітапқа дейін өсіп, кітап қоры 796599 – дан 806258 кітапқа дейін, оқырман балалар саны 12533 – тан 13659 балаға дейін ұлғайды. Бұған кітапхана қызметіндегі сапалық өзгерістер, яғни техникалық қайта жарақтандыру, жаңа компьютерлік, желілік, CD – ROM технологияларға бағыт алу жәрдемдесті. Электрондық почта мен Интернет болуы арқасында кітапханалар кез келген ақпараттық жүйелермен байланыс жасауға, қажетті ақпарат алуға және оқырмандар сұраныстарын барынша толық қанағаттандыруға мүмкіндік алды.
Қаладағы бүкіл мәдени – көпшілік жұмыстың орталығы – Мәдениет сарайы болып табылады. Ол көп бейінді жұмыс жүргізеді. Мұнда 33 клубтық құрылым мен қызығушылығы бойынша клубтар, соның ішінде 15 көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істейді, бұлардың 9 – «Халықтық» атағын иеленген. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, белгілі әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимов жетекшілік ететін домбырамен ән салу мектебі, ақын Дәмеш Омарбаева жетекшілік ететін ақындар даярлау орталығы өз жұмыстарында елеулі табыстарға қол жеткізді. Бұл орталықтардың түлектері, талантты жастар Мейіргүл Байболова, Жасұлан Қоңырбаев, Ринат Заитов, Әсем Жұмағазина, Серік Молдабеков және басқалар облыстық және республикалық конкурстардың, ақындар айтыстарының лауреаттары болды.
2. Семей Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Семей – республикамыздың мәдени, тарихи орталықтарының бірі. Мұнда Абайдың және Ф. М. Достоевскийдің мұражайлары, Қазақстанның байырғы өлкетану мұражайы, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалардың тұтас желісі халыққа қызмет етеді. Екі театр-Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театры және Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театры жұмыс істейді. Семей құрамында жас Мұхтар Әуезов ойнаған Қазақстан футболының, әлемге әйгілі қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсеткен ұлттық цирктің отаны.
Семей- Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр. Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрылығының Географиялық орталығы анықталған. Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан. Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған.Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -450 – қа, жазда +450 –қа дейін жетеді. Қала халқы 300 мың адамнан астам.Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.
-
ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫ
1тақырып. Тарихи өлкетану тарихы және мәдениеті пәні, мақсаты мен міндеттері
1.Өлкетану негіздері.
2.Қалыптасу кезеңдері
2тақырып. Көне түрік жазбаларының ескерткіштері және олардың өлке тарихындағы рөлі.
1.Көне түрік жазба ескерткіштері
2.Өлке тарихындағы рөлі
3тақырып. Қазақстанда өлкетанудың қалыптасуы және дамуы.
1.ХІХ ғ. Орыс зерттеушілерінің деректері
2.Өлкетану тарихы мен мәдениетін зерттеудегі ғалымдар үлесі
4тақырып. Өлкені зерттеудегі қазақ ғалымдары мен ағартушыларының рөлі және қызметі.
1.Ш.Уалиханов-шығыстанушы, тарихшы.
2.Абай Құнанбаев.
3.Ы.Алтынсарин
5тақырып: Отаным-бақыт Ордасы
1.Болашақ өткеннен бастау алады
2.Шығыс Қазақстан облысы: реформалар және жаңарған тағдырлар
6тақырып. Тарихи - өлкетану мұражайларының тарихы.
1.Семей қаласының тарихы мен тарихи - өлкетану мұражайы
3. Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық мұражайы
7тақырып. Семей қаласы мәдениетінің тарихы
1.Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры
2.Семей-руханият қаласы
8 тақырып. Семейдегі рухани қазына тарихы
1.Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана
2.Семей қаласындағы оқу орындарының қалыптасу тарихы
9 тақырып. Экономиканы дамыту арқылы дәулетті қоғамға жетудің жолдары
1.Шығыс Қазақстан - тәуелсіз Қазақстан өнеркәсібінің көшбасшысы
2.Реформалар жемісі
10 тақырып. Шығыс Қазақстан облысы: басты басымдылықтар
1.Шығыс Қазақстан халқын әлеуметтік қолдау
2.Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы
11 тақырып. Жеті сарайлы көне шаһар тарихы
1.Жер-тарихы-ел тарихы
2.Семей қаласындағы тарихи ескерткіштер туралы
12тақырып. Семейдегі ірі өнеркәсіпорындарының тарихы
1.Ет комбинатының құрылу тарихы
2.Ірі өнеркәсіптер: силикат, цемент, кірпіш заводтары туралы
13 тақырып. Семей қаласындағы білім ордалары және оның тарихы
1.Жалпы білім беретін орта мектептер тарихы
2.Н.Назарбаев зияткерлік мектебі
14 тақырып. Спорт кешендерінің тарихы
1.Қазақ футболына 100 жыл
2.Спорт кешендері
15 тақырып. Қазіргі Семей қаласының тарихынан
1.Семей қаласы-рухани-мәдениеттің орталығы
2.Туған қалам Семейім
Достарыңызбен бөлісу: |