Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде инновацияның іске асырылуы Экономика ғылымында



Дата20.07.2016
өлшемі303.43 Kb.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде инновацияның іске асырылуы

Экономика ғылымында «инновация» ұғымын австрия экономисті Й.Шумпетер жан-жақты талдады: инновация белгілі бір үрдіске жаңаша көзқарас, экономикадағы жаңа ашылулар мен жаңалықтарды адамзат қызметінің өзге салаларында табысты пайдалану. Н.Кондратьев пікірінше, техникадағы кез келген өзгерістер экономика ғылымына тікелей әсер етеді. Оның негізгі шарты инновациялар үлесінің (жаңа өнімдердің) өте көп жинақталуы мен оларды өндіріске енгізуге экономикалық механизмдердің туындауы болып табылады.

Инновациялық iс-әрекет нәтижесi - жаңарту, жаңа элементтермен ауыстыру немесе толықтыру. Мұндай қызмет мынадай жалпы заңдылықтарға ие болады: өзгертудің мақсаты анықталады, жаңалық құрастырылады, тексерiледi, өндiрiске енгiзiледi, таратылады. Өнімнің жаңа жағдайға немесе жаңа сапаға ауыстырылуы жаңалықтарды енгiзу түрiнде жүзеге асады. Алғашында ол санада белгiлi бiр нақты және болатын жағдай арасындағы қарама-қайшылық мәселесi ретiнде құрылады. Кейiннен әлеуметтiк субъектiнің мақсатты инновациялық қызметiне айналады. Инновациялық қызмет нәтижесiнде әрбiр өнім, процесс, құбылыс дамиды деген шешiмге келуге болады. Ал, осы дамуды жүзеге асыру әлеуметтiк-экономикалық субъектiнің инновациялық қызметi арқылы жүзеге асады. Инновация - инновациялық қызметке қатысушы субъектiнің әртүрлi қызығушылықтары нәтижесiнде оның соңғы шешiмi ретiнде көрiнiс табады. Олардың жалпы қызметi – мақсатты қызмет арқылы қарама-қайшылықтарды шешу.

Инновациялар былай бөлінеді: білім беру мазмұнындағы инновациялар, оқыту технологиясындағы инновациялар, білім беру жүйесінің тәрбиелеу функциясы саласындағы инновациялар, педагогикалық құралдар жүйесіндегі инновациялар.

Инновациялар мен бастамашыл (орталықтандырылмаған) жаңа енгізілімдердің қалыптасуытұрғысынан білім беру жүйесіне жасалған талдау көрсеткеніндей, олардың пайда болуы әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлердің неғұрлым жалпы заңдарына бағынады. Жаңа "салт-дәстүрлік" ауысым алдыңғы салт-дәстүрлерде жаңа салт-дәстүрлердің пайда болуына арналған барлық алғышарттардың қалыптасу жағдайында ғана мүмкін болмақ. [45]

Осыған орай инновациялық білім беру қызметін жобалаудың негізгі әдіснамалық қағидасын құруға болады. Оның мәні мынада: ең алдымен білімді басқару жүйесіндегі инновациялық сала элементтерінің пайда болу жағдайы, мүмкіндіктері және жүйелік қайшылықтары зерттеледі. Келесі кезекте инновациялық катынас элементтерін талдау кезінде айқындалған тәжірибені пайдалану кезінде инновациялық білім беру жүйелерінің дамыту жолдары негізделеді.

Білім беру саласындағы инновацияларды жобалау логикасы аймақта объективті түрде пайда болған инновациялық элементтерден ғылыми білім беру кешені және эксперименттік алаңдардың бекітілген үлгісінде инновациялық саланы қалыптастыруды қарастырады. Оқыту технологиясы мұғалімдердің эмпирикалық инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін дұрыс, ұтымды басқаруды қарастырады.

Инновациялық инфрақұрылымды және инновациялық білімді дамыту механизмі әлемдік және елдегі инновациялық ортаның жалпы жағдайына, қоғам мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, сонымен қатар, еліміздің нақты мүмкіндіктері мен стратегиялық өркендеу бағыттарына сай болуы тиіс.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, инновациялық білім берудегі жетістіктердің неғұрлым ұтымды мысалдары Жапонияда, Швецияда, Түркияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң инновациялық жүйелерінде iрi жетістіктерге жеткен басқа да елдерде бар.

Еуропа елдерінде мемлекет университеттерде жеке сектордың белсенділігін қолдайтын ғылыми-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қалыптастырған. Бұл міндетке сай университеттер шағын және орта қалалардың қоғамдық жүйедегі өзіндік орнын қалыптастыратын ғылыми бастамаларын сараптап, оларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Бүгінгі күні еліміздегі ғылыми кадрларды ынталандыру тетігі тиімсіз және инновациялық ортаның дамуына ықпал ете алмайды. Олай дейтініміз, қазіргі білікті жастар ғылыммен емес, бизнеспен айналысуға ынталы. Ал, егер осы білікті құрамды ғылымға тарта біліп, олардың ақыл-ой жетістіктерін инновация саласына пайдалансақ, біздің ұтарымыз көп болар еді. Сондықтан, инновациялық инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің белсенділігін арттыруды еліміздің білім беру жүйесінен бастау керек. Өйткені, инновацияларды ойлап табатын да, олардан әзірлемелер дайындап, өндіріске енгізетін де мамандар. Сондықтан да, білікті мамандар даярлау ісін инновация жүйесіндегі басымды мақсат деп тауып, инфрақұрылым шеңберіндегі басқа элементтер оған жан-жақты қолдау жасаулары керек. Атап айтсақ: өз есептерінен білікті жастарға оқу гранттарын беру; білім жүйесіне қажетті ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық орталықтарын ашып, оған дарынды жастар мен ғылыми кадрларды тарту; жоғары және орта арнаулы оқу орындары тәлімгерлерінің оқу-өндірістік тәжірибелерін ұйымдастырып, олардың арасынан біліктілерін жұмысқа қабылдау; арнайы конкурстар ұйымдастырулар арқылы жастардың инновацияларға құлшынысын арттыру және т.б..

Инновациялық қызметтің бастапқы өнімі «жаңа өнім» немесе қызмет көрсетулерді қалай өндіру туралы «жаңа білімдер» болып табылады. Білімнің өзі бәсекелес емес ортада болады, басқаша айтқанда, белгілі бір «ойлап табушы» бола тұрса да, оларды бір-бірінен тәуелсіз әр түрлі компаниялар немесе мемлекет төмен пайдамен пайдаланды. Негізгі шектеу патенттер мен авторлық құқықтар болып табылады, оны қорғау көптеген мемлекеттерде, оның ішінде біздің елімізде де шартты түрде ғана. Кейбір ғылыми жетістіктер патенттелмейді және кез келген оқырман адамға қолжетімді. Бұл адамзаттың жалпы өмір сүру жағдайына оң әсер етеді, себебі білім мен технологияға ашық қолжетімділік барлығына тиімді.

Инновациялардың оң сыртқы тиімділігі ғылыми тұжырымын танымал американдық экономист К.Эрроу ұсынды. Ол біреудің жасаған ашылудың қолдану тиімділігі оны басқа біреу қолданғанда азаймайды. Осы тұжырымды дамытуға жүргізілген эмпирикалық зерттеулер көрсеткендей, зерттеулердің «әлеуметтік ұтысы» оларды жүргізген компанияларға қарағанда жоғары. Фирмаларға көбінесе басқа біреулердің әзірлеулерін көшіру тиімді, алайда көшіруші компаниялар ойлап табушы компанияларға қарағанда нарыққа жайырақ шығады, олардың шығыны 25-50%-ға пайызға төмен, ал инноватордың қателерін есепке алу әлдеқайда бәсекеге қабілетті өнім шағаруға мүмкіндік береді. Көшіру кезінде құралдарды үнемдеу мен технологияны тегін пайдалану компаниялардың инвестициялау тілегін азайтады. Басқа біреулердің өнімін көшіру жолымен Оңтүстік Батыс Азия мемлекеттері алдыңғы қатарда жүруде. Алайда, бұл мемлекеттер (Жапонияны қоспағанда) ұзақ уақыт бойы инновациялық жолмен жүрген мемлекеттер үшін конвейер жалғастығы болды, атап айтқанда, АҚШ, кейінірек Израиль.

Мысалға Израильде мемлекеттік инвестициялық компаниясы құрылған, оның басқаруында әрқайсысына жиырма млн. доллар капиталы бар он венчурлық қор бар. Бұл ұйым олардың капиталына қатысу арқылы израильдік инвестициялық компанияларды тікелей қаржыландырады. АҚШ-та СБИР және СТТР атты венчурлық бағдарламалар бар және бұл бағдарламада жалпы қаржы көлемі грант түрінде берілетін 2 млрд. долларды құрайды. Мұндай мемлекеттік бағдарламалар мен қорлар туралы көп айтуға болады. Олардан шығатын бір қорытынды: дамыған елдердегі мемлекет жеке инновациялық компанияларды қаржыландыруға белсенді түрде қатысады. Мемлекеттік қаржыны жеке меншік компанияларды инвестициялауға жұмсау тиімділікті үнемі бақылауды талап етеді. Сонымен қатар, дамудың инновациялық жолын жаңа білімге және оларды коммерциялық қолдануды шектейтін экономикалық саясаттың шараларымен ынталандыруға болады. Мысалы, патенттер мен авторлық құқықтарды қорғау жөніндегі заңды шаралар, бірқатар салықтық преференциялар инноваторлардың пайдасын көбейтуге және инвестицияларды ынталандыруға мүмкіндік береді.

Біздің елімізде де инновациялық гранттарды ұсыну мен оны беру ережелеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметі 2009 жылғы 6 тамызда бекіткен № 1202 қаулысымен зияткерлік меншік нысандарын енгізу жөнінде қабылданған есеп беру туралы шараларға (бұдан әрі – Ережелер) сәйкес жүзеге асырылады. «Ғылым қоры» АҚ (бұдан әрі – Ғылым қоры) екі бағыт бойынша – тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелдік зерттеулерді орындау және инновациялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін даярлау бойынша инновациялық гранттарды ұсыну конкурсында сенімді тұлға функциясын атқарады. Сенімді тұлғаның функциясына өтінімдерді қабылдау, оның толық болуын және рәсімдеу сапасын қарау, өтінімдерді сараптаудан өткізуге жіберу, кешенді қорытындылар әзірлеу, инновациялық гранттарды ұсыну жөнінде шарттар жасасу және жобаны жүзеге асыру мониторингісін жүргізу жұмыстарын орындау міндеттері жүктеледі. Инновациялық гранттарды ұсыну жөніндегі қабылданатын шешімдердің негізділік деңгейін анықтау үшін Ережелер талаптарына сәйкес өтінімдер мемлекеттік ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық сараптамаға жіберілді.

Шумпетердің айтуынша, инновациялық қызметті қаржыландырудың басты мәселесі: егер инноватор мен инвестор әр түрлі адамдар болса, инновациядан күтілетін табыс пен оларды қаржыландыру үшін қарыз капиталының құны арасындағы жоғары айырманың болуы. Бұл дегеніміз, зерттеулердің көп бөлігінде зерттеу жүргізушінің өз қаржысының болмауы немесе сыртқы қаржыландыру құнының жоғары болуы дегенді білдіреді.

Инвестициялық теория тұрғысынан алғанда, инновацияда өзге инвестициялық жобалардан ерекшеленетін бірқатар өзгешеліктер бар. Оның негізгісі - инновациялық зерттеу қызметіне жұмсалған барлық шығындардың жартысы кейіннен табыс көзі болып табылатын инновациялық компаниялардың активі, жаңа білімдер базасын құрайтын ғылыми және техникалық персоналдың еңбекақысы болады. Көбінесе, білім оны тасымалдағыштармен байланысты және сол адам компаниядан кеткен жағдайда жоғалып кетеді. Осылайша, негізгі қызметкердің кетуі инвестор салған қаржының жоғалуына әкеп соғады. Екінші ерекшелік, мүмкін болатын нәтижеге сенімсіздік. Себебі, белгісіздік деңгейі жобаның алдыға жылжуына байланысты азаюы тиіс, қаржыландыру мәселесі әсіресе, бірінші деңгейде өте маңызды. Қарыз капиталының айтулы құны жобаны қаржыландырудың бірінші деңгейіне тиесілі, себебі осы деңгейде тәуекелді бағалау өте қиын.

Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновациялық білім мемлекеттік реттеудің нысаны болып табылады. Бұл елдерде технологиялардан, кұрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ЖІӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жаксартудың негізгі кұралы болып отыр.

Елбасымыз ғылым мен білім қызметкерлерінің съезінде: «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымда екенін ұмытпайық» - деген еді. Шынында да білім мен ғылым – келешектің кепілі екені айтпаса да түсінікті. Білім – күрделі шығармашылық процесс. Ол көпшілікке тарату және пайдалану негізінде жасалады. Оны білім ордасы таратады. Ал, оның объектісіне білімді тарататындар жатады. Сонымен, біліммен айналысатын жеке тұлғаның үш түрін атап көрсетуге болады. Олар ғалымдар – білімді өндірушілер, ұстаздар – білімді таратушылар, үйренушілер – білімді тұтынушылар. Соңғысына ғалымдар мен ұстаздар да кіреді, өйткені олар жаңа білімге үйренеді. Білімнің деңгейі, таралуы және тұтынылуы – қазіргі қоғамның негізгі көрсеткіші. Өнеркәсіп ғасырын артта қалдырып, ақпараттық ғасырға қадам жасау барысында білімнің құндылығы үздіксіз өсіп отыр.

Ғылым секторы білімді өндірсе, білім алу секторы білімді тарата отырып, жұмыс күші мен халықтың саналық сапасын арттырады. Анығырақ айтқанда, білім алудың міндеті – жеке тұлғаға білімді ұғындыру. Сондықтан, білім өндірісінің шикізаты білімді тұлғаны қалыптастыру үшін қажет. Бұдан келіп «білімді өнім ретінде не үшін тұтынады?» деген сұрақ туындайды. Оның негізгі үш мақсатын атауға болады. Бірінші, білімді және эрудициясы жоғары болу, екінші әуесқойлық және үшінші қызығушылығын арттыру. Үлкен қалалар мен мегаполистерде басқа аймақтарға қарағанда еңбек көрсеткіші өте жоғары. Сондықтан, олардағы өндіріс орындары, білім, ғылым, мәдениет орындары жаңа технологияларды жаңаша қалыптастырады, оларды пайдалануға жақсы жағдайлар жасайды [1].

Статистикалық мәліметтерге сәйкес мемлекет азаматтарына жалпы негізгі білімнің тегін берілуіне қарамастан, 7 пен 14 жас аралығындағы балалардың шамамен 3% оқымайды. Ал жалпы негізгі білімнің жоқтығы азаматтардың келешектегі әлеуметтік біртұтастығына өте теріс әсер ететіні hақ. Сол сияқты, толық орта білім немесе, ең болмағанда, бастапқы кәсіби білім ала алмау да болашақ мобильділікке кері әсерін тигізеді. Себебі, қазіргі таңда жалақылары төмен кәсіптердің өзіне қажетті білім деңгейлеріне деген талаптар әрдайым жоғарылап отыр. Бұның арасында, 15-17 жас аралығындағы балалардың 6% астамы оқымайды. Кәсіби білім деңгейін таңдау, елеулі түрде, жанұя иеленетін ресурстардың көлеміне және тұратын жеріне тәуелді. Үй шаруашылығындағы орналасқан ресурстардың азаюы және өздері тұратын елді мекен көлемінің қысқаруы білім алу мүмкіндігін шектейді. Нәтижесінде мемлекеттік білім өзіне жүктелген «әлеуметтік саты» қызметін толық орындамайды. Табысы жоғары және үлкен қалаларда тұратын тұлғалар көбіне жоғары білім алса, ал кішігірім қалалар мен ауылдардағы табысы төмен тұлғалар көбіне бастапқы немесе орта кәсіби білім алады.

Шет елдерде сапалы білім алу – дәріптеуге тұрарлық игі іс. Сапалы білім әрқашанда жетістік пен жеткіліктіліктің кілті болып табылған. Адам – еліміздің негізгі байлығы мен артықшылығы. Адамның біліміне, денсаулығына және өмір сүру сапасына жасалған инвестиция біздің еліміздің дамуының басты идеясы болып табылады. Елдің экономикалық деңгейі мен оның әлемдегі бәсекелестік ұстанымы бірінші кезекте оның адамдарының сапасына – адам­дық капиталға байланысты. Сондықтан мемлекетіміз бүкіл әлемдік бәсекелестікке төтеп беруі үшін адам капиталына аса зор көңіл бөлуі тиіс [2].

Сапалы білім алу – адамның өмірлік мүмкіндіктерін жоғарылататын ең басты қасиет. Жалпы білім секторында еңбек ақының сатып алу қабілетінің ең төменгі деңгейі байқалады. Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) сілтеуі бойынша ел игілігі бірнеше элементтердің жүйесі болып табылады. Оның бастысы - білім беру (оның ішінде сауаттылық). Ал, экономика секторы бойынша еңбек ақы-ның әр түрлілігі және олардың әр түрлі сатып алу қабілеті орын алған. Еңбек ақының жоғары сатып алу қабілетінің (10 есе) тез қарқынмен дамуы жоғарғы дәрежелі мамандарды керек ететін секторларда, қаржылық қызметтерде және экстерриториялық мекемелерде байқалса, ал еңбек ақының төменгі сатып алу қабілеті білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету және ауыл щаруашылығында байқалады. Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне енуіне байланысты іс жүргізу үшін іскерлік өмірдің барлық сферасы бойынша тереңдетілген белгілі бір мамандар қажеттілігі туындайды. Білім секторының өнімін өлшеу үшін студенттердің санын қолдануға болады, себебі, бұл көрсеткіш нақты тіркелген. Сондай –ақ, жоғарғы оқу орнын бітірушілердің тіркелген тізімі, олардың қызметтік көрсеткіші білім беру саласының тиімділігі мен сапасын бағалауда өте маңызды.

Білім беру саласындағы инновация – экономикалық өсудің басты факторы, өйткені адам дамуының қорғаушы күші болып табылады. Экономика ғылымында «инновация» ұғымын австрия экономисті Й.Шумпетер жан-жақты талдады: инновация белгілі бір үрдіске жаңаша көзқарас, экономикадағы жаңа ашылулар мен жаңалықтарды адамзат қызметінің өзге салаларында табысты пайдалану [3].

Инновациялық қызметтің бастапқы өнімі жаңа өнім немесе қызмет көрсетулерді қалай өндіру туралы жаңа білімдер болып табылады. Білімнің өзі бәсекелес емес ортада болады, басқаша айтқанда, оларды белгілі бір «ойлап табушы» бола тұрса да, оларды бір бірінен тәуелсіз әр түрлі компаниялар немесе мемлекет төмен пайдамен пайдаланды. Негізгі шектеу патенттер мен авторлық құқықтар болып табылады, оларды қорғау көптеген мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да шартты түрде ғана болады. Кейбір ғылыми жетістіктер патенттелмейді және кез келген оқырман адамға қолжетімді. Бұл адамзаттың жалпы өмір сүру жағдайына оң әсер етеді, себебі білім мен технологияға ашық қолжетімділік барлығына тиімді.

Қазіргі нарықтық экономика тиімділігі «ғылым - мемлекет - нарық» тізбегінің барлық буындар байланысын қамтамасыз ететін механизмдердің көптүрлілігімен түсіндіріледі. Солардың ішінде экономикалық өсімді ынталандырудың және ғылым мен өндірістің терең интеграциялануының ең тиімді нысаны – білім беру құрылымдары ерекше орын алады. Мұндай инфрақұрылымдарды дамыту біздің еліміз үшін де, өзге посткеңестік елдер үшін де қажет. Жалпы жаһандану жағдайында, ЖОО-ның бәсекеге қабілетті болуы өте қажетті. Сондықтан да білімнің қызмет көрсету нарығында ЖОО-ң бәсекеге қабілеттілігін ЖОО-н басқаруда іскер кәсіпорын ретінде жүйелі бағыттарды қолдану есебінен қол жеткізуге болады. Бұл көзқарас білім беру қызметінің тиімділігін анықтаушы – ресурстық қамтамасыз етілу, басқару жүйесінің құрылымы, маркетингтік кешен, қаржылық басқару, білім сапасының жүйесі – стратегиялық компоненттердің әрекетін белсендендіруді талап етеді

Әдетте инновацияны қаржыландыру үшін капитал құнының жоғары болуының екі негізгі себебін бөліп қарауға болады: инноватор мен инвестор арасындағы ақпараттар асимметриясы және инноватор тарапынан «рухани тәуекел», оның ішінде компаниядағы меншік пен менеджмент құқығын бөлу кезінде болады. Ақпараттар асимметриясы тұжырымы қазіргі экономика ғылымында маңызды орын алады. Инновацияларға қатысты инвестор оған қаржыландыру үшін ұсынылған жоба потенциалы туралы инноваторға қарағанда аз біледі, жобаның жоспарланған ұзақтығы көп болған сайын инвестордың оның болашағын бағалау мүмкіндігі аз болады.

АҚШ пен Ұлыбританияда ақпараттық вакуумды анықтау үшін биржада саудамен айналысатын компаниялар потенциалдық инвесторлар үшін олардың инновациялық белсендігінің индекаторы ретінде өз шығындар деңгейін НИОКРда жариялы түрде ашуға міндетті. Әрине, бұл мәселені түгелімен шешпейді, алайда белгісіздікті азайту факторының бірі болады.

Инновациялық экономиканы қалыптастыруда мемлекеттің қатысуы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар: экономикалық дирижизмнен бастап мемлекетке өте аз қызмет жүктейтін ультралибералдық концепцияға дейінгі кезең. Оны венчурлық қорлар мен инновациялық компаниялардың негізін салушылардың арасында жасалған келісім шарттар мазмұнына байланысты. Компания акциялары туралы келісім компанияның негізін салушылар мен венчурлық қорлар меншігіне өтетін акциялар үлесін анықтайды. Акцияларға иелік ету жүйесі оның негізін салушылар үшін күрделі опциондық бағдарламаны қарастырады. Олардың акциялары үлесі компанияға бекітіледі, негізін салушылар өз үлесін сатудан опционды белгілі уақыт өткен соң алады. Меншікті осылай бөлу амалы негізін салушыларды басқару үрдісін пассивті қадағалаушылар етеді.Егер венчурлық компания компанияға иелік етсе, оны табысты етіп биржаға шығару талпынысы жоғары болады, инноватордың орны өз қаржысы қаншалықты және сыртқы қаржыландыруды қаншалықты ойлайтынына байланысты. Инноваторда өз қаржысы аз болған сайын онда ол бақылауды инвесторға ұсынуға дайын, олай болмаса ол жобаны іске асырудан бас тартуға мәжбүр болады.

Инновациялық экономика арнайы құқықтық институттардың болуын қарастырады: ақпаратты ашу ережесі, авторлық құқықтарды қорғау, дамыған патенттік заңнамасы, компаниялардың арнайы ұйымдастырушылық құқықтық жұмыс нысандары, салық заңнамасының оңтайлылығы.Сонымен қатар, мемлекеттік инновациялық даму институттары қажет. Олардың рөлі инновациялық қызметті субсидиялаумен, инфрақұрылымды құрумен қатар, инновациялық әзірлеулердің тікелей қаржыландырумен байланысты. Мысалға Израильде мемлекеттік инвестициялық компаниясы құрылған, оның басқаруында әрқайсысына жиырма млн. доллар капиталы бар он венчурлық қор бар. Бұл ұйым олардың капиталына қатысу арқылы израильдік инвестициялық компанияларды тікелей қаржыландырады. АҚШ-та СБИР және СТТР атты венчурлық бағдарламалары бар, екеуі де АҚШ-тың кіші бизенс агенттігімен басқарылады және бұл бағдарламада жалпы қаржы көлемі грант түрінде берілетін 2 млрд. долларды құрайды. Мұндай мемлекеттік бағдарламалар мен қорлар туралы көп айтуға болады. Олардан шығатын бір қорытынды: дамыған елдердегі мемлекет жеке инновациялық компанияларды қаржыландыруға белсенді түрде қатысады. Мемлекеттік қаржыны жеке меншік компанияларды инвестициялауға жұмсау тиімділікті үнемі бақылауды талап етеді.

Венчурлық ұйымдарға арналған жұмыстардың бірінде мемлекеттік қаржыландыруды алмаған салыстырмалы компаниялардың бақылаушы тобымен салыстырғанда, мемлекеттік грантты алған инновациялық бизнестің өсуі мен дамуы байқалады. Сонымен қатар, компанияның жеке өзгешеліктері ескеріледі: саласы, жұмыс жасайтын штаты және басқа жеке қасиеттері. АҚШ конгресіне аталған ұйымдар есеп бергенде, қаржының 40 пайызын Калифорния мен Массачусетс сияқты «жоғары технологиялық» штаттар алғаны белгілі болды. Бағдарлама тиімділігін азайтудың маңызды факторы 1980 жылдың басында венчурлық қорлар санының айтарлықтай өсімі болды. Бұл қаржы нарығында қолдау таппаған компаниялардың пайдасына орай, мемлекеттік гранттарды алушылардың құрамын өзгертуге әкеледі.Зерттеу нәтижесі таңқаларлық нәтиженікөрсетті, яғни мемлекеттік гранттардың оң әсері венчурлық қаржыландыру дамыған «жоғары технологиялық» штаттардағы фирмалардың үлесінде. Венчурлық инвестициялары дамымаған нарықтағы штаттарда тиімділік төмен деңгейде болды. Басқаша айтқанда, мемлекеттік гранттар нашар аймақтарда жоғары технологиялық бизнесті дамытпайды, ал табыстылар үшін бұдан да табысты болды.

Біздің елімізде де инновациялық гранттарды ұсыну мен оны беру ережелеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметі 2009 жылғы 6 тамызда бекіткен № 1202 қаулысымен зияткерлік меншік нысандарын енгізу жөнінде қабылданған есеп беру туралы шараларға (бұдан әрі – Ережелер) сәйкес жүзеге асырылады. «Ғылым қоры» АҚ (бұдан әрі – Ғылым қоры) екі бағыт бойынша – тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелдік зерттеулерді орындау және инновациялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін даярлау бойынша инновациялық гранттарды ұсыну конкурсында сенімді тұлға функциясын атқарады. Сенімді тұлғаның функциясына өтінімдерді қабылдау, оның толық болуын және рәсімдеу сапасын қарау, өтінімдерді сараптаудан өткізуге жіберу, кешенді қорытындылар әзірлеу, инновациялық гранттарды ұсыну жөнінде шарттар жасасу және жобаны жүзеге асыру мониторингісін жүргізу жұмыстарын орындау міндеттері жүктеледі.

Инновациялық экономиканы дамытуды мемлекеттік ынталандыру маңыздылығына қарамастан, оның қалыптасуы мен құрылуында жеке –бастама –инноваторлар мен кәсіпкерлердің бастамасы ерекше рөл атқарады. Инновациялық компанияларды қаржыландырудың ерте кезеңінде «бизнес-періштелер» деп аталатындар қамтылды. Бизнес періштелер нарығы қаржыгердің капиталға кіруі арқылы шағын инновациялық кәсіпорынды қаржыландыру жүйесі. Қаржыгер қаржы делдалы емес, ол кәсіпорынның жарғылық капиалына өз қаржысын да салады. Көбінесе бизнес періштелер қаржыландырудың екінші айналымына қатысады, бұл кезде инноватордың өз қаржысы жұмсалса да, фирма венчурлық қор үшін жеткіліксіз болады. Мұнда 50 мыңнан 1 млн. долларға дейінгі қаржыландыру көлемі сөз болып отыр.

Қазіргі кезеңде маңызды тенденция қалыптасты: бизнес періштелерді жүйеге біріктіру, ол қарыз капиталын беруге дайын, бірақ тікелей басқаруға белсенді қатысқысы келмейтін пассив бизнес періштелерден қосымша қаржы тарту үшін қажет. 2007 жылдан бері бизнес періштелердің халықаралық ассоциациясы бар, оның міндеті-ассоциациялар арасында тәжірибе алмасуға септігін тигізу мен қаржыландырудың ең озық тәжірибелерін тарату.Бизнес періштелер қолданатын қаржыландырудың арнайы салаларын бөліп айту мүмкін емес, себебі сараптамалық білім көбінесе алдыңғы жұмыс орнына, байланыстарға және экономиканың әр түрлі саласына байланысты. Бизнес періштелер үшін басты мәселе жобаны іздеу мен оны бағалау болып табылады. Ақпараттық асимметрияны тану үшін потенциялдық инноваторлар мен қаржыгерлер кездесе алатын электрондық алаңдар болуы шарт.

Инновациялық бизнесті қаржыландырудың келесі бір фазасы –венчурлық. Венчурлық индустрия АҚШ-та 1958 жылы қалыптасты, сол кезде Шағын бизнесті инвестициялық қаржыландыру туралы акті қабылданды. Ол қаржысын салғысы келетін және қатысқысы келетін жеке меншік инвестициялық қорларды лицензиялауға ресми түрде рұқсат етті.

Маккинси жәнке Гарвард бизнес мектебі компаниялары жүргізген 49 венчурлық қорлардың менеджерлерінен сауалнама алынған зерттеулер көрсеткендей, инвесторлар көбінесе 5-7 жылғы немесе 10 жылғы қатысуды көздейді. 5-10 жылдан кейін венчурлық қор өз үлесін айтарлықтай пайда табу арқылы сатып жіберуді қалайды. Венчурлық қорлар жыл сайынғы ашатын жаңа жобалардың ең жоғары саны 30-ға жетеді, ал ең аз мөлшері 4, орташа мөлшері 11,2 құрайды. Жаңа жобалар мен венчурлық қордың мөлшері бір-бірімен тығыз байланыста болмайды: жаңа жобалардың көп үлесі орташа көлемдегі қорларға, ал ең азы-ірі қорларға тиесілі болады.

Ақшалай қаржыны ұсынумен қатар, венчурлық қордың жаңа фирмаға берген көмегі келесідей болады: стратегиялық жоспарлау, менеджментті таңдау, жедел жоспарлау, потенциалдық сатып алушылар мен жабдықтаушыларға компанияны таныстыру, менеджментті компенсациялау мәселесін шешу. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, венчурлық қор тек қаржыландыру көмегін ғана ұсынбайды, сондай-ақ компанияның қызметіне белсенді түрде қатынасады. Көбінесе венчурлық компаниялар компания құрушыларын тікелей басқаруға жол бермейді, кейде тіпті олардың акция үлестерін бір-ақ сатып алады.

Дамыған индустриялы елдерле технологиялардан, кұрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жаксартудың негізгі кұралы болып отыр.

Қазіргі уақытта ғылымды көп кажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп кажетсінетін жаңа технологияларды және акпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми–техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету. Қазақстанэкономикасыныңөзектістратегиялықміндетіболыптабылады.

Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек.

Экономиканы диверсификациялауда шешуші роль атқаратын инновациялық бағыт ерек-ше назарда. «Қаржы ресурстары – инновациялық жобалар – НИОКР (Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-құрастырушылық жұмыстар) – инновациялық даму» атты инновациялық стратегияны іске асырудағы басты институт болып Ұлттық инновациялық қор табылады. Қор жұмысының негізгі түрлері – ҚР территориясында және шетелде инновацияны жасаушы және енгізуші инвестициялық, инновациялық қорларды инвестициялау және инвестиция тарту; инновациялық проектілерді жүзеге асырушы қазақстандық және шетелдік компанияларды инвестициялау; инновациялық инфрақұрылым элементтерін жасау (технопарк-тер, технологиялық бизнес-инкубаторлар); белгіленген технологиялық даму бағыттары бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге қор гранттарын бөлу; ҚР технологияларды трансферттеу мақсатымен шетелдік жоғарытехнологиялы компаниялардың акцияларын сатып алу.

Қазіргі нарықтық экономика тиімділігі «ғылым - өндіріс - нарық» тізбе-гінің барлық буындар байланысын қамтамасыз ететін механизмдердің көптүрлілігімен түсіндіріледі. Солардың ішінде экономикалық өсімді ынталандырудың және ғылым мен өндірістің терең интеграциялануының ең тиімді нысаны – технопарктік типтегі құрылымдар ерекше орын алады. Инновациялық құрылым-дарды жасаудың бұл тенденцияларынан Қазақстан да шет қалмауда. Стратегия жүзеге асырыла бастағаннан бері «Алатау» ақпараттық технологиялар Паркі» және Қарағанды, Орал, Алматы технопарктері іске қосылды. Сондай ақ, елі-міздің жоғарғы оқу орындары жанынан алты университеттік технологиялық бизнес-инкубаторлар құрылды.

Мұндай инфрақұрылымдарды дамыту біздің еліміз үшін де, өзге посткеңестік елдер үшін де ауадай қажет. Себебі, бүгінде өтпелі экономикалы барлық елдер үшін табысты девирсификация маңызды міндетке айналды. Дегенмен, көпшілік халықаралық мамандар ТМД елдерінде жүргізіліп жатқан инновациялық даму стратегияларындағы бірқатар кемшіліктерді атаап көрсетеді. Посткеңестік елдердің экономикалық дамудың инновациялық моделіне көшудегі негізгі тежеуіші себебі деп, бүгінгі таңда, нарықтық өзгерістердің толық аяқталмауын санайды.
полотно 36
5 сурет - Ұлттық инновациялық жүйе
Өндiрiстiң техникалық деңгейi құлдырады, ғылыми өнiмдердiң шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциялымыз қысқарып кеттi, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелiмiн жойылды, елiмiз өзiнiң iшкi сұра-нысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖIӨ көлемi де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40% дейiн азайды.

Сонымен қатар елiмiзде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қар-жы бөлу өте аз, оның көлемi 0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6% дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1,7% дейiн өсудi жоспарлап отыр.

Егер мұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлiнетiн қаржы Францияда 45%, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.

Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.

Жалпы, Ұлттық инновациялық жүйе – жеке және басқа да шаруашылық субъектілермен қарым-қатынас жасау барысында нақты бір мемлекеттің аясында жаңа технологияларды ойлап табу, дамыту, орналастыру, тарату ар-қылы, сондай-ақ білім алу және білім беруді жеделдету, дамыту, жүйелілікті іске асыру арқылы іс-әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер сек-торы мен мемлекеттік сектордың институттарының жиынтығы болып табылады.

«Ұлттық инновация жүйе (ҰИЖ)» ұғымын ең алғаш рет 1987 жылы К. Фриман Жапонияның технологиялық саясат зерттеу барысында қолданды. Алайда, ҰИЖ түсінігіне маңыздылықты арттыра түсірген еңбек - Б.Лундвал-дың редакциясымен 1992 жылы шыққан «Ұлттық инновация жүйе» кітабы болды. Б. Лундвилл ҰИЖ-нің үш маңызды көрінісін сипаттап берді:

ҰИЖ - инновациялық процесс түсінігінің заманауи негізі.

ҰИЖ түсігіні соңғы онжылдықтардағы инновациялық қызметтің өзгеру жағдайы мен мазмұнын бейнелеп көрсетеді.

ҰИЖ түсінігіне негізделе отырып жасалған зерттеулер технологиялық және өндірістік саясаттын тиімді іс-әрекет етуіне негіз болады.

ҰИЖ мемлекеттік макроэкономикалық саясат және құқықтық-нормативтік база негізінде анықталады, бұның негізінде инновациялық саясат жүзеге асырылады.

ҰИЖ-ның негізгі элементтері болып келесі қосалқы жүйелер табылады: білім генерациясы, білім алу және кәсіби даярлау, тауарлар мен қыз-меттер өндірісі, қаржылық қамтамасыз етуді қосқандағы инновациялық инфрақұрылым.

Әлемде инновациялық қызметті ынталандырудың көптеген тәжірибесі жинақталған. Солардың ішінде жанама ынталандырудың кең тарағаны – инновациялық қалып жүйесіне арнайы салық салу режимін орнату.

Инновациялық процесс инфрақұрылымында мемлекет мынадай маңызды рөл атқарады: заң шығарушы, бағыттаушы, инфрақұрылымдық, ҰИЖ-ні құрушы, реттеуші.

Қазіргі нарықтық экономика эффективтілігі «ғылым - өндіріс - нарық» тізбе-гінің барлық буындар байланысын қамтамасыз ететін механизмдердің көптүрлі-лігімен түсіндіріледі. Солардың ішінде экономикалық өсімді ынталандырудың және ғылым мен өндірістің терең интеграциялануының ең тиімді нысаны – тех-нопарктік типтегі құрылымдар ерекше орын алады. Инновациялық құрылым-дарды жасаудың бұл тенденцияларынан Қазақстан да шет қалмауда. Стратегия жүзеге асырыла бастағаннан бері «Алатау» ақпараттық технологиялар Паркі» және Қарағанды, Орал, Алматы технопарктері іске қосылды. Сондай ақ, елі-міздің жоғарғы оқу орындары жанынан алты университеттік технологиялық бизнес-инкубаторлар құрылды.

Мұндай инфрақұрылымдарды дамыту біздің еліміз үшін де, өзге посткеңес-тік елдер үшін де ауадай қажет. Себебі, бүгінде өтпелі экономикалы барлық ел-дер үшін табысты девирсификация маңызды міндетке айналды. Дегенмен, көп-шілік халықаралық мамандар ТМД елдерінде жүргізіліп жатқан инновациялық даму стратегияларындағы бірқатар кемшіліктерді атаап көрсетеді. Посткеңестік елдердің экономикалық дамудың инновациялық моделіне көшудегі негізгі тежеуіші себебі деп, бүгінгі таңда, нарықтық өзгерістердің толық аяқталмауын санайды.

Дамыған елдерде ғылыми-техникалық құрылымдардың өндіріспен тиімді байланысын қамтамасыз ететін буындар инновациялық орталықтар болып та-былады. Ғылым, негізінен, кіші және орта бизнес кәсіпорындарымен байла-нысады. Аталмыш орталықтардың стратегиялық бағыты олардың ғылыми-тех-никалық инфрақұрылым субъектілері арасындағы инновациялық технология-лармен, сондай-ақ ақпаратпен алмасуды жеделдету, ынталандырудағы потен-циалды әдстеріне негізделген.

Инновациялық орталықтар нақты функцияларды атқарады. Солардың ішін-дегі ең маңыздысы білім мен технологияны ғылыми-зерттеу секторынан өнді-рістік секторға өткізу (трансферт) мәселесі. Бұл функция бизнестің көмегінсіз іске аспайды. Осы мақсатта технологиялық сұрақтар бойынша қызмет көрсете-тін коммерциялық компаниялар құрылады. Мұндай компаниялар инновация жүйесінің ғылыми-техника секторы бойынша маманданады. Бұл тұрғыдан алғанда, Нидерландтағы инновациялық орталықтардың жұмысына көңіл аударарлық. Оның ерекшелігі сол, орталықтың қызметі, негізінен, инновациялық процестегі жаңа технологияларға баяу әрі қиын бейімделетін компанияларға көмек көрсетуге бағытталған.

Ұлыбританияда инновациялық орталықтарды қаржыландыру мен ынталан-дыру толығымен жеке көздер есебінен жүзеге асырылады. Алайда, алғашқы 3 жыл ішінде (1987-1990 жж.) бұл салаға бағытталған қаржы толығымен мемле-кеттік болды. 1990 жылдан бастап, технологиялық орталықтар коммерциялық қызмет көрсету есебінен өзін-өзі ақтауға және мемлекеттен қаржылық тәуелсіз-дікке қол жеткізді.Ал, ТМД елдерінің ғылыми ортасында халықаралық донор ұйымдар субсидиялары түріндегі көмек арқасында ғана өмір сүріп отырған қосалқы жүйе қалыптасты. Бұл донор ұйымдар өз саясатын трансакциондық компаниялар мүдделерімен келістіре отырып құрады. Мұндай жағдайдың орын алуына себепкер – мемлекеттің ұзақ уақыт бойы отандық ғалымдарға көңіл бөлмеуінен. Сонымен қатар, «тоқырау» кезеңінде ғылым мен өндіріс арасында алшақтық пайда болды, ал қайта құрудан кейін ғылымда сапалы кадрлар ауысуы болған жоқ. Енді ҰИҚ эксперттері «инновациялық проект есебінде ұсынылатын ескірген ғылыми есептерді» сынға алып, қарастыруы керек. Сол уақытта ең үздік қазақстандық ғылыми кадрлар шетелде жүріп, өз үлестерін шетелдік жоғарытехнологиялы компанияларға қосуда. Егер «ақыл-ойдың ағып кетуі» орын алса, онда креативті шығармашылық үшін қажетті минималды жағдайлар жоқтығында жағдайды қалпына келтіру қиын.

Бұл мәселеде қаржы-несие жүйесінің ролі соңғы емес. Бүгінде, қаржы қара-жаттарының дефициті жағдайында қаржы ағымдарын шикізат саласынан жоға-рытехнологиялы салаға құюдың эффективті механизмдері жасалған жоқ. Экономиканың инновациялық даму механизмін құрудағы мемлекеттік орган функциялары мен нарықтық тетіктерді қолданудың тиімді ара қатынасын табу қиындай түсуде.

Бірақ, жағдай қанша қиын болғанымен, проблемадан шығудың бірқатар жолдарын қарастыруға болады:

- сәйкес қаржы институттарын құру арқылы;

- патент немесе лицензия қолданушы кәсіпорындар үшін салық жеңілдіктерін беру арқылы;

- менеджмент, маркетинг, табысты қайта қаржыландыру жүйелерін жетілдіру негізінде жоғарытехнолгиялы өндірістің жаңа нысандарын іздестіру, яғни өнді-рістік және кәсіпкерлік қатынастардың жетілдірілуі мен оптимизациялануы.

Бірінші жол, қаржыгерлер «бірінші дәрежелі» деп атайтын банк жүйесі ар-қылы жүзеге асырылуы мүлде мүмкін емес. Себебі Қазақстанда несие бойынша банк пайыздары өнеркәсіптің негізгі салаларындағы рентабельділік нормасы-нан айтарлықтай жоғары, ал ауылшаруашылық саласындағы нормамен тіпті салыстыруға келмейді. Несиелік серіктетіктер болса, әдетте, 1 млн. теңге шегі-нен аспайтын несие береді, ал мұндай несиелер бойынша сыйақы айына 1% асады. Инновациялық жобалардың шығынсыздық деңгейіне шығу мүмкіндігі жоқтың қасы. Бүгінде қазақстанық нарық арзан Қытай тауарларына толы, себебі күнасты елінің банктері өндіріс мүдделеріне қызмет етеді, ал иннова-циялық жобалар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 0%. Қалай болғанда да, қазақстандық базарлар мен дүкен сөрелері екі елдегі экономикалық әдіс ерекшеліктерінің айқын көрінісі болып табылады.

Екінші жол сонау 1992 жылы алғашқы патенттік заң қабылдауда бағдарға алынған болатын. Заң бойынша патент немесе лицензия негізінде қызмет атқа-ратын кәсіпорындар үш жылдан бес жылға дейінгі уақыт аралығына табыс салығынан босатылады.

Үшінші жолға келер болсақ, әлемдік тәжірибеде дамыған елдердің инвести-циялық және ғылыми-техникалық потенциалын жедел қалыптастырудың тиімді көздрінің бірі ретінде венчурлық қаржыландыру қолданылады.

Қазақстанда венчурлық қаржыландыру нарығының сыйымдылығы 2008 жыл соңында 14,5 млрд теңгені құрады. Елдің венчурлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстың соңғы үш жылы ішінде бес отандық қор құрылды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша отандық венчурлық қорлар жасаған жобалардың портфелі коммерциализация тұрғысынан перспективті 324 жобаны қамтыды. Қазіргі таңда отандық венчурлық қорлар құны 2,8 млрд теңге тұратын 15 жобаны қаржыландыруда.

Сондай-ақ, қазіргі таңда ҰИҚ жұмыс атқаруда. Алайда, инновациялық жобалардың тәуекелділігін төмендету мақсатын басшылыққа ала отырып ҰИҚ са-налы түрде көптеген эксперттік және өзге де комиссияларды құрды. Іс-жүзінде аталмыш органдар қызметі табысты ұсыныстардың қарастырылу уақытын айтарлықтай ұзартады. Мұндай жағдайда интеллектуалдық меншіктің моральді ескіруі орын алады, ал бұл жағдай ҰИҚ тарапынан ескерусіз қалмайды. Ал шетелде жағдай өзгеше, Advanced Study University президенті Филипп Грифитс мырзаның айтуы бойынша, «Интеллектуалды меншік – бұл болашақ табыстар, ал қазір бар материалдық шығындар мен ақшалай салымдарды тек ескеру керек. Себебі болашақта ол міндетті түрде ақталады».

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бизнесті әлеуметтік жауапкершілікке шақырғандығы баршаға белгілі. Бұл инновациялық секторды дамытудың бір-ден-бір тиімді жолы. Инвесторлар мен жаңашыл ғалымдар арасында қызмет істейтін делдал компанияларды құру өте маңызды. Көпшілік мұндай бизнесті утопия деп санар. Себебі, делдалдық қызметті атқаратын компанияға өзінің жа-ңашылдығын сеніп тапсыратын клиент, ақша қаражаттарын бөлетін инвестор табылуы екіталай.Алайда осындайкомпанияның Қазақстан нарығында қызмет жасауы бірнеше ірі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді: шығармашы-лық, инновациялық және лидерлік потенциалды іздеу мен іске қосу есебінен ДСҰ және жаһандану жағдайларында стратегиялық бәсекелестік артықшылық-тарын жасау.

Бірегей инвестициялық жүйе қалыптастыру арқылы инновацияны даярлау-шы мен инвестор арасындағы антагонизмді жою мүмкін. Яғни, алғашқысы өзінің туындыларын беруге, ал соңғысы өз ақшасын жобаға салуға қорқыныш білдірмейді.Бұл инвестициялық схемада жоба авторы да, инвестор да компания шеңберінде тең дәрежелі әріптеске айналады. Бұл іс жүзінде инновациялық идеяның орындалуы болып табылады. Компанияның инвестициондық механиз-мінің мәні мынада: әріптес­-инвесторлар шектеулі аз көлемдегі салымдармен бірнеше инвестициондық жобаларға қатыса алады. Тиімділік сонда, жүздеген инвестициондық проектілер біруақытта бірнеше салымшы қолында, сонымен қатар әр инвестордың қолында болашақ бірнеше табыс көздері жинақталады.

Қазіргі инновациялық сектордағы инвестициялық қызмет атқаратын компаниялардың кемшіліктері аталмыш сала дамуының негізгі тежеуіші деуге болады.Сондықтан, компанияның тиімділігі мына шарттардың орындалуына тікелей байланысты:


  1. қандай болмасын жобаны инвестициялау туралы шешімді салымшы өзі қабылдауы;

  2. ол пай иесі емес, компанияның бірлесіп иемденушісі болып табылуы және тұрақты табыс алып отыруы (ал ПИФтерде пайдаалдыңғы бағасынан жоғарырақ бағаға қайта сатқанда ғана түседі).

  3. компанияның инвестициондық мехнизмі бұқара халыққа бағытталуы.

Бұл жүйедегі ең негізгі моменттері болып мотивациалық және инвестицион-дық механизмдер табылады. Олар бұқара халықтың жинақтарының айтарлық-тай бөлігін тікелей және интеллектуалдық инвестиция түрінде тартуға мүмкін-дік береді. Ал инвестициялар, өз кезегінде, экономиканың нақты секторына, нақтырақ айтсақ, отандық жоғары технологияларды дамуына бағытталады және бұқараның көпшілігін кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділікке үгіттейді.

Инвестициялық процеске потенциалды инвесторлардың көпшілгін қосу, со-ның ішінде инвестициондық потенциалы салыстырмалы төмен инвесторларды көп көлемде тарту маңызды. Әңгіме өте қарапайым әрі тиімді шарттарда про-цеске бұқараны қосатын «халықтық инвестициялар» жүйесін құруға бұрылады. Осыған орай, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «компанияның жарғылық капита-лындағы үлесі төмен құрылтайшылар, акционерлер және инвесторлардың құқықтарын қорғау туралы» заңына қол қойғандығын да атап өтуге болды. Сондай-ақ, осы әдіс бизнестің «үлкен қалталылар» қолында шоғырландырмауға мүмкіндік береді. Яғни инновациялық сектордағы монополистік бизнестің да-муына жол берілмейді және әлеуметтік сектор мүддесі де елеусіз қалмайды.

Жалпы мұндай жүйе бірнеше артықшылықтарға бірден қол жеткізуге мүм-кіндік туғызады: біріншіден, мемелекеттің инновациондық стратегиясы жүзеге асады; екіншіден, интеллектуалдық меншік қатынастары жетіледі; үшіншіден, бұқара халықтың инвестициялық сана-сезімі, белсенділігі артады.

Қорыта келе, инновациондық сектордағы компаниялардың инвестициондық қызметінің төмендегідей перспективті бағыттарын атап айтуға болады:

- интеллектуалдық продукттарды өндіру бойынша комплексті қызметтер пакетін дайындау және іске асыру, дайын нарық тауарларын жасау;

- технологиялық, инвестициондық жобаларды және технологиялық брокерлік қызметті дамыту;

- технологиялық инновациялық жобаларды тікелей және венчурлық инвестициялау;

- технологиялық білімді басқару және материалды емес активтерді басқару саласындағы консалтинг;

- технологиялық құқық саласындағы кеңес беру қызметтері, технологиялық сақтандыру, патенттеу.

Экономикалық даму деңгейі бойынша көшбасшылыққа ие елдердің тәжіри-бесін сараптай отырып, бүгінгі күні Қазақстан үшін инновациялық сектордың қаншалықты маңызды екенін түсіну қиын емес. Ғылымға инвестиция құюуды дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп айтуға да болады. Себебі дағдарыс жұмыс істеп отырған жүйенің әлсіздігін көрсетті. Сол себепті инновацияны да-мыту және жалпы экономиканы жаңа, сапалы деңгейге көтеру Қазқстан Республикасының әлемдік аренадағы өз позициясын нығайтудағы басты мақсаттарының

Елiмiздегi инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету келесі жүйе бойынша iске асады.

группа 196

4-сурет. Инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету

Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.

ҚОРЫТЫНДЫ
Өркениетті қоғамның ең маңызды көрсеткішінің бірі қай заманда да ғылымға, мәдениетке, техникаға қалай көңіл бөлінгенімен көрінеді. Қоғамның зияткерлік әлуеті қаншалықты және оның мәдени даму деңгейінің қаншалықты маңызды екеніне, сайып келгенде, қоғамның алдында тұрған экономикалық мәселелерді дұрыс шешу де байланысты болмақ. Өз кезегінде ғылым, мәдениет пен техника дұрыс жағдай орын алғанда ғана динамикалық түрде дами алады.

«Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғ. адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші, - деп, Елбасы Н.Назарбаев атап өтті». Ақпараттық қоғамда шешуші мәнді компьютерлер немесе байланыс желілері, станоктар емес, білім мен шығармашылық ойлаудың потенциалы иеленеді. Сонымен, «Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеті, егер ел өмірінде нарықтық экономикаға бағыттала алатын, басқарушылық дағдылар, ғылыми технологияларды біліммен иеленетін жоғары білікті мамандарды жүзеге асыру жағдайында ғана шешілуі мүмкін» [8]. Осы орайда елімізде атқарылып жатқан шаралар аз емес. Біз де зерттеу жұмысымызды саралай келе манадай қортындыға келдік:

1. Қазақстан Республикасы үшін ғылым және білімді дамыту, экономикалық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың ажырамас шарты, аймақтық және әлемдік деңгейде лайықты орынды иелену, мемлекетті нығайту және ұлттық мүддені дамыту әдісі болып табылады. Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруімен байланысты бұл мәселенің өзектілігі айқын болып отыр, яғни барлық дәреже, класстар түрлері, кәсіби дайындықтың - жұмысшы мамандығынан жоғарғы дәрежелі ғылыми біліктілігі бар мамандарға дейін – қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажеттілігі себепші болып отыр.

2. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім, ғылым және оған негізделген инно-вациялық технологиялар әр уақытта да барлық экономикалық және әлеуметтік табыстардың кілті және әрбір мемлекеттің тұрақты дамуының іргетасы болып табылады. Барлық дамыған елдерде интеллектуалдық еңбек, білім мен ақпарат өте үлкен табыс алып келеді, сондықтан да ол, әдетте жоғары бағаланады. Міне, сондықтан қазіргі қазақстандық қоғам алдында ең маңызды міндеттердің бірі - өскелең ұрпақты жаһандық өркениеттердің жаңа жағдайындағы өмірге дайын-дауға қабілетті, атап айтқанда, өнімді жұмысқа қабілетті мамандар, жоғары білікті сарапшылар, қызметтің барлық сферасында, басқарудың барлық сала-сында жаңа идеялар беретін маман-генераторларды дайындайтын, перспекти-валы білім жүйесін құру тұрғаны ақиқат. Сондықтан «бізге елдің экономикалық және қоғамдық модернизациясының қажеттіліктеріне сәйкес келетін, қазіргі білім жүйесін құру қажет»



3.

Жалпы алғанда, орташа мерзімді перспективада, білімді модернизациялау стратегиясының мақсаты, Қазақстанның әлемдік деңгейде бәсекеге қабілет-тілігін қамтамасыз ету. Халықаралық ұйымдармен, ең алдымен – БҰҰ-да құрылған, адам дамуының маңызды функциясы ретінде білімнің даму страте-гиясы және оның құрылымдары, барлық елдерге білімнің барлық деңгейін жетілдіруге, жүзеге асыруға, білім беру жүйесінде реформалар жүргізуге көмектеседі.


Сөйтіп, жаһандық әлемдік кеңістікке елдің интеграциялануы үшін басты міндетті, ең қажет базис – интеллектуалды білімді дамыту мен білім беру процесінің деңгейін көтеру, ол жаһандық өзгерістер контектісінде кепіл бола алады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасының идустриалдық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы. – Алматы. – 2003. б52

  2. Страхов С. Частный сектор высшего образования: факторы роста и страновые особенности // Экономика образования. – 2004. - № 3. – С. 58-63.

  3. Пипия Л.К.Современные тенденции в формировании научной и инновационной политики // Инновация - 2009 - №12 (222)

  4. Щилов А. Инновационная экономика: наука, государство, бизнес// Вопросы экономики, №1, 2011

  5. Қазақстан Республикасының идустриалдық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы. – Алматы. – 2003. б52

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет