№2 ресурс.
Қазалы елді мекенінде - базар, аурухана, мектеп ашылды. 1917 жылы Қазан төңкерісіне дейін Қазалы Сырдария уезінің, 1958 жылға дейін Қазалы әкімшілік ауданының орталығы болды. Қаладағы бұрынғы аудандық ауыл шаруашылық техника бірлестігі, кірпіш зауыты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, т.б. кәсіпорындар 1995 жылдан кейін жекешелендіріліп, «Қазалыжөндеу» ЖШС, «Қазалымұнай» АҚ, «Қазалыастық» ЖШС, т.б. болып қайта құрылды. Қалада жалпы білім беретін 3 мектеп, 1 клуб, 1 балабақша, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы, 3 спортзал, 1 театр 1 аурухана, 1 мешіт, т.б. мекемелер бар (2003). Қалаға таяу Сырдария жағасында тұрғындар демалып, серуендейтін бақ егілген.
Аққұм — Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты елді мекен. Аудан орталығы – Жалағаш кентінен онтүстікке қарай 26 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. 2,1 мың адам (2009). Аққұм арқылы Қызылорда – Жосалы автомобиль жолы өтеді. Қазір Аққұмда әртүрлі ауыл шаруашылық өнімдерін дайындайтын цехтар жұмыс істейді.
Қаратау — елді мекені (1963 жылдан), Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы, темір жол бекеті. 1990 жылға дейін Қаратауда 40-тан астам өндіріс орындары болды. Бұрынғы фосфорит өндірістік құрылымдары «Қаратау» АҚ-на біріктірілді. Сонымен бірге қалада химия, құрылыс материалдары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, ет, нан, сүт заттары, т.б. кәсіпорындар бар. Аудан тұтынушылар кооперативі, аудан телекоммуникация, пошта торабы, аудан электрлендіру жүйесінің мекемесі, Ақкөл су шаруашылық жүйесінің басқармасы, «Сарытас», «Қаратау» кен байыту басқармасы» акционерлік қоғамдары, «Мәрмәртас» кен орны, Сүлейменсай тері өңдеу фабрикасы, «ҚаратауНан», «Құрылыс-Жанар», «Жолаушы автокөлік кәсіпорны» акционерлік қоғамдары, 2 жол жөндеу басқармасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Бірнеше жалпы білім беретін мектептер, музыка, спорт мектебі, кәсіптік-технологиялық мектеп, Қаратау кен құрылысы колледжі, 2 аурухана, емхана, мәдениет сарайы, стадион, кітапхана, мешіт, т.б. мекемелер бар. Елді мекеннің орталық алаңының өзіндік архитектура ансамблі қалыптасқан.
Қызылорда елді мекенінде 200 900 адам (2011) тұрғыны бар. 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академия театры) ашылды. Денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді. 1938 жылы облыс орталығына айналды. XX ғасырдың 30-жылдары қалада электр станциясы, диірмен, наубайханалар, балық өңдеу, күріш, кірпіш зауыты жұмыс істеп тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары аяқ-киім фабрикасы, ет комбинаты, астық өнімдері комбинаты, сүт зауыты, целлюлоза-картон зауыты, тоқылмайтын маталар фабрикасы іске қосылды. 1956 жылы қала іргесіндегі Тасбөгет кенті жанынан су бөгеті салынды. 1974 жылы «Қызылордакүрішмаш» зауыты іске қосылды. Көптеген оқу орындары мен мәдениет ошақтары ашылды. 1996 жылы 8 қазанда ҚР Президентінің жарлығымен «Қызылорда арнайы экономикалық аймағы» (АЭА) құрылды.
Амангелді елді мекені - Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. Тұрғыны 2839 адам (2009). Орталығы – Амангелді. Аудан орталығы – Тереңөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 77 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км жерде. Орта мектеп, учаскелік аурухана, мәдениет үйі, балабақша, профилактория, тері илеу цехы бар. 1997 жылға дейін Амангелді атындағы қаракөл қой кеңшарының орталығы болған. Бұрынғы кеңшар негізінде кооператив шаруа қожалықтары жұмыс істеді.
Алматы елді мекенінің тұрғын саны 1 713 220 адамнан, 8 ауданнан тұрады: Алмалы ауданы; Алатау ауданы; Әуезов ауданы; Бостандық ауданы; Жетiсу ауданы; Медеу ауданы; Наурызбай ауданы; Түрксiб ауданы. Халықаралық деңгейдегі қаржы орталығы. 2005 жылдың 1-қаңтарына қарағандағы мәлімет бойынша, Алматы қаласында 5140 сауда, қоғамдық тамақтандыру және қамтамасыз ету кәсіпорындары бар: Өнеркәсіп және азық-түлік тобы - 2922; Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары - 1119; Тұрмыстық қызмет көрсету - 1021; Базарлар - 76. Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы 69484 адам жұмыс істейді.
Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент бар — «Астана-Финанс» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, "Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, «ЭКОТОН+» АҚ, «MAG» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, Kazkommerts International B.V., АО «Kazcat», «Темiрбанк» АҚ, «АТФ-Банк» АҚ және «RESMI COMMERCE» ЖШС. Қор нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15 акция, 40 облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн АҚШ долларын құрады. Акцияның нарықтық капиталдануы 5,3 млрд АҚШ долларын, облигация - 3,6 млрд АҚШ долларын құрайды.
Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының — қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және т.б. компанияларын АСА шығару бойынша келіссөздер жүргізуді жалғастыруда. Алматы - ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты болды. Алматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен топтар қызмет етеді. Бұл 1991-жылға қарағанда 10 есе артып, діни бірлестіктер қатары әлі де көбеюде.
Лисаков елді мекені - Лисаков кен байыту комбинатының («АрселорМиттал Теміртау» АҚ) базасында құрылды. Ол Тобыл өзенінің бас жағында, Тобыл станциясының ірі теміржол торабының оңтүстігіне қарай 18 километрде, облыстық орталық Қостанай қаласының оңтүстік-бастысқа қарай 110 километрде, және Ресейдің шекарасынан 70 шақырымда орналасқан. Қаладан төрт километрде Орталық және Оңтүстік Қазақстан, Ресеймен көлік байланысы жүзеге асырылатын «Қостанай-Жетіқара» автомобильдік жол бар. Ресеймен, Орталық Азия аймақтарымен және Қытаймен теміржол байланысы Оңтүстік-Сібір магистралі бойынша Майлина және Тобыл станциялары арқылы жүзеге асырылады. Халық саны – 40511 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |