Гемолиз және оның түрлері



Дата29.02.2024
өлшемі119.16 Kb.
#493254
наз сро физиология

Гемолиз және оның түрлері

Орындаған: Копжасарова Назгүл В-201

Тексерген: Жексенаева Асель Бексултановна

Жоспар:

1.Гемолиз

2.Физиологиялық гемолиз

3.Осмостық гемолиз

4.Химиялық гемолиз

5.Биологиялық гемолиз

6.Термиялық гемолиз

7.механикалық гемолиз

8. Электрлік гемолиз

9. Қорытынды

10. Пайдаланылған әдебиеттер

Гемолиз — қызыл қан түйіршіктерінің қабықтарының бұзылуы.

  • Гемолиз — қызыл қан түйіршіктерінің қабықтарының бұзылуы.
  • "Гемолиз"
  • Оның салдарынан гемоглобин сыртқа шығады. Гемолиз екіге бөлінеді: арнайы және арнайы емес.
  • Арнайы емес гемолиз әр түрлі физикалық немесе химиялық факторлардыц әсерінен пайда болады. Арнайы гемолиз комплементтің қатысуымен болатын антиген мен антидене байланысы кезінде пайда болады.

Физиологиялық гемолиз

  • Физиологиялық гемолиз сау адамда болады . Денедегі ескірген эритроциттер жарылып , олардың орнына сүйек кемігінен шыккан жас эритроциттер қанға түседі . Эритроцит 120-130 күн жасайды . Ескірген эритроциттердің біразы бауырда , көпшілігі көкбауырда гемолизденеді . Сондықтан көкбауыр эритроциттер " моласы " деп те аталады .

Осмостық гемолиз

  • Осмостық гемолиз эритроциттін іші мен сыртындағы осмостык кысым айырмашылығынан туады . Қанға осмостық қысымы аз ерітінді құйса , эритроциттің ішіне су кіреді де ол ісінеді , судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып , ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады . Сөйтіп қан гемолизге ұшырайды . Жас эритроцит ескі эритроцитке қарағанда берік келеді , сондықтан оның төзімділігі де жоғарылау . Осыған орай эритроциттер төзімділігінің жоғары және ең төмен төзімділігі деген ұғымдар бар .

Химиялық гемолиз

  • Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен белоктан тұратын мембранасын ерітетін химиялык заттардың ( сірке қышқылы , эфир)әсерінен болады.

Биологиялық гемолиз

  • Биологиялық гемолиз - ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар - гемолизиндердің әсерінен болады . Мәселен , жылан , қарақұрт , шаян улары , адамның ішегінде тіршілік ететін құрттар бөліп шығаратын зат алмасу өнімдері , қан құйғанда сиыспау салдарынан пайда болатын улар эритроциттердің қабығын жидітіп , бұзады . Гемолизденген қанның өзі улы . Сондыктан денедегі қанның нобайы гемолизге ұшыраса , гемолитикалык шок пайда болып , адам өлуі мүмкін .

Термиялық гемолиз

  • Термиялық гемолиз канды біресе жылытып , біресе суытудан болады.Әсіресе мұздатқыштан шыққан қанды еріиткен кезде болады.Мұз кристалдары эритроциттің қабығын жыртады.Дене темп 42 С асса қан гемолизденеді.

Механикалық гемолиз

  • Механикалық гемолиз-қанды шайқап араластыру салдарынан эритроцит мембранасы жыртылады.Сол үшін ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда абайлап тасу керек.

Электрлік гемолиз

  • Электрлік генмолиз-электр тогының әсерінен болады.Ультра сәулелері мен рентген сәулелері күшті болса эритроцит қабығын бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет