Өмір қауіпсіздігі негіздері Тақырыбы: Судағы қауіпсіздік Мақсаты



бет1/3
Дата23.11.2023
өлшемі416.19 Kb.
#484176
  1   2   3
Документ Microsoft Word




Өмір қауіпсіздігі негіздері
Тақырыбы: Судағы қауіпсіздік
Мақсаты: төтенше жағдайлар,оның ішінде қауіпті су жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру.
Көрнекілігі: суреттер топтамасы
Барысы:
Мұғалім: Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеп соғатын немесе денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізу объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі аумақта туындаған жағдай.
Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалар табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары)
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар: өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс), үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар. – Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар.
Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол – өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде.
Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Сендер бұндай жағдаймен кездесеңіз сабырлық сақтау керек – сіздің оған жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.
4 –оқушы Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті. Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.
· 5 –оқушы: Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:
· Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)
· Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)
· Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)
· Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек.
· 6 –оқушы: Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:
· алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;
· барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;
· қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп толтырылған) ;
· жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;
· жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.
· 7 –оқушы:Су тасқыны кезінде:
· үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
· пештегі жанып жатқан отты өшіру;
· үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
· бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;
· мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.
· Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
· 8 –оқушы: Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
· Сіздің іс-әрекетіңіз:
· Мұрынын сумен бірге кірген, шылаудан тазартып, су кіріп кеткен кезде, зардап шеккен адам бетімен төмен қарай қояды, баспен кеуде ілініп тұрғандай тұру керек. Сол үшін оны тізенізге қоюға болады немесе ішінізге қарай қойып, бүгіп кесек сияқыл киім қою керек.
· Содан су өкпеден шықсын деп, арқаңызға басу керек. Су шығуы қойса, арқаңызға жатқызып өзі демалғанша қолдан дем беру керек (искусстенное дыхание).
· Зардап шеккен адам санаға келген кезде, оны жылы аурухананаға жіберу керек.
·
· Көрініс: Оқушылар екі топқа бөлініп, айтқан нұсқаулығы бойынша «ЕГЕР АДАМ СУҒА БАТҚАН БОЛСА» тақырыбында көрініс көрсетеді. Дұрыс, бұрыстығын дәрігер өзі сараптайды.
·
· Суда зиян шеккендерге алғашқы көмек
· Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.
· Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:
· белгі қойылған жерден аспаңдар!
· рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
· балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
· шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
· суда бұзықтық жасамаңдар;
· өтірік дабыл көтермеңдер;
· өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
· таныс емес жерде шомылмаңдар.
· мас күйде суда жүзбеңіз! қайықтың мұрындығы мен шетіне отырмаңыз!
· жүзу барысында бір орыннан екіншісіне, бір қайықтан басқа қайыққа ауыспаңыз;
· қайықтан сүңгіуге секірмеңіз;
· қараңғы уақытта жүзу құралдарын пайдаланбаңыз!
14 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің бақылауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға тиым салынады.
Ыстық күн мен құмда «қыздырынып» болған соң салқын суға түсуге асықпаңыз.
Температураның тез ауытқуы қан тамырының қысқаруына, құлап қалуға әкеп соқтырады.
Егер бақытсыздық болған жағдайда есіңізде болсын! Зардап шеккен адамға тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей өмірге қайтаруға болады.
Зардап шегушінің басын бір жағына бұрып, аузын құмнан т.б. тазарту қажет, тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару қажет, осының барлығын 10 секунд ішінде істеу керек. Қан қысымының жиілігі мен тынысын анықтау қажет.
Оқушы: Суға қай айдан бастап түскен дұрыс?
Ағай: Негізі суға маусым айынан бастап түскен жөн. Суға шомылатын жерді, тазалығын, тереңдігін тексерген жөн. Тамақ ішкеннен кейін, бірден шомылуға болмайды. Ұзақ шомылып, шаршап, тоңу да дұрыс емес. Кейбір балалар қоршау белгісі бар жерлерге мән бермейді. Суға түскенде ата-анаңнан, достарыңнан көз жазып қаламыз. Мұның соңы қайғылы оқиғаға алып келеді. Оқыс оқиға орын алғанда, 112 нөміріне қоңырау соғу керектігін баса айтқым келеді.
Оқушы Көлге, шалшық суға шомылу қауіпті ме?
Ағай: Әрине, қауіпті. Түрлі аурулардың қоздырғыштары болады. Мысалы, ірі қара малдарда болатын іш сүзегі, сарып аурулары болады.
Оқушы: Суда жүзіп жүргенде, аяқ-қолымыз тартылып қалады. Мұндай жағдайдың алдын алуға бола ма?
Ағай: Суық суға шомылмау керек. Егер тырысу байқалса, жүзуді тоқтатып, арқамен шалқалай жатып, сабыр сақтаған жөн. Көп жағдайда балалар қатты қорқып кетеді. Жұдырықты ашып-жұмып, тарқату керек. Суда ұзақ шомылғанда, аяқ-қол тартылады.
Оқушы: Ал суық су қауіпті ме?
Ағай: Суық суға шо-мылу үшін адам әбден шыныққан болу керек. Шынықпаған адамдың ағзасына суық су өтетін болса, жарты сағаттың ішінде жағдайы күрт нашарлайды. Суық судан аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танып қалатын болады. Негізі су кешке қарай салқындайды.
Оқушы: Суға батқан адамға алғашқы көмек қалай жасалады?
Апай: Мұндай сәтте адамға оттегі жетіспейді. Сол үшін дер кезінде қолдан демалдыру керек. Судан шыққан адамның киімін беліне дейін шешіп, тыныс алу жолдарын, асқазанды судан босатамыз. Ол үшін тізеге отырғызып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып, басу керек. Аузын шай қасықпен немесе жалпақ темір затпен ашу қажет.
Сосын ауыздан-ауызға немесе ауыздан мұрынға ауа үрлейміз. Бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайтамыз. Бас бармақпен және сұқ саусақпен мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 рет дем салу керек. Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет