Орындаған: Ад111а топ студенті Асылбек. А.Ғ Оқытушы: Байболина. Р. а



Дата03.01.2022
өлшемі0.84 Mb.
#450822
Гомеостазз

ЖМ ҚАРАҒАНДЫ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНТЕРКОЛЛЕДЖІ.

Пән: «Анатомия, физиология»

Мамандығы: «Емдеу»

Такырып:гОМеостаз

Орындаған: Ад111а топ студенті Асылбек.А.Ғ

Оқытушы:Байболина.Р.а.

Қарағанды 2020ж

Гомеостаз Гомеостаз — ағзалардың ең негізгі қасиеттерінің бірі және ол ағзалардың қалыпты тіршілік етуі үшін өте маңызды, себебі тек гомеостаз нәтижесінде ағза құбылмалы сыртқы ортаға бейімделіп тіршілік ете алады.

Ғылымға енгізілуі: Тірі ағзалардың мұндай қасиетінің маңызын алғашқы рет 1878 жылы француз ғалымы К. Бернар байқаған. Бірақ гоместаз деген терминді биологияға 1929 жылы америка физиологі В. Кеннон енгізген болатын.

К. Бернардың айтуынша сыртқы орта факторларының әсер-лері саддарынан әр түрлі ағзалар және тіршіліктің түрліше формалары қалыптасады. Ол тіршілікті 3 түрге бөлген: тіршіліктің жасырын (латентті), тәуелді және тұрақты не еркін формала-ры.

Тіршіліктің жасырын формасында тіршілік процестері байқ-алмайды, зат алмасу толық тежеледі. Бұған мысал ретінде өсімдіктердің тұқымдарын алуға болады. Тұқымдар жүздеген, мыңдаған жылдар бойына тіршілікті байқатпай сақталады, қолайлы жағдай туса өніп,өсіп жеке өсімдікке айнала алатыны белгілі.Жануарлар дүниесіндетіршіліктің жасырын түрі қарапайымдыларда циста күйінде байқалады. Қолайлыжағдайларда циста қалыпты ағзаға айналады.

Гомеостазды қалыптастыратын ағзаның реакциялары олардың құрылымдық тұрақтылығын сақтау, зиянды факторлардың әсерлерін жою не шектеу процестерін үйлестіруге,құбылмалы орта факторлары мен ағзалар арасында оңтайлы қарым-қатынас формаларын сақтап қалуға не жаңадан қалыптастыруға бағытталады. Осы процестердіңбәрін адаптация деп атаймыз.

Гомеостаздың негізгі құрамдық бөліктері А) Жасуша тіршілігін қалыптастыратын материалдар:Жасушаның өсуіне қажет заттар, энергия көздері — көмір-сулар, белоктар, майлар;Су; Натрий хлориді, кальций басқа да бейорганикалық заттар; Оттек; Ішкі секреция гормондары. В) Жасуша активтігіне сыртқы факторлар: әсер ететін Осмос қысымы;Жылылық;Сутек ионының концентрациясы (Рнкөрсеткіш). Г) Ағзаның қызметтік және құрылымдық біртұтастығын қалыптастыратын механизмдер:Тұқым қуалаушылық; Регенерация және репарация;Иммунобиологиялық қасиеті.

Гомеостаздың физиологиялық механизмдері Адам гомеостазының қалыптасуы мен реттелуінің бірнеше механизмдері белгілі: Қалыпты артериялық қысымды ұстау механизмі,эндокриндік,биохимиялық, физико-химиялық,генетикалық, құрылымдық,иммунологиялық

Қалыпты артериялық қысымды ұстау механизмі: Гомеостаздың күрделі механизмдерінің бірі болып саналады.Систолалық артериялық қысым қан тамырлардың баррорецепторларының функционалдық дәрежесінен (Қан қысымының өзгерістеріне жауап беретн нерв клеткалырынан), ал диастолалық артериялық қысым организмнің қанмен қамтамасыз етілу қажеттілігінен тәуелді.

Қорытынды Гомеостаз дегеніміз ағзалардың орта факторларына адаптациялануының (бейімделуінің)тарихи қалыптасқан,тұқы қуалайтын қасиеті болып саналады, Орта факторлары қысқа мерзімге не ұзақ уақыт бойына өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайларда ағзалардың адаптациялануы(бейімделуі) ішкі ортаның қасиеттерін қалпына келтіріп қана қоймай, қысқа мерзімге оның қызметтік активтігінің өзгеруіне де алып келеді(мысалы,жүрек қызметі ырғағының жиіленуі және ты-ныс алу жиілігінің жылдамдануы). Қолайсыз жағдайлардың зиянды әсері ұзақ уақытқа созылатын, не қайталана беретінболса,ағзада тұрақты құрьшымдық өзгерістер пайда болуы мүмкін.Ал,егер бір мүше жарақаттанатын болса,онда оны қалпына келтіру механизмдері(регенерация) іске қосылады, не басқа мүшелердің қатынасуымен жарақаттанған мүшеніңқызметі қалыптастырылады.

Назарларыңызға рахмет.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет