«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»



Дата30.06.2016
өлшемі126.09 Kb.
#168600
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау».

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган).

4. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:



  1. уәкілетті орган;

  2. халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық);

  3. тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі).

5. Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленген азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

уәкілетті органда немесе орталықта – өтінішті тіркеген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде;

ауылдық округ әкімінде – ауылдық округ әкіміне өтініш берген күннен бастап жиырма екі жұмыс күнінен асырмай;

2)  өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін (талон алғанға дейін) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең шекті ұзақ уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға 15 минуттай есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты;

3) көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің ең шекті ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі хабарлама.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (не тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жеткізу:

1) уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімінде – қызмет алушы уәкілетті органға немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша өзі барғанда немесе пошталық хабарлама арқылы;

2) орталықта – қызмет алушы тұрғылықты мекенжайы бойынша қолхатта көрсетілген мерзімде өзі баруы арқылы жүзеге асырылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтер нәтижесі үшін көрсетілген мерзімде келмеген жағдайларда:

уәкілетті ұйымның бөлімшесі оның электрондық сақталуын қамтамасыз етеді;

орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

орталықта:

демалыс және Заңда белгіленген мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін бекітілген жұмыс кестесі бойынша күн сайын үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, филиалдар мен орталық бөлімшелері үшін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне, ауылдық округ әкіміне немесе орталыққа осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші мынадай құжаттармен бірге ұсынылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді;

3) мемлекеттік қызмет алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (бұзу) туралы куәлік;

4) құжаттардың түпнұсқалары негізінде толтырылған отбасының құрамы туралы белгіленген үлгідегі мәліметтер;

5) отбасы мүшелерінің табыстары туралы белгіленген үлгідегі мәліметтер;

6) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы;

7) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе асырап алуды растайтын құжат;

8) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірлері туралы мәліметтерді растайтын құжат.

9) өтінішті және қажетті құжаттарды басқа адам берген жағдайда сенімхат.

Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) туу туралы куәлігін не туу туралы акті жазбасынан үзіндіні, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген неке қию (бұзу) туралы куәлікті, сондай-ақ осы тармақтың  6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

Құжаттар:

уәкілетті органда немесе орталықта түпнұсқаларда ұсынылады, кейін сканерден өткізіліп, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

ауылдық округтың әкіміне түпнұсқалар мен көшірмелері салыстырып тексеру үшін ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

12. Мемлекеттік қызметті тіркеген күні және алатын күні көрсетілген, құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакетін қабылдағанын растайтын құжат болып табылады.

13. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда уәкілетті органның маманы, ауылдық округ әкімі немесе орталық қызметкері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріп, өтінішті қабылдаудан бас тартады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсетуден:

1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің белгіленген құнынан асып түскен жағдайда;

2) баланы толық мемлекеттік қамсыздандыруда болғанда;

3) ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, асырап алуды заңсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өздерінің міндеттерін орындаудан босатқан немесе шеттеткен кезде;

4) әкесi немесе анасы (асырап алушылары) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс iстемейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, әскерде қызметiн өткермейтiн жағдайда бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының, орталықтардың, ауылдық округ әкімдерінің, олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының, орталықтардың, ауылдық округ әкімдерінің қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі:

1) тікелей уәкілетті органның, орталықтардың, ауылдық округ әкімдіктерінің басшыларына және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларына, және (немесе) олардың қызметкерлеріне. Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: http:/www.enbek.gov.kz; www.con.gov.kz.

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімінде;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жолданады.

16. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні, өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

15. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның, тегі, аты-жөні көрсетілген талон береді.

16. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

17. Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

18. Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада бекітілген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылады.

20. Консультативтік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы call-орталықтың: (1414) телефоны бойынша көрсетіледі.

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға

мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы

тағайындау немесе бас тарту туралы

______ хабарлама

20__ ж. «___» _______________
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы

тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мынаны хабарлайды


Өтініш берушінің Т.А.Ә. _____________________________________________

Өтініш берушінің туған күні ______ ж. «___»_______________

Құжаттардың қайтарылған күні 20__ ж. «___» _________________

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындалды.

__________________________________________________________________

(себебін көрсету)

_____________________________________ себебі бойынша 18 жасқа дейінгі

балаларға арналған жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды.

__________________________________________________________________

18 жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы

тағайындау жөніндегі уәкілетті органның жауапты тұлғасының ЭЦҚ-мен

куәландырылған

__________________________________________________________________

(лауазымы және Т.А.Ә.)

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға

мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

Балаларға арналған жәрдемақыны

тағайындау және төлеу жөнiндегі уәкiлеттi орган

_______________________________________________

(елдi мекен, аудан, облыс)
Отбасыны тiркеу нөмiрi _____________________

Өтініш беруші туралы мәлімет (белгі қою): ата-ана ________________________

қорғаншы қамқоршы)__________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________

Өтініш берушінің Т.А.Ә.: ______________________________________________

Туған күні: _____ ж. «___» _________________

Жеке басын куәландыратын құжат түрі: __________________________________

Құжаттың сериясы: ________ Құжаттың нөмірі: _______ Кім берген: _________

Берілген күні: ____ ж. «___» _______________

Тұрғылықты тұратын мекенжайы: _______________________________________

Облыс ______________________________________________________________

қала (аудан) _______________________ ауыл: _____________________________

көше (ықшамаудан)_______________________ ________ үй __________ пәтер

Кәсіп түрі ___________________________________________________________

Банктік деректемелер:

Банктің атауы ________________________________________________________

Банктік шоттың № ____________________________________________________

Шоттың түрі: ағымдық _____________________ карточкалық шот ___________
Маған балаларға арналған жәрдемақы тағайындауды өтінемін. Менiң

отбасым _____ адамнан тұрады.

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

Төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жердің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету), сауалнама мәліметтерінің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндеттенемін.

Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

Өтінішке қоса берілген құжаттар тізбесі:



Р/с



Құжат атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

1










2









Өтініш берушінің байланыс деректері:

телефоны _________________ ұялы _______________ Е-маіl ________________

20__ ж. «___» _____________ Өтініш иесінің қолы _________________________


---------------------------------------------------------------------

(қию сызығы)


Қоса берілген құжаттармен өтініш иесінің Т.А.Ә. _____________ өтініші

20__ ж. «___» ________ қабылданды.

_______________________________________________________________

Құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы


Төленетін жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер

туралы, сондай-ақ тұрғылықты жердің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету), сауалнама мәліметтерінің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы уәкілетті органға хабарлауға міндеттенемін.

Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды бергенім үшін

жауапкершілік туралы ескертілді.

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға

мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша

___________________________________

көрсетілетін қызметті алушының

ТАӘ не ұйымының атауы)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы)



Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбағандықтан ___________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жетіспейтін құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.



____________________________ _____________

(Орталық қызметкерінің ТАӘ) (қолы)


Тел.__________



Алдым: ТАӘ / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _______

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет