Өндірістік(ОҚУ) практикасының бағдарламасы павлодар



Дата03.03.2016
өлшемі107.59 Kb.
#35401
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Радиотехника және телекоммуникациялар кафедрасы

ӨНДІРІСТІК(ОҚУ) ПРАКТИКАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Лист утверждения

программы производственной практики






Ф СО ПГУ 7.18.1/05










БЕКІТЕМІН







ОІ жөніндегі проректор







________ Н.Э. Пфейфер







«___»_______» 2008 ж.










Құрастырушы: кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент,

ПМУ профессоры __________ Тастенов А.Д.

«Радотехника және телекоммуникциялар» кафедрасы



ӨНДІРІСТІК(ОҚУ) ПРАКТИКАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері үшін


Бағдарлама мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізінде дайындалған ҚР МЖБС 3.08.345-2006 23 желтоқсан 2005ж. № 779.

Кафедраның отырысында ұсынылған 01.09. 2008 ж., № 1 хаттама


Кафедра меңгерушісі _______________ Тастенов А.Д.

Энергетика факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған

«___»_______ 2008 ж., № ___хаттама

ӘК төрағасы___________ Кабдуалиева М.М.




КЕЛІСІЛГЕН
Факультет деканы _________ Кислов А.П. «__»_______2008 ж.



ЖжӘҚБ МАҚҰЛДАНДЫ

ЖжӘҚБ бастығы________Ворокута А.А. «___» _______ 2008 ж.
Кіріспе


  1. Практиканың мақсаты.

Өндірістік(оқу) практикасының негізгі мақсаты - кәсіпорынмен, мекемемен, ұйыммен, кешендермен және төменде келтірілгендер падаланылатын басқа да обьектермен танысу:

  • Байланыс желісі және коммутация жүйелері;

  • Көпарналы телекоммуникация жүйелері, оптикалық ауқым жүйелерін қоса алғанда;

  • Радиобайланыс құрылғылары мен жүйелері, спутникті, радиорелелі және ұялы байланыс жүйелерін қоса алғанда;

  • Мультимедиялық техника, электракустикасы және сөйлеу информатикасы, дыбыстық және теледидар хабарының құрылғылары мен жүйелері;

  • мәліметтерді таратудың құрылғылары мен жүйелері;

  • обьекттілерді басқарудың электрондық, сонымен қатар компьютерлік жүйелері, ақпаратты түрлендіру;

  • телекоммуникация жүйелеріндегі ақпаратты қорғау тәсілдері;

  • телекоммуникация жүйелері мен желілерін метрололгиялық қамтамасыз ету құралдары;

  • телекоммуникациядағы менеджмент және маркетинг;

  • телекоммуникация құрылғыларды пайдалану және сервисті қызмет етуін басқару.

Оқу жоспарымен қарастырылған өндірістік(оқу) практикасы «Мамандыққа кіріспе» курсын іс-жүзінде аяқтау болып табылады.

Практика бекітілген оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес екінші оқу семестрі аяқталған соң өткізіледі. Практиканың ұзақтылығы – бір апта. Практика төмендегі кәсіпорындарда өткізіледі:



  • телекоммуникациялар;

  • радиобайланыстар;

  • теледидарлама;

  • радиохабар;

  • радиолокация және навигация;

  • ұялы байланыс;

  • өнеркәсәптік кәсіпорындар;

  • ғылыми-зерттеу және жоба-конструкторлау ұйымдарында.

Ұйғарылған практиканы өткізу орындары – ААҚ «Қазақстан Алюминиі», АҚ «Қазақстанның электролизді зауыты», АҚ «Казақтелеком» Павлодар ОДТ-сы.
2. Практиканың тапсырмалары.

2.1 Кәсіпорын, ұйым және мекеме құрылымдарымен танысу.

2.2 Кәсіпорынның, ұйымның және мекеменің негізгі қызмет түрлерімен танысу.

2.3 Техникалық эксплутация ережелерінің негізі, технологиялық процесс және жабдықтардың негізгі түрлерін оқу.

2.4 Қауіпсіздік техникасы ережелерінің негізін, техникалық құжаттармен жұмыс істеуді, ақпарат желілерімен жұмыс істеуді оқу.

2.5 Өндірістің нақты жоспарлау әдістерімен, бизнес-жоспары және қаржы жоспарын құрастырумен танысу.

2.6. Тұтынушылармен жұмыс істеудің әдістері және түрлері, бәсекелесу қабілеттілігінің жоғарлау әдістері және түрлерімен танысу.
3 Практиканы ұйымдастыру
Практиканы ұйымдастыруға және өткізуге институт директоры мен кафедра меңгерушісі жауапты.
3.1 Кафедрадан практика жетекшісі:


  1. Студенттердің практикасына жетекшілік етеді, олардың практика бағдарламасын орындауын қамтамасыз етеді;

  2. Практика басталғанға дейін студенттерді тиісті құжаттармен, бағдарламалармен, күнделіктермен қамтамасыз етеді;

  3. Студент-практикантардың ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындауына, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаудың өткізілуіне, кәсіпорынның қалыпты еңбек шартпен қамтамасыз етуін, практика обьектілерінде студенттердің пркатикасының өткізілуіне бақылау жасайды;

  4. студентердің практикасы бойынша күнделіктерді тексереді;

  5. практика жөнінде кафедра меңгерушісіне мерзімді ақпарат беріп тұрады;

  6. практика бойынша зачет қабылдау кезінде комиссия жұмысына қатысады.


3.2 Кәсіпорыннан практика жетекшісі:

  1. бекітілген практика бағдарламасына сай практиканың өткізілуін ұйымдастырады;

  2. студенттердің мамандық бойынша білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасайды;

  3. бар әдебиеттерді, техникалық құжаттарды студенттердің пайдалануына береді.


3.3 Студенттің міндеттері.

Практика кезінде студент міндетті:



  1. практика бағдарламасында қарастырылған тапсырманы толық орындауға;

  2. практика күнделігін күнделікті жүргізуге;

  3. кәсіпорынның ішінде қолданылатын ішкі еңбек тәртібіне бағынуға;

  4. еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының ережелерін оқу және сақтауға;

  5. орындайтын жұмыс және оның нәтижесі үшін штат жұмыскерлерімен бірдей жаупты болуға;

  6. кафедрадағы практика жетекшісіне жазбаша есепті көрсетуге;

  7. тапсырманы орындағаны туралы, көрсетуге.


4 Практиканың қорытындысы
Жұмыс орны мен тапсырмасына сәйкес студент төмендегілерді орындауға міндетті:

өзінің практикасы өтетін станциясы немесе кәсіпорнымен, станция немесе кәсіпорынның негізгі цехтарындағы өндірістік функциялары және орналасуын, станция цехтарындағы негізгі жабдықтарды құрастыру, сонымен қатар станция немесе кәсіпорынның ішкі күнтізбесінің ережелерімен танысуға;

- энергетика цехтарында ҚТ ережелерін оқып үйренуге;

- кәсіпорынның жылуэнергетикалық жабдықтарын пайдалануымен танысуға;

- энергоблоктарды пайдалануға ТПЕ міндеттерімен танысуға;

- жекеленген зерттеулер үшін берілген сұрақтарды жете зерттеуге.

Тапсырма сипаттамасы практика базасының шарттарымен анықталады. Тапсырма практика жетекшісімен беріледі. Төменде шамалап алынған, жекеленген тапсырмалар тақырыптары реттінде зерттелетін сұрақтар тізімі берілген:

1. Жылу пункттерін пайдалану.

2. Сужылытқыш қазанды пайдалану.

3. Жылу желілерін пайдалану.

4. Қазанды іке қосу және тоқтату.

5. Пештердің жылутехникалық жабдықтарын пайдалану.

6. Бусужылытқыш қазандарды пайдалану.

7. Қазанды іке қосу және тоқтату.

8. ЖЭС-тің отын-көлік жабдықтарын пайдалану.

9. Өндірістік кәсіпорындардағы сорғыларды пайдалану.

10. Т, ПТ, К түрлі турбинаны пайдалану.

Практиканы өтудің шамаланған графигі:

- кәсіпорындарға рұқсат қағаз дайындау, кіріспе сұхбат, ҚТ бойынша нұсқау, экскурсиялар - 3 күн.

- практиканы өту жекекленген бағдарламаға сай -12 күн.

- есепті дайындау және оны қорғау - 3 күн.

Практика кезінде экскурсияларды өткізу ұсынылады. Кәсіпорын шартына байланысты экскурсиялардың обьектісі және сипаттамасы өндірістегі практика жетекшісімен қойылады. Экскурсияларды практиканы өтудің бірінші аптасында өткізу ұсынылады. Экскурсиялар жылулық пункттер бойынша кәсіпорын немесе станциялардың негізгі цехтарында өткізілуі керек.

Практика кезінде, ЖЭС-тің негізгі жылутехникалық жабдықтарымен және құрылғылармен, сұлбалармен, кәсіпорын немесе станциялардың негізгі жабдықтарының шамалары және қуатымен, құрылысымен таныстыратын дәрістер өткізу ұсынылады. ТҚ бойынша нұсқау өткізілген болуы керек.

Тапсырма сипаттамасы практика базасының шарттарымен анықталады. Тапсырма практика жетекшісімен беріледі.

4 Практиканы қорытындылау

Өндірістік практика бойынша есеп зачет тапсыру кезінде негізгі құжат болып табылады, сондықтан оны әр бір студент жеке жасауы керек.

Есепті жасау кезінде студент практика бағдарламасын негізге алады.

Есепті жазу үшін материал ретінде жұмыс орнында өткізілген экскурсиялардан, дәрістерден алынған мәліметтер және күнделік қлоданылуы тиіс. Есеп мазмұндамасы студент қатысқан сынақтардың нәтижелерімен, жабдықтардың жобаларымен, оның бөлшектері және түйіндерімен, сұлбалармен жанамаланады. Есеп жазбаша мәтін түрінде 15-25 беттен тұратын болуы тиіс.

Есепке қоса жеке өндірістік күнделік беріледі.

Өндірістік практика бойынша есеп практика жетекшісімен тексеріледі.

Практика бойынша зачетты комисся қабылдайды. Комиссия құрамына кафедрадан практика жетекшісі және мүмкіншілігіне қарай кәсіпорын жетекшісі кіреді.

Практиканың нәтижесін бағалауда келесі факторлар ескеріледі: есептің сапалы және сауатты жасалуы, жеке тапсырманың орындалу деңгейі, практика өткен уақытта студенттің алған білімі. Практикада студенттің қорытынды жұмысын бағалауда кәсіпорыннан практика жетекшісі берген мінездемеге көңіл бөлінеді.

5 Практика бойынша есепті жазу үшін ұсынылған әдебиеттер

Практика бойынша есепті жазу үшін қажетті әдебиеттерге: техникалық жобаларды, түсініктеме хаттарды, жұмыс сызбалары мен нұсқауларын, өндірісте конспектелген, жылуэнергетикалық жабдықтарын техникалық пайдалану ережелері, арнайы әдебиеттер(практика жетекшісімен көрсетіледі).

1 Липов Ю.М. Самойлов Ю.Ф., Модель З.Г. Компоновка и тепловой расчет парогенератора. -М.: Энергия, 1975.

2 Рихтер Л.А., Волков Э.П., Покровский В.Н. Охрана водного и воздушного бассейнов от выбросов ТЭС. -М.: Энергоатомиздат, 1981.



3 Эстеркин Р.И. Эксплуатация, наладка и испытание теплотехнического оборудования промышленных предприятий. - Л.: Энергоатомиздат, 1984.

4 Чистяков B.C. Краткий справочник по теплотехническим измерениям. -М.: Энергоатомиздат, 1990. - 320 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет