Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Негізгі ережелер


-параграф. Реагенттер қоймасы



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі397 Kb.
#124417
1   2   3   4   5

2-параграф. Реагенттер қоймасы
160. Реагентер жабық қойма ғимарттарында немесе аспаларда арнайы нұсқаулықтарға сәйкес сақталады. Аэрофлоттар, тұз қышқыл, натрий сульфогидраты, керосин, оксалді (Т-80) қоршалған геагент қоймасын аумағында тікелей күн сәулесінен және атмосфералық жауын шашыннан қорғалған металл резерварларда және цистерналарда сақтауға болады.

Ашық қоймаларда тұз қышқылын бутыльдарда және силикат-кесектерде сақтауға болады.

Өзара әрекеттесетін реагенттерді бір қоймада бірге сақтауға жол берілмейді.

Қоймаларда зақымданған ыдыстарда реагенттер сақтауға жол берілмейді. Реагенттерді қайта қаттау, қабылдау және тарату арнайы бөлінген алаңдарда жүргізіледі.

161. Сұйық реагенттерді сақтауға арналған ыдыстар және олармен байланысты коммуникациялар реагентерді толығымен жою құрылғыларымен жабдықталады.

Күйдіргіш (қышқылдар, сілтілер) және улы реагенттерді тасымалдау үшін құбырлы өткізгіштерді жұмыстық өту жолдарының үстіне және жұмыс орындарының үстіне орналастыруға жол берілмейді.

162. Ксантогенаттар, күкіртті нартрий және цианидтер қоймасы үшін ғимараттар 25 0 С артық емес температурада сақталып тұрады. Күшті әсер ететін улы заттар бөлек арнайы ғимараттарда сақталады. Улы реагенттерді сөндірілмеген ізбесті басқа реагенттермен бірге сақтауға жол берілмейді. Сөндірілмеген ізбесті сақтау үшін ізбестің сумен жанасуына жол бермейтін жанбайтын ғимарат бөлінеді.

163. Улы әсері немесе жағымсыз иісі бар қопарылу қаупі бар булар мен газдар бөліп шығаратын реганеттерді сақтауға арналған ғимараттарда тарту тұнып қалған зоналардың түзілуіне жол бермеу мақсатында ғимараттың төменгі бөлігінен жоғарыға қарай жүргізіледі.

164. Реагент қоймаларының және реагент шаруашылығының барлық ғимараттарының едендері, қабырғалары және аспалы құрылыс конструкцияларының сәйкес химиялық қорғанысы бар.

Қабырғалар мен төбенің әрлеуі шаң мен булардың жиналуы мен сорбциялануына жол бермейді және беттерді тазарту мен жуу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Еденде бейтараптандырушы ерітінділердің келуімен дренажды зумпфқа ағын мен судың еңкіш арналарын орнату қаралады.

165. Аэрофлоттар, натрий сульфогидритін, аммиак және басқа да күшті иістенуші реагенттерді тасымалдау және сақтау тек оңтайлы цистерналарда немесе металл тығындармен тығыз жабылатын металл бөшкелерде жүргізіледі.

Сұйық, күйдіргіш, және улылығы жоғары реагенттерді кәсіпорын аумағы бойынша тасымалдау арнайы жабдықталған көлікте және химикаттың жоғалу мүмкіншілігіне жол бермейтін ыдыста жүргізіледі.

Бутылдер сақталатын ыдыс сабаны, жаңқасы және ағашына хлорлы цинк немесе күкіртті қышқыл натрий ерітіндісімен сіңіріледі. Сұйық реагенттері бар бутылдерді жабу тығыз, бірақ саңылаусыз болады.

166. Реагенттер қоймасына кіруге 10 минут бойы тарту желдеткіші алдын ала үздіксіз жұмыс жасап тұрғанда ғана рұқсат етіледі. Желдеткіш тоқтап тұрғанда реагнеттердің жабық қоймаларында жұмыс істеуге жол берілмейді. Желдеткіштің қосқышы қойманың сыртқы есігіне орналастырылады.

Желдеткіш жұмыс істемей қалған жағдайда оны жөндеу үшін қоймаға бір уақтылы противогаз киген екі адам кіреді.

167. Әрбір реагентті қою орны сақталатын реагенттің атауының жазылуымен анықталады. Сұрыпталмаған түрде реагенттерді сақтауға жол берілмейді.

168. Қышқылдарды, аммиак суын, аэрофлоттарды, натрий сульфгидратын және басқа да сұйық флотореагенттерді цистерналардан түсіру механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.

Цистерналардан сұйық реагенттерді құйып алғаннан кейін олардың шлангтегі қалдықтары жойылады, шлангтер ажыратылып алынады және сумен шайылады.

Цистерналардан жанғыш реагенттерді қотару кезінде құбырлы өткізгіштер мен цистерналар жермен тұйықталады.

Сұйық флотореагенттерді және химикаттарды айдау алдында ыдыстардың толтырылу деңгейіндегі бақылау жүйесінің сенімділігі тексеріледі.

169. Қоймада және қопарылу қаупі бар реагенттер қоймасының маңайына, сорғы ғимараттарына пісіру жұмыстарына тұлға тек қауіпсіздік шаралары көрсетілген кәсіпорын басшысының арнайы (жазбаша) рұқсатымен ғана кіргізіледі. Бұл кезде барлық жеңіл ұшатын химикаттар қоймадан тазартылады.

170. Реагентер қоймасы мыналармен жарақталады:

1) жалпы айналымдағы және жергілікті тарту желдеткіші жұмысының тоқтатылуы туралы хабар беретін дыбыстық және жарықты дабыл бергіштер. Мұндай дабыл бергіштерді улы емес және қопарылу қаупі бар буларды бөліп шығармайтын қоймалар үшін орнату міндетті емес;

2) кәсіпорын басшылығымен, өрт күзетімен медициналық пунктпен тікелей немесе кәсіпорынның операторы (диспетчер) арқылы телефон байланысы;

3) сұйық реагентер сақтау үшін стационар ыдыстарда деңгей өлшегіштер.

Цианиді бар банкаларды ашу үрдістері механикаландырылған.

Әсері күшті улы заттармен байланысты барлық жұмыстар, оның ішінде ерітінділер дайындау, қол еңбегін қолданусыз жүргізіледі.

3-параграф. Реагенттер дайындау бөлімшесі
171. Сұйық және қатты химиялық өнімдерді суда немесе басқа да ерітінділерде еріту жүргізетін реагент бөлімшелерінде пайдалану бактарына дайын ерітіндіні беру және ұстап тұру, кәсіпорынның барлық басқа нысандарынан (бөлімшелерінен) оқшауланады.

172. Реагенттерді дайындау бөлімшелерінде және бөлек ғимараттардағы температуралық режим реагенттердің физико-химиялық қасиеттерін ескерумен орнатылады.

173. Біршама мөлшерде зиянды заттар кенеттен бөлініп шығуы мүмкін реагент бөлімшелерінде апаттық тарту желдеткіші және противогаздар қорының сақталуы қаралады, оның мөлшері ауысымда жұмыс істейтіндердің максималды тізімдік құрамының 50 % асады.

174. Ерітінді чандары мен тұндырғыштары, қажет болғанда, олардағы реагенттерді олармен жалғанған тұндырғыштар ерітінді бөлімшесінде орнатылған апаттық ыдыстарға толығымен қотаруға мүмкін болатындай етіп орналастырылады.

Реагент бөлімшелерінде дыбыстық және жарықты дабыл бергіштермен ерітінді чандарының деңгейін толтыруды автоматты бақылау қаралады.

175. Органикалық және басқа да өртену-және қопарылу қауіпті заттарды ерітуге арналған аппаратура ұшқынның шығуына жол бермейді.

176. Цианды ерітінділер дайындауға арналған ғимарат реагент бөлімшесінің басқа ғимарттарынан оқшауландырылады және үнемі жабық болады, ал одан шығатын қалдықтар мен сарқынды су дренажы басқа реагенттердің бөлімшелерінен келетін дренаждан айрықша жабдықталады.

Реагент бөлімшесінде жұмыс жасауға жіберілген тұлғалар жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқытылады және арнайы куәлік алады.

177. Цианиді бар банкаларды ашуға арналған барлық қондырғылар мен аппаратура, дайын ерітінділерді еріту және сақтау үшін бункерге және еріткіш чандарынан түсіргенде мұқият жабылады және тығыздалады және резервтегі желдеткіш қондырғысымен жалғанған жергелікті тарту желдеткіші болады.

178. Әрбір реагент үшін чандар мен тұндырғыштар қотару құбырларымен және деңгей өлшеуіштермен жарақталады және реагенттің атауымен айқын жазуы болады.

179. Барлық құбырлы өткізгіштер мен ыдыстар шартты түстерге боялады, онда таңбалық көріністер және қауіпсіздік белгілерінде түсіндірме жазбалары бар, ол МЕСТ 12.4.026 талаптарын сақтаған кезде күші бар салалық стандарттарға сәйкес келеді.

180. Барабандарды ашу, ірі кесектерді ұсақтау, оларды еріткіш-бактарға тиеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары технологиялық регламентке сәйкес келеді.

181. Флотореагенттер ерітінділерін дайындау кезінде кернеуі 12 Вольттен аспайтын тасымалданатын жарықтандыру шамдарын пайдалануға рұқсат етіледі.

182. Реагент бөлімшесінің жұмыс ғимараттарында ыдысты сақтауға жол берілмейді. Залалсыздандыру және қоймаға ыдысты тапсыру тәртібі кәсіпорынның техникалық басшысымен бекітілген технологиялық регламентпен белгіленеді.

Цианды қосылыстар ыдыстары тез арада залалсыздандырылады және басқа ыдыстардан бөлек қоймаға тапсырылады.

9-тарау. Қалдық шаруашылығы. Жалпы талаптар
183. Қалдық сақтау орнын эксплуатациялау, жобалау және құрылысы 1997 жылы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік Комитеті бекіткен Кен рудалық және рудалық емес кәсіпорындардың қалдық және шлам шаруашылығын эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздік ережелері талаптарын ескерумен жүргізіледі.

184. Су қорына жіберер алдында қалдық суларды тазарту әдісі жобада көрсетіледі. Қалдық сақтау орнынан ашық су қорларына (өзендер, көлдер, тоғамдар) су жіберу санитарлық нормаларға сәйкес тазартқанға дейін жол берілмейді.

185. Жуылған қалдық сақтау орындарының телімдері қоршалады және оларға ескеру плакаттар мен белгілері қойылады. Қалдық сақтау орнын шаюды қамтамасыз ету үшін шарбақтары бар көпірлер қойылады. Қалдық сақтау орнында түзілген воронкаларға немесе қақтарға, шайындыларға, тұрып қалған тоғам суына келу, тұрып қалған тоғам мұзымен жүруге жол берілмейді.

186. Су жинау ғимараттарын қадағалау және олардағы жөндеу жұмыстарын жүргізу арнайы наряд–шақтама бойынша жүргізіледі.

187. Қалдық сақтау орнының беттік қабатындағы шаңды жою үшін оны бекіту бойынша (шөп, ағаш егу, тағы басқа) шаралар іске асырылады.

10-тарау. Агломерация және кесектеу. Әктасты күйдіру.

Кептіру бөлімшесі

1-параграф. Агломерация және кесектеу
188. Бастапқы шикізат, шихта және салым бункерлері, бункерлерге салу орындары шаң, бу және газ бөлінуінің алдын алатын аспирациондық қондырғылармен жабдықталады.

Бункерлер тесіктері ұяшықтар өлшемдері 200х200 мм торлармен жабылады және биіктігі 1,0 м кем емес қоршаулармен жабдықталады.

189. Шаң отырғызу құрылғыларының шаңды жинау гидропневмокөлікпен немесе басқа тәсілмен жүргізіледі. Шаң отырғызу құрылғысынан гидро немесе пневмо көлік жүйесіне шаңды шығару тәсілі қағу мүмкіншілігі және оның қоршаған кеңістікке таралуына жол бермеу қаралады.

190. Тазарту және жөндеу кезіндегі суытқыш-барабандар және араластырғыш барабандарға адамдардың қол жеткізуі үшін арналған люктерінің есіктері есігі ашық барабанның жұмысқа қосылу мүмкіншілігіне жол бермейтін (жергілікті және дистанциондық басқару кезінде) жалғаулармен жарақталады.

Араластырғыш жұмыс істеп тұрған кезде барабаннан тікелей сынама алуға жол берілмейді. Сынама алу автоматты сынама алғыштар көмегімен, ал бөлек жағдайларда қолмен алуға барабаннан кейін шихта ағымынан жүргізіледі.

191. Кесектеуіштердің кесектеу машиналарының горндарындағы қыздырғыштарда газ және буды қабылдау Қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптары және Бу мен ыстық судың құбырлы өткізгіштері құрылғысы және қауіпсіз эксплуатациялау талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Горнның газды қыздырғыштарын тұтату және сөндіру тәртібі, бақылау орындары мен параметрлері, қажетті қауіпсіздік шаралары кәсіпорынның техникалық басшысымен бекітілген технологиялық регламентте келтіріледі.

192. Кесектеу машиналарын (агломерациялық машиналар және окатыштерді күйдіру машиналары) шұғыл және жоспарлы тоқтату кездерінде шихта, газ және ауа беру тоқтатылады. Бұл кезде газ қыздырғыштары газдың келуін тоқтататын автоматты жалғаулармен қамтамасыз етіледі.

Тарту үрлеу машиналарын (эксгаустерлер, желдеткіштер, түтінсорғыштар) тоқтату машинадағы отын толығымен жанып кеткеннен кейін жүргізіледі.

193. Қыздырғыштар мен коллекторлар ысырмаларына қызмет көрсету үшін оларға ыңғайлы қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Магистральдық шиберлерді басқару оператор бөлмесінен дистанциондық жүргізіледі, сондай-ақ қолмен ыңғайлы басқару мүмкіншілігі қаралады.

194. Күйдіру машиналарының жандыру горндарының қабырғалары мен күмбездері жылудан оқшаулағыштармен жарақталады. Горндардың үстінде сыртқы температурасы 450С асатын бетте дифлекторлармен жарақталған ғимараттың ең жоғарғы бөлігінен 1-2 м жоғары шығарылған тарту құбырымен шатырлар орналастырылады.

Тұтату горнына тығыз жанасатын агломерациялық машинаны бойлай қалқан болмаған жағдайда шихтаның шыңдалған бетін толықтай экрандауды қамтамасыз ететін суыту перделерімен жабдықталады.

195. Кәсіпорынның газ шаруашылығына қызмет көрсететін тұлғалар арнайы бөлінген орында сақталатын және кезеңдік тексеруден өткізілетін қажетті газдан қорғаныс аппаратурасымен қамтамасыз етіледі.

196. Сұйық отынды қолданатын кесектеу қондырғыларын эксплуатациялауда шихтаны тұтату Қазақстан Республикасы СНиП 4.02-08-2003 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

197. Агломерациялық және күйдіру машиналарының жұмыс зонасында салымды және шихтаны салу орындарында, машиналардың бүйір бөліктері және ролик реттеуіштегі роликтер жетектері, машина жұмыс істеп тұрған кезде колосниктерді алмастыру үшін жұмыс тармағына арбашалардың шығу ауданына қызмет көрсететін қызметкерлердің қол жеткізуіне жол бермеу үшін қоршалады.

Бұл орындарға қол жеткізу күйдіру машиналарын тоқтатқаннан кейін және сәйкес блокировкаларды қосқаннан кейін қамтамасыз етіледі.

198. Кесектеу кәсіпорындарының барлық жұмыс орындары жарықты дыбыстық қорғаныстармен және телефон байланысымен жабдықталады.

199. Шихтаны қыздыру үшін жанып жатқан қайту өнімін пайдалануға жіберілмейді.

200. Агломератты пісіру технологиясы бункерде ілінісіп қалудың түзілуіне жол бермейтін қайту өнімін алуды қамтамасыз етеді.

Ыстық қайту өнімі бункерде ілінісіп қалған жағдайда, оны сындыру арнайы құралдармен (пневмо сындыру тағы басқа) жүргізіледі.

Қайту өнімі материалын бункерде сумен суытуға жол берілмейді.

Қажет болған жағдайда, бункер конструкциясы мен електі сумен суыту тек бункер қайту өнімінен босатылған кезде және қауіпсіздік шаралары қолданылған кезде ғана жүргізіледі. Ыстық қайту өнімінің бункерлері оқшауландырылады.

201. Ыстық қайту өінімін тасымалдау үшін галереяда бу түзілуін төмендету мақсатында ол өтпелі тарту желдеткішімен жабдықталады, ал жеткізілген ауа жылдың суық мерзімінде қыздырылады.

202. Суытқыш-барабан қайту өнімін суыту кезінде бу түзілуіне жол бермеу үшін материалды тиеу және түсіру орындарында аспирациондық жүйелермен жабдықталады.

203. Қайту машинасының бункерлеріндегі астаушаларды тазартуды құралдардың көмегімен тек арнайы бөлінген алаңдарда жүргізуге болады.

204. Ыстық қайту өнімін таспалы конвейермен тасымалдау кезінде беру конвейер таспасына алдын ала салынған шихта қабатына жүргізіледі.

Қайту өнімін беру және конвейерде суық шихтаның бар болуы арнайы автоматика жүйесімен қамтамасыз етіледі.

205. Окатыштерді (агломератты) вагондарға тиеу үшін теміржолдар шатырларымен (қалқандар) жабылады, шаңданған ауаны сорып алу желдеткішпен жүргізіледі, ал төгінділерді тазарту арнайы құрылғымен іске асырылады.

206. Теміржолдар окатыштерді (агломератты) тиеу орындарында тазартылады және механикаландырылады.

207. Окатыштерден сынама алу арнайы орындарда автоматты сынама алғыштармен, ал окатыштерді ковейерлі беру болмаған кезде теміржол вагондарынан көпірлі кранның грейферімен жүргізіледі.

208. Окатыштерді (аглометаттарды) суыту үрдісі калориметрлік тәсілмен анықталған 1400С төмен емес температураға түспеуін қамтамасыз етеді.

209. Дайын окатыштерді електеу ғимараты күйдіру корпусы ғимаратынан биіктігі бойынша қабырғамен бөлінеді. Електеу ғимаратына және түсіру алаңына кіруге арналған есіктер саңылауды тығыздап жабады.

210. Күкіртті рудадан окатыштер (агломерат) алу өндірісі кезінде кесектеу кәсіпорны күкірт аулағыш қондырғылармен жабдықталады.

211. Шығатын газ және қайта куперациялау, айналым жүйелерінің газ үрлеу коллекторлары күйдіру корпусы ғимараттары мен шикізат дайындау бөлімшелері, басқа ғимараттарда орналастырылған шаң жинауға арналған бункерлер жылудан оқшауландырылады.

212. Күйдіру копустарының күйдіру машиналарының тарту үрлеу қондырғылары бөлек корпуста (пролетте) орнатылады немесе күйдіру корпусының құрамына енетін ғимараттың оқшауланған тұтас қабырғаларымен бөлінеді.

Тарту үрлеу қондырығысы ғимараты күйдіру бөлімшесімен дыбысты оқшаулағыш кабинада орнатылған телефон байланысымен және жарықты дыбыстық дабыл бергіштермен байланыстырылады.

213. Шығатын газдар және рекуперация газдары коллекторларында тарту үрлеу құрал-жабдықтарына дейін және кейін орнатылған ысырмаларды басқару механикаландырылған және электрлендірілген.

214. Газдарды шығаруда эксплуатациялау және окатыштердің шыныққан қабатында жылудың сәулеленуіне жол бермеу үрдісі кезінде болдырмау мақсатымен «горн-күйдіру арбашалары» торабында тиімді тығыздау күйдіру машиналарының конструкциясымен қамтамасыз етіледі.

215. Күйдіру машинасының түтін сорғыш желдеткіші тоқтап қалған жағдайда мыналар іске асырылады:

1) тез арада отын берудің автоматты сөндірілуі және майшам ысырмасының ашылуы;

2) күйдіру машинасының автоматты тоқтатылуы.

Жұмыс істеп тұрған тарту, үрлеу машиналары отын толығымен жанып кеткенше қызмет істейді.



2-параграф. Әктасты күйдіру
216. Әктасты күйдіру және әктасты дайындау үшін қондырларға осы Талапта баяндалған агломерациялық машиналарды эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздік талаптары таратылады.

Әктасты күйдіру және агломерациялық шихтаны дайындау қондырғыларында шаңды басудың тиімді құралдары қолданылады.

217. Әктасты түсіру үшін суды пайдалануға қауіпсіздіктің қосымша шараларын қабылдаған кезде рұқсат етіледі.

218. Әктасты тасымалдау оның шаң шығаруына жол бермейтін жағдайларда жүргізіледі.

Әктас бөлімшесінде желдету жеткіліксіз немесе жарамсыз болған кезде жұмыс істеуге жол берілмейді.

3-параграф. Кептіру бөлімшесі
219. Кептіру қондырғылары және оларды эксплуатациялау қолданылатын отын түрлеріне байланысты қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелері ҚР СНиП 4.02-08-2003 және технологиялық регламент талаптарына сәйкес келеді.

220. Жоғары температураға дейін қыздырылатын кептіру қондырғыларының барлық беттері жылудан оқшауландырылады және қоршалады, ал жұмыс орындары ауа душтарымен жабдықталады.

221. Кептіру пештеріне материал берілетін астаулар мен құбырлар шаңның түзілуіне жол бермеу үшін тығыздалып жабылады.

222. Кептіру қондырғылары мен пештері шаңнан, зиянды қоспалардан газды санитарлық нормаларға дейін тазартатын құрылғысы бар газ сорғыларымен жабдықталады.

223. Тарту үрлеу жүйесі сөніп тұрған кезде кептіру қондырғысын қосуға жол берілмейді. Тарту үрлеу құрылғысы жұмысы жұмыс ғимараттарына газдың таралу мүмкіндігіне жол бермейді.

224. Кептіру қондырғысын қосу және жұмысы технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі.

225. Мазут құюға арналған багы жарамсыз немесе толып кеткен кезде оттық құрылғысымен жұмыс жасауға жол берілмейді.

226. Өндіріс ғимараттарындағы кептіру қондырғысына арналған мазут қорының мөлшері тәуліктік қажеттіліктен артық сақтауға жол берілмейді. Аталған мақсаттар үшін мазут сақтау орны жобаға сәйкес орналастырылады.



11-тарау. Руда, концентраттар және руда емес материалдар қоймалары
227. Экскаватор қоймаларының құрал-жабдықтары және оларды эксплуатациялау ашық әдіспен пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес іске асырылады.

228. Штабельдік галереялар жылыту жүйесімен, шаң аулағыштары бар дренаждық және аспирациондық жүйелермен жабдықталады.

229. Жота қоймаларын қалыптастырған кезде штабель салғыштар көмегімен рельс жолдарының және су жинау арықтарының күйін бақылау іске асырылады: олардың төгілуіне, жұмыс алаңдарында, жолдарында, сатыларында мұздың пайда болуына жол берілмейді.

Штабель салғыштың әрекет ету ауданы қараңғы уақытта жарықтандырылады.

Тәуліктің қараңғы уақытында қоймалардағы теміржолдар жарықтандырылады; жарықтандырылмаған теміржолдарда жұмыс жасауға жол берілмейді.

230. Қоймаға құбырлы өткізгіштер бойымен сусымалы материалдарды тасымалдаған кезде қосылыстарының саңылаусыздығы және жүктеме асып кететін орындардың тығыз қалқалануы қамтамасыз етіледі. Технологиялық жағдайлар бойынша тығыз қалқалануы мүмкін емес орындарда аспирация жүйесінің сорғы жүйелерін орнату қаралады.

231. Тауарлық каолин – шикізат пен тальк рудасын көмір, цемент және әктас қоймаларына жақын орналастыруға жол берілмейді.

Тальк, каолин және графитті вагондарға тиеу кезінде шаңды басу құралдары қолданылады.

232. Экскаватордың жұмысы кезінде шөміштің, тростың, блоктар мен скрепердің әрекет ету зонасында адамдардың болуына (қызмет көрсететін қызметкерлерді қоса алғанда) жол берілмейді. Шөмішті (ротор) тазарту тек экскаватор тоқтатқан кезде және экскаватордың машинисінің рұқсатымен ғана жүргізіледі. Шөміш (ротор) бұл кезде жерге түсіріліп тұрады.

Материалдарды экскаваторлармен немесе көпірлі тиеуіштермен теміржол вагондарына тиеу кезінде 2000 жылғы 17 ақпандағы Көлік және коммуникация министрінің № 109-1 бұйрығымен бекітілген Қара металлургия кәсіпорындары теміржол көлігін техникалық эксплуатациялау ережелеріне сәйкес экскаватор машинистінің немесе тиеушінің талаптары орындалады.

Жұмыстан тыс уақытта экскаватор шөміші (тиеуші роторы) жерге түсірілген, кабинасы құлыпталған, электр энергиясынан ажыратылған болады.

233. Көп қырмалы экскаваторлар және көпірлі тиеуіштердің жұмыс кезінде тиелетін вагондарда тиеуші, босатылушы люктер, конвейерлер және тиеу-түсіруші құрылғылар астында адамдардың болуына жол берілмейді.

234. Экскаватор құралымен тиеу қоймалары үшін руда мен концентраттар штабелінің биіктігі ашық тәсілмен пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес қабылданады.

235. Материалдарды тиеу және түсіру кезінде жұмыс зонасындағы ауаның шаңдануын санитарлық нормаларға дейін төмендетуді қамтамасыз ететін шаң аулау немесе шаңды басу шаралары қабылданады.

Жұмыс зонасындағы ауаның шаңдануын санитарлық нормалар шектерінде қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жұмысшылар респираторларды қолданады.

236. Бульдозерді істеп тұрған қозғалтқышпен және көтерілген пышақпен қалдыруға, ал жұмыс кезінде троссты бағыттауға, аспалы рамаға және пышаққа тұруға жол берілмейді. Беріліс корапшасы істеп тұрғанда немесе кабинадан қозғалтқышты қосу құрылғысы болмаған кезде қозғалтқыштың қосылуына жол бермейтін блокировкасыз бульдозерде жұмыс жасауға жол берілмейді.

237. Жиналатын материалдың максимальды құлама бұрышы бульдозерлер жұмыс жасап тұрған кезде 25 градустан артық көтеруден аспайды, ал еңкішке (жүкпен төмен) жұмыс кезінде 30 градустан аспайды. Материалды тиеу кезінде бункерлерге келетін келу жолдарының еңкіші 6 градустан аспайды.

238. Адамдардың өту жолдары мен шоссе жолдары кесек рудалары қоймалары жағынан бруствермен немесе қоршаумен қоршалады.

239. Таспалы конвейерлердің көмегімен тиелетін қоймаларда өздігінен жүретін бункерлер немесе роторлық экскаваторлар, қоймаға материалдар тасталатын жоғарғы галереяның бойлық саңылаулары тұрақты қоршаулармен қоршалады немесе тесіктерінің өлшемдері 200х200 мм аспайтын торлармен жабылады.

12-тарау. Электротехникалық қондырғылар
240. Электр қондырғыларын эксплуатациялау және жобалау, құрылысын салу электр қондырғылары құрылғыларының әрекеттегі ережелеріне, Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық эксплуатациялау және Тұтынушылардың электр қондырғыларын эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздікке сәйкес іске асырылады.

241. Ғимараттар мен үймереттер Қазақстан Республикасы Ғимараттар мен үймереттерге найзағайдан қорғаныс жобалау және орнату бойынша СН 2.04-29-2005 нұсқаулығына сәйкес найзағайдан қорғаныспен қамтамасыз етіледі.


3-бөлім. Арнайы электр қондырғылары

1-параграф. Электрмен пісіру
242. Ғимараттардағы тұрақты электрмен пісіру жұмыстары өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған, желдетілетін осы үшін арнайы бөлінген ғимараттарда жүргізіледі.

Пісіру жүргізуге арналған ғимараттарда оңай жанатын құралдар мен материалдарды сақтауға жол берілмейді.

243. Кәсіпорынның бөлімшелері мен цехтарында арнайы коммутациондық аппараттар (айырғыштарға) электрмен пісіру қондырғыларын қосу арқылы жүргізіледі. Басқа тоқ қабылдағыштарды аппараттарға қосуға жол берілмейді.

244. Бұйымға баратын (кері өткізгіш), жетек қосылатын трансформатордың екінші реттік орамасының қысқышы электрмен пісіру қондырғысының корпусы тұйықтаудың жалпы контурына жермен тұйықталады.

245. Тұйықталған және қол жеткізу қиын қуыстарда, қауіпті жағдайларда (биікте), ыдыстарда, ылғалды ғимараттарда тағы сол сияқты пісіру жұмыстары тұрақты тоқты пайдаланумен наряд – шақтама бойынша жүргізіледі. Пісіру аппараттары пісіру тізбегі үзілген кезде бос жүріс кернеуі автоматты сөндіру және шектеу құрылғыларымен жабдықталады.

Жабық ыдыстардағы пісіру жұмыстары электр қауіпсіздігі бойынша аттестациядан өткізілген кем дегенде екі адаммен жүргізіледі. Бұл кезде электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ біліктілік тобы бар адам пісірілетін ыдыстың сыртында болады және жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін бақылауды іске асырады.

Ыдыстың ішінде жұмыс жасайтын адам иықтан ілінетін белбауы мен арқаны бар сақтандыру белдігімен жарақталады, арқанның шеті сырттағы екінші тұлғада болады.

246. Кернеу болған кезде қандай да пісіру қондырғыларына жөндеу жүргізуге жол берілмейді.

247. Пісіру электрод ұстағышының конструкциясы электр қондырғылары құрылғылары Талаптарына сәйкес іске асырылады.

248. Доғалы пісіру кезінде жұмыстардың аяқталуымен қоректендіру көзін электр желіден сөндіреді, электрод ұстағышы бар өткізгіш қоректендіру көзінен ажыратылады және жабылатын жәшікке (бөлмеге) жиналады.

249. Мастерлер бөлмесінде, кабиналарда, жұмыс орындарында ескерту плакаттары ілінеді. Электрмен пісіру жүргізу орындары жарық өткізбейтін қалқандармен немесе жанбайтын материалдан жасалған перделермен қоршалады.

250. Қысыммен жұмыс істейтін жабық сосудтарда (қазандықтар, баллондар, құбырлы өткізгіштер тағы сол сияқты) немесе жанатын немесе қопарылу қаупі бар заттар сақталатын сосудтарда пісіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Жанғыш және оңай жанатын сұйықтықтар және қопарылу қаупі бар газдарға арналған цистерналар, бактар, бөшкелер, резервуарлар және басқа да ыдыстарды электрмен пісіруге және кесуге, алдын ала мұқият тазартып алмай, осы ыдыстарды буландыру және желдетумен газдарды жоюға жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет