Ф.7.22-17
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы
|
БЕКІТЕМІН:
ҒЖ жәнеХБ жөніндегі проректор
__________т.ғ.д.,проф. Бахов Ж.К.
«___» ______________ 2011 ж.
|
6М072900 – Құрылыс
мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның
БАҒДАРЛАМАСЫ
Шымкент, 2011 ж.
Қабылдау емтиханның бағдарламасы 050729 – Құрылыс мамандығының «Құрылыс кострукциялары – І, ІІ, ІІІ», «Құрылыс өндірісінің технологиясы – І, ІІ, ІІІ», «Геотехника», «Сәулет», «Құрылыс машиналары және жабдықтары» пәндерінің типтік бағдарламалары негізінде құрылыған.
Құрастырған: Үсенқұлов Ж.А.
Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған
«21 » 02. 2011, № 9 хаттамасы
Кафедра меңгерушісі ___ ___________т.ғ.к., доцент Үсенқұлов Ж.А. (қолы, ғылыми атағы, тегі, аты)
Қабылдау емтиханның бағдарламасы факультеттің әдістемелік комиссиясымен мақулданған «Құрылыс, машина жасау және көлік» факультеті.
« » 2011ж., № ___ хаттамасы
Төрағасы ________________Ақтаева Ұ.
Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген
ЖООКББО бастығы ________________________Изтаев Ж.Д.
Кіріспе
6М072900 - Құрылыс мамандығы бойынша кадрларды дайындау келесі бағыттарда жүргізіледі:
- бейіндік;
- ғылымдық және педагогикалық.
Магистр түлектерінің кәсіптік қызмет нысандары болып табылатындары:
- бейіндікті дайындау кезінде - конструкторлық бюро, жобалау институттары, құрылыс фирмалары, әкіматтар, министерстволар, колледждер;
- ғылыми және педагогикалық дайындау кезіңде - конструкторлық бюро, жобалау институттары, құрылыс фирмалары, әкіматтар, министерстволар, колледждер, ғылыми - зерттеу институттары, жоғары оқу орындары.
6N0729 Құрылыс мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
бейіндік дайындау кезіңде - басқармашылық, жобалаушылық, өндірістік-технологиялық, пайдаға асырушылық;
ғылыми және педагогикалық дайындау кезіңде - басқармашылық,
жобалаушылық, өндірістік -технологиялық, ғылыми зерттеушілік,
эксперименттік - зерттеулік, педагогикалық.
6N0729 - «Құрылыс» мамандығының магистранттары білім беру бағдарламасының негізгі:
бейіндік дайындау кезінде:
- осы заманғы информациялық технологияларды, шығармашыльқ әдістемелермен шығаруды, жобалау және ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу технологияларын, басқару қызметін игерген мамандарды қалыптастыруды игереді;
ғылыми және педагогикалық дайындауда:
- нақты құрлыс саласының тереңдетілген ілімдік және практикалық әзірленген, жоғары деңгейдегі кәсіптік мәдениетті, осы заманғы құрылыс саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше алатын мамандарды қалыптастыруды игереді;
тез дамитын әлемде, кәсіби мобилдігіне, психология және педагогика саласындағы қажетті білім алғанына және де жоғарғы оқу орындарында сабақ беру тәжірибесіне кепілдік беретін ғылымдар түйісіндегі негізгі білімдерді қамтамасыз етуді игереді.
Жоғарыдағы көрсетілген магистрантардың игеретін білімін негізін осы бағдармадағы көрсетілген сұрақтарға тығыз байланысты
1. Пәндердін атауы және олардың негізі бөлімдері
-
«Құрылыс кострукциялары – І, ІІ, ІІІ»
Құрылыс конструкциялары жөніндегі мәлімет. Құрылыс конструкцияларын шектік жағдай бойынша есептеу тәсілдерінің негізгі ережелері. Тәсіл болмысы. Шектік жағдайдың екі тобы. Есептік факторлар. Жүктемелер классификациясы. Жүктемелер үйлесімділігі. Ғимарат пен имараттың жауапкершілік дәрежесі. Материалдардың мөлшерлік және есептік кедергілері.
Металл конструкциялар
Материалдар жұмысы. Бір мәрте статикалық созуға және сығуға болаттың және алюминий қорытпаларының жұмысы: оның кұрылымына байланысты материалдың жұмысы кезеңдері және диаграммасы, жоғары беріктіктегі болаттардың, алюминий қорытпаларының деформациялану ерекшеліктері, құрылыс болаттарының серпімді - пластикалық жұмысының унификацияланған диаграммасы.
Металл конструкциялар әлементтерінің жұмысы және есептеу ерекшеліктері. Ортадан жүктелген элементтердің жұмысы және беріктікке есептеу.
Иілетін элементтердің серпімді және серпімді - пластикалық кезеңдеріндегі жұмысы, иілу кезіндегі пластикалық топса, тік пен жанама кернеулердің бірлескен әсері, иілетін элементтердің серпімді жұмысын пластикалық деформациялар дамуын ескере отырып беріктікке есептеу ерекшеліктері.
Ортадан тыс жүктелген элементтер қималарын серпімді және серпімді -пластикалық кезеңдері бойынша беріктікке есептеу, пластикалық топса.
Арқалықтар, арқалықтық конструкциялар. Арқалықтық аражабындарды үйлестіру: бас өлшемдерді, жоспары мен биіктігі бойынша үйлестіру сұлбалары, үйлестіруді оптимизациялау. Төсем түрлері, жұмысы мен есептеу ерекшеліктері. Прокатты арқалықтардың қималарын іріктеп алу және тексеру.
Құрамалы арқалықтарды жобалау: жүктсмелері мен күштеулерін анықтау, биіктігін талғау және рациоиалды қимасын үйлестіру, арқалықтың ұзындығы бойынша қимасын өзгерту, ссрпімді жәпс серпімді- пластикалық кезеңдерінде беріктігін тексеру, арқалықтың қатаңдылығы мен жалпы орнықтылығын қамтамасыз ету.
Ортасынап сығылған ұстындар. Тұтас ұстындардың конструкциясы, қимасын іріктеп алу және тексеру, қима элементтерінің жергілікті орнықтылығьш қамтамасыз ету.
Өтпелі ұстындардың конструкциясы және жұмысының ерекшеліктері, келтірілген иілгіштігі, ұстынныц, біріктіруші планкаларының, керегетор элементтерінің қимасын іріктеп алу және тексеру, оларды ұстын тармақтарына бекіту.
Фермалар. Итарқалық фермаларды ұйлестіру, негізгі өлшемдері, унификациялау, пайдалану шарттарын, әзірлеу және тасымалдау талаптарын есепке алу. Фермаларды есептеу ерекшеліктері: жүктемелері мен ішкі есептік күштеулерін анықтау, қозғалмалы және түйіннен тыс жүктемелерін ескеру.
Бір қабатты өндірістік ғимараттардың метал конструкциялары. Қаңқа сүлбасы, көлденең және бойлық конструкциялар, қаңқаның негізгі элементтері мен олардың функциялары, метал жэне аралас қаңқалар.
Ғимарат қаңқасының есебі және жұмыс ерешеліктері. Көлденең және бойлық конструкциялар мен көтерме және қоршама конструкциялардың өз-ара әсері, қаңқа мен негіздіктер және іргетастардың біріккен жұмысы, түйіндік қосылыстардың берілгіштігі. Көлденең раманың есептік жүйесін таңдау және жүктемелерді анықтау. Рама есебі үшін практикалық әдістерді қолдану.
Қатаң және қатаң емес жамылғылы көлденең рама есебінде қаңқаның кеңістік жұмысын ескеру. Есептік күштеулерді анықтау принциптері.
Қаңқа ұстындары. Ұстындардың есептік ұзындығы, орнықтылығын жоғалтудың мүмкін формалары.
Ортадан тыс сығылған түтас ұстындардың қима конструкциясы, іріктеу жэне тексеру, ұстын қабырғалары мен сөрелерінің жергілікті орнықтылығына қойылатын талаптар.
Ортадан тыс сығылған өтпелі ұстындардың қима конструкциясы, іріктеу жэне тексеру, ұстын стержендері мен тармақтарының орнықтылығы, кереге тордың есебі мен жұмысы.
Кранастылық конструкциялар. Жалпы сипаттама: жұмыс ерекшеліктері, жүктемелер. Түтас кранастылық арқалықтар: есептік күштеулерді анықтау, қимасын құрылғылау, беріктікті жэне төзімділікті тексеру, құрылғылау ерекшеліктері.
Жоғарғы белдемесі қатаң кранастылық фермалар, құрылғылау ерекшеліктері, жүмысы және есебі.
Темірбетон және тас конструкциялар. Темірбетон болмысы. Арматура мен бетонның бірлескен жұмысы. Темірбетонның артықшылығы мен кемшіліктері. Бетонның негізгі физикалық - механикалық қасиеттері.
Темірбетон конструкцияларға арналған арматура. Арматураны тағайындау және классификациясы. Арматураның негізгі физико- механикалық қасиеттері.
Темірбетонның негізгі физико- механикалық қасиеттері. Арматураның бетонмен ілінісуі. Арматураны бетонға анкерлеу (тұтқарлау).
Алдын - ала кернелген темірбетон. Алдын - ала кернеу болмысы. Алдын-ала кернеу туғызу тәсілдері. Кернелген арматураны тұтқарлау. Алдын-ала кернеу мәнін тағайындау.
Темірбетон кедергісі теориясының эксперименталды негіздері. Есептеу тәсілдерінің негізгі ережелері. Темірбетон кедергісі теориясының дамуында эксперименттік зерттеулердің алатын орны. Жүктелген темірбетон элементтер қимасының кернеулі- деформациялық жағдайының үш сатысы. Иілуден қирау сипаты.
Темірбетон элементердің тік және қиғаш қимасы бойынша беріктік есебі. Иілетін элементтердің тік және қиғаш қималары бойынша қирау сипаты жөніндегі эксперименттік мәліметтер. Тікбүрышты қималы жекеленген және қос арматуралы иілетін элементтердің тік қимасы бойынша беріктік есебі.
Тавр қималы иілетін элементтердің тік қимасы бойынша беріктік есебі. және жағдайындағы беріктік шарты.
Иілетін элементтердің қиғаш қимасы бойынша көлденең күш әсеріне беріктік есебі. Көлденең арматура есебі.
Сығылған элементтер. Солқылдақ бойлық арматуралы сығылған элементтердің конструктивтік ерекшеліктері. Ортадан тыс сығылған үлкен және кіші эксцентриситетті тікбұрышты профильді элементтердің беріктік есебі. Көтеру қабілетіп анықтау.
Созылған элементтер. Ортадан созылған тікбұрышты профильдегі элементтердің беріктік есебі.
Ортадан тыс созылған үлкен эксцентриситетті тікбұрышты профильдегі элементтердің беріктік есебі.
Ортадан тыс созылған кіші эксцентриситетті тікбұрышты профильдегі элементтердің беріктік есебі. Көтеру қабілетіп тексеру. Арматура қимасының ауданын анықтау.
Темірбетон элементтердіц жарықшаққа төзімділік есебі. Ортадан созылған жеке иілген элементтердің тік жарықшак пайда болуына есебі. Қиғаш жарықшақ пайда болуына есебі. Тік жарықшақтың ашылу спіне есеп. Элементтің бойлық осіне қиғаш жарықшақтың ашылуы бойынша есеп.
Элементтің бойлық осіне қиғаш жарықшақтыц пайда болуы бойынша есеп. Элементтің бойлық осіне тік жарықшақтың ашылу ені бойынша есеп. Элементтің бойлық осіне қиғаш жарықшақтыц ашылу ені. Элементтің бойлық осіне тік және қиғаш жарықшақтың жабылуы бойынша есеп.
Темірбетон конструкциялардың орын ауыстыру есебі. Темірбетон элементтердің жарықшақсыз учаскедегі қатаңдығы мен майысу кезіндегі өсінің қисықтығы.
Темірбетон элементтердің жарықшақты учаскедегі қатаңдығы мен майысу кезіндегі өсінің қисықтығы.
Созылу аймағында жарықшағы жоқ темірбетон элементтердің орын ауыстыруы (майысымы). Созылу аймағында жарықшағы бар темірбетон элементтердің орын ауыстыруы (майысымы).
Құймалы темірбетонды аралық жабындар. Арқалықты тақталы құймалы темірбетонды қырлы аралық жабындар. Конструктивтік жүйесін кұрастыру. Арқалықты тақтаның есебі және құрылғылау. Көмекші арқалықтың есебі және құрылғылау. Бас арқалықтың есебі және құрылғылау.
Шеттері арқылы сүйенген тақталардап тұратын құймалы темірбетоннан қырлы аралық жабындар. Конструктивтік жүйесі. Арқалық пен тақта есебі және құрылғылау.
Көп қабатты азаматтық имараттар. Көп қабатты ғимараттардың конструктивтік сүлбалары. Қаңқалы, панелді, көлемді блокты, құрамалы ғимараттар. Қаңқалы ғимараттардың конструктивтік сүлбалары. Рамалы, рамалы - байланысты, байланысты жүйелер.Көп қабатты азаматтық ғимараттардың конструкциялары. Қацқалы ғимараттар. Панелді ғимараттар. Көп қабатты ғимараттар есебі. Рамалы жүйені тік жэне көлденең жүктемелерге есептеу. Панелді ғимараттар есебі. Ортадан жүктелген іргетастар есебі.
Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттар. Ғимарат жүйесін құрылғылау. Көп қабатты рама конструкциясы. Кеңістік қатаңдықты қамтамасыз ету. Көп қабатты құрастырмалы және құймалы рамалар конструкциясы. Есептеудің негізгі ережелері. Түіндерді құрылғылау.
Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар. Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттардың түрлері (БӨҒ). БӨҒ конструктивтік сүлбалары және оларды қүрастыру. Көлденең рама есебі. Есептік жүйесі және ғимаратқа әсер ететін жүктемелер. Қаңқаның кеңістік жүмысы. Үстындағы жүктемеден болған күштеулерді анықтау БӨҒ төбе жабыны конструкциялары. Аралық жабын тақталары. Төбе жабыны арқалықтары, фермалары, аркалары. Есептеу ерешеліктері жэне кұрылғылау. Темірбетон ұстындар. Құймалы темірбетоннан жасалған бір қабатты қаңқалы ғимаратты құрылғылау ерекшеліктері. Үстын астындағы ортадан тыс жүктелген іргетасты есептеу және қүрылғылау.
-
«Құрылыс өндірісінің технологиясы – І, ІІ, ІІІ»
Құрылыс өндірісінің технологиясының негізгі түсініктері мен реттеуші ережелері. Құрылыс процестерінің технологиялық жобалануы. Құрылыс алаңын инженерлік дайындау. Құрылыс жұктері және оларды тасымалдау. Жер жұмыстары өндірісінің технологиясы. Қадаларды батыру және толтырылған қадаларды жасау технологиясы. Тұтас құймалы бетон және темірбетон технологиясы. Жинақтау жұмыстары. Тас қалау технологиясы. Қорғаныш жабулар жасау технологиясы. Әрлеу жабуларын жасау технологиясы.
Үймереттер мен ғимараттар тұрғызу технологиясының негізгі ережелері. Құрылысты ұйымдастырудың тасқынды әдістері. Құрылыс алаңын инженерлік дайындау. Объектілік құрылыстық бас жоспар. Құрылыс алаңын материалды-техникалық қамтамасыздандыру. Ұймеретті толық құрамалы конструкциялардан тұрғызу технологиясы. Тұтас құймалы темірбетоннан үймереттерді тұрғызу технологиясы. Металл конструкцияларынан үймереттерді тұрғызу технологиясы.
Ғимаратты тұрғызу технологиясының негізгі реттеуші ережелері. Жерасты ғимараттарын тұрғызу технологиясы. Діңгекті-мұнаралы ғимараттарды тұрғызу технологиясы. Ірі аралықты жеңіл және тасымалданатын ғимараттарды тұрғызу. Жерұсті резервуарларды және газгольдерлерді тұрғызу технологиясы. Желілі- ұзын ғимараттарды тұрғызу. Агроөнеркәсіптік кешендер мен газгольдерлерді тұрғызу. Үймереттер мен ғимараттарды жаңғырту технологиясы
-
«Геотехника»
Топырақтар табиғаты мен олардың физикалық қасиеттері. Пайда болуы, топырақтардың құрамдық элементтері, топырақтардағы құрылымдық байланыстар. Топырақтардың классификациялық көрсеткіштері, құрылымдық және физикалық жағдайының сипаттамасы. Түрақсыз тармақтық байланыстағы топырақтардың әртүрлілігі.
Топырақтар механикасының негізгі сілтемелері мен заңдылыгы. Топырақтар механикасының деформациялануы, топырақ компоненттерінің сығылымы; топырақтардың негізгі есептік үлгілері.
Топырақтардың механикалық қасиеттері. Топырақтардың деформациялану заңдылықтары, тығыздау заңдылығы. Топырақтардың су сіңірулігі, ламинарлы сүзу заңы. Топырақтар төзімділігі, Кулон заңы, Кулон-Мор теориясы. Топырақты далада сынаудың негізгі әдістері. Топырақтың есептік сипаттамаларын есептеу.
Топырақтардағы кернеу мен деформацияны анықтау. Кеңістіктік және жазықтықтық жағдайда жұмылдырылған күш және біркелкі бөлінген жүктеме салдарынан болған топырақтағы кернеу. Іргетас табанындағы кернеу. Топырақтың меншіктік салмағынан болған кернеу.
Топырақтар деформациясының түрлері. Тұтас жүктеме барысындағы топырақ қабатының шөгуі. Соңғы шөгуді анықтаудың практикалық әдістері. Уақыт аралығындағы шөгуді есептеу жөніндегі түсінік.
Топырақтардың шектік кернеулі жағдайдағы теориясы негіздері және олардың қосымшалары. Негіздеме үдемелі жүктеме әсер ету барысындагы топырақта болатын механикалык үрдістер. Топырақтың шектік тепе-теңдігін теңестіру. Негіздіктер топырағына бағытталған бастапқы және шектік жүктеме. Топырақтың есептік кедергісі.
Еңістер мен баурайлардың орнықтылығы: орнықтылықты бұзу түрлері.
Қоршау конструкцияларына бағытталған топырақ қысымын анықтау: жалпы ережелер; активті және пассивті қысымдар.
Негіздіктер мен іргетастарды жобалаудың жалпы принциптері. Үймереттердің негіздіктермен өзара байланысын бағалау: үймереттер мен негіздіктер деформациясының түрлері. Шектеулі жағдай бойынша негіздіктерді жобалау принциптері. Іргетастарды орналастыру тереңдігін және типін таңдау.
Ұсақ орналастыру іргетастары. Іргетастардың түрлері мен құрылысы. Қатты іргетастар табанының көлемін анықтау. Шөгуді есептеу. Негіздіктің көтеру мүмкіндігін және тұрақтылығын есептеу. Иілгіш іргетастарды жобалаудың негізгі шарттары.
Қадалы іргетастар және терең орналастырымды іргетастар. Қадалы іргетастар мен қада түрлері. Қаданың көтерушілік қабілеті мен есептік кедергілерін анықтау. Қадалы іргетастарды жобалау мен есептеу тәртібі.
Іргетастарды терең орналастыру саласындағы классификация; қада қабаттары; тесу тіректері; түсірмелі құдықтар; кессондар; «топырақтағы қабырға» тәсілімен орнатылатын үймереттер. Олардың жұмыстары мен есептеу ерекшеліктері.
Негіздіктерді жасанды жақсарту. Негіздіктердің құрылыстық қасиеттерін түрлендірудің негізгі әдістері; құрылыстық топырақтарды тығындау және бекіту.
Ерекше жағдайда жобалаудың негізгі принциптері және іргетастар құрылғысы. Отырғызылымдық, ісімдік, түздандырылған, әлсіз, топырақтардың іргетастары.
Динамикалық, сейсмикалық жүктеме кезіндегі және жүмыс істейтін аймақтағы іргетастар.
Негіздіктер мен іргетастарды қайта құру және күшейту.
-
«Сәулет»
Сәулет және қала құрылысы туралы жалпы деректер. Сәулет және қалақұрылысы туралы жалпы деректер.
Қалаларды топтастыру.
Урбанизацияның бүкіл әлемдік процесстері. Қалалар агломерациясы. Аудандық жобалаудың схемалары және жобалары. Қаланың Бас жобасы. Қала Бас жобасының селитебсырттық зоналары.
Сәулеттік - құрылыстық жобалаудың негіздері. Пәннің міндеттері. Тектоника, сәулеттегі форманың пайда болуы және түс.
Ғимараттарды және имараттарды жобалаудың жалпы ережелері. Ғимараттар. Ғимараттарды топтапстыру және оларға қойылатын талаптар. Азаматтық, қоғамдық ғимарттар.
Ғимараттардың конструктивтік элементтері және олардың көлемдік - жайғастыру шешімдерімен өзара байланысы. Ғимараттардың көлемдік- жайғастырушылық шешімдерінің конструк-тивтік элементтермен өзара байланысы. Ғимараттардың көлемдік -жайғастырушылық шешімдерін, олардың фрагменттерін және конструктивтік элементтерін типизациялау. Ғимараттың конструкциясын жобалаудың негіздері. Кұш түсетін конструкциялар. Тірек-арқалық конструкция. Қаңқалы конструктивтік жүйе.
Азқабаттық азаматтық ғимараттардың конструктивтік шешімдері. Жалпы деректер. Негізгі көтерме қаңқа және азқабатты ғимараттардың конструктивтік элеметтері. Сыртқы қабырғалар. Жалпы талаптар және конструкцияларды топтастыру. Тас, майда және ірі блоктіқ қабырғалар. Панельді, монолитті, жинақы - монолитті бетон қабырғалары. Ағаш көтерме қаңқалары көлемдік-блоктық конструкциялар. Конструктивтік шешімдер.
Жарықмөлдірлі вертикальді конструкциялар. Қоршау түрлері, оларға қойылатын талаптар. Металл және ағаш есіктері.
Қалақұрылыстық жобалаудың және ғимараттарды реконструкциялаудың экономикалық негіздері. Қалақұрылыс экономикасы. Қаланың бас жобасы кезеңіндегі қала құрылыстық технико -экономикалық есептеу. Қала тұрғындарының санын және қалаға қажетті аумақты есептеу. Қаланың Бас жобасының технико-экономикалық көрсеткіштері.
-
«Құрылыс машиналары және жабдықтары»
Көлік, тасымалдау, жүкті салып - түсіру және жүк көтергіш машиналары. Көлік машиналары. Құрылыстық жүктердің сипаттамасы. Көлік машиналарының негізгі параметрлері, қолдану сипаттамасы.
Тасымалдау машиналардың қызметі, конструктивті схемалары, жұмыс процессі мен технологиялық мүмкіндіктері, негізгі параметрлері, қолдану сипаттамасы.
Жүкті салып-түсіру машиналары. Олардың түрлері. Жұмыс процесі.
Жер және қада қағу жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар. Жер жұмыстарын арналған машиналар туралы жалпы мәліметтер. Жер жұмыстарына арналған машиналардың сұрыпталуы. Жұмыс органдары және топырақпен әсерлесуі. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Өңдеу дәрежесіне байланысты топырақтардың сұрыпталуы. Топырақтың кесу және қазу кедергілерін анықтау. Топырақты қазып өңдеудегі ғалымдардың еңбектері. Жер қазу және жер-қазып тасымалдау машиналарының күш және кинематикалық параметрлерін анықтау.
Жерді қазып - тасымалдау машиналары. Белгіленуі, қолдану облысы. Әкскаваторлар. Сұрыпталуы, қолдану облысы. Жұмыс жабдықтарының негізгі түрлері, параметрлері және құрылыс экскаваторларының индексациясы. Өнімділік және оны ұлғайту жолдары.
Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрьштауға және жууға арналған машиналар. Ұсақтау машиналардың түрлері және ұсақталатын материал қаттылығына және ұсақтау дәрежесіне байланысты оларды таңдау. Ұсақтау машиналардың принциптік схемалары, негізгі параметрлері және өнімділігі. Тасты материалдарды бөлгіш машиналардың қызметі, принциптік гмалары, жұмыс процесі, негізгі параметрлері және өнімділігі.
Бетон және бетон қоспаларын дайындауға, тасымалдауға және нығыздауға арналған машиналар мен жабдықтар. Араластырғыш машиналардың қызметі мен құрамы. Араластырғыш маиналардың сұрыпталуы. Ұстағыштардың қызметі мен сұрыпталуы.
Бетон коспаларын нығыздау қажеттілігі мен тәсілдері.
Әрлеу жұмыстарына арналған машиналар және құрылыстағы қол машиналары. Сылақ және майлау жұмыстарға арналған машиналар. Қол машиналардың, сылақ станциялары мен агрегаттарының қызметі, құрамы, негізгі параметрлері мен қолдану облысы. Қозғалмалы бекіту агрегаттары.
Құрылыс машиналарын қолдану негіздері. «Машиналарды техникалық қолдану» түсінігі. Машиналарды қолдануға қабылдау және өткізу. Машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі. Еңбек қорғаудың жалпы талаптары, еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Қолдану және құрастыру ережелерін сақтау бойынша мемлекет тарапынан бақылау.
-
6М072900 – Құрылыс мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі
«Құрылыс кострукциялары – І, ІІ, ІІІ»
-
Темірбетонның мәні. Бетон мен арматураның бірлескен жұмысы. Темірбетонның артықшылығы мен кемшіліктері.
-
Бетонның негізгі физикалық-механикалық қасиеттері. Бетондарды топтастыру.
-
Бетонның беріктігі, класы және маркалары
-
Бетонның беріктігіне әсерін тигізетін факторлар
-
Бетонның кубтық және призмалық беріктігі
-
Бетонның ұзақ уақыт қарсыласу шегі. Бетонның динамикалық беріктігі
-
Күшсалмақтар бір рет әрі қысқа мерзімде әсер еткендігі бетонның деформациялары.
-
Темірбетонның арматурасы. Арматураның түрлері.
-
Арматуралық болаттардың механикалық қасиеттері
-
Арматуралық бұйымдар, торлар және қаңқалар
-
Жоғары беріктік сымдар және олардан жасалынған бұйымдар: арқандар мен байламдар.
-
Темірбетонның негізгі физико-механикалық қасиеттері. Арматураны бетонға анкерлеу.
-
Темірбетонның ширауы мен жылжығыштығы.
-
Алдын-ала кернелген темірбетонның мәні.
-
Алдын-ала кернелген темірбетон. Алдын-ала кернеу жасаудың тәсілдері.
-
Темірбетон элементтерді шектік күйлер бойынша есептеу әдісі. Шектік күйлердің I, II-тобы. Есептік коэффициенттердің жүйесі.
-
Темірбетон иілген элементтердің түрлері және олардың конструктивтік ерекшеліктері .
-
Көлденең қимасы тік бұрышты жалғыз арматуралы иілген элементтерді беріктікке есептеу.
-
Тавр пішіндес ТБ иілген элементтерді практикада қолдану. Геометриялық өлшемдерін тағайындау.
-
Көлденең қимасы тавр пішіндес ТБ иілген элементтердің тік қимасы бойынша беріктігін есептеу. Есептік жағдайлар.
-
Тавр пішіндес ТБ иілген элементтердің екі есептік жағдайын анықтау шарттары.
-
ТБ иілген элементтердің көлбеу қималары бойынша жұмысы. Қираудың екі жағдайы.
-
ТБ иілген элементтердің көлбеу қимасы бойынша көлденең күш әсеріне беріктік есебі.
-
Металл конструкциялардың материалдары. Құрылыс болаттары.
-
Металл конструкциялардың материалдары. Алюминий қортпалары.
-
Құрылыс болаттардың механикалық қасиеттері мен көрсеткіштері.
-
Алюминий қортпалардың механикалық қасиеттері мен көрсеткіштері.
-
Металл конструкцияларды шектік күйлер бойынша есептеу. Шектік күйлердің топтары.
-
Тас және арматураланған тас конструкцияларының материалдары
-
Тас материалдарының беріктігі және аязға төзімділігі. Тасқалауының түрлері
-
Тасқалауының беріктік сипаттамалары
-
Тасқалауының деформация сипаттамалары
-
Тас конструкция элементтерінің есебі. Ортадан сығылған элементтер
-
Тас конструкция элементтерінің есебі. Ортадан тыс сығылған элементтер
-
Ұзына бойлық арматурасы бар тас конструкцияларының элементтерін сығылуға есептеу
-
Ағаштан дайындалған құрылыс конструкциялары. Ағаштың жетістері мен кемшіліктері
-
Ағаштың негізгі қасиеттерінің көрсеткіштері. Ағаштың механикалық беріктігі
«Құрылыс өндірісінің технологиясы – І, ІІ, ІІІ»,
-
Құрылыс жүктерін тасымалдаудағы көлік құралдары;
-
Құрылыс-жинақтау жұмыстарының сапасын басқарудың негізгі жүйелері;
-
Құрылыс процестерінің технологиялық жобалануы;
-
Табиғат қорғау шаралары және құрылыста еңбекті қорғау негіздері;
-
Құрылыс процестерін тасқынды ұйымдастыру;
-
Топырақтар және олардың технологиялық қасиеттері;
-
Жер жұмыстары өндірісінде қоршаған ортаны қорғау;
-
Қазан шұнқыр және ұзын ор топырақ көлемін анықтау.
-
Тік тегістеуде топырақ массасының көлемін анықтау;
-
Топырақтың қасиеттерін жақсартудың физикалық тәсілдері;
-
Топырақтың қасиеттерін жақсартудың элетрохимиялық тәсілдері;
-
Топырақты бір шөмішті эксковаторлармен өңдеу;
-
Жер қазып тасымалдайтын машиналармен топырақты өңдеу;
-
Топырақты гидромеханикалық тәсілмен өңдеу;
-
Қада және қадалы іргетастардың түрлері;
-
Алдын ала дайындалған қадаларды батыру технологиясы;
-
Толтырылған қадаларды жасау әдістері;
-
Қадалы іргетас процестерінің сапасын бақылау;
-
Топырақты тығыздаудың сапасын бақылау;
-
Бетон қоспасының технологиялық қасиеттері;
-
Жинақтау процесі, оның құрамы және құрылымы;
-
Құрылыс түзілістерін тасымалдау және дайындақ процестері;
-
Құрастырмалы түзілістерді қабылдау және сақтау;
-
Іргетас элементтерін жинақтау ерекшеліктері;
-
Бағана элементтерін жинақтау ерекшеліктері;
-
Кранасты арқалық элементтерін жинақтау ерекшеліктері;
-
Арқалық және фермалар элементтерін жинақтау ерекшеліктері;
-
Тас қалау процестері технологиясының негізгі ережелері;
-
Тас қалау үшін пайдаланатын ағаштар мен мінбелер;
-
Төбе жабындарының міндеті және түрлері;
-
Мастикалы жабындар жасау процестерінің технологиясы;
-
Дана материалдардын төбе жабындарын жасау;
-
Шатыр жабындысын асбестцементті табақтардан жасау;
-
Қорғаныш жабулар процестерінің сапасын бақылау;
-
Әйнек жұмыстарының міндеті және түрлері;
«Геотехника» -
Шартты қадалы іргетастың өлшемдерін анықтау.
-
Компрессиялық сынақ өткізудің схемасы мен принциптері.
-
Грунтты тығыздау әдістері.
-
Саяз салынған іргетастың ауданын анықтау.
-
Негіз бен іргетас дегеніміз не және олардың түрлері.
-
Элементтер қабаттарды қосу әдісімен іргетастың шөгуін анықтау.
-
Тіреуіш қада және оның жүк көтеру қабілетін анықтау.
-
Шекті критик жүктемені анықтау.
-
Іргетасқа әсер ететін күштерді анықтау.
-
Дала жағдайында грунттың деформация модулін анықтау.
-
Іргетасты жобалағанда керекті алғашқы мәліметтер.
-
Терең салынған іргетастар және олардың түрлері.
-
Саяз салынған іргетастың конструкциясы және жобалау шарттары.
-
Грунттардың механикалық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері.
-
Іргетасты орналастыру тереңдігі қандай факторларға байланысты.
-
Грунттардың актив және пассив қысымдарын анықтау.
-
Сейсмикалық аймақтарда іргетасты жобалау.
-
Іргетастың шөгуін анықтаудың әдістері және олардың аттары.
-
Графикалық әдіспен іргетастың өлшемін анықтау.
-
Қаданың жұмыс істеу характері және формасына қарау бөлінуі (түрлері).
-
Сазды және құмды грунттар үшін Кулон формуласы.
-
Аспалы қаданың жүк көтеру қабілетін практикалық әдісі.
-
Сазды және құмды грунттар үшін Дарси заңы.
-
Батырылған кұдық іргетастар.
-
Грунттардың актив және пассив қысымдарын анықтау.
«Сәулет» -
«Сәулет» пәннің мақсаты мен міндеттері.
-
Тұрғын үйді мақсатына байланысты топтау.
-
Функционалдық талап, оған әсер ететін факторлар.
-
Үйлерге қойылатын техникалық талаптар.
-
Секциялық, коридорлық, галереялық шешімді тұрғын үйлер.
-
Тұрғын үйлерді жобалауда әлеуметтік және демографиялық факторларды ескеру
-
Үйлердің негізгі конструкциялық элементтері
-
Пәтерлерге қойылатын санитарлық және техникалық талаптар
-
Пәтерлерді жобалау принциптері
-
Пәтердегі асхана, санитарлық тораптар және шаруашылық бөлмелер.
-
Қабат жоспарлары. Балкон, лоджия, терасса.
-
Құрылыстағы бірыңғайландырған модульдік жүйе.
-
Құрылыстағы типтеу, үйлестіру және стандарттау.
-
Бірыңғайландырған модульдік жүйедегі негізгі өлшемдер
-
Номиналды, конструкциялық және нақты өлшемдер
-
Тұрғын үйлердің конструкциялық шешімдері.
-
І ргетастар.Іргетастарды жобалау принциптері
-
Тұрғын үйлердің тік қоршау конструкциялары
-
Қабырғаларды жобалау. Қабырғалардың жеңілдетілген түрлері.
-
Жабын конструкцияларына қойылатын талаптар.
-
Ағаш және металл арқалықты жабындар.
-
Тұрғын үйлердің жабындары.Шатыр конструкциялары.
-
Еден. Конструкциялары және түрлері. Еденге қойылатын талаптар
-
Бас жоспарда, ескерілетін негізгі климаттық жағдайлар.
-
Өндірістік үйлерді қабаттылығына, аралығына, қаңқа конструкциясына байланысты топтау
-
Өндірістік үйлердің конструкциялық элементтері.Конструкциялық көтергіш элементтер
-
Бір қабатты өндірістік үйлер. Жетістіктері мен кемістіктері.
-
Бір қабатты өндірістік үйлердің көлемдік жобалық шешімдері
-
Бір қабатты өндірістік үйлердің қатаңдығын және орнықтылығын сақтау
-
Көп қабатты өндірістік үйлердің жетістігі мен кемістіктері
-
Көпқабатты өндірістік үйлердің көлемдік жобалық шешімдері
-
Көпқабатты өндірістік үйлердің конструкциялық шешімдері
-
Бірыңғайландырған модульдік жүйедегі негізгі өлшемдер
-
Бір қабатты өндірістік үйлердің кеңістік қаңқасы
-
Сторпильді және стропила асты конструкциялар
«Құрылыс машиналары және жабдықтары» -
Құрылыс машиналары және жабдықтары туралы жалпы мағлұмат.
-
Машиналар құрылыста қандай негізгі факторлармен анықталады?
-
Қандай құрылыс процестері механикаландырылған болып саналады?
-
Технологиялық топқа қандай құрылыс машиналары жатады?
-
Құрылыс машиналарының өндірістік және техникалық эксплуатациясы дегеніміз не?
-
Құрылыс машиналарының негізгі техника – экономикалық көрсеткіштерін анықтау.
-
Көтергіш көліктік машиналардың негізгі техникалық сипаттамалары.
-
Бетон араластыру жабдықтары және оны тасымалдау машиналары.
-
Әрлеу жұмыстарына арналған машина түрлері және олардың қолданылуы.
-
Еден және шатыр жұмыстарына арналған машиналардың техникалық көрсеткіштері.
-
Қол машиналарының түрлері және қолданылуы.
-
Машиналадың жетегі дегеніміз не және нелерден тұрады?
-
Жер қазу машиналарының жұмыс органдарымен топырақты қазғандағы негізгі параметрін анықтау.
-
Машинаның күш бергіш қондырғысы неден тұрады? Мысал келтір.
-
Өздігінен жүретін жебелі крандардың жабдықтары, жұмыс істеуі және өнімділігі.
-
Мұнаралы жебелі крандардың жабдықтары, жұмыс істеуі және өнімділігі.
-
Бетон араластырғыш машиналардың жұмыс істеуі және жабдықтары.
-
Сылау және бояу машиналарының жұмыс істеу жабдықтары.
-
Сылау машина жабдықтары мен жұмыс істеу және оларды орнату.
-
Механикалық берілістің (трансмиссия) түрлерін атап көрсетіңіз.
-
Құрылыс машиналардың жетектік тиімділігі қандай негізгі көрсеткіштермен бағаланады?
-
Жұмыс бөлігі қозғалысының кедергісі дегеніміз не? Ол неден тұрады?
-
Қандай электрлі қозғалтқыш түрлері құрылыс машиналарының жетегіне қолданылады?
-
Құрылыс жүйелердің (процестердің) қандай түрін механикаландырылған деп атайды?
-
Механикалық берілістің (передач) түрлерін атап көрсетіңіз?
-
Гидроцилиндрдің құрылысы және жұмыс істеу принципі.
-
Шыңжыр табанды және пневмодоңғалақты құрылыс машиналарының құрылымы.
-
Жүк көтергіштердің міндеті, негізгі түрлері, құрылысы және жұмыс істеу принципі.
-
Пневмодоңғалақты және шыңжыр табанды крандардың айырмашылығы.
-
Еден қатарында қолданылатын машиналар. Олардың құрылымы және жұмыс істеуі.
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі
«Құрылыс кострукциялары – І, ІІ, ІІІ»
-
Металлических конструкций. Элементы конструкций. Том I. Учебник для студентов ВУЗов, обучающихся по специальности ПГС. Под.ред. Горева В.В., 2-е издание: - М.: Высшая школа, 2001, 551с.
-
Металлических конструкций. Учебник для студентов ВУЗов, обучающихся по специальности ПГС. Под ред. Беленя Е.И., 6-е издание.-М.: Стройиздат, 1986, 560с.
-
Байков В.Н., Сигалов Э.Е. Железобетонные конструкции. Общий курс- М.: Стройиздат, 1991.- 767с.
-
Куэютин А. Д., Бубнович Э.В. Строительные конструкции I. Раздел «Железобетонные конструкциии» учебное пособие.-Алматы, 2004-96 с.
-
Арленинова Д.К. и др. Конструкции из дерева и пластмасс- М:,2002 -102 с
-
Конструкции из дерева и пластмасс Под редакцией Карлсена Г.Г. и Слицкоухова Ю.В. 5-е издание. -М.: Стройиздат, 1986.- 543 с
«Құрылыс өндірісінің технологиясы – І, ІІ, ІІІ»
-
Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология строительных процессов. Часть 1. - Москва: Высшая школа, 2002.
-
Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология строительных процессов. Часть 2. - Москва: Высшая школа, 2003.
-
Технология строительных процессов: Учебник. Под ред. Данилова Н.Н. и Терентьева О.М. - М., Высшая школа, 2001.
-
Терентьев О.М., Теличенко В.И., Лапидус А.А. и др. Технология строительных процессов. -Ростов на Дону: «Феникс», 2006.
-
Хамзин С.Қ. Құрылыс процестерінің технологиясы. Оқулық. - Алматы: Баспагер, 1997.
«Геотехника» -
Ананьев В.П., Передельский Л.В. Инженерная геология и гидрогеология. М.: Высшая школа, 1980,- 271с.
-
Пешковский А.М., Перескокова Т.М. Инженерная геология. М.: Высшая школа, 1982, - 341 с, ил.
-
Толстой М.П., Малыгин В.А. Геология и гидрогеология. М.: Высшая школа, 1988.
-
Белый Л.Д. Инженерная геология. М.: Высшая школа,1985 - 231 с, ил.
-
Кононов В.М., Крысенко А.М., Швец В.М. Основы геологиии гидрогеологии. М.: Высшая школа, 1985.
-
Пособие к лабораторным занятиям по общей геологии /Павлинов В.Н, Михайлов А.Е., Кизевальтер Д.С. и др.- 4-е изд. перераб. и доп./- М.: Недра, 1988 - 149с с ил.
«Сәулет» -
Маклакова Т.Г. и др. «Архитектура» М.: Издательство Ассоциации строительных вузов, 2004, стр. 464
-
Кашкина Л.В. «Основы градостроительства» М.: Владос, 2005, стр. 246
-
З.А. Казбек - Казиев и др. «Архитектурные конструкции» Учебник, М.: «Архитектура -С», 2006, стр. 344
4. «Конструирование гражданских зданий» уч. пос. Шерешевский И.А.
Архитектура - С. 2005
-
Избасар М.Р., Каймолдин А.С. «Проектирование малоэтажных жилых зданий» Методическое указание. Алматы, КазГАСА, 1998, стр. 28
-
СНиП РК 3.02-03-2003 Жилые здания, Астана 2003
-
Шепелев Н.П., Шумилов М.С. «Реконструкция городской застройки» М.: Высшая школа, 2000, стр. 271
«Құрылыс машиналары және жабдықтары» -
Волков Д.П., Крикун В.Я. Строительные машины.-М.Изд.АСВ, 2002-376 с.
-
Волков Д.П. Строительные машины и средства малой механизации -М.:Академ. 2006-416 с.
-
Строительные, дорожные и коммунальные машины. Оборудование для
производства строительных материалов. Справочник. Том IV- 9. Под общ. ред. И.П. Ксеневича. М. Машиностроение. 2005- 736 с.
-
Кудрявцев Е.М. Комплексная механизация строительства.М.АСВ.2005-416с.
-
Крикун В.Я. Строительные машины. М. АСВ. 2005- 314 с.
-
Домбровский Н.Г. и др. Строительные машины. М.АСВ. 2002- 528 с.
-
Волков Д.П. и др. Машины для земляных работ.- М.: Машиностроение, 1992 -448 с.
Достарыңызбен бөлісу: |