Паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қарашада № 21687 болып тіркелді
Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) амбулаториялық жағдай – тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде медициналық бақылау мен емдеуді көздемейтін медициналық көмекті көрсетудің шарттары;
2) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) жақынынан айырылу кезінде қолдау көрсету (пациенттің қайтыс болуы) – жақын адам қайтыс болған кезеңде отбасы мен күтім жасаған адамдарға паллиативтік көмектің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтері шеңберінде психологиялық көмек көрсету;
4) жоспарлы медициналық көмек – оны көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмектің нысаны;
5) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмектің нысаны;
6) медициналық көрсетілетін қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;
7) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
8) өмір сапасы – науқастың субъективті қабылдауына негізделген оның физикалық, психологиялық, эмоционалдық және әлеуметтік қызметінің интегралдық сипаттамасы;
9) паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мультипәндік топ (бұдан әрі - МПТ) – паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
10) паллиативтік медициналық көмек - радикалды емдеу жүргізуге көрсетілімдері болмаған кезде жазылмайтын ауру пациенттің ауырсынуын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
11) паллиативтік медициналық көмек бөлімшесі (палатасы, төсек) – жазылмайтын ауру пациентке паллиативтік медициналық көмек көрсететін көпбейінді немесе мамандандырылған аурухана құрамындағы бөлімше;
12) паллиативтік медициналық көмектің мобильдік бригадалары (бұдан әрі – МБ) - паллиативтік медициналық көмек көрсету жөніндегі көшпелі топтар;
13) стационарлық жағдайлар - тәулік бойы медициналық бақылау, емдеуді, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін стационарлық жағдайларда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы бақылау көздейтін "бір күннің" терапиясы және хирургиясы жағдайларында медициналық көмек көрсету жағдайлары;
14) стационарды алмастыратын жағдайлар - тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын бере отырып, күндізгі уақытта медициналық бақылау мен емдеу көзделетін медициналық көмек көрсету жағдайлары;
15) үйде көрсетілетін медициналық көмек - медицина қызметкерін, мобильдік бригаданы шақырған, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы кезінде, үйде (үйдегі стационар) емдеу ұйымдастырылған кезде көрсетілетін медициналық көмектің жағдайлары;
16) хоспис – ауыр және жазылмайтын аурулары бар (жағдайлар) пациенттерге, сондай-ақ олардың отбасылары мен күтім жасайтын адамдарға стационар жағдайында паллиативтік көмек (медициналық, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер, рухани қолдау) көрсететін медициналық (медициналық-әлеуметтік) ұйым;
17) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек нысаны.
Паллиативтік медициналық көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімдерде, палаталарда, төсектерде), дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында, хоспистерде) стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильдік бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Паллиативтік медициналық көмек ұйымдары аудандық және облыстық орталықтарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылады.
Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары:
1) ауыр және жазылмайтын ауру (жай-күйі) пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
2) радикалды ем жүргізуге көрсетілімдер болмаған кезде жазылмайтын пациенттің ауруының (жай-күйінің) ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдету (инкурабельді пациенттер);
3) жазылмайтын ауру пациентке мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету;
4) отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды жазылмайтын пациенттерді үйде мейіргер күтімінің негіздеріне оқыту;
5) медициналық ұйым персоналдарының пациенттің отбасы мүшелеріне психологиялық және әлеуметтік-құқықтық консультация беру болып табылады.
Хосписте (бөлімшеде) және үйде пациенттермен және олардың отбасы мүшелерімен жұмыс істеу үшін әлеуметтік қызметкер мен психолог лауазымы көзделеді.
Әлеуметтік қызметкер емдеуге жатқызуға жәрдемдесуді, пациенттерді медициналық ұйымдарға алып жүруді, пациенттің отбасы мүшелерін күтім негіздеріне оқытуды, медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыруды және жүргізуді, әлеуметтік мәселелер бойынша консультация беруді жүзеге асырады.
Психолог әлеуметтік-психологиялық патронажды, пациенттерді және бірге тұратын отбасы мүшелерін психологиялық қолдауды, жақын адамы қайтыс болған кезеңдегі қолдауды, шұғыл психологиялық көмекті жүзеге асырады.
Паллиативтік медициналық көмек аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда және астанада оны көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты және үздіксіз бақылау қағидаттарын сақтай отырып: дәрігердің қабылдауында, күндізгі немесе тәулік бойғы стационарда, медицина қызметкерін, МБ шақыру, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде емдеуді ұйымдастыру кезінде көрсетіледі.
Пациентке паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда және астанада МПТ құрылады.
МПТ құрамына: дәрігер (дәрігерлер), бейінді мамандар (онколог, фтизиатр, инфекционист, педиатр), орта медицина қызметкері (орта медицина қызметкерлері), психолог, медициналық ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы (әлеуметтік қызметкер) кіреді. МПТ құрамы медициналық ұйымның ішкі бұйрығымен бекітіледі.
МПТ пациенттің медициналық құжаттарын, клиникалық-диагностикалық зертеп-қарау нәтижелерін зерделегеннен кейін оған паллиативтік медициналық көмек көрсету бойынша комиссиялық талқылау өткізеді және паллиативтік медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша пациенттер мен медициналық ұйым мамандарына консультация береді, оның ішінде:
1) пациенттің физикалық және психологиялық жай-күйін бағалайды;
2) жеке жоспарды жасайды және түзетеді;
3) паллиативтік медициналық көмек көрсету, оның ішінде аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін симптоматикалық емдеу және медициналық араласулар жүргізеді;
4) дәрілік препараттарды енгізу жоспарын айқындай отырып, олардың дозасын есептеу, оның ішінде клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттерге есірткілік емес, сондай-ақ құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттарды тағайындайды және қолданады;
5) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді, деректерді ұйымның медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізеді.
Стационарлық жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жазылмайтын ауру пациенттерді емдеуге жатқызу үшін мыналар:
1) науқасты кейіннен амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін тәулік бойы бақылау жағдайында қолдаушы, ауырсынуға қарсы терапияны таңдау немесе түзету қажеттілігі;
2) тәулік бойы бақылау жағдайында аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін симптоматикалық емдеу қажеттілігі;
3) амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда, оның ішінде үйде жүзеге асыру мүмкін болмайтын медициналық араласулар жүргізу қажеттілігі көрсетілімдер болып табылады.
Хоспис (бөлімше) жағдайында пациентке отбасы мүшелері мен күтім жасайтын адамдар тәулік бойы келе алады.
Науқастарды стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін емдеуге жатқызу Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.
МСАК дәрігері бекітілген халық арасынан паллиативтік медициналық көмекті қажет ететін немесе алатын пациент туралы ақпаратты алғаннан кейін мыналарды:
1) жоспарлы баруды (үйдегі актив айына 1 рет);
2) паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мобильдік бригаданы уақтылы шақыруды;
3) көрсетілімдер болған кезде стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде паллиативтік медициналық көмекті уақтылы алуды ұйымдастыруды;
4) мүгедектікті одан әрі белгілеу үшін организм функциялары тұрақты бұзылған кезде бастапқы немесе қайталама куәландыру мақсатында медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарау жүргізу үшін құжаттарды ресімдеуді;
5) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізуді, деректерді ұйымның медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізуді жүзеге асырады.
Үйде көмек алу қажет болған кезде МСАК медициналық ұйымына бекітілген және паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттен ұйымның медициналық ақпараттық жүйесінде өтінім тіркеледі. Өтінімді алғаннан кейін МСАК дәрігері бару жеделдігінің маңыздылығын бағалайды.
Жоспарлы қарап-тексеру кезінде МСАК дәрігері пациенттің үйіне белсенді баруды жүзеге асырады. Пациенттің үйіне жоспарлы баруды дәрігер айына кемінде 1 рет және орта медицина қызметкері кемінде 4 рет жүзеге асырады.
Медициналық көрсетілімдер болған кезде пациенттерді емдеу үшін ауырсынуды және аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін тоқтатудың дәрі-дәрмектік және дәрі-дәрмектік емес әдістері қолданылады.
Паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж пациенттер емделмейтін науқас пациенттің ауыруын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдету үшін құрамында есірткі, психотроптық заттары бар дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі.
Пациенттің медициналық ұйымға өз бетінше бару мүмкіндігі болмаған кезде науқасқа үйде паллиативтік медициналық көмек көрсетіледі.
Амбулаториялық деңгейде және үйде стационарды алмастыратын жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мыналар:
1) қолдаушы, ауырсынуға қарсы терапияны іріктеу немесе түзету;
2) аурудың ауыр көріністерін (жай-күйін) симптоматикалық емдеу;
3) дәрігерлік манипуляцияларды және мейіргерлік емшараларды жүргізу;
4) стационарлық жағдайларда паллиативтік медициналық көмекке арналған хоспистердің, бөлімшелердің (төсектердің) болмауы көрсетілімдер болып табылады.
Пациенттің жай-күйі нашарлаған, асқынулар туындаған кезде паллиативтік медициналық көмек көрсету МБ беріледі.
МБ амбулаториялық жағдайда және үйде паллиативтік (оның ішінде қашықтықтан) медициналық көмек көрсетуге арналған, кез келген медициналық ұйымдардың базасында қалыптастырылады және медициналық ұйымның ішкі бұйрығымен бекітіледі.
МБ шығуы МСАК ұйымының жұмыс сағаттарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, бригаданы пациентке қызмет көрсету орнына уақтылы жеткізуді қамтамасыз ететін мамандандырылған немесе мамандандырылмаған автомобильді пайдалана отырып, дәрігерлік немесе фельдшерлік (мейіргерлік) бригадалар жүзеге асырады.
МБ құрамына: дәрігер (дәрігерлер), орта медициналық қызметкер (орта медициналық қызметкерлер), психолог, медициналық ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы (әлеуметтік қызметкер) кіреді.
МБ-ның бірінші шығуын дәрігер және (немесе) фельдшер өтінімді қабылдағаннан кейін бір тәулік ішінде мейіргердің алып жүруімен жүзеге асырылады. Пациенттің жай-күйінің ауырлығына және қажеттілігіне қарай осы өтініммен байланысты паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін кейінгі шақыруларды МБ жекелеген мүшелері жүзеге асырады.
МБ жұмысы дәрігердің басшылығымен жүзеге асырылады. Шектеулі ресурстар жағдайында МБ ең төмен құрамына паллиативтік көмек бойынша тиісті даярлықтан өткен дәрігер (фельдшер) мен мейіргер кіреді.
Паллиативтік көмектің тиімділігін арттыру мақсатында МБ-ға басқа медициналық мамандар, еріктілер тартылады.
МБ:
1) паллиативтік медициналық көмек көрсету, оның ішінде аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін симптоматикалық емдеу және үйде медициналық араласулар жүргізуді;
2) пациентті жүргізудің жеке жоспарын жасау және науқастың жай-күйіне, оның ішінде қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып мониторинг жүргізуді;
3) дәрілік препараттарды, оның ішінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар препараттарды (медициналық ұйымда және үйде) тағайындауды;
4) үйде қолдайтын, ауырсынуға қарсы терапияны таңдауды немесе түзетуді;
5) дәрігерлік араласулар мен мейіргерлік күтім емшараларын жүргізуді;
6) отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды үйдегі жазылмайтын ауру пациенттерге мейіргер күтімін жасау негіздеріне оқытуды;
7) көрсетілімдер болған кезде пациентті стационарлық жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға жіберуді жүзеге асырады.
Амбулаториялық деңгейде қашықтықтан мынадай қызметтер көрсетіледі:
1) науқастың жай-күйіне мониторинг;
2) МПТ мүшелерінің пациенттерге консультация беруі;
3) рецепт жазып беру.
МБ қызметкерлері үйде жазылмайтын ауру пациенттерге мейіргерлік күтім негіздері бойынша отбасы мүшелеріне және күтім жасайтын адамдарға қашықтықтан консультация жүргізеді.
Жазылмайтын ауру пациенттерге және олардың отбасы мүшелеріне қашықтықтан жеке психологиялық консультация, сондай-ақ медициналық ұйымның әлеуметтік қызметкері консультация береді.
Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетудің сапасы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін МПТ, МБ қатысушыларының және МСАК мамандарының тұрақты өзара іс-қимылы сақталады.
Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетілетін аурулар:
1) радикалды емдеу тиімсіз болатын аурулар;
2) қарқынды емдеу өмір сүру сапасын жақсартатын өмір сүру мерзімін шектейтін аурулар;
3) паллиативтік көмекті басынан бастап көрсетілетін үдемелі аурулар;
4) неврологиялық бұзылулардағы асқынулардың дамуымен аурулар.
Бала жасына сәйкес келетін психоәлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіледі.
Аурудың ұзаққа созылған ағымында отбасын, аға-інілері мен апа-сіңлілерін психологиялық қолдау жүзеге асырылады.
Онкологиялық кабинеттің мейірбикесінің негізгі міндеттері - онколог дәрігердің емдеу-диагностикалық тағайындауларын орындау және оған емхана қызметі ауданында тұратын халыққа, сондай-ақ бекітілген кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілеріне мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыруға көмек көрсету болып табылады. Ол тікелей онкологқа есеп береді және оның басшылығымен жұмыс істейді.
Мейірбикенің міндеттері:
онколог-дәрігерді амбулаториялық қабылдау алдында жұмыс орындарын, қажетті медициналық құрал-саймандарды құжаттаманы дайындау, аппаратура мен техника құралдарының жарамдылығын тексеру;
зерттеу нәтижелерін уақтылы алуды бақылау және оларды амбулаториялық науқастардың медициналық карталарына жапсыру;
қажет болған жағдайда — дәрігерге қаралуға дайындық кезінде науқастарға көмек көрсету;
дәрігерге хирургиялық таңғыштар салу, биопсиялар жүргізу кезінде көмек көрсету;
науқастарға зертханалық, аспаптық және аппараттық зерттеулерге дайындалу тәсілдері мен тәртібін түсіндіру;
дәрі-дәрмектерге, таңу материалдарына қойылатын талаптарды жазып беру және оларды бас мейірбикеден алу;
санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге қатысу;
біліктілікті жүйелі түрде арттыру;
медициналық құжаттаманы дәрігердің бақылауымен ресімдеу (консультацияларға және қосалқы кабинеттерге жолдамалар, статистикалық талондар, медициналық карталардан үзінділер, еңбекке жарамсыздық парақтары, өмірінде алғаш рет қатерлі ісік диагнозы қойылған науқас туралы хабарлама, биопсияларды есепке алу журналдары, орта медициналық персоналдың жұмыс күнделігі және т.б.).
Алғашқы онкологиялық бөлімше амбулаториялық жағдайда алғашқы мамандандырылған медициналық-санитариялық көмек көрсету үшін алғашқы мамандандырылған медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық мекеменің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
Бөлімшенің негізгі функциялары:
онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін медициналық мекемелердің онколог-дәрігерлерінің ұсынымдарын ескере отырып, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу;
онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жүзеге асыратын дәрігерлерге консультациялық көмек, симптоматикалық ем жүргізуді бақылау;
есірткі және психотроптық заттарды жазып беру;
онкологиялық диспансерде немесе онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымда ісікке қарсы дәрілік терапия алатын науқастарды динамикалық бақылау, токсикалық реакциялардың дамуы кезінде зертханалық көрсеткіштерді бақылау
науқастарды онкологиялық диспансерге немесе медициналық ұйымға уақтылы жіберу;
онкологиялық науқастарды симптоматикалық және паллиативтік емдеуге жіберу;
науқастардың медициналық ұйымдарда емделуден бас тарту себептерін талдау;
онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды есепке алу;
онкологиялық аурулардың алғаш анықталған жағдайлары туралы мәліметтерді онкологиялық диспансерге жіберуді бағалау;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық мекемелердің мамандарына профилактикалық тексеру кезінде консультациялық және әдістемелік көмек, онкологиялық аурулардың даму қаупі жоғары науқастарды диспансерлеу;
халықты санитарлық-гигиеналық ағарту;
Жалпы практика дәрігерлерімен және маман - дәрігерлермен диагностикалық қателерді және онкологиялық аурулардың елеусіздігінің себептерін талдау және талдау;
онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардың науқастарды тексеру және емдеу кезінде медициналық құжаттаманың белгіленген нысандарын ресімдеуін талдау;
медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін қатерлі ісіктермен ауыратын науқастардың медициналық құжаттарын ресімдеуге қатысу;
Онкологиялық диспансер-онкологиялық аурулардың профилактикасы мен скринингін ұйымдастыруда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, медициналық көмек, алғашқы мамандандырылған медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету үшін дербес медициналық ұйым.
Диспансердің құрылымында мыналар көзделеді::
диагностикалық бөлімшелер: рентгенодиагностика, ультрадыбыстық, радионуклидтік, эндоскопиялық, Функционалдық диагностика, клиникалық-диагностикалық және цитологиялық зертханалар, Патологоанатомиялық бөлімше;
емдеу бөлімшелері: Анестезиология және реанимация; реанимация және қарқынды терапия; ісікке қарсы дәрілік терапия; хирургиялық емдеу әдістері (торакальды, абдоминальды онкология, онкоурология, онкогинекология, нейроонкология, онкогематология, бас және мойын ісіктері, сүйектер, сүт безі, тері және жұмсақ тіндер); рентгенохирургиялық; радиотрапевтичес - скос; фотодинамикалық терапия; оңалту; паллиативтік көмек;
радиациялық қауіпсіздік бөлімшесі;
ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі;
емханалық бөлімше;
күндізгі стационар;
Трансфузиология кабинеті;
дәріхана;
дезинфекциялық-стерильдеу бөлімшесі;
медициналық жабдықтарды пайдалануды қамтамасыз етуге арналған бөлімше.
Емдеу бөлімшелерінің құрамы диспансердің төсек күшіне байланысты өзгеруі мүмкін.
Диспансер келесі функцияларды жүзеге асырады:
онкологиялық және ісік алды аурулары бар науқастарға мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету;
онкологиялық және ісік алды ауруларының алдын алу мен ерте анықтауды жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық технологияларды зерделеу және практикаға енгізу;
ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
онкологиялық аурулар анықталған кезде медицина қызметкерлерінің сақтығын арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
дәрігер - мамандарға ісікалды және созылмалы аурулары бар науқастарды диспансерлеу және профилактикалық тексеру, диспансерлеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық және консультациялық көмек көрсету;
салауатты өмір салтын сақтауға және онкологиялық аурулардың алдын алуға қатысты халық арасында санитариялық-гигиеналық ағартуды ұйымдастыруға әдістемелік басшылық және консультациялық көмек;
ПАЛЛИАТИВТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
ОНКОЛОГИЯ: АУРУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
Онкология-бұл шынайы ісіктер немесе бластомалар туралы ғылым, олардан ісіну, сұйықтықтың жиналуы, қан кету немесе қабыну нәтижесінде пайда болатын әртүрлі ісінулерді ажырату керек. Онкология қатерлі ісіктердің этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, емдеу және алдын-алуды зерттейді.
"Онкология "термині гректің" онкос " — "ісік" сөзінен шыққан.
Клиникалық онкология ісіктерді диагностикалау және емдеу мәселелерін зерттейді, эксперименттік онкология жануарларға эксперименттер жүргізу арқылы ісіктердің себептерін анықтайды, ісікке қарсы жаңа препараттарды сынаумен айналысады.
Өсудің сипатына және клиникалық ағымға байланысты барлық ісіктер қатерсіз және қатерлі болып бөлінеді. Қатерсіз ісіктер баяу өседі, капсуламен қоршалған, тіндер арасына өспейді, көрші органдар мен тіндерді ығыстыра өседі. Бұл экспансивты өсу деп аталады. Локализацияға байланысты мұндай ісік науқастың өмірінде оған көп зиян келтірместен өмір сүре алады. Басқа жағдайларда, қатерлі ісік өсіп келе жатқан органға қысым жасайды, қан тамырлары мен нервтердің атрофиясын және қысылуын тудырады және оның қызметін бұзады. Ол метастаздар бермейді және түбегейлі жойылғаннан кейін қайталанбайды (яғни толығымен жазылу байқалады).
Қатерлі ісіктер морфологиялық жағынан қалыпты тіндерге ұқсас. Қатерлі ісіктерге эпителийден шыққан ісіктер (папилломалар мен аденомалар), дәнекер тіндік ісіктер (фибробласттардан фибромалар), миксомалар, липомалар (май жасушаларынан), хондромалар (шеміршек жасушаларынан), остеомалар (сүйек тінінен), лейомиома (тегіс бұлшықеттерден), рабдомиома (бұлшықет тінінен) жатады.
Қан мен лимфа тамырларының қатерлі ісіктері тиісінше гемангиома және лимфангиома деп аталады. Жүйке жүйесінің қатерсіз ісіктері-нейрофиброма, неврилеммома (невринома), ганглионеврома, олигодендроглиома, астроцитома және менингиома.
Қатерлі ісіктер тез инфильтрациялық өсумен сипатталады; олар көрші тіндерден капсуламен шектелмейді, бірақ олардың арасына өсіп кіреді, олардыбұзады. Қатерлі ісіктердің жасушалары қан мен лимфа тамырларына еніп, басқа мүшелерге қан немесе лимфа ағымымен өтіп, жаңа ісік ошақтарына, басқаша айтқанда метастазға әкелуі мүмкін. Ісік жасушаларының бастапқы фокустан тыс таралуы бірнеше жолмен жүруі мүмкін. Ісік жасушалары жақын орналасқан мүшелер мен тіндерге жақын байланыс пен механикалық қысымға байланысты түсуі мүмкін. Дененің алыс жерлеріне олар қан мен лимфа ағымымен түседі. Көбінесе метастатикалық ошақтар лимфа түйіндерінде, өкпеде, бауырда, мида, сүйектерде пайда болады. Денедегі қатерлі ісіктің өсуі метаболизмді өзгертеді, бұл жалпы жағдайдың нашарлауына, күрт сарқылуға, дистрофияға әкеледі. Кейде ісіктің дамуы симптомсыз жүреді, бұл пациенттердің дәрігерге кеш келуіне әкеледі. Инфильтрациялық өсу зақымданудың шекарасын анықтауда қиындықтар туғызады, бұл операция кезінде ісікті ғана емес, сонымен қатар ісік жасушалары болуы мүмкін қоршаған сау тіндерді де алып тастау қажеттілігін тудырады. Жойылған ісік орнында рецидив (қайталану) пайда болуы мүмкін.
Қатерлі ісіктерге эпителиалды (рак) және дәнекер тіндік (фибросаркома, миксосаркома, липосаркома, хондросаркома, остеосаркома, лейомиосаркома, рабдомиосаркома, гемангиосаркома, лимфангиосаркома, синовиальды саркома, диффузды мезотелиома; лейкоздар, лимфомалар, лимфогрануломатоз) ісіктері жатады.
Ісіктерді қатерлі және қатерсіз деп бөлу шартты болып табылады. Сонымен, өмірлік маңызды органдардың жанында орналасқан және олардың қызметін бұзатын қатерлі ісіктер өлімге әкелуі мүмкін, мысалы, тамырға өніп шыққан кезде қан кетуден.
Эпидемиология деректері онкологиялық аурулардың жоғары болуын және қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің жоғары болуын айғақтайды.
Ең жиі кездесетін ісіктерге өкпенің қатерлі ісігі, тоқ ішек және тік ішек ісіктері, сүт безі қатерлі ісігі, простата обыры, жатыр, урогенитальды жүйе, ұйқы безі, лейкемия, аналық без ісіктері, меланома жатады.
Онкологиялық науқастар паллиативтік көмекке мұқтаж науқастардың негізгі тобын құрайды. Олардың бес жылдық тірі қалу қабілеттілігі айтарлықтай төмен. Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі прогреске қарамастан, пациенттердің көпшілігі метастаздардан, сарқылудан, интоксикациядан, анемиядан өледі.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Начало формы
Конец формы
написать администратору сайта
ю
Достарыңызбен бөлісу: |