Бумалар (Папки).
Құжаттар мен программалар папкаларда сақталады, құрылысын Мой компьютер немесе Проводник программасы арқылы көре аламыз. Бірінің ішіне бірі енген папкалар саны шексіз.
Файлдар
Файлдарда мәтіндік, графика, сандық мәліметтер, программалық модульдер (қосымшалар) сақталуы мүмкін. Windows –та файлдар аты мына ереже арқылы құрылады:
Файл аты 256 таңбаға (латын және орыс әріптері) дейін болуы мүмкін;
Нүкте арқылы ажыратылған аттарды пайдалануға болады, мысалы, Факультет.Курс.Группа.Фамилия.Тхt;
Аттарда бос орын таңбасы болуы мүмкін, бірақ ? \ * “ < > таңбалары болмауы керек;
Windows файлдар аттары төменгі немесе жоғарғы регистрде жазылғанын еске сақтайды, бірақ файл аттарын салыстырғанда регистрді есепке алмайды, мысалы, Асанов. tхt және АСАНОВ. tхt файлдары бір файл болып есептеледі;
Файлдар тобын іздегенде немесе файлдар тізімін қарағанда * және ? таңбаларын қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |