«операциялық ЖҮйенің негізгі нысандары мен оны басқару» Марат Барызжанұлы мырзағазин «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің



Дата07.07.2016
өлшемі36.73 Kb.
#182942
«ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ МЕН

ОНЫ БАСҚАРУ»
Марат Барызжанұлы

МЫРЗАҒАЗИН

«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің

1 орта мектебі» КММ,



ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі,

Таран ауданы, Қостанай облысы
Тақырыбы: «Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару»

Сабақтың мақсаты:

Блімділік: оқушыларға Windows ОЖ пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows құрылымдылық компонентерімен, олардың қызметімен таныстыру;

Дамытушылық: Windows ОЖ жұмыс жасауды, есептер тақтасының таңбаларын пайдалануды, уақытты өзгертуді білу.

Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыру, компьютермен жұмыс істеуді үйрету.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютерлер, презентация.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сабаққа дайындығын тексеру.

2. Жоқ оқушыларды белгілеу



Үй тапсырмасын тексеру:

1. 59 - 63 оқу, түсініктерді жаттау

2. Карточкалармен жұмыс:

1 карточка:

Сөзде неше байт табыңдар

МЕКТЕП, ОҚУШЫ, СӨЗДІК, КОМПЬЮТЕР

2 карточка:

Сөзде неше байт табыңдар

ПРОЦЕССОР, АДАМ, МҰҒАЛІМ, СӨЗ

3 карточка:

Сөзде неше байт табыңдар

ИНФОРМАТИКА, CD-ROM, МОНИТОР, ЖҮЙЕ

3. Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:



  1. Компьютердің программалық жабдықтамасы дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйе қашан компьютерге жүктеледі?

  3. Программалық жабдықтамасы неше топқа бөлінеді?

  4. Драйверлер программалық жабдықтамасының қай түріне жатады?

  5. Утилита дегеніміз не?

  6. Утилита программалық жабдықтамасының қай түріне жатады?

  7. Утилиталық программаларға мысал келтіріндер

  8. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  9. Компьютерден басқа қандай құрылғыларда операциялық жүйе бар?

  10. Кабинеттегі компьютерлерде қандай операциялық жүйе орнатылған?

Жаңа материалды беру:

  1. Жұмыс үстелі

Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда жұмыс үстелі пайда болады. Жұмыс үстелінің сыртқы түрін компьютер пайдаланушының өзі жеке таңдайды. Әдетте жұмыс үстелінде «Компьютер», «Қоржын», «Есептер тақтасы», «Бастау» батырмасы орналасады.

Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға мүмкіндіктер беретін «Бас меню» ашылады.

«Бас меню» екі: сол және оң жақ бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі: «Барлық программалар» /компьютерде орналасқан, барлық программаларды көрсетеді/, «Іздеу терезесі» /файлдарды, бумаларды, іздеуге мүмкіндік жасайды/. Оң жақ бөлігінде келесі бұйрықтар бар: «Қолданушы», «Құжаттар», «Бейне», «Музыка», «Компьютер», «Басқару тақтасы», «Құрылғылар мен принтерлер», «Унсіз келісім программалары», «Анықтама және қолдау». «Бас меню» оң жақ бөлігінің астында компьютермен жұмысты аяқтауға арналған батырма бар.

Жұмыс үстелінің немесе терезенің кез келген жерінде «маус» манипулятордың оң жақ батырмасын басқанда меню пайда болады, ол контекстік меню деп аталады.



Компьютер мониторының экрандағы бейне өзгеріп тұрады. Мысалы, ұзақ уақыт іске қосылған компьютермен жұмыс істемесеңдер, онда жұмыс үстелі бейнесінің экранда әр түрлі қозғалатын суреттер пайда болады. Оны бетпе-бет /заставка/ деп аталады.

  1. Есептер тақтасы

Кез келген қосымшаны іске қосқанда есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгісі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі. Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программа мен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Тілдерді басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады.

  1. Күн және уақыт индикаторы.

Күн және уақыт индикаторы есептер тақтасының оң жағында орналасқан. Күн және уақытты өзгертуге болады.

Компьютермен практикалық жұмыс:

«А» деңгейі

  1. Жұмыс үстелінің бос жеріне контекстік меню шақырыңыздар.

  2. Экранда параметр терезесі шығып, «Экран» сөзінен 1 рет басамыз.

  3. Сол жақта орналасқан «Изменение фонового рисунка рабочего стола» батырмасын басып келесі терезе шығады.

  4. Кез келген суретті таңдап, «Сохранить» батырмасын басыңыздар.

«В» деңгейі

  1. Тілдер индикаторына маустың оң жақ батырмасын шертіп, «Параметры» командасын таңдаймыз;

  2. Ашылған терезеде «Добавить» батырмасын басамыз.

  3. Ашылған тілдер тізімінен «Казахский – Клавиатура – Казахская» командасын орындап «ОК» батырмасын басамыз.

  4. Тілдер индикаторына сол жақ батырмасын басып, тілдер қатарында қазақ тілі шығу керек.

«С» деңгейі

  1. Жұмыс үстелінің Күн және уақыт панелінің бір рет сол жақ батырмасын басып, «Күн және уақыт баптауы» командасын таңдаймыз;

  2. «Күн және уақыт баптауы» терезесіне бүгінгі күнді және уақытты еңгіземіз.

Сабақты бекіту:

  • Есептер тақтасы қайда орналасады?

  • Бас мюнюні қалай шақырамыз?

  • Жұмыс үстелі дегеніміз не?

  • Күн және уақытты қалай өзгертеміз?

Сабақты бағалау:

Үйге тапсырма: 1. 68 - 74 бет оқу,

2. Өтілгенді қайталау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет