Оптика пәні Оптика



бет1/8
Дата23.02.2024
өлшемі3.49 Mb.
#493013
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Лекция 1 Оптика


Лекция - 1. 1 апта.
2.1. Лекциялардың тақырыбы және оған бөлінген сағаттар.
2.1.1. Кіріспе. Физика пәнінде оптиканың орны және басқа пәндермен байланысы. Жарықтың электромагниттік табиғаты.
2.1.2. Фотометриялық ұғымдар мен шамалар. 1 сағат.


Оптика пәні


Оптика - физика ғылымының дербес салаларының бірі, ол өте көне ілім. «Оптика» - гректің optos - көрінетін сөзінен шыққан, optike - көру (көзбен қабылдау) жөніндегі ғылым деген мағына береді.
Жарық деген не? Оның физикалық табиғаты қандай? Осы сұрақтар адамзат баласын өте ерте заманнан бастап толғандырған.
1865 ж. ағылшын физигі Дж.Максвелл электромагниттік құбылыстар теориясын дамыта келіп жарықтың электромагниттік табиғаты жөнінде электромагниттік толқын мен жарықтың табиғаты бір. Осы жорамал 1888 ж. неміс физигі Г.Герцтің тәжірибесінде расталды: электромагниттік толқындар мен жарықтың негізгі қасиеттерінің ұқсас екендігі анықталды.
Планктың энергия кванттары жайындағы идеясын (1900) Эйнштейн дамыта келе (1905) жарық кванттарының (фотондардың) энергиясымен қатар импульсы және массасы да болады деген ұйғарым жасады. Сөйтіп оптикаға корпускулалық түсініктердің көптеген белгілері қайтып оралды. Сонымен, жарықтың әрі толқындық, әрі корпускулалық қасиеттері бар; жарықтың табиғаты екі жақтылы болып шықты.
Электромагниттік толқындармен жүргізілген тәжірибелер көрінетін жарық-бұл жиіліктері Гц-тен Гц-ке дейінгі аралықта, бұларға сәйкес толқын ұзындықтары 380 нм-ден 780 нм-ге дейінгі аралықта жататын электромагниттік сәуле екендігін көрсетті.
Электромагниттік толқындар радиотолқындарға, инфрақызыл, көрінетін, ультракүлгін, рентгендік және -сәулелерге бөлінеді.
Радиотолқындар деп толқын ұзындықтары 0,1 мм-ден артық электромагниттік толқындарды айтады.
Оптикалық электромагниттік сәуле спектрі инфрақызыл сәуленің шартты шекарасынан ( ) бастап ультракүлгін сәуленің шарты шекарасына ( ) дейінгі аумақты алып жатады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша оптика пән ретінде шартты түрде физикалық, геометриялық және физиологиялық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет