Сәндік өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері және аурулардан қорғау әдістері
Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болып табылады. Жарықтықжеткіліксіздігі, өлшеусізсуарунемесемерзімдісуармайқуратыпалу, желдіңөті, температураныңкүртөзгеруі, сондай-ақартық-кем қоректендіру — өсімдіктіәлжуазданырып, зиянкестер мен аурулардыңөршуінеәкепсоқтырады.
Дұрыс күтіп-баптаған үй өсімдіктері ауруға шалдықпайды. Бірақ инфекңияның немесе зиянкестердің жаңа кесінділер мен немесе өсімдіктер мен бірге келіп, таралуы да мүмкін. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі, сондықтан мұндай жәндіктер өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді.
Негізінен сәндік өсімдіктерде аурулар шамадан көп болмайды және олардың зиянкестері де қоршаған ортасына байланысты туындауы мүмкін. Мысалы бөлменің сәнді өсімдіктері болса, оларда туындайтын аурулар сол гүлдің күтіміне байланысты пайда болады. Ал дала сәндік өсімдіктері болса онда сыртқы орта зиянкестерінің түрлеріне байланысты аурулар пайда болады.
Сонымен мысал келтірсек, соңғы кездері гүлдердің топырағынан 3-4 мм болатындай, ұсақ ақшыл жыбырлаған заттарды көреміз. Гүлді қозғаған кезде бетіне секіріп шыға келетін де қайтадан жоғалып кетеді. Осының әсерінен болар, соңғы кездері кейбір сәнді гүлдердің өсуі де нашарлап қалады.
Бұл ұсақ зиянкестер бөлме өсімдіктерін шектен тыс көп суарғаннан пайда болады. Оны кейде бүргешіктер деп те атайды. Олардың соншалықты зияндығы жоқ. Бірақ гүлсауыттағы топырақ құрғамай, үнемі суланып тұрса, оның соңы өсімдік тамырының шіруіне әкеп соқтырады. Сондықтан суаруды бір, тіпті бір жарым аптаға дейін тоқтатып, гүлдердің топырағын әбден кептіру қажет.
Өсімдік зиянкестерін құрту үшін пияз не сарымсақ не болмаса темекі үгіндісінің тұнбасын дайындаңыз. Ол үшін 1,5-2 литр суға сарымсақтың 2-3 бөлігі немесе бір пиязды ұсақтап турап салып, ыдыстың бетін жауып, қараңғы жерге бір-екі күн қоя тұрыңыз. Темекінің 2-3 талынан да жоғарыдағыдай тұнба жасауыңызға болады.
Өсімдік топырағы кепкен соң тұнбаның өзіңізге қолайлы бір түрін дайындап, сонымен суарыңыз. Суарған соң гүлдерден жағымсыз иіс шығуы мүммкін, бірақ одан қорықпаңыз. Осыдан соң қайтадан топырақты кептіру керек. Сонсоң жоғарыдағы тұнбаның бірін жасап, тағы да суарасыз.
Сондай-ақ гүлдердегі ұсақ зиянкестерді марганецтің қою ерітіндісімен бірнеше қайтара суару арқылы жоюға болады. Осыдан кейін бөлме өсімдіктерін суарған кезде абай болыңыз. Артық су сіздің гүлдеріңізге зиян екенін естен шығармаңыз.
Сонымен қатар көптеген адамдар сәндік өсімдіктердің барлығына жауын құртының маңызы зор деп ойлайды. Бұл бұрыс пікір - бау-бақшаңыздағы жер қыртысына жауын құртының пайдасы зор. Ал бөлме гүлдерінің топырағында оның болмағаны абзал. Өйткені жауын құртына гүлсауыттағы азғантай топырақтан қоректік заттар жетіспей, өсімдіктің тамырын азық ете бастайды. Осының салдарынан гүлдің өсуі тоқтап, сабағы қурайды. Жауын құртын гүлсауыттағы топырақтан арылту соншалықты қиын шаруа емес. Оны гүлдерді ауыстырып отырғызған кезде топырақтан алып тастауға болады. Не болмаса, ас қасықты топырақтың түбіне дейін жеткізіп қозғалтсаңыз, өздері-ақ шыға келеді.40-50 градусқа дейінгі жылытылған суға гүлсауытты ортасына дейін салсаңыз, 15-20 минуттан соң жауын құрттарын топырақ бетінен жинап алуға болады. Сонымен қатар бөлме гүлдерін марганецтің (марганцовка) әлсіз ерітіндісімен суару арқылы оңай жоя аласыз.Егер жоғарыдағы тәсілдер көмектеспейтін болса, өсімдіктің топырағын жаңалау қажет. Ол үшін алдымен гүлдің тамырын марганец ерітіндісімен әбден шайып алып, содан кейін таза топыраққа отырғызу керек.
Қазіргі таңда сәндік өсімдіктеріне ең көп зиян келтіретін жәндіктер — өсімдік биті, кенелер т. б.Өсімдік биті - тұрқы 2 мм болатын ашық көк немесе сары түсті жәндіктер. Олар өсімдіктің жапырағына, сабағына, қауашағына, жас өркендерге жабысады. Қанатты және қанатсыз болып келеді. Қанаттылары ұшып, қонып басқа өсімдіктерге ауру жұқтырады. Өсімдік биті зияндаған жапырақтар жиырылып, бүріседі, сарғаяды, гүл түйнектерінің дұрыс өсуіне зиян келеді. Өсімдік биті, әсіресе, көктем мен ерте жаз кезінде пальмадан басқа барлық өсімдіктерге зиян келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |